КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Электрлік жабдықтардың жөндеу циклінің құрылымдарын анықтауСтр 1 из 7Следующая ⇒ Мазмұны
Кіріспе
Жұмыстың мақсаты студенттердің алған теориялық білімдерін нығайту және тәжірибеден алған жаңа дағдыларын игеру, энергетикадағы экономикалық мәселелерді шешу болып табылады. Жалпы айтқанда, зертханалық жұмыстар кешені энергетикалық кәсіпорынның қызметінің әртүрлі сфераларын қамтитын сегіз жұмыстан тұрады: жөндеу қызметкерінің саны, қызметкердің еңбекақысы, технологиялық жабдықты жаңартудың тиімділігі, КЭС-сынан жіберілетін электр энергиясының өзіндік құны, қалалардың коммуналды-тұрғын үйлерінің жылу энергиясына және отынға келешектегі қажеттілігі.
Зертханалық жұмыстардың орындалу тәртібі
Зертханалық жұмыстар бірнеше бөлімдермен орындалады: а) студенттің сабаққа алдын ала өзіндік дайындалуы: жұмыстың қолмен шығару жолы және әдістемесімен танысуы; б) оқытушы студенттің зертханалық жұмыс бойынша білімін тексеріп, жұмысқа кірісу рұқсатын беру; в) зертханалық жұмыстың барлық аналитикалық есептеулері міндетті түрде компьютерде, EXCEL бағдарламасында оқытушы мен инженер- программист көмегімен орындалады. Алынған есептеу мәндері, зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі бойынша өзгереді: г) алғашқы мәндері есептеулерімен талдаулары зертханалық жұмыстың оқытушыға қорғау үшін тапсырылатын есеп түрінде тапсырылады; д) қорғауға дайындалу кезінде әр зертханалық жұмысқа байланысты берілген сұрақтарға жауап беру қажет; е) зертханалық жұмысты қорғау.
Зертханалық жұмыс Электрлік цехтың жөндеу жұмыстары бағдарламасының құрылымы мен көлемін анықтау
Жұмыстың мақсаты: жөндеу циклінің құрылымы мен электр жабдықтарының жөндеуге қажетті еңбек шығынын анықтау. 1 Тапсырма Электрлік жабдықтардың жөндеу циклінің құрылымдарын анықтау. Электрлік цехтың жөндеу жұмыстарының бағдарламасын жобалау. Электрлік жабдықтардың жөнделуінің еңбек сыйымдылығын анықтау. 2 Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі 3 Алынған нәтижелерді талдау
Электрлік жабдықтардың жөндеу циклінің құрылымдарын анықтау
Берілген нұсқа бойынша (1-кестені қараңыз) электрлік жабдықтардың жөндеу циклінің құрылымы жөндеу циклі мен жөндеу аралық мерзiмдердiң 1-кестеде келтірілген жабдықтың екі ауысымдық жұмыс істеу кезіндегi нормативтік ұзақтығының негізінде анықталады. Жөндеу циклінің құрылымы келесі түрде өрнектеледі, мысалы кабельдік жүйелер үшін К-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-А-К, мұндағы К- бір жылда күрделі жөндеу саны; А- бір жылдағы ағымдық жөндеулер саны.
|