Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жалпы ережелер. ЛЕКЦИЯ «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен




ЛЕКЦИЯ «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті бағалау» бағалау стандарты

 

Дәрістің мақсаты: Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті бағалау» бағалау стандарты ашып көрсету

Негізгі сұрақтары:

1. Жалпы ережелер

2. Меншіктегі жер учаскесін алу құнын бағалау

3. Жер пайдалану құқығын алу құны

4. Жер учаскесі иесіне келтірілген залалдарды бағалау

5. Алу құнын бағалау туралы есеп

 

Жалпы ережелер

1. Осы Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті бағалау стандарты (әрі қарай - Стандарт) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңының негізінде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, мемлекеттік және халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасы аумағында қолданылуға міндетті.
2. Осы стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
алу құны - осы стандартта бекітілген әдістерге сай анықталатын нарықтық емес құн түрі;
жер жақсарту - жер телімінің сапалық сипаттамаларының және оның құнының өзгеруіне әкелетін қандай да бір іс-шаралардың нәтижесі. Жер жақсартуларына жер төлімінің шегінде орналасқан нысанасын өзгерту мен құнсыздандырусыз олардың орнын ауыстыруға болмайтын материалдық объектілер, сондай-ақ шаруашылық қызметтің немесе жүргізілген белгілі бір жұмыстың (рельефті өзгерту, грунтты жақсарту, егісті, көп жылдық екпелерді, инженерлік инфрақұрылымды орналастыру және т.б.) нәтижелері жатады;
жылжымайтын мүлік - қозғалмайтын объектілер: жер учаскелері, ғимараттар, құрылыс, көп жылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни орнын ауыстыру олардың мақсатына сыйыспайтын шығын жұмсамайынша мүмкін болмайтын объектілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік қатарына кіретін өзге де мүлік;
кадастрлық құн - жер учаскесін кадастрлық бағалауды жүргізуді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген және бекітілген жаппай бағалау әдісімен анықталатын мемлекеттік кадастрлық бағалау үрдісіне бекітілген жылжымайтын мүліктің нарықтық құны;
нарықтық емес база - нарық қатысушыларының сатып алу қабілетіне емес немесе нарықтың айрықша немесе әдеттегіден бөлек шарттарындағы тиімділігіне емес, экономикалық пайдалы екендігіне немесе мүліктің функцияларына негізделетін нарықтық базадан ерекшеленентін бағалау құнының қағидалары;
нарықтық құн - мәміле жасасушы тараптар бағалау объектісі туралы қолжетімді барлық ақпаратты иелене отырып әрекет ететін, бәсекелестік жағдайындағы мәміленің негізінде сол объектіні иеліктен шығаруға болатын ақшалай есеп айырысу сомасы, ал мәміленің бағасына:
мәміле жасасушы тараптардың бірі бағалау объектісін иеліктен шығаруға, ал екінші тарап сатып алуға міндетті болмағанда;
мәміле жасасушы тараптар мәміленің нысанасы туралы жақсы хабардар болып, өз мүдделеріне әрекет еткенде;
мәміленің бағасы бағалау объектісі үшін ақшалай сыйақының баламасы болып табылса және мәміле жасасушы тараптарға қатысты қандай да бір тараптан мәміле жасауға мәжбүрлеу болмағанда, қандай да бір төтенше жағдайлар әсер етпейді.
3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын өтеу мөлшері мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін иеліктен шығару және (немесе) меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемесін мерзімінен бұрын тоқтатуы нәтижесінде меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға келтірілген залалдың толық көлеміне және мүліктің құнына қарай Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 9-бабының 4 және 5 тармақтарына сәйкес анықталады.
4. Меншік құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның меншік құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі.
5. Алынатын жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлік (ғимарат, құрылыс, сыртқы желілер, көп жылдық екпелер және өзге де жылжымайтын мүлік) нарықтық құн бойынша бағалануы тиіс, ол Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 07 желтоқсандағы № 329 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау Әдістемесімен (2007 жылғы 14 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5041 болып енгізілді) бекітілген әдістерге сай анықталады.
6. Ақшамен емес басқа да мүлікпен өтеу кезінде оны бағалауды бағалаушы нарықтық құны бойынша «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізуі тиіс.
7. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылған жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алу құны тәуелсіз бағалаушымен меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің иеліктен шығарылғаны туралы ескерту алған кезінде анықталады.
8. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылған жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүліктің меншік иесінің атқарушы органға жіберілген талабы бойынша бағалау нәтижесі жөнінде дау туындаған жағдайда мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылған мүлік құнына өтемнің төленген күнінде қайталап бағалау жүргізіледі. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылған жер учаскесі немесе өзге де жылжымайтын мүлікті қайталап бағалау бастапқы бағалауды жүргізген бағалаушымен жүзеге асырылмауы тиіс.
Егер бағалау кезінен жер учаскесін сатып алу туралы келісім-шартта қол қойылғанға дейін алты айдан астам уақыт өткен жағдайда мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті қайталап бағалау міндетті түрде жүргізіледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 170; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты