Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар




МАҚСАТЫ
1. Осы Cтандарттың мақсаты қаржы есептілігін пайдаланушылар ұйымның жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар инвестициялары және ондай инвестициялардағы өзгерістер туралы ақпарат алуы үшін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің тәртібін анықтау болып табылады. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің негізгі мәселелері активтерді тану, олардың баланстық құнын және осыларға байланысты танылуға тиісті амортизациялық аударымдар мен құнсызданудан болған шығындарды анықтау болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
2.Осы стандарт, басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарты басқа есепке алу тәртібін талап ететін немесе рұқсат ететін реттерді қоспағанда, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды есепке алу үшін қолданылуға тиіс.
3. Осы Стандарт мыналарға қатысты қолданылмайды:
(а) 5-«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» IFRS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналу ретінде сыныпталған жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарға;

  1. ауылшаруашылық қызметіне байланысты биологиялық активтерге (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS);
  2. минералдық ресурстарды барлау және бағалау жөніндегі активтерді тануға және бағалауға (қараңыз: 6-«Минералдық ресурстар босалқыларын барлау және бағалау» IFRS); және
  3. минералдық ресурстарға және мұнай, табиғи газ және соған ұқсас қалпына келтірілмейтін ресурстар сияқты минералдық ресурстар босалқыларына құқықтарға.


Алайда осы Стандарт (b) - (d) тармақтарда келтірілген активтерді әзірлеу және қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарға қатысты қолданылады.
4. Басқа Стандарттар осы Стандартта көзделгеннен өзгеше тәсілдеме жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың сол немесе басқа баптарын тануды талап етуі мүмкін. Мысалы, 17-«Жалдау» IAS Халықаралық стандарты ұйымнан тәуекелдер мен пайдалардың жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың жалданатын объектісін тану белгісі ретінде берілуін қолдануды талап етеді. Алайда, мұндай жағдайларда, амортизацияны қоса, осы активтер үшін есепке алу тәртібінің қалған аспектілерінің барлығы осы Стандарттың талаптарымен анықталады.
5. Ұйым осы Стандартты инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде одан әрі пайдалану мақсатымен салу немесе даму сатысындағы, бірақ 40-«Инвестициялық жылжымайтын мүлік» IAS стандартында айтылған «инвестициялық жылжымайтын мүлік» анықтамасына әлі сай келмейтін жылжымайтын мүлікті есепке алу үшін қолдануға міндетті. Салу немесе даму аяқталғаннан кейін жылжымайтын мүлік инвестициялық жылжымайтын мүлікке айналады, және сол кезде ұйым 40 IAS қолдануға міндетті. 40 IAS Стандарты сондай-ақ инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде болашақта одан әрі пайдалану үшін жаңадан даму сатысындағы инвестициялық жылжымайтын мүлікке де қолданылады. 40 IAS сәйкес инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алудың шығындық үлгісін пайдаланатын ұйым осы Стандартта көзделген шығын үлгісін пайдалануға тиіс.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 188; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты