Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу




27. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн және олардағы жылжымайтын мүлiктi есепке алу меншiк құқығы мен басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықты мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ететiн қажеттi шарт болып табылады.

28. Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi тiркеу мiндеттi болып табылады:
жер учаскесi иесiнiң немесе оны пайдаланушының аты-жөнi;
жер учаскесiнiң алаңы;
жер учаскесiне меншiктiң нысаны;
жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуы;
жер учаскесiн пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;
жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi;
жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

29. Жер кадастрын жүргiзгенде әрбiр жер учаскесiне жер учаскесiнiң орналасқан жерiн анықтау (сәйкестендiру) мақсатында жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, учаске бiртұтас болып тұрғанша сақталатын, кадастрлық нөмiр берiледi. Жер-кадастрлық iс те осындай нөмiрге сәйкестендiрiледi.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

30. Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесiне кадастрлық нөмiрдi беру үшiн Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорынға өтiнiш жасайды, ал жер учаскесiне сәйкестендiретiн ескi үлгiдегi құжатты жаңаға ауыстыру үшiн жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына жүгiнедi.
Өтiнiшке жер учаскесiне сәйкестендiретiн құжаттың түпнұсқасы қоса берiледi.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 , өзгерту енгiзiлдi - 2008.03.18 N 262Қаулыларымен.

31. Жер учаскесiн сәйкестендiру оны жер-кадастрлық картада көрсету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу бұл учаскенiң нақты шекараларын, шектеулер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын айқындаудан, басқа тұлғалар құқықтарының сипатын, сондай-ақ мақсатты пайдаланылуын анықтаудан басталады. Жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу және оларды ресiмдеу рәсiмдерi жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бұйрықтарына сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

32. Жер учаскесiн сәйкестендiру жөнiндегi жұмыстардың нәтижелерi бойынша мамандандырылған кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр бередi, ескi үлгiдегi құжатқа тиiстi белгi жасайды және оны өтiнiш берушiге бередi. Жер учаскесiне кадастрлық нөмiрдi бергенi туралы ақпарат жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер қатынастары жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға ұсынылады.
Жер учаскесiне құқығы туралы ескi үлгiдегi құжатты облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы өзiнiң құзыретiне сәйкес өтiнiш берушiге беретiн сәйкестендiретiн жаңа құжатқа ауыстыру өтiнiш берушiнiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Жер-кадастрлық кiтапқа, кадастрлық iске және мемлекеттiк жер тiзiлiмiне тиiстi жазба жасалады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 , өзгерту енгiзiлдi - 2008.03.18 N 262Қаулыларымен.

33. Кадастрлық нөмiрдi құру:
облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коды мен;
ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың кодымен;
есептi кварталдың кодымен;
жер учаскесiнiң есептi кварталдағы реттiк нөмiрiмен айқындалады.
Елдi мекеннiң кварталы, жұмыс кенттерi және ауылдық елдi мекендер, бағбандық және саяжайлық қоғамдар, желiлiк объектiлер: темiр жол, автомобиль жолдары, жердегi, жер үстi және жер асты құбыр желiлерi бөлу жолақтарымен, суаттар және басқалар есептi кварталдар болып табылады.
Ескерту.
Жер учаскесi кадастрлық нөмiрiнiң екi алғашқы саны облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодын, одан кейiнгi үшеуi - ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, одан кейiнгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың iшiндегi жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi.
Есептi квартал iшiнде жер учаскелерiнiң саны 999-дан асқан жағдайда, осы есептi квартал iшiнде қалыптасатын келесi жер учаскелерiне төрт таңбалы реттiк нөмiр берiледi.
Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

34. Есептi кварталдардың және/немесе аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың, астананың iшiндегi есептi кварталдардың кодтары мен жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындар бередi.
Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

35. Егер осы Ережеге сәйкес есептi кварталға код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаса, онда осы кварталдың iшiндегi жер учаскелерiне уақытша (шартты) кадастрлық нөмiрлер берiледi. Бұл жағдайда мұндай кварталдың коды нақты есептi кварталдағы кадастрлық нөмiрдiң шартты белгiсiн көрсетуге тиiс "9" санынан басталады. Есептi кварталдың заңды мәртебесiн кейiннен анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсете отырып оған нағыз код берiледi.

36. Жер учаскесiн бiрнеше бөлiкке бөлу немесе бiрнеше жер учаскелерiн бiреуге бiрiктiру кезiнде ескi нөмiрлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмiрлер берiледi.

37. Бүтiн жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жердi пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне немесе жердi пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды.
Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

38. Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорын жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлгендiгi және бұл учаскенiң жер-кадастрлық есепке қойылғандығы туралы өтiнiш берушi мен тiркеушi органға хабарлайды. Өтiнiш игерушiге жер учаскесiнiң жаңа кадастрлық нөмiрi бар және жер-кадастрлық картадағы (схемадағы) өзгерiстер көрсетiлген жер-кадастрлық картаның (схеманың) тиiстi бөлiгiнiң расталған көшiрмесi берiледi.

39. Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қарай жер-кадастрлық карталар (схемалар):
Қазақстан Республикасының жер-кадастрлық картасы (схемасы) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
облыстың жер-кадастрлық картасы (схемасы) аудандардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер-кадастрлық картасы қаланың iшiндегi аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың жер-кадастрлық картасы (схемасы) eceптi кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетiле отырып;
есептi кварталдың жер-кадастрлық картасы (схемасы) жер учаскелерiнiң шекаралары мен кадастрлық нөмiрлерi көрсетiле отырып бақылау жағдайында құрылады және ұсталады.
Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

40. Жер-кадастрлық картада (схемада) жер учаскелерiнiң шекаралары жер учаскелерiне сәйкестендiру құжаттарына және картаның (схеманың) масштабындағы жердi пайдалану жоспарларына сәйкес көрсетiледi.
Ескерту. 40-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

41. Қажет болған кезде жер-кадастрлық карталар (схемалар) бiрнеше бөлiкте дайындалуы мүмкiн.

42. Жер-кадастрлық карталары (схемалары) жүргiзудi және кейiннен жаңартуды Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындар жүзеге асырады.
Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 305; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты