КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Зендердің мұздан арылуына атмос/қ проц/ң маусымнан маусымға ауысуын ескері негізінде ұзақ мерзімді болжам жасау ⇐ ПредыдущаяСтр 7 из 7 44.Жазықтық өзендердің максимальдік ағындысына болжам жасау Жазықтық өзендердің көктемгі су тасуы кезіндегі максимал су өтімдері мен максимал су деңгейлерінің болжамы көптеген су тұтынушылардың қызығушылығын тудырады. Су тасу кезіндегі максимал су деңгейінің биіктігі өзеннің арнадан шығу қаупін жəне шаруашылыққа тигізетін зиянын анықтайды. Максимал су өтімдерінің ұзақ мерзімдік болжамдары жеке алғанда гидроэнергетика мен су шаруашылығында өзен ағындысын жылдам, тиімді реттеу жəне су қоймасынан белгілі бір көлемдегі суды өткізу үшін маңызды болып табылады. Сондай-ақ су тасуының басталуы жəне максимал су өтімі мен су деңгейінің өту мерзімдері, көктемгі су тасуының уақыт бойымен таралуы гидроэнергетиктер мен су транспорты үшін жоғары қызығушылықты тудырады. Көктемгі су тасуының жоғарыда айтылған барлық сипаттамалары жалпы алғанда көктемнің метеорологиялық ерекшеліктеріне – қардың еруінің басталуы жəне оның қарқындылығының өсуі мерзімдеріне, олардың тоқтап қалуына немесе қарқындылығының төмендеуіне, көктемгі жауын- шашынының мөлшері мен олардың жауу қарқындылығына тəуелді болып келеді. Ұзақ мерзімдік болжам жасауда əзірге нақты метеорологиялық болжамдардың болмауы себебінен бұл барлық жағдайлар ескеріле берілмейді. Сол себепті көктемгі ағындының жоғарыда айтылған сипаттамаларының болжамын жасау əдістемесі жуық түрде болып келеді жəне іс жүзінде қарапайым эмпирикалық (корреляциялық) байланыстарды пайдалануға негізделеді. Көптеген ірі өзендерде су тасуының максимал су өтімі ағынды көлемімен тығыз байланысты болып келеді: ағынды көлемі жоғары болған сайын оның максимал су өтімі жəне максимал деңгейі де жоғары болып келеді. Сонымен, бұл екі сипаттама белгілі мөлшерде көктемгі ағынды көлеміне тəуелді болып келетін факторларға тəуелді болып келеді. Дегенмен, метеорологиялық жағдайлардың жылдан жылға өзгеріп отыруы бұл байланыстың анықталмаушылығын тудырады. Сондықтан олар ұзақ мерзімдік болжамдар жасау мақсатында тікелей қолдануда практикалық мүмкіндігін жоғалтады. Сол себепті практикада болжамдар жасау үшін максимал су өтімінің су көлеміне қарапайым эмпирикалық тəуелділілігін пайдалану шындыққа жақын болып келуі мүмкін.Су тасуы кезіндегі максимал су өтімдері мен максимал су деңгейлеріне болжам жасау Қар еруі жағдайының жылдан жылға өзгеріп отыруы су тасуы кезіндегі ағынды шамасы мен максимал су өтімі арасындағы байланысты Qmax=f(у) бірмəнді емес функция түрінде болып келуін орнатады. Көптеген өзендерде бұл байланыс жақсы байқалады жəне осы кезге дейін ол өзінің тығыздығы бойынша ұзақ мерзімдік болжамдар жасауда қолданылып келеді. Су тасуы кезіндегі ағынды мөлшері мен максимал су өтімі (максимал су деңгейі) арасындағы жоғары тығыздықтағы байланыс ағындысы үлкен амплитудалы тербелісте болып келетін жəне қарының еруі қысқа уақыт аралығында жүретін өзендерде орын алады. Бұл жағдай далалық жəне бірқатар жағдайда далалы орманды зоналарға тəн. Төменгі тығыздықтағы байланыс қарының еруі ұзаққа созылатын жəне көктемде жауын-шашын көп түсетін орманды зонаның кішігірім өзендеріне тəн. Мұндай өзендерде су тасуының жүрісі толықтай ауа райының жүрісімен анықталады жəне бірнеше шыңдары болуы мүмкін. Су тасуы кезінде максимал су өтімі мен орташа су өтімі арасында келесі жуық тəуелділік орын алады: QQ max ϕ = , (14.1) мұнда Q - су тасуы периодындағы орташа су өтімі; ϕ- Qmax/Q қатынастарының орташа мəні, ол алғашқы су тасу гидрографының пішінін сипаттайды жəне əрқашан бірден жоғары. (14.1) формуладан келесі өрнекті алуға болады Qmax= k ϕ F у/(Tc+τmax), (14.2) мұнда у – су тасуы кезіндегі ағынды мөлшері, мм; F – алаптың ауданы, км2; (Tc+ τmax) – берілген тұстамадағы су тасуының ұзақтығы, тəулікпен алғанда; τmax- алаптағы судың тұстамаға келіп жету уақыты; k – өлшемдік коэффициенті. Бұл жағдайда ол 0,0116 –ға тең. 45.Болжамдар әдістерінің қамтамасыз етуін және тиімділігін анықтау. 10 сұрақта жауабы 46.Мұздық пайда болуын синоптика статистикалық әдісіне негізделген ұзақ мерзімді болжауыауа райының ұзақ мерзімді болжамдар мен өзендердегі мұздық құбылыстардың мерзімдерінің ұзақ мерзімде болжамдары мәселесін шешу тәуелділіктер бақылау деректерін жолдарын негізгілерін бірі син/қ статис/қ әдісін қолдану болып табылады. Мұндай жағдайда болжамдық тәуелділіктер бақылау деректерін статистикалық талдау арқылы айқындалады. Болжамдардың қазіргі заманға статистикалық әдістерінің ең 1-ші маңызды ерекшелігі үлкен кеістіктегі метеорологиялық өрістерді сипаттайтын шамалы параметрлердің қолданылуында. Бұл жағдайда болжамдарды құру үшін атмос/қ циркуляция индекстері пайдаланылмайды. Оның орнына метеорологиялық бақылау деректерін статистикалық талдаі негізінде алынған параметрлер қолданылады. Мұндай параметрлерді алудың сан алуан тәсілдері бар. Олардың қатарына метеорологиялық өрістерді Чебышевтің ортогоналды полиномасы бойынша, табиғи ортоноголды функциясы бой/а Фурье жіктеуі бой/а және сфералық функция бой/а қатарға ыдырату сияқты компонентті талдаудың түрлері жатады. 47.Болжамдар әдістемесі сапасын критерийіБолжам əдістеме сапасының критерийі болжам əдісі қамтамасыздығына, яғни, расталған болжамдар санының n жалпы тексерілетін болжамдар санына m қатынасына негізделген 100%.Қамтамасыздығы 80 пайыз немесе одан жоғары əдістер болжам шығаруға жарамды деп есептелді. Бірақ, жалғыз бұл критерий құбылыстың табиғи өзгеріміне қатысты əдістің тиімділігін көрсете алмайтындықтан, əдістің сапасын толық сипаттай алмайды.Сондықтан,қалыпты шамадан ауытқу (у- ӯ) жарамды қателіктен аспайтын оқиғалар санының жалпы оқиғалар санына пайыздық қатынасын көрсететін, «табиғи қамтамасыздық» аталатын қосымша критерий енгізілді, яғни, табиғи қамтамасыздық таб P та, к Р Үшін келтірілген формуламен анықталады. Мұндағы айырмашылық, расталған болжамдар санының бұл жағдайда (у-y )σ жар емес,(у-у')<σ жар қатынасында анықталатындығында. Табиғи қамтамасыздықты,болжамның мерзім алды кезеңі ағындысының (деңгейінің немесе өтімінің) тұрақтылығы жайлы түсінікке негізделген болжау əдісі қамтамасыздығы ретінде түсіндіруге болады. МГИ əдісі бойынша Pк ≥ 80% жəне Pк – Ртаб≥5% екі шарты орындалатын əдістер ғана жарамды деп есептелінді.
|