Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жалпы ережелер. 1. Осы «Құнның базалары мен түрлері» мемлекеттік бағалау стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Қазақстан




 

1. Осы «Құнның базалары мен түрлері» мемлекеттік бағалау стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде халықаралық бағалау стандарттарын пайдалана отырып әзірленді және бағалаудың мақсатын, бағалаудың нәтижесін болжамды пайдалану, сондай-ақ нарықтық құнды және нарықтық құннан ерекшеленетін өзге де құн түрлерінің ұғымдарын ашады. Осы стандарт бағалау қызметін жүзеге асырған кезде қолдануға міндетті болып табылады.
2. Бағалау қызметінің негізгі принциптері объективтілік және дұрыстық болып табылады.
3. Бағалау түрлері міндетті және бастамашылық бағалау болып табылады.
4. Осы стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
алмастыру құны - бағалау объектісінің тозуын ескере отырып, бағалау жүргізілген күні қолданылған нарықтық бағалардағы бағалаудың ұқсас объектісін жасауға жұмсалатын шығындар сомасы;
арнайы құн - бұл нарықтық құннан асып түсетін және активтің кейбір ерекшеліктерін көрсететін, арнайы сатып алушы үшін құндылыққа ие сома;
әділ құн - бұл активтерді ауыстыруға болатын немесе хабарландырылған, бір-біріне тәуелсіз тараптар арасында операция жасаған кезде міндеттемені орындауға болатын сома;
бағалау объектісінің толық қалпына келтіру құны - құрылыс-монтаждау жұмыстарына, материалдар мен құрылғыларға, саудадағы үстеме бағалар мен көлік тарифтеріне қойылатын ағымдағы бағаларды есепке ала отырып, кәсіпкердің табысын және қосымша құн салығын есепке алмағандағы осы бастапқы түріне (ескі жобасы бойынша) толығымен қалпына келтіруге қажетті қаражаттардың құны;
бастапқы құн - бұл төленген өтелмейтін салықтар мен алымдарды, сондай-ақ жеткізуге, монтаждауға, орнатуға, іске қосуға кететін шығындарды және басқа да активтерді мақсатты пайдалану үшін тікелей жұмыс жағдайына келтіруге жұмсалатын шығындарды қоса алғанда, негізгі құралдарды тұрғызу немесе сатып алу жөнінде нақты жұмсалған шығындардың құны;
инвестициялық құн немесе құндылық - бұл белгіленген инвестициялық немесе өндірістік мақсаттағы нақты бір инвесторға немесе инвесторлар класына арналған мүлік құны. Бұл субъективтік ұғым нақты бір мүліктің нақты инвестормен, инвесторлар тобымен немесе белгілі бір инвестициялық мақсаттары және/немесе өлшемдері бар кәсіпорындармен ара қатынасын белгілейді;
ипотекалық құн - бұл серпіні экономикалық циклдің кезеңдерімен және алып-сатарлық сипаттағы элементтерге байланысы жоқ арнайы ациклдық құн;
кадастрлық құн - жаппай бағалау амалымен айқындалған, кадастрлық бағалауды жүргізуді реттейтін заңнамаға сәйкес белгіленген және бекітілген, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік кадастрлық бағалау үдерісінде белгіленген нарықтық құн. Кадастрлық құнды бағалаушылар, атап айтқанда, салық салу мақсатында айқындайды;
кәдеге жарату құны - экономикалық жарамдылық мерзімінің соңындағы, яғни мүлікті пайдалану қауіпті немесе орынсыз болып қалғандағы нарықтық құны;
кеден құны - қолданыстағы кеден заңнамасы негізінде есептелетін кеден төлемдерін аудару мақсатында айқындалатын құн;
кепіл құны - бағалаушы белгілеген мүліктің ипотекалық құнынан үлес ретінде банк дербес айқындаған мүлік кепіліне берілетін кредит сомасы;
нарықтық құн - осы объект бәсеке жағдайындағы мәмілелердің негізінде иеліктен айыруға болатын, мәміле тараптары бағалау объектісі туралы барлық ақпаратқа ие бола отырып, іс-қимыл еткенде, ал мәміленің бағасына қандай да бір төтенше жағдайлар ықпалын тигізбейтін жағдайдағы осы объектінің есептік ақшалай сомасы:
мәміленің бір тарапы бағалау объектісін иеліктен айыруға міндетті емес, ал екінші тарап сатып алуға міндетті емес;
мәміле тараптары мәміленің нысанасы жөнінде жақсы хабардар етілген және өзінің мүддесі үшін әрекет етеді;
мәміленің бағасы қай жақтан болмасын мәміленің тараптарына қатысты бағалау объектісі үшін және мәмілені жасауға мәжбүрлеу үшін ақшалай сыйақы баламасын білдіреді;
өсімін молайту құны - бағалау жүргізген, ұқсас материалдар мен технологияларды қолдана отырып, бағалау объектісінің тозуын ескере отырып, бағалау объектісіне ұқсас объектіні жасаған күнінде қолданылған нарық бағаларындағы шығындар сомасы. Өсімін молайтудың толық құны осыған ұқсас объектіге бағалау жүргізілген сәтте қолданылған бағалар бойынша айқындалады;
сақтандыру құны - келісімшарттың немесе сақтандыру полисінің ережесінде көзделген мүлік құны. Сақтандыру сомасының болжанып отырған мөлшері сақтандыру шартының талаптарына жүргізілген талдаудың нәтижелері негізінде, жалпы жекелеген сақтандыру жағдайлары, сақтандыру жағдайларының тобы үшін, сондай-ақ мүліктің табиғи жағдайының, оның ағымдағы пайдаланылу ерекшеліктерін, мүліктің нарықтық құнын қалыптастыруға сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып айқындалады;
салық құны - қолданыстағы салық заңнамасының негізінде есептелетін құн;
синергетикалық құн - бұл бастапқы мүліктік мүдде сомасына қарағанда оларды біріктіру нәтижесіндегі алынған мүліктік мүдде құны жоғары екі немесе одан да көп мүліктік мүдделерді үйлестіру есебінен нарықтық сомадан асып түсетін сома;
тарату құны - әдетте бизнес жабылғаннан кейін жеке сату үшін үсынылатын бизнесте бірлесіп пайдаланылатын активтер тобының нарықтық құнының түрі;
теңгерімдік құн - барлық жинақталған амортизация мен жинақталған шығыс сомаларын құнсызданудан алып тастағаннан кейінгі бухгалтерлік теңгерімде актив танылатын сома;
терминалдық (реверсиялық) құн - бағаланатын мүліктің иелік ететін (болашақтағы) есептік кезеңінің соңындағы нарықтық құны.
құн базасы - бұл оның негізінде құнның түрлері айқындалатын белгілі бір тұжырымдама. Құнды өлшеу тұжырымдамасы бағалауды болжалды пайдалану (тағайындау) қатысты әртүрлі болуы мүмкін.
5. Бағалау қоры құндардың барлық түрлері екі түрге бөлінеді: құнның нарықтық базасы және құндардың нарықтық емес базаларының үш санаты, сондай-ақ олардың жекелеген кіші түрлерін қолдану;
ол бойынша еркін және ашық нарықта айырбасты жүргізуге болатын құнның нарықтық базасы мүліктің анағұрлым шамалық құнын айқындау үшін қолданылады;
құнның нарықтық емес базасы нарық қатысушыларының сатып алу қабілетіне емес немесе нарықтың айырықша немесе әдеттегіден бөлек шарттарындағы тиімділігіне емес, экономикалық пайдалы екендігіне немесе мүліктің функцияларына негізделеді.
6. Құнның түрін таңдау мүлікті бағалаудан өткізуге шарт жасаудың алдында болады және мүлікті бағалау мақсаттылығына, оның ерекшеліктеріне, сондай-ақ нормативтік талаптарға байланысты болады. Мүлікті бағалау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде, мүлікке бағалау жүргізу шартында немесе соттың қаулысында бағалаудың нәтижесі айқындалатын құнның түрі көрсетілмеген жағдайда, нарықтық құны айқындалады.
7. Құн сатып алушылар мен сатушылардың тауарларды немесе қызмет көрсетулерді сатып алу үшін келісуі анағұрлым ықтимал бағаға қатысты экономикалық ұғым болып табылады. Құн факті емес, таңдап алынған бағалау қорына сәйкес уақыттың нақты бір сәтіндегі нақты тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағаларының есептік шамасы болып табылады. Құнның экономикалық ұғымы нарықтың тауар иесінің немесе қызмет көрсетуді пайдаланушының бағалау күні алған пайдасына көзқарасын білдіреді.
8. Бағалаудың мақсаты құнның нақты бір түрінің шамасын белгілеу болып табылады, ол бағалау нәтижесін алдын ала пайдаланумен айқындалады және бағалау туралы есептік тапсырыс берушісімен шартта белгіленеді.
9. Бағалаудың нәтижесі бағалау объектісі құнының қорытынды шамасы болып табылады. Бағалау нәтижесі тараптардың бағалау объектісіне қатысты мәміле жасау немесе өзге де іс-әрекеттер жасау үшін бағаларды айқындау кезінде, оның ішінде салық салу мақсатында сату-сатып алу мәмілесін, жалға немесе кепілге беру, сақтандыру, несие алу, жарғылық капиталға енгізу, жарғылық капиталға енгізу мәмілелерін жасаған кезде пайдаланылады.
10. Бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде нарық құны және оның кіші түрлері, өзге құн түрлері, аралық есептеулерде және қаржылық есептілікте қолданылатын құнның түрлері пайдаланылады.
Нарық құны және оның кіші түрлері:
тарату құны; кәдеге жарату құны; терминалдық (реверсиялық) құны.
Құнның өзге де түрлері:
инвестициялық; әділ; арнайы; синергетикалық; салықтық;ипотекалық;
кепілдік; сақтандыру; кадастрлық; кедендік; мемлекеттік мүлік;
жер учаскелерін алып қою үшін.
Аралық есептеулерде және қаржылық есептілікте қолданылатын құндардың түрлері:
толық қалпына келтіру құны; алмастыру құны;өсімін молайту құны;
теңгерімдік құн: бастапқы құн.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 216; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты