Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жұмыс бригадасы мүшелерінің еңбекақысын анықтау




 

Жұмыстың мақсаты: бригаданың әрбір мүшесінің кәсіби шеберлігі үшін үстеме төлемдерді және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып, еңбекақысын табу, алынған нәтижелерді талдау.

 

1 Тапсырма

1.1 Бригаданың әр мүшесінің тарифтік еңбекақысы мен барлық бригаданың тарифтік еңбекақысын анықтау.

1.2 Бригаданың нақты жасаған жұмысқа алатын еңбекақысы және бригаданың әр мүшесі үшін анықтау.

1.3 Бригаданың әрбір мүшесінің профессионалдық шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдерді және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып еңбекақысын табу.

2 Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

3 Алынған нәтижелерді талдау

 

Бригаданың әр мүшесінің тарифтік еңбекақысы мен барлық бригаданың тарифтік еңбекақысын анықтау

 

1 Кесте - Мұнай-химиялық, химиялық және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі жасанды төлеммен жұмыс істейтін жұмысшылар үшін сағаттық тарифтік жүктеме теңге/сағ

Еңбек шарты разрядтар
Қалыпты
Ауыр
Аса ауыр және аса зиянды

 

Бригаданың нақты жасаған жұмысқа алатын еңбекақысы және бригаданың әр мүшесі үшін анықтау


Көрсеткіштер атауы нұсқалар
1 Оқшаулағыш материалдың бригадамен өндірілуі, м2 85.8 85.8 93.6 85.8 93.6 85.8 85.8 85.8
2 Жасанды бекітілген баға, теңге/м2
3 Жұмыс шарты аса ауыр аса ауыр аса ауыр ауыр ауыр ауыр ауыр ауыр аса ауыр аса ауыр
4 Разрядтар бойынша жұмысшылар саны:                    
- - - - - - - -
- - - - - - -
5 Әр жұмысшының нақты жұмыс уақыты:                    
- - - - - - - -
- - - - - - -
6 Электр энергиясының үнемделуі, кВт
7 Электр энергиясының тарифі, теңге/кВтсағ 8,38 8,38 8,38 8,38 8,38 8,38 8,38 8,38 8,38 8,38

2 Кесте - Еңбекақыны есептеуге қажетті берілген мәліметтер

.


Бригадалық жасанды еңбекақы төлеу кезінде бригаданың әр мүшесі үшін нақты жасаған жұмысқа алатын еңбекақысын анықтау үшін жасанды коэффициент анықталады

 

Кжнбртбр, (1)

 

мұндағы Енбр - өндірілген өнім мен жасанды бекітілген бағамен анықталатын бригаданың нақты істеген еңбекақысы;

Етбр – берілген жұмысшының нақты істелген уақытқа және мамандығына (разрядына) байланысты анықталатын бригаданың барлық мүшелерінің тарифтік еңбекақысының қосындысы, яғни бригаданың тарифтік еңбекақысы және ол төмендегідей есептеледі

 

Енбр=V*P, теңге, (2)

 

Етбр=Σ(Тi*Si), теңге, (3)

 

мұндағы V - бригаданың өндірген өнімі, м2;

Р - өндіруге бекітілген баға, теңге/м2;

Тi - i- жұмысшымен нақты істелген уақыт;

Si- i- жұмысшының сағаттық тарифтік жүктемесі.

 

 

Бригаданың әрбір мүшесінің кәсіби шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдерді және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып, еңбекақысын табу

Кәсіби шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдер 3, 4, 5, 6 разрядтарға сәйкес тарифтік жүктемеден 12, 16, 20, 24 % мөлшерінде бекітіледі. Электр энергиясын үнемдегені үшін бригадаға берілетін сыйақыларды есептеу үшін үнемделген электр энергиясы құнының 80% деп алынады және оны жұмысшының нақты істеген уақытына пропорционалды және мамандығына байланысты бригадалар мүшелерінің арасында бөліп тарату арқылы жүзеге асады

 

Енi=Ti*Si*Kж+α*Тi*Si+∆Э*0,8*Б*Ксый, теңге, (4)

 

мұндағы Kж - 1-кейіптеме бойынша анықталатын бригаданың нақты істеген еңбегіне алатын еңбекақысын бөліп тарату коэффициенті;

α – кәсіби шеберлігі үшін бекітілетін үстеме төлем коэффициенті (0.12, 0.16, 0.20, 0.24);

∆Э – үнемделген электр энергиясының мөлшері, кВтсағ;

Б – орташаланған электр энергиясының тарифі, теңге/кВтсағ;

Ксый – электр энергиясын үнемдегені үшін бекітілетін сыйақыны бөліп тарату коэффициенті.

 

`

 

Сыйақыны бөліп тарату коэффициенті төмендегідей анықталады

 

Ксый=(∆Э*0,8*Б)/Енбр. (5)

 

2 Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

Зертханалық жұмыс келесі кезекпен орындалады:

2.1 Жазбаша есептеуді компьютерде тексеру. Ол үшін берілген мәліметтер енгізіледі (1,2-кесте) және 1.1-1.3 баптарда келтірілген алгоритм бойынша бригаданың әрбір мүшесінің кәсіби шеберлігі үшін төленетін үстеме төлемдерді және электр энергиясын үнемдегені үшін берілетін сыйақыларды қоса отырып еңбекақысын анықтау.

2.2 Есептеулердің нәтижелерін талдау үшін алынған есептеулер келесі түрде өзгеруі керек:

а) бригадамен өндірілген оқшаулағыш материалдың өндіріс көлемі 15%; 20%; 30% артқан кезде;

б) бригадамен өндірілген оқшаулағыш материалдың өндіріс көлемі 10%; 15%; 20%; 30% кеміген кезде;

в) екінші разрядты жұмысшының қысқаруы;

г) төртінші разрядты жұмысшының қысқаруы.

 

3 Алынған нәтижелерді талдау

Алынған нәтижелерді талдау кезінде 2.2 бабына сәйкес өзгерістерді енгізгеннен кейін бригаданың әр мүшесінің еңбекақысының қалай өзгеретінін түсіндір.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 91; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты