Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кадастрды жүргiзудiң тәртiбi




8. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында Кадастрды жүргiзу бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады және ол жер учаскелерi туралы мәлiметтердi жинау, құжаттау, жинақтау, өңдеу, есеп жүргiзу және сақтау жөнiндегi дәйектi iс-қимыл болып табылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06 N 511 қаулысымен.

9. Жер учаскелерiнiң желiлiк және алаңдық сипаттамаларын бейнелеу және өзгерiстер енгiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiстi жер-кадастрлық карталар Кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады.
Жер-кадастрлық карталардың масштабы есепке алу бiрлiгiнiң мөлшерiне және Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне байланысты таңдалады.
Кадастрды автоматтандырылған жүргiзу кезiнде картографиялық негiз геоақпараттық технологияларды қолданумен және қағаз жеткiзгiштермен көшiрмелерiн дайындаумен электрондық карта түрiнде қалыптастырылады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

10. Жер учаскелерi туралы ақпарат учаскелер мен жер алқаптарының шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелi түрде жаңартылады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

11. Жер учаскесi, егер оның белгiленген шекарасы болса және оған жер-кадастрлық iс жүргiзiлсе, түпкiлiктi қалыптастырылған болып саналады.
Жер-кадастрлық iс - жер учаскесiнiң қалыптасуы туралы iс, оған жер учаскесi туралы құжаттар кiргiзiледi.

11-1. Мемлекеттiк меншiктегi жерлерден берiлетiн жер учаскелерiне жер-кадастрлық iстердi Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң шешiмдерi, Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жүргiзедi.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

12. Азаматтарға және заңды тұлғаларға иелiк ету не пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе пайдалануға берудi алғашқы ресiмдеу кезiнде жер-кадастрлық iс олардың жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына берiлетiн өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Жер учаскесiне құқық туралы бұрын берiлген құжаттар, ал олар болмаған кезде - бұл учаскенi берген атқарушы органның шешiмiмен учаске шекарасының сызбасы (схемасы) өтiнiшке қосыла берiледi.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары көрсетiлген құжаттарды тексерудi жүзеге асырады және осы құжаттарды жер учаскелерiн жергiлiктi жерде зерттеу үшiн Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорындарға жiбередi. Олардың шекаралары, алаңдары және мақсатты тағайындауы өзгергенi белгiлi болған жағдайда, бұл өзгерiстер облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмiнiң, олардың Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес қайта бекiтуiне немесе мүдделi тараптардың арасында жасалатын шартта көрсетуге жатады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 , 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.

13. Азаматтардың немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi жерден учаске құру бөлiнетiн жер учаскесiнiң бөлiгiмен мәмiле жасалған кезде жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органына берiлетiн олардың бөлiнетiн жер учаскесiн бөлу туралы өтiнiштерi негiзiнде жүргiзiледi.
Өтiнiшке жер учаскесiне жеке меншiк құқығы туралы құжаттар қоса берiледi.
Бөлудiң нәтижесiнде пайда болған жер учаскелерiне Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiткен жер учаскесiн бөлу туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi материалдар негiзiнде жаңа жер-кадастрлық iстер жүргiзiледi, ал бөлiнетiн жер учаскесiне бұрын жүргiзiлген жер-кадастрлық iсi Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорынның мұрағатында сақталады.
Бөлудiң нәтижесiнде қалыптасқан жер учаскелерiне сәйкестендiру құжаттарын Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорын дайындайды, оларды өтiнiш берушiге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органы бередi.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511, өзгерту енгiзiлдi - 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.

13-1. Азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздер бойынша жер учаскесiне құқықтары ауысқан жағдайда сәйкестендiру құжаты оны алушыға немесе басқа құқық иесiне берiледi.
Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерiстер болмаған жағдайда, Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорын жаңа сәйкестендiру құжатын бермейдi, ал жаңа құқық иеленушi туралы жазба жер-кадастрлық кiтапқа және жерлердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.
Жер учаскесiнiң есептiк деректерiне жер учаскесiне меншiк құқығының немесе жер пайдалану құқығының ауысуы туралы мәлiметтердi енгiзу оларға жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган ұсынатын материалдар негiзiнде жүргiзiледi.
Осы жер учаскесiн кадастрлық есепке қойғаны туралы (жаңа құқық иесi туралы мәлiметтермен бiрге) Кадастрды жүргiзетiн мамандандырылған кәсiпорын екi апта мерзiмде жер учаскесi орналасқан орны бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органына хабарлайды.
Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262, өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.07.18 N 820 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

14. Азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгiндегi немесе пайдалануындағы жерден мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн жер учаскесiн қалыптастыру кезiнде оған жүргiзiлген жер-кадастрлық iске жаңа учаскенi құру үшiн негiз болып табылатын жер учаскесiн мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн алу туралы атқарушы органның шешiмi не соттың шешiмi, сондай-ақ жоспар (шекара сызбасы) және басқа құжаттар кiргiзiледi.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

15. Мемлекеттiк мұқтаждар үшiн жасалатын жер учаскесiнiң бiр бөлiгiн алып қою жағдайында жаңа жер-кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Жер учаскесiн қайта ұйымдастыру процесiмен бiрге жүретiн барлық құжаттар осы учаскеге бұрын жүргiзiлген жер-кадастрлық iске кiргiзiледi.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 , 2008.03.18 N 262 Қаулыларымен.

15-1. Бiрнеше жер учаскелерi бiрге қосылған кезде жаңа кадастрлық iсi ашылады, оған осы учаскелерге бұрын жүргiзiлген кадастрлық iстер жинақталады. Бiрiктiру нәтижесiнде құрылған жер учаскесiне жаңа сәйкестендiру құжаты дайындалады.
Ескерту. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.18 N 262 Қаулысымен.

16. Азаматтар мен заңды тұлғалардан ерiксiз алуға не тәркiлеуге жататын жер учаскесiнiң жер-кадастрлық iсiне сот-атқарушылық iс жүргiзу құжаттары кiргiзiледi.

17. Қалыптастырылған жер-кадастрлық iс жер учаскесiн жер-кадастрлық кiтабына жазу және бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмiне жер учаскесi туралы мәлiметтердi енгiзу үшiн негiз болады.
Бiрыңғай мемлекеттiк жер тiзiлiмi құқықтық, сәйкестендiру, экономикалық және басқа да сипаттамаларды қамтитын Кадастр құрамындағы жер учаскелерiн есепке алудың қорытынды құжаты болып табылады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

18. Жер-кадастрлық кiтабы жер учаскелерi есепке алынатын, жердiң кеңiстiк, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы анық мәлiметтер қамтылатын құжат болып табылады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2006.06.06. N 511 қаулысымен.

19. Жердiң жер-кадастрлық картасы жер учаскелерiнiң орналасқан жерiн, мөлшерлерiн және шекараларын көрнектi кескiндеу, бiрiктiру және бөлу кезiндегi олардың өзгерiстерiн есепке алу мақсатында құрылады және жүргiзiледi. Кадастр және жер учаскелерiн есепке алу үшiн жер-кадастрлық карталар жүргiзу осы Ереженiң 39 және 41-42-тармақтарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

20. Кадастр қағаз жеткiзгiшпен жүргiзiледi және ақпараттарды жинақтаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерiн пайдалана отырып жүргiзiлуi мүмкiн.

21. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерi жұмыс iстеу тәртiбiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында құрылады.

22. Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
барлық деректемелердi (оларды шығарушы органның, мекеменiң, ұйымның атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, мекен-жайын (құжатты алушыны) көрсету) толтыра отырып белгiленген үлгiдегi бланкiлерде орындалады;
жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады;
мемлекеттiк құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларында (сызбаларында) қамтылатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 251; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты