Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жалпы ережелер. 1. Осы стандарт Халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі




1. Осы стандарт Халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңының негізінде әзірленген және зияткерлік меншік объектілері мен материалдық емес активтерді бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды бекітеді. Стандарт Қазақстан Республикасы аумағындағы зияткерлік меншік объектілері мен материалдық емес активтердің барлық түрін бағалау үшін міндетті.
2. Осы Стандартта келесі ұғымдар пайдаланылады:
алу (экстракция) – бұл қиғаш салыстыру әдісі. Ол материалдық және материалдық емес активтердің рентабельділігінің жалпы салалық көрсеткіштері бар кәсіпорынның нақты рентабельділігін талдау арқылы материалдық емес активтердің есептік құнын береді;
бағалау объектісі құнының қорытынды мөлшері – бағалаушының бағалаудың түрлі тәсілдері мен әдістерін пайдалану кезінде бағалау объектісінің құнын есептеу нәтижелерін негіздеп жалпылау қорытындысы ретінде алынған бағалау объектісі құнының мөлшері;
біріктірілген төлем – роялти мен паушалдық төлем кіретін лицензиялық төлем;
дисконттау (капитализация) – болашақтағы ақша ағындарын бағалау объектісінің ағымдағы құнына қайта есептеу;
дисконттау ставкасы – болашақта төлеуге немесе алуға жататын ақша сомасын бүгінгі құнға айырбастау үшін пайдаланылатын, зияткерлік меншік объектілерінің құнын бағалау кезінде пайдаланылатын табыстық ставка;
зияткерлік меншік – зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижесі және оған теңестірілген заңды тұлғаларды, жеке және заңды тұлғалардың өнімдерін, олармен орындалатын жұмыстар мен қызметтерді (фирмалық атаулар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) дараландыру құралдары;
зияткерлік меншік құқығы объектісін пайдалы қолданудың қалдық мерзімі – бағалау күнінен бастап зияткерлік меншік құқығы объектісін пайдалы қолданудың қалдық мерзімі аяқталғанға дейінгі кезең;
қорғау құжаттары – алдын ала патенттер, инновациялық патенттер өнертабыс патенттері және өнеркәсіп үлгілеріне патенттер, пайдалы модельдерге патенттер, селекциялық жетістіктер, тауар таңбасына немесе қызмет көрсету таңбаларына куәлік, тауар шығарылған жерлердің атаулары;
лицензиялық төлем – лицензиялық шарт нысаны болып табылатын зияткерлік меншік құқығы объектісін пайдалану құқығын бергені үшін төлем. Лицензиялық төлемдерге паушалдық төлем, роялти және біріктірілген төлем жатады;
лицензиялық шарт – өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтар иесі (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) өнеркәсіптік меншіктің тиісті объектісін уақытша белгілі бір жолмен пайдалану құқығын беру шарты;
материалдық емес активтер – физикалық мәні жоқ, ұзақ мерзім ішінде (бір жылдан астам) пайдалану үшін өндірісте немесе дайын өнімді өткізуде (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді), әкімшілік мақсаттарда және басқа ұйымдарға жалға беруге арналған ақшалай емес активтер;
материалдық емес мүлік - зияткерлік меншік (патенттер, сауда маркалары, авторлық құқық объектілері); адам қоры (білім, кәсіби икем және тұрғындардың денсаулығында көрініс тапқан қызмет көрсету саласының өнімдері); тұтыну қоры (клиенттермен қарым-қатынас, ұйым имиджі);
опционды орындау бағасы – опциондық шартпен көзделген мерзім ішінде бағалы қағазды шарттасқан көлемде және алдын ала келісілген баға бойынша сатып алу («колл») немесе сату («пут») құқығын беретін мәміле бағасы;
өнімді өткізуден түскен пайда – есептік кезеңде өнімді өткізуден алынған өндірілген өнім көлемінің табиғи өлшемі оның бағасына тең болатын қаражат сомасы;
роялти – нақты тұрақты ставкалар ретінде белгіленетін және лицензиат нақты келісілген уақыт мерзімінен кейін төлеп тұратын тұрақты пайыздық жарналар;
табыс мультипликаторы – сату бағасы немесе мүлік құны және орта жылдық табыс немесе оның күтілген шамасы арасындағы арақатынас; табыстың жалпы немесе таза шамасына негзіделуі мүмкін;
таза ақша ағымы – табыс салығын, капиталды шығыстар мен таза айналым капиталының өсуін есептен шығарғандағы таза операциялық пайда мен амортизация сомасына тең, операциялық кезең бойында алынған ақша қаражаттарының көлемі;
тарату (аллокация) – бұл қиғаш салыстыру, бұл ретте материалдық емес активтер мен материалдық активтердің құны арасындағы арақатынас әзірленеді. Негізінен салыстыру мақсаты үшін материалдық емес активтер мен активтер арасындағы жалпы нарықтық құнын тарату үшін іс-шара нәтижесі болып табылады.
3. Осы стандарттың әсері келесі зияткерлік меншік объектілерінің мүліктік құқықтарын бағалауға таралады:
1) өнеркәсіптік меншік құқығының объектілері, соның ішінде:
өнертабыс; пайдалы модельдар; өнеркәсіптік үлгілер; селекциялық жетістіктер;
интегралдық микросхемалар топологиялары; ашылмаған ақпарат, соның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау);фирмалық атаулар; тауарлық таңбалар және қызмет көрсету таңбалары;тауар шығарылған жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету);
ҚР заң актілерінде көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердің басқа да дараландыру құралдары;
2) авторлық құқық объектілері:
әдеби туындылар (кітаптар, мұқабалар, мақалалар);
драмалық, музыкалық-драмалық, хореография туындылары, пантомима және сценариялық туындылар;
мәтіні бар не мәтінсіз музыкалық туындылар;
дыбыс – бейнежазу туындылары (кино-, теле-, бейне-, диафильмдер және басқа кино- және телетуындылар);
мүсіндеме, кесіндеме, графика, литография және бейнелеу өнерінің басқа да туындылары;
қолданбалы өнер туындылары;
сәулет, қала құрылысы және бау – саябақ өнері туындылары;
суретке түсіру туындылары және суретке түсіруге орайлас әдістермен жасалған туындылар;
карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
электронды есептеуіш машиналарға (ЭЕМ) арналған бағдарламалар;
туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйіндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);
жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының іріктелуі немесе орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрама туындылар;
3) сабақтас құқықтың объектілері:
әртіс-орындаушылар мен дирижерлардың орындаушылықтары, спектакльдердің (орындаушылық) қоюшы-режиссердың қойылымдары, егер бұл орындаушылықтар олардың техникалық құралдар арқылы көшірмеленуі мен таратылуына жол беретін нысанда болса;
фонограммалар, яғни дыбыс-бейнежазу туындысына кіргізілген дыбыс жазбасын қоспағанда орындаушылықтардың немесе өзге де дыбыстардың не олардың бейнелерін тек қана дыбыстық кез келген жазбасы;
эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының, соның ішінде эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымымен не басқа ұйымның қаражаты есебінен оның тапсырысы бойынша жасалған хабарларын тарату;
4. Материалдық емес активтер актив ретінде танылады (есептілікте тіркеледі), егер:
осы активпен тікелей байланысты ұйымның болашақта күтілетін экономикалық пайда табуының ықтималдылығы;
активтің құнын нақты анықтауға болады.
5. Материалдық емес активтердің құрамына олардың құны көрсетіліп есептік бірліктер ретінде келесідей зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар кіреді:
өнертабыстарға тиесілі патенттерден шығатын құқықтар;
өндірістік үлгілерге тиесілі патенттерден шығатын құқықтар;
пайдалы модельдерге тиесілі патенттерден шығатын құқықтар;
тауар белгілеріне куәліктерге тиесілі патенттерден шығатын құқықтар;
өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорттарына тиесілі патенттерден шығатын құқықтар;
басқа тұлғаларға тиесілі, патенттермен қорғалған өнертабыстарды пайдалануға жасалған лицензиялық шарттардан шығатын құқықтар;
басқа тұлғаларға тиесілі, патенттермен қорғалған өндірістік үлгілерді пайдалануға жасалған лицензиялық шарттардан шығатын құқықтар;
басқа тұлғаларға тиесілі, патенттермен қорғалған пайдалы модельдерді пайдалануға жасалған лицензиялық шарттардан шығатын құқықтар;
басқа тұлғаларға тиесілі, куәліктермен қорғалған тауарлық белгілерді пайдалануға жасалған лицензиялық шарттардан шығатын құқықтар;
«ноу-хауды» беру туралы келісім негізінде берілетін және «ноу-хауды» беру туралы келісім бойынша тараптар болатын кәсіпорынның құжаттарымен расталған «ноу-хауға» айрықша құқықтар;
авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың объектілеріне тиесілі құқықтар;
мемлекеттік құжаттармен растауды талап етпейтін зияткерлік меншік объектілерінің ерекше құқықтары (интегралдық микросхемалар топологиялары, ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар, деректер базасы және авторлық құқықтың т.б. объектілері).
6. Қаржылық мүдделер материалдық емес активтерді қамтиды және оларға:
бизнеске немесе мүлікке меншік құқығынан ажырамайтын құқықтар, яғни пайдалану, қарызға алу, сату, жалға беру немесе басқару құқықтары;
сатып алуға опционы бар, сатып алуға немесе жалға беру шартына опцион беретін келісім-шарт шегіндегі ажырамайтын құқықтар, яғни орындау немесе орындамау құқығы;
бағалы қағаздар шығаруға меншік құқығынан ажырамайтын құқықтар (яғни оларды өзінде сақтау немесе оларды басқа тұлғаларға беру құқықтары).
7. Материалдық емес активтердің нарықтық құнын міндетті түрде бағалау келесі жағдайларда жүргізіледі:
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес қаржылық есептілік үшін активтерді бағалау кезінде;
кепіл мәнінің құнын анықтау кезінде, соның ішінде несиелендіру кезінде;
жарғылық қорға мүліктік салымдардың құнын анықтау кезінде;
банкроттық рәсімдер барысында борышкер мүлкінің құнын анықтау кезінде;
ақысыз алынған мүліктің құнын анықтау кезінде;
зияткерлік меншік объектілерін және оларды пайдалануда құқық иелерінің тәуекелін сақтандыру кезінде;
зияткерлік меншік құқығының бұзылуы салдарынан құқық иесіне келтірілген зиянды анықтау кезінде;
зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын беру және оларды пайдалануға лицензия беру.
8. Зияткерлік меншік объектілерін және материалдық емес активтерді бағалау нақты объектінің, бағалауды тағайындау және сенімді ақпараттың болуына байланысты табыстық, салыстыру және шығыстық тәсіл әдістерімен орындалады. Үш тәсілдің барлығы нарықтық болып табылады, яғни зияткерлік меншік объектілері мен материалдық емес активтерді бағалау кезінде нарықтық ақпарат пайдаланылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 207; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты