Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Зертханалық жұмысты орындау әдістемесі. 1.1 ОЖҚ және ОеЖҚ жылу алатын халықтың санын анықтау




1.1 ОЖҚ және ОеЖҚ жылу алатын халықтың санын анықтау

Ол үшін 1-кестедегі мәліметтер қолданылады. Егер халық орталықтанған жылытумен 59% қамтылған болса, (яғни көп қабатты үйде тұратындар), онда 41% ОеЖҚ зонасында орналасқан деп шешу керек. Ыстық сумен қамтуда осыған ұқсас алынады. Тәжірибеде барлық көп қабатты үйлер орталықтандырылған ыстық сумен қамтумен қамтамасыз етілмеген. Жұмыста келешекте орталықтандырылған жылыту мен ыстық сумен қамтудың құрылымы өзгермейді деп алу керек.

 

1.2 Меншікті ауданды табу

1-кесте мәліметтері негізінде 2010, 2015 және 2020 мерзімдерге бір адамға қанша орташа тұратын аудан келетіні табылады.

 

1.3 Жылытуға байланысты жылу энергиясына қажеттілікті есептеу

Бұл есеп келесідегідей кейіптемемен берілді

 

Qот=q0 × S × Kk × a × Kt × (tв – tотн.ср.) × z × 24 Гкал/адам-жыл (1)


1 Кесте - Есептеуге қажетті бастапқы мәліметтер

№А Облыстар Халық, мың адам Жалпы ауданы, мың шаршы м №В zот тәулік tотн.ср., 0С ОЖҚ пайыздық қамтуы, % 20010-2020 жылдар Отын шығынының құрылымы, % 2010-2020 жылдар
    2010ж 2015ж 2020ж 2010ж 2015ж 2020ж       Жылыту Ыстық су Қатты отын Сұйық отын Газ
Ақмола -8.7
Ақтөбе -7.3
Алматы -2.1
Атырау -2.4
ШҚО -7.8
Жамбыл -1.1
БҚО -6.5
Қарағанды -7.5
Қызылорда -3.4 -
Қостанай -8.7

 


 

мұндағы q0 – ғимараттың меншікті жылулық сипаттамасы, ккал/м3×сағ×0С (ОЖҚ – 0.29 және ОеЖҚ – 0.75).

S – бір адамға жалпы тұратын аудан, м2/адам

К – кубатуралық еселеуіш м32 (ОЖҚ- 4.5, ОеЖҚ – 3.5);

a - сыртқы ауаны инфильтрациялау еселеуіші, 1.05;

Кt – сыртқы ауа температурасының өзгерісін есепке алатын еселеуіш, 1.08;

tв – ғимараттың ішкі ауасының температурасы, 20 0С;

tжс.орт. – жылыту мерзіміндегі сыртқы ауаның орташа температурасы, 0С (1-кесте);

zж – жылыту мерзімінің ұзақтығы, тәулік (1-кесте );

24 – тәуліктегі сағат саны.

q0 шамасы ғимарат көлеміне байланысты екені белгілі, бірақ қаланың ғимараттарының көлемін және қанша қабат екені белгісіз болғандықтан, жұмысты бір қабатты және көп қабатты үйлер зоналарындағы тұратын бір адамға есептеулер жүргізіледі. Есептен табылған бір тұрғынды жылытуға кететін жылу шығынының меншікті нормасы тұрғындардың санына көбейтіледі және ОЖҚ мен ОеЖҚ зоналарындағы жылудың қосынды шығындары 2-кестеге енгізіледі. Есептеулер 2010, 2015, 2020 жылдарға жүргізіледі.

 

1.4 Ыстық сумен қамтуға байланысты жылу энергиясына қажеттілікті есептеу

Ол мына кейіптеме бойынша анықталады

 

Qы.с.= m × c (tы.с. – tс.с.) × 350 Гкал/адам-жыл (2)

 

мұндағы m – бір адамға кететін тәуліктік ыстық су шығыны, л/тәулік;

с – судың меншікті жылу сыйымдылығы, 1 ккал/кг;

tг.в. – ыстық су температурасы, 65 0С;

tх.в. – суық су температурасы, 10 0С;

350 – ыстық суды тәуліктік пайдалану саны, тәулік.

 

ОЖҚ үшін m шамасы халыққа 2010 жылға – 110 л, 2015ж – 105 л, 2020ж – 100 л/адам/тәулік деп қабылдау керек. Меншікті шығын суды пайдалану мәдениеті мен энергияны үнемдеу нәтижесінде төмендейді. ОеЖҚ үшін m мәні жылдарға сәйкес 10, 15, 20 л/адам/тәулік деп алу керек. Мұнда норматив жылумен қамту жұмыстарын тереңдету және суды ысыту колонкаларын қолдану сферасын кеңейту нәтижелерінде өседі деп есептеу керек. ОЖҚ және ОеЖҚ үшін есептеулер болжам деңгейі бойынша – 2010, 2015, 2020 жылдарға анықталады. Нәтижелері 2-кестеге енгізіледі.

Алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасау керек.

 

 

2 Кесте - Облыстағы қалалардың жылу энергиясына қажеттілігі (млн. Гкал.)

Үрдістер 2010 ж 2015 ж 2020 ж
Жылыту ОЖҚ      
  ОеЖҚ      
  S      
Ыстық сумен қамту ОЖҚ      
  ОеЖҚ      
  S      
Барлығы ОЖҚ      
  ОеЖҚ      
  S      

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 111; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты