Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Табыстық тәсіл әдістері




9. Роялтидан босау әдісі бойынша бағаланатын зияткерлік меншік объектісі шынайы иесіне тән емес, оған лицензиялық негізде пайдадан түскен келісілген пайыздық жарналар – роялти берілген. Әдісті қолдану шарты болып пайданың күтілетін шамасын анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттың болуы (жалпы операциялық табыс) табылады, ол осы өндірісте бағаланатын зияткерлік меншік объектісін пайдалану нәтижесінде пайда болады.
Роялтидан босау әдісі әрекеттердің келесідей реттілігін қарастырады:
пайдаланылатын зияткерлік меншік объектісіне құқықтардың әрекет ету мерзімі ішінде жыл сайынғы жалпы операциялық табыстың шамасын мүмкін болатын үш түрлі сценарий бойынша (оптимистік, пессимистік және реалистік) анықтау;
роялтидің стандартты мағынасының көмегімен өнеркәсіп салалары және тауарлар мен бұйымдардың түрлері бойынша жалпы операциялық табыстың жасалуында зияткерлік меншіктің үлесін анықтау, ол мүлікті бағалау бойынша анықтама әдебиеттерінде жарияланатын мәліметтер бойынша қабылданады;
зияткерлік меншік объектісінің құндылығы мен қорғалуына түзетулер енгізу арқылы алынған табыстың (пайданың) шамасын нақтылау, олардың шамасы мүлікті бағалау бойынша анықтама әдебиеттерде жарияланады;
қордың орта өлшемді бағасының шамасын есептеу;
аннуитет моделін пайдалана отырып табыс мультипликаторын есептеу, ол ЗМО заңдық мерзімі мен қордың орта өлшемді бағасының шамасына тәуелді қызмет болып табылады;
терминалды (реверсионды) құнын есептеу;
зияткерлік меншік объектісінің нарықтық құнын үш сценарий бойынша капиталға айналдыру және ақша ағындарын дисконттау әдістерімен есептеу;
зияткерлік меншік объектісінің құнының неғұрлым ықтимал шамасын үш сценарийді орташа салыстыру әдісімен есептеу.
Осы әдіс бойынша зияткерлік меншік объектісінің құны осы жүйеде ақша ағынын жасауға қатысатын зияткерлік меншік объектілерінің құндылығы мен қорғалуына түзетілері бар роялтидің стандартты ставкасына көбейтіліп, лицензиялық шарттың есептік мерзімі үшін бизнес-жүйенің жылдық пайдасының дисконтталған (капиталға айналдыру) сомасы ретінде есептеледі.
10. Табыстардағы артықшылықтарды дисконттау (капиталға айналдыру) әдістері ретінде бағаланатын материалдық емес активпен жасалатын қосымша пайда түсініледі. Ол материалдық емес активтерді пайдалану кезінде алынған пайда мен материалдық емес активтерді пайдаланбай өндіруші өткізілген өнімнен тапқан пайда арасындағы айырмашылыққа тең. Материалдық емес активтерді енгізу өткізілген өнімнен түскен пайданы бағаны көтеру арқылы арттыруға мүмкіндік береді, өйткені тауар сапасы жақсарып, жұмыс өнімділігі артып және өнімнің өзіндік құны төмендейді, осыған байланысты табыстардағы артықшылық туындайды. Бұл жыл сайынғы табыстағы артықшылық оны алудағы болжамды кезеңді есепке алып дисконтталады (капиталға айналады).
Бір қалыпты болашақ табыстар әкелетін бағалау объектілері үшін тура капиталға айналдыру әдісі қолданылады. Бірқалыпты емес ақша ағындары дисконтталады.
Табыстардағы артықшылық әдісін қолданудағы шарт еркін ақша ағынының шамасын анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтің болуы болып табылады, ол бағаланушы объектінің осы өндірісінде пайдаланғаны нәтижесінде пайда болады;
Дисконттау (капиталға айналдыру) әдісі әрекеттердің келесідей реттілігін көрсетеді:
материалдық емес активтерді пайдалану нәтижесінде жасалатын таза ақша ағыны есептеледі;
дисконттау (капиталға айналдыру) ставкасы анықталады;
ұзақтығы 5 жылдан асатын ақша ағындары үшін реверсиондық (терминалдық) құны есептеледі;
дисконттау (капиталға айналдыру) әдісімен болашақ ақша ағындарының келтірілген құны анықталады;
материалдық емес активтердің түріне байланысты немесе материалдық емес активтерді бағалау жөніндегі ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде көрсетілген мәліметтер бойынша сараптамалық бағалау әдісімен, өнім өндірісінің сипатын есепке алатын коэффициент болады (дара, сериялық, жаппай өндіріс);
материалдық емес активтердің нарықтық құны өнім өндірісінің сипатын есепке алатын коэффициентке қосымша табыстың келтірілген құнын көбейту жолымен есептеледі;
Материалдық емес активтердің құнының есебі таза ақша ағынын дисконттау көмегімен материалдық емес активтердің салымы үлесінің коэффициенті және зияткерлік меншік объектілерінің құндылығына түзетулер мен қорғалғандығы есепке алынып жүргізіледі.
11. Қалдық құны әдісі келесі жағдайларда қолданылады:
материалдық активтердің құны белгілі немесе нақты айқындалған болса;
егер бизнеспен шығарылатын таза ақша ағыны белгілі немесе айқындалған болса, яғни материалдық және материалдық емес активтермен.
Материалдық емес активтерді бағалау үшін қалдық құны әдісін қолдану кезінде талдау элементтері ретінде сондай-ақ кірістер мен шығыстар туралы мәліметтер қолданылады. Табыс алу мақсатында кәсіпорынның барлық мүлкін пайдаланудан алуға болатын таза кірістің қаржылық талдауы жүргізіледі. Таза кірістен жақсартулармен талап етілетін қаржылық қайтарып беру есепке алынып шегеру жасалады. Қалған кіріс материалдық емес активтердің есебіне кіретін қалдық болып саналады. Құн көрсеткішін алу үшін ол капиталға айналдырылады.
Қалдық құн әдісі әрекеттердің келесідей реттілігін көрсетеді:
капиталға айналдыру әдісімен кәсіпорынның (бизнестің) барлығының нарықтық құны табылады, оның ажырамас бөлігі бағаланатын материалдық емес актив болып табылады;
материалдық емес активтердің нарықтық құны бизнестің барлық активтерінің құны мен оның материалдық активтері арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
12. Даму әдісі – (опциондық әдіс) дисконттау (капиталға айналдыру) әдісінің модельдері нарықта қалыптасатын коньюнктураға байланысты болашақта менеджерлардың бизнестің дамуына әсер ету мүмкіндігін есепке алмайды. Өнімге патент фирмаға өнімнің және оның нарығының даму құқығын қамтамасыз етеді. Осылай болады, егер өнімді сатудан түсетін күтілетін ақша ағынының ағымдағы құны дамудың өзіндік құнын (шығын) асып түсетін болса. Егер бұл болмаса, онда фирма патентті кейінге қалдырып әрі қарай шығындарға ұшырамауы мүмкін. Сондықтан өнімге патент колл-опцион сияқты қарастырылуы мүмкін, онда өнімнің өзі базалық актив болып табылады.
Даму әдісі – (опциондық әдіс) әрекеттердің келесідей реттілігін көрсетеді:
материалдық емес активтердің өмір сүру уақытына сәйкес келетін тәуекелсіз ставка анықталады;
базалық активтің құны есептеледі, яғни бағаланатын материалдық емес активтерді пайдаланудан күтілетін болашақ ақша ағындарының келтірілген құны;
орындау бағасы есептеледі, яғни бағаланатын материалдық емес активтерді енгізу мен пайдалану үшін қажетті болашақ шығындардың келтірілген құны;
өндірістің әрбір саласы бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктермен әрдайым есептеліп отыратын мәліметтер көмегімен базалық бағаның жылдық стандартты ауытқуы анықталады;
материалдық емес активтердің әрекет етуінің есептік кезеңі белгіленеді;
Блэк-Шоулз моделінің формулалары бойынша қалыпты үлестіру қызметінің дәлелдері есептеледі;
стандартталған қалыпты үлестірудің кумулятивті қызметінің көрсеткіштері анықталады;
Блэк-Шоулз моделі бойынша материалдық емес активтердің нарықтық құны есептеледі.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 149; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты