Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Шығындық тәсіл әдісі




13. Нақты шығындар әдісі:
шығындық тәсіл негізіне зияткерлік меншіктің нақты объектісін жасау (алу), зерттеу және жоспарланған пайда мен ескіруін есепке алып сүйемелдеу, салық және міндетті төлемдері үшін қажетті материалдық шығындардың көрсеткіштері салынған. Бұл әдіс басқа әдістермен бағалау үшін бағдар ретінде және баланстық есепке қою үшін кәсіпорынның өзінде құрылған зияткерлік меншік объектілерін бағалау үшін қолданылады, яғни лицензияның минмиалды бағасын анықтау үшін. Зияткерлік меншікке құқықтық құны оны жасау немесе алуға жұмсалған шығыннан төмен болуы мүмкін емес.
Шығындық тәсіл әдісі зияткерлік меншік объектілерінің баланстық (бухгалтерлік) құнын анықтау үшін қолданылады.
Әдіс әрекеттердің келесідей реттілігін көрсетеді:
бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша бағаланатын объект алынған тарихи (алғашқы) құны және оның балансқа қойылған күні белгіленеді;
статистика мәліметтері бойынша тренд (бағаланатын объект сатып алынған кезден бастап инфляция индексі) есептеледі;
тарихи құны алынған трендке көбейту жолымен ағымдағы құнына әкелінеді;
бағаланатын объектінің қызметтік (моральды) ескіруі есептеледі;
нарықтық құны алынған ескіруді ағымдағы бастапқы құнынан шегеру жолымен есептеледі.
14. Қалпына келтіру құны әдісі бағалау объектісінің нысанасы мен сапасы бойынша бірегей қайта жасау (қайта өндіру, орнын басу) үшін қажетті бағалау күніне барлық шығындарды анықтауда қорытындыланады.
Зияткерлік меншік алынған жағдайда оның құнын анықтау кезіндегі есептерде шығындардың келесідей түрлері есепке алынады:
мүліктік құқықтарды алуға;
өндірісте зияткерлік меншікті пайдаланып тауарларды игеру;
маркетингке: өнеркәсіптік меншіктің болжамды объектілерін анықтау үшін ақпаратты зерттеу, жинау және талдау.
Зияткерлік меншік кәсіпорынның өзінде жасалған жағдайларда оның құнын анықтау кезіндегі есептерде шығындардың келесідей түрлері есепке алынады:
іздеу жұмыстарына және тақырыптарды өңдеуге;
эксперименталды үлгілерді жасауға;
бөтен ұйымдардың қызметтеріне (мысалы, зияткерлік меншікті анықтауға, қорғау құжаттарын беруге);
патенттік пошлинаны төлеуге (патентті патентті сүйемелдеу);
конструкторлы-техникалық, технологиялық, жобалық құжаттарды жасауға;
есептілікті жасау мен бекітуге;
Зияткерлік меншік объектілерін жасауға жұмсалатын толық шығындар зияткерлік меншік объектілерін жасауға жұмсалған бұрынғы шығындардың ағымдағы құны мен нормативті пайдасын есепке алғандағы оның құқықтық қорғалуы ретінде анықталады.
Зияткерлік меншік объектілерінің құнын шығару объектіні жасаумен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын (әрі қарай – ҒЗЖ) жүргізуге және конструкторлы-техникалық, технологиялық және/немесе жобалық құжаттарды жасауға жұмсалған шығын сомасы ретінде анықталады.
ҒЗЖ жүргізуге жұмсалған шығындардың көлемі іздеу жұмыстары, теориялық зеттеулер жүргізу, эксперименттер жүргізу, есептілікті жасау, қарастыру мен бекіту, сынақтар жүргізу және ҒЗЖ байланысты басқа да шығындар сомасы ретінде анықталады.
Құжаттамаларды жасауға жұмсалған шығындардың көлемі эскиздік жобаны орындауға, техникалық жобаны орындауға, жұмыс жобасын орындауға, есептерді орындауға, авторлық қадағалауды жүргізуге, дизайнға жұмсалған шығындар сомасы ретінде анықталады.
Жалпы тозу шамасы тиімді жас әдісімен есептеледі.
Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді бағалау кезінде жалпы тозумен қоса бұрынғы шығындардың ағымдағы құнында сондай-ақ технико-экономикалық мәнінің коэффициенті есепке алынады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 361; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты