КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Электрлік цех жөндеу жұмыстарының бағдарламасын жобалау
Электрлік цех жөндеу жұмыстарының бағдарламасын жобалауда ағымдық (па) және толық (күрделі) жөндеудің жылдық (пк) санын жабдықтың әрқайсысы үшін келесі кейіптеме бойынша анықтайды
nа=(N*пац)/(а*Тца), (1)
пк=N/(а*Тцк), (2)
мұндағы N- бір типті жабдықтың саны (1-кесте бойынша); пац- жөндеу цикліндегі ағымдық жөндеулердің саны; Тца, Тцк – жөндеу циклінің ұзақтығы (2- кестеде көрсетілген жөндеулер арасындағы уақытқа тең); а - жабдықтың жұмыс істеу ауысымдарының санын ескеретін еселеуіш ( бір ауысымдық жұмыс үшін а= 1,4; екі ауысымдық жұмыс үшін а=1; үш ауысымдық жұмыс үшін а=0,6). Жабдықтың жұмыс істеу ауысымдарының саны 1- кестеде берілген және па, пк есептеулерін 3-кестеге толтыру керек.
1 Кесте - Электрлік жабдықтардың нұсқалары
2 Кесте - Электрлік жабдықтардың жөндеу қиындығы мен жөнделу аралықтары
3 Кесте - Жабдықтардың жылдық жөндеу саны
1.3 Электрлік жабдықтардың жөнделуінің еңбек сыйымдылығын анықтау Электр жабдықтардың жылдық жөнделу уақыты келесі кейіптемемен анықталады Тж=∑(1,2паi+15 nki)Pқi, сағ, (3)
мұндағы 1,2 - ағымдық жөндеу кезіндегі бір жөндеу бірлігіне кететін сағаттық уақыт нормасы; 15 - күрделі жөндеу кезіндегі бір жөндеу бірлігіне кететін сағаттық уақыт нормасы; п- жабдықтар түрлерінің саны; Рқ- жабдық бірлігін жөндеудің қиындығы (жабдықтың әрбір жөндеу бірлігінде түріне арнайы 2-кестеде көрсетілген). Электрлік жабдықтарды жылдық жөндеу уақытын есептеу нәтижелері 4-кестеге толтырылады.
4 Кесте - Электр жабдықтың жылдық жөндеу уақыты
2 Зертханалық жұмыстың орындалу тәртібі
2.1 Компьютерде жазбаша орындалған есептеулерді тексеру. Бұл үшін 1 және 2-кестелерден берілген мәліметтер енгізіліп (1.1-1.3 баптарда кетірілген бойынша), жылдық жөндеу саны мен электрлік жабдықтардың жылдық жөнделу уақыты есептелінеді. 2.2 Есептеулердің нәтижелерін талдау үшін алынған есептеулер келесі түрде өзгеруі керек: а) электрлік цехтың 2 ауысымдық жұмыс формасына ауысуы; ә) ағымдық жөндеу кезіндегі бір жөндеу бірлігіне кететін сағаттық уақыт нормасы келесі мәндерге өзгереді: 1,5; 1,1; 0,9; б) күрделі жөндеу кезіндегі бір жөндеу бірлігіне кететін сағаттық уақыт нормасы келесі мәндерге өзгереді: 14; 12; 10.
3 Алынған нәтижелерді талдау
Алынған нәтижелерді талдау кезінде 2.2 бапқа сәйкесті өзгерісті енгізгенде электр жабдықтардың жылдық жөнделу уақытының өзгерісін анықтау керек. Жабдықтардың жылдық жөнделу уақытының уақыт нормасына тәуелді болатын графигін тұрғызыңыз.
|