Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Пайдалану және жөндеу жұмысшыларының тізім бойынша санын анықтау




 

Жұмысшылардың тізімдік құрамы келесі кейіптемелер арқылы анықталады

Rэт=Rэнп, Rжт=Rжнп, (4)

 

мұндағы Rэн, Rжн – пайдалану және жөндеу жұмысшыларының нақты саны 1 және 2 кейіптемелер бойынша есептелген;

Кпжұмыс уақытының пайдалану еселеуіші, жұмыс уақытының күтілген балансын талдау негізінде анықталған.

 

Жұмыс уақытының балансын құрастыру әдістемесі 1-кестеде көрсетілген.

 

1 Кесте - Жұмыс уақытының балансы

Көрсеткіштер атауы сағат
1 Жұмыс уақытының номиналды қоры Фн=М’н*8,2+Мқ*7,2 (мұндағы М’н- қалыпты жұмыс күндерінің саны (қысқартылған күндерді қоспағанда); М’қ- қысқартылған жұмыс күндерінің саны)  
2 Пайдаланылмаған уақыт а) негізгі және қосымша демалыстар (20*7) ә) босануға байланысты демалыстар (0,005*Фн) б) ауруға байланысты демалыстар (0,03*Фн) в) мемлекеттік міндеттерді орындау (0,005*Фн) Барлығы пайдаланылмаған уақыт, Тп (а,ә,б,в қосындысы)  
3 Бір жұмысшының нақты уақыты (Тннп)  
4 Ауысым ішіндегі шығындар (Тш=0,015*Фн)  
5 Жұмыс уақытының таза пайдаланатын қоры (Ттпнш)  
6 Жұмыс уақытының пайдалану еселеуіші (Кптп н)  

 

 

1 Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

 

Жазбаша есептеуді компьютерде тексеру. Ол үшін берілген мәліметтер енгізіліп (1, 2-кесте, №1 зертханалық жұмыстың есептеу нәтижелері) және 1.1-1.2 баптарда келтірілген алгоритм бойынша пайдалану және жөндеу жұмысшыларының саны анықталады.

Есептеудің нәтижелерін талдау үшін алынған мәліметтер №1 зертханалық жұмыстың 2.2 бабына сәйкес өзгертіледі.

 

2 Алынған нәтижелерді талдау

Алынған нәтижелерді талдау кезінде №1 зертханалық жұмыстың 2.2 бабына сәйкес ағымдық және күрделі жөндеулердің еңбек сыйымдылығы өзгергендегі пайдалану және жөндеу жұмысшыларының нақты санының қалай өзгеретінін түсіндір.

Зертханалық жұмыс

Электрлік цехтың кезекші мен жөндеу персоналдарының еңбекақысын жоспарлау

 

Жұмыстың мақсаты: пайдалану және жөндеу персоналының орташа еңбекақысы мен еңбекақы қорын табу, алынған нәтижелерді талдау.

1 Тапсырма

Жұмысшылардың еңбекақы қорларын анықтау.

Бір жұмысшының орта сағаттық, орта апталық, орта жылдық еңбекақысын анықтау.

2 Зертханалық жұмыстың орындалу әдістемесі

3 Алынған нәтижелерді талдау

 

Еңбекақыны жоспарлаудың мәні оның қорларын жұмысшылар категорияларына және орта мәні бойынша анықтау болып табылады.

Еңбекақы қорларының түрлері келесідей болып бөлінеді: тарифтік, сағаттық, күндізгі және жылдық (айлық). Бұл қорлар сондай-ақ, сол белгіленген бір мерзімдерге құрастырылады (ай, квартал, жыл).

Бірақ әр қор құрамына еңбекақының әртүрлі элементтері кіреді. Сондықтан олар өзара тең емес.

Еңбекақының негізін сағаттық қорға кіретін төлемдер құрайды, ал басқа төлемдер мен компенсациялар қосымша еңбекақыны құрайды.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 168; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты