Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


АНЫҚТАМАЛАР




 

6.Мына терминдер осы Стандартта төменде көрсетілген мәнінде қолданылады:

Баланстық құн – кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сома.
Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық стандарттардың, мысалы, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы.
Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома.
Амортизация – активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу.
Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны.
Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома.
Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома.
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді:
(а) тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған;
(b) бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін.

Өтелетін сома – екі мәннің ішіндегі үлкені: активті таза сату бағасы және оны пайдалану құндылығы.
Активтің жойылу құны – егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома.
Пайдалы қызмет мерзімі - бұл:
(а) ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не
(b) активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері.

ТАНУ

7. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің өзіндік құны мынадай жағдайда ғана актив ретінде танылуға тиіс, егер:

(а) осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсуі ықтимал болса;
(b) осы объектінің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.

8. Босалқы бөлшектер немесе сервистік қызмет көрсету әдетте босалқылар ретінде ескеріледі және пайдада немесе залалда оның пайдаланылуына қарай танылады. Алайда, ірі босалқы бөлшектер және резервтік жабдық, егер ұйым оларды бір кезеңнен астам мерзім ішінде пайдалануды ұйғарса, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ретінде сыныпталады. Осы сияқты, егер босалқы бөлшектер және сервистік қызмет көрсету жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін пайдалануға беруге байланысты пайдаланылуы мүмкін болса, олар жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ретінде ескеріледі.

9. Осы Стандарт тану бірлігін, яғни жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі нені құрайтынына ұйғарым жасамайды. Осыған байланысты ұйымдағы нақты міндеттемелерді тану өлшемдерін қолдану білікті пайымдауды талап етеді. Кейбір жағдайларда жекелеген шағын объектілерді, мысалы, үлгілерді, құралдарды және мөртаңбаларды біріктіріп, осы өлшемдерді олардың жалпы құнына қолдануға болады.

10. Осы тану принципіне сәйкес ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар бойынша өзінің барлық шығындарын оларды шеккен кезде бағалайды. Бұл шығындар жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін сатып алуға немесе салуға байланысты шеккен шығындарды, сондай-ақ кейіннен үстелумен, ішінара алмастырумен немесе осындай объектіге қызмет көрсетумен шеккен шығындарды қамтиды.

3.2. Бастапқы шығындар

11. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сатып алынуы мүмкін. Осындай жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды сатып алу қолда бар нақты жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі басқа активтерді пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның алуы үшін қажет болуы мүмкін. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың осындай активтері активтер ретінде танылуы мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған болса, алынуы мүмкін болатындардан тыс тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық пайдалар алуын қамтамасыз етеді. Мысалы, химия компаниясы қауіпті химиялық заттарды өндіру немесе сақтау кезінде экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялар енгізе алады; технологиялар мен жабдықтарды жетілдіру жөніндегі тиісті шаралар актив ретінде танылады, себебі компания оларсыз химикаттарды өндіріп, сата алмайды. Солай бола тұрса да, ондай активтің және осыған байланысты активтердің баланстық құнының жиынтық мәні 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес құнсыздану мәніне байланысты тексерілуге тиіс.

3.3.Келесі шығындар

12. 7-параграфта айтылған тану принципіне сәйкес, ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында осы объектіге күнделікті қызмет көрсетуге арналған шығындарды танымайды. Оның орнына, ондай шығындар пайдалар мен залалдар шегу жағдайына қарай сонда танылады. Күнделікті қызмет көрсетуге арналған шығындар негізінен жұмыс күшіне және шығыс материалдарына жұмсалған шығындардан тұрады, сондай-ақ жиынтықтаушы бөліктер сатып алуға шығатын шығындарды қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың мақсаты көп жағдайларда жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін «жөндеу және ағымдағы қызмет көрсету» ретінде көрсетіледі.

13. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың кейбір объектілерінің элементтері ұдайы ауыстырып отыруды талап етуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір жұмыс уақыты өткеннен кейін пеш футеровкасын өзгертуді, немесе ұшақтың ішкі жабдығы, мысалы, орындық және борттағы асүй, фюзелаждың қызмет мерзімі ішінде бірнеше рет ауыстыруды талап етуі мүмкін. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектілері сондай-ақ ауыстыру арасындағы аралықты, мысалы, үйдің ішкі қалқаларын ұлғайту үшін, немесе ауыстыруды талап етпейтін конструкция элементін салу үшін сатып алынуы мүмкін. 7-параграфта айтылған тану принципіне сәйкес, ұйым тану өлшемдері сақталған жағдайда, осы шығындарды шеккен кезде мұндай объектіні ішінара ауыстыруға шыққан шығындарды жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында таниды. Ауыстырылған бөліктердің баланстық құнын тану, осы Стандарттың тануды тоқтатуға қатысты ережелеріне сәйкес тоқтатылуға тиіс (67-72-параграфтарды қараңыз).

14. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін одан әрі пайдалану шарттары (мысалы, әуе кемесін), бұл жағдайда бөлшектер ауыстырылғанына немесе ауыстырылмағанына қарамастан, ақаулардың бар-жоғын ұдайы ірі техникалық тексеруден өткізу болуы мүмкін. Осындай әрбір тексерістен кейін оған шыққан шығындар, тану өлшемдері сақталған жағдайда, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында танылады. Баланстық құнда басқа алдыңғы тексеруге шыққан кез келген шығындар сомасы (бөлшектерді нақты ауыстыруға шыққан шығыстардан өзгеше) есептен шығарылуға тиіс. Бұл жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін сатып алу немесе салу жөніндегі операцияда, алдыңғы тексеруге шыққан шығындар болған-болмағанына қарамастан, жасалады. Қажет болған жағдайда, осы сияқты тексеруді өткізуге жұмсалатын болжамды шығындар болашақта жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін сатып алу немесе салу кезінде баланстық құнның құрамдас бөлігі болған, тексеруге шыққан шығындар сомасының көрсеткіші болуы мүмкін.

ТАНУ КЕЗІНДЕ БАҒАЛАУ

15. Актив ретінде танылуы мүмкін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі бастапқы құн бойынша бағалануға тиіс.

Бастапқы құнның элементтері

16. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің бастапқы құны мыналарды қамтиды:
(а) импорттық бажды, сатып алуға шығатын өтелмейтін салықты қоса және сауда жеңілдіктері мен қайтаруларды шегеріп сатып алу бағасы.
(b) активті керек жерге жеткізуге және үйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтіруге тікелей жатқызылған кез келген шығындар.
(с) Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін бөлшектеуге және жоюға және өздері тұратын учаскеде табиғат ресурстарын қалпына келтіруге шыққан шығындарды бастапқы бағалау, бұған қатысты міндетті, осы объектіні сатып алған кезде, не осы кезең ішінде босалқылар өндіруге байланысты емес мақсаттарда белгілі бір уақыт кезеңі бойы оны пайдалану нәтижесінде ұйым өз мойнына алады.

17. Тікелей шығындарға жатқызу мысалдары мыналар болып табылады:

(а) жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін салуға немесе сатып алуға тікелей байланысты туындайтын, қызметкерлерге сыйақы төлеуге арналған шығындар (19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық стандартындағы анықтамаға сәйкес);

  1. алаңды әзірлеуге арналған шығындар;
  2. жеткізуге және түсіруге арналған бастапқы шығындар;
  3. орнатуға және жинастыруға арналған шығындар;
  4. активті керек жеріне жеткізу және оны қажетті күйге келтіру (мысалы, жабдықты сынақтан өткізген кезде алынған үлгілер) процесінде жүргізілген, кез келген объектілерді сатудан алынған таза түсім шегерілгеннен кейін активтің тиісінше жұмыс істеуін тексеруге шыққан шығындар;


және

(f) білікті қызмет көрсетулердің құны.

18. Ұйым 2-«Босалқылар» IAS стандартын объектіні бөлшектеуге, жоюға және өзі тұратын учаскеде табиғи ресурстарды қалпына келтіруге шыққан, бұл объектіні осы кезең ішінде босалқылар өндіру үшін пайдалану нәтижесінде белгілі бір кезең бойында шеккен шығындарға қолданады. 2 IAS немесе 16 IAS стандарттарға сәйкес ескерілетін шығындарға қатысты осы міндеттер 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS стандартына сәйкес танылады және бағаланады.

19. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісіне жұмсалатын шығындарға жатқызылмайтын шығындардың мысалдары мыналар болып табылады:

(а) жаңа өндірістік немесе техникалық құрылыстар ашуға арналған шығындар;

  1. жаңа өнімді немесе қызмет көрсетулерді енгізуге арналған шығындар (жарнамаға және өнімді жылжытуға арналған шығындарды қоса);
  2. жаңа орында немесе клиенттердің жаңа санатына шаруашылық қызметті жүргізуге арналған шығындар (қызметкерлерді даярлауға және оқытуға арналған шығындарды қоса);


және

  1. әкімшілік және басқа жалпы үстеме шығындар.


20. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнына шығындарды тану, ондай объект керек жерге жеткізіліп, ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтірілген кезде, тоқтатылады. Сөйтіп, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін пайдалану немесе қоныс аудару барысында шеккен шығындар осы объектінің баланстық құнына қосылмайды. Мысалы, мына шығындар жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнына қосылмайды:
(а) ұйым басшылығының ниетіне сәйкес жұмыс істей алатын объект әлі пайдаланылмайтын немесе толық қуатында жұмыс істемейтін кезеңде шеккен шығындар;

  1. мысалы, осы объект өндіретін өнімге сұраныстың өсу процесінде шеккен бастапқы операциялық залалдар;
  2. компанияның ішінара немесе толық қоныс аударуға немесе қызметін қайта ұйымдастыруға арналған шығындары.


21. Кейбір операциялар жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін салуға немесе дамытуға байланысты жүзеге асырылады, бірақ осы объектіні керек жеріне жеткізу және ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті күйге келтіру үшін қажет болып табылмайды. Осы қосымша операциялар салу немесе дамыту жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін немесе соның барысында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, құрылыс алаңын құрылыс басталғанға дейін автоаялдама ретінде пайдаланудан кіріс алуға болады. Қосымша операциялар объектіні керек жерге жеткізу және ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін керек жағдайға келтіру үшін қажет болып табылмайтындықтан, кіріс және осындай операцияларға тиісті шығыстар пайда немесе залал ретінде танылуға және кіріс пен шығыстың тиісті баптарына енгізілуге тиіс.

22. Өз күшімен құрылған активтің бастапқы құны тап солай сатып алынған актив құнының принциптері негізінде анықталады. Егер ұйым өзінің әдеттегі қызметінің барысында сату үшін сондай активтерді құратын болса, ондай активтің бастапқы құны, әдетте, сату үшін актив өндіру құнына тең (2 IAS қараңыз). Сөйтіп, мұндай активтерді есептеген кезде кез келген ішкі пайдалар алып тасталады. Тап сол сияқты шикізаттың, еңбектің немесе активті өз күшімен құру кезінде шеккен басқа ресурстардың нормадан тыс шығындары оның бастапқы құнына қосылмайды. 23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандарты пайызды өз күшімен құрылған жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнының компоненті ретінде тану өлшемдерін белгілейді.

3.4.Бастапқы құнды бағалау

23. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің бастапқы құны тану күніне ақшалай қаражаттар баламасындағы оның бағасы болып табылады. Кредит берудің әдеттегі талаптарынан асатын кезеңге төлемді кейінге қалдыру орын алатын болса, ақшалай қаражаттар баламасындағы баға мен жалпы төлем сомасы арасындағы айырма, егер 23 IAS стандартында көзделген есепке алудың баламалы тәртібіне сәйкес ондай пайыз жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнында танылмайтын болса, кредит беру кезеңі үшін пайыз ретінде танылады.

24. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың бір немесе одан көп объектісі сенімсіз активке немесе активтерге айырбасталып, не ақшалай немесе ақшалай емес активтерге ұштастырылып сатып алынуы мүмкін. Төменде айтылған пайымдаулардың сенімсіз бір активті екіншісіне айырбастауға ғана емес, сонымен бірге осының алдындағы сөйлемде сөз болған барлық айырбастауларға да қатысы бар. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың осындай объектісінің бастапқы құны әділ құн бойынша бағаланады, бұған (а) айырбастау операциясының коммерциялық мазмұны жоқ, немесе (b) алынған да, берілген де активтің әділ құны нақты бағалауға келмейтін реттер кірмейді. Сатып алынған объект, тіпті ұйым өзі берген активті тануды дереу тоқтата алмаса да, тап осылайша бағаланады. Егер сатып алынған объект әділ құн бойынша бағаланбаса, оның бастапқы құны берілген активтің баланстық құны бойынша бағаланады.

25. Ұйым айырбастау операциясында осы операцияны жасау нәтижесінде ақшалай қаражаттардың болашақ тасқындарының күтілетін өзгерістерінің деңгейі бойынша коммерциялық мазмұнның бар-жоғын анықтайды. Айырбастау операциясында коммерциялық мазмұн, егер:
(а) алынған активтен пайда болған ақшалай қаражаттардың пішімі (тәуекел, мерзімдер және сома) берілген активтен пайда болатын ақша тасқындарының пішімінен өзгеше болады;

  1. ұйым үшін қызметінің осы операция ықпал ететін бөлігіне тән құны айырбастау нәтижесінде өзгереді;

(с) (а) немесе (b) айырма айырбастаудың мәні болған активтердің әділ құнымен салыстырғанда елеулі шаманы құрайды.
Айырбастау операциясында коммерциялық мәннің бар екендігін анықтау мақсаттарында қызметтің осы операция ықпал ететін бөлігінің ұйымға тән құны міндетті түрде ақшалай қаражаттардың салықтан кейінгі тасқындарын көрсетуге тиіс. Ондай талдаудың нәтижелері ұйым тарапынан егжей-тегжейлі есептеулерсіз істің мәнін түсіндіре алады.

26. Салыстырмалы рыноктық операциялары жоқ активтің әділ құны, егер (а) осы активке қолданылатын әділ құнның негізделген бағалар диапазонының түрленуі елеулі болмаса, немесе (b) осы диапазонның ішіндегі әр түрлі бағалау мүмкіндіктері әділ құнды бағалау кезінде негізді түрде айқындалуы және пайдаланылуы мүмкін болса, шынайы бағалауға келеді. Егер ұйым не алынған, не берілген активтің әділ құнын шынайы анықтауға қабілетті болса, онда алынған активтің бастапқы құнын анықтау үшін берілген активтің әділ құны пайдаланылады, бұған алынған активтің әділ құны неғұрлым анық болатын реттер кірмейді.

27. Қаржылық жалдау шарты бойынша жалдаушының қарауындағы жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің бастапқы құны 17-«Жалдау» IAS стандартына сәйкес анықталады.
28. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құны 20-«Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету» IAS стандартына сәйкес алынған мемлекеттік субсидиялар сомасына кемітілуі мүмкін.

ТАНУДАН КЕЙІНГІ БАҒАЛАУ

29. Ұйым өзінің есеп саясаты ретінде 30-параграфқа сәйкес не бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісін, не 31-параграфқа сәйкес қайта бағалау үлгісін таңдауға тиіс және таңдап алған есеп саясатын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың барлық тобына қолдануға міндетті.

Бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісі

30. Актив ретінде бастапқы танудан кейін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі, жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залалдар шегеріліп, оның бастапқы құны бойынша ескерілуге тиіс.

Қайта бағалау үлгісі
31. Актив ретінде таныла отырып, әділ құны нақты бағалауға келетін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі, кейіннен жинақталған кез келген амортизация және кейіннен құнсызданудан жинақталған кез келген шығындар шегеріліп, қайта бағалау күнгі оның әділ құнына тең қайта бағалау шамасы бойынша есепке алынуға тиіс. Қайта бағалаулар есепті күні әділ құнды пайдалану кезінде анықталатын баланстық құннан елеулі түрде өзгеше болуына жол бермеу үшін жеткілікті түрде жүйелілікпен жүргізілуге тиіс.
32. Жер учаскелері мен ғимараттардың әділ құны, әдетте, білікті бағалаушылар жүргізетін бағалау арқылы нарықтық индикаторлардың негізінде анықталады. Машиналар мен жабдықтардың әділ құны, әдетте, бағалау жолымен анықталатын олардың нарықтық құны болып табылады.
33. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің ерекше сипатына байланысты және ондай активтер жұмыс істеп тұрған барлық кәсіпорыннан бөлек сирек сатылатын болғандықтан, әділ құнның нарықтық индикаторлары жоқ болғанда, сатып алушы-ұйымнан, бәлкім, әділ құнды кіріске немесе амортизациялық қалпына келтіру құнына сүйеніп бағалау талап етілетін болар.
34. Қайта бағалау жасау жиілігі жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың әділ құнындағы өзгерістерге байланысты болады. Егер қайта бағаланған активтің әділ құны оның баланстық құнынан елеулі түрде өзгеше болса, қосымша қайта бағалау қажет болады. Кейбір жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектілерінің әділ құны елеулі және туынды ауытқулардың мәні болуы мүмкін, сондықтан олар жыл сайын қайта бағалап отыруды талап етеді. Мұндай жиі қайта бағалаулар әділ құны шамалы өзгерістерге ұшыраған жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектілері үшін талап етілмейді. Осындай объектілерді қайта бағалау қажеттігі үш немесе бес жылда бір рет пайда болуы мүмкін.
35. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін қайта бағалағаннан кейін қайта бағалау күніне жинақталған кез келген амортизация мына тәсілдердің бірімен ескеріледі:
(а) активтің жалпы баланстық құнының өзгеруіне қайта бағаланғаннан кейін активтің баланстық құны оның пайыздық құнына тең болатындай етіп қайтадан тепе-тең қайта бағаланады. Актив индекстеу арқылы амортизацияланған қалпына келтіру құнына дейін қайта бағаланған кезде бұл актив жиі пайдаланылады.
(b) жалпы баланстық құнға қарсы алып тасталады, ал таза мөлшер активтің қайта бағаланған өлшеміне дейін қайта есептеледі. Бұл әдіс көбінесе ғимараттарға қатысты қолданылады.
Жинақталған амортизацияны тепе-тең қайта бағалау немесе оны есептен шығару кезінде туындайтын түзету мөлшері баланстық құнды ұлғайтудың немесе кемітудің жалпы сомасының бір бөлігін құрайды, ол 39 және 40-параграфтарға сәйкес есепте көрсетіледі.
36. Егер жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың жеке объектісі қайта бағаланса, онда осы актив жатқызылған жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың барлық тобы да қайта бағалануға тиіс.
37. Ұйымның операцияларында оларды пайдалану мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар тобы деп аталады. Төменде жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың жекелеген топтарына мысалдар келтірілген:
(а) жер учаскелері;
(b)жер учаскелері және ғимараттар;
(c)машиналар мен жабдықтар;
(d)су кемелері;
(е) әуе кемелері;
(f) автокөлік құралдары;
(g) жиһаз және инженерлік жабдықтың салынатын элементтері;
(h) кеңсе жабдығы.
38.Объектілерді жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың бір тобының ішінде қайта бағалау активтерді таңдап қайта бағалауды, сондай-ақ қаржы есептілігіне шығындар мен әр күнгі құндардың қосындысы болып табылатын сомалардың қаржы есептілігіне енуін болғызбау мақсатымен бір мезгілде жүргізіледі. Алайда, егер қайта бағалау қысқа уақыт ішінде жүргізілетін болса, және нәтижелер ұдайы жаңартылып отыратын болса, активтер тобы сырғымалы кесте бойынша қайта бағалануы мүмкін.
39. Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде ұлғаятын болса, осы ұлғаю «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен капиталдың өзінде көрсетілуге тиіс. Алайда бұл ұлғаю пайдада немесе залалда бұрын пайдада немесе залалда танылған сол активті қайта бағалаудан залалды реверстейтін дәрежеде танылуға тиіс.
40. Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде кемитін болса, бұл кему пайдада немесе залалда танылуға тиіс. Алайда, қайта бағалаудан болған кему тап сол активке қатысты қайта бағалаудан болған өсімде кез келген кредиттік сальдо болған жағдайда «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен тікелей капиталға дебеттелуге тиіс.
41. Активті тану тоқтатылған жағдайда жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісіне қатысты капиталға енгізілген, оны қайта бағалаудан болған өсім тікелей бөлінбеген пайдаға аударылуы мүмкін. Актив пайдаланудан шығарылған немесе істен шығып қалған кезде барлық өсім толық көлемінде аудару мәні болуы мүмкін. Алайда, егер активті ұйым пайдаланатын болса, қайта бағалаудан болған өсімнің бір бөлігі ғана аударылуы мүмкін. Ондай жағдайда аударылған өсім сомасы активтің қайта бағаланған баланстық құны негізінде есептелген амортизация сомасы мен оның бастапқы құны негізінде есептелген амортизация сомасының арасындағы айырманы құрайды. Қайта бағалаудан бөлінбеген пайдаға өсімді аудару пайда немесе залал арқылы жүргізілмейді.

42. Пайдаға салынатын салықтың ықпалы, егер ол орын алған болса, 12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды қайта бағалау нәтижесі ретінде танылады және ашып көрсетіледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 219; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты