Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Салыстырмалы талдау әдісі




15. Салыстырмалы талдау әдісін қолдану кезінде материалдық емес активтердің құны соңғы сатылымдардың нақты бағаларын салыстыру, не ұқсас объектілерге сұраныс пен ұсыныс туралы ақпаратты зерттеу жолымен белгіленген бағаларды салыстыру жолымен анықталады.
Әдіс әрекеттердің келесідей реттілігін көрсетеді:
1) үшеуден кем емес салыстырылатын объектілерді таңдау жүргізіледі, олардың сатылу бағаларының нақтылығы жоғары деңгейде белгілі;
2) осы аналогтың бағаланатын объектіден ерекшелігінің әр бір факторы бойынша индекстер есептеледі:
материалдық емес активтер пайдаланылатын сала;
материалдық емес активтердің құндылығы мен қорғалғандығы;
материалдық емес активтер енгізілетін кәсіпорынның дәрежесі (шағын, орта, ірі бизнес);
материалдық емес активтердің пайдаланылу ауқымы;
материалдық емес активтерді пайдалану мерзімі;
материалдық емес активтерді пайдалану тәуекелі;
басқа да салыстыру факторлары, егер олар болатын болса.
3) әр бір аналогтың құны жоғарыда көрсетілген индекстердің көмегімен бағаланатын материалдық емес активтердің құнына тура әкелінеді;
4) материалдық емес активтердің нарықтық құны аналогтардың тура әкелінген құнының шамасы ретінде есептеледі.
16. Тарату (аллокация) әдісін қолданудың шарты кәсіпорынның барлық активтерінің нарықтық құнында материалдық емес ативтердің ең ықтимал үлесі туралы ақпараттың болуы болып табылады;
Тарату (аллокация) әдісі әрекеттердің келесідей реттілігін көрсетеді:
бағаланатын материалдық емес активтердің аналогтармен салыстыру элементтерін анықтау;
салыстырудың элементтерінің әрқайсысы бойынша бағаланатынға қарағанда әрбір осындай материалдық емес активтердің сипаты мен ерекшеліктер дәрежесін анықтау;
салыстырудың элементтерінің әрқайсысы бойынша осындай материалдық емес активтердің бағасына түзетулерді анықтау, олардың әр қайсысының сипаты мен ерекшеліктер дәрежесі материалдық емес активтерге қарағанда сәйкес келеді;
салыстырудың элементтерінің әрқайсысы бойынша бағаланатын материалдық емес активтердің олардан ерекшеліктерін көрсететін әрбір осындай материалдық емес активтердің бағаларын түзету;
материалдық емес активтердің нарықтық құнын нәтижелерді түзетуден кейін алынған орта мәнін анықтау жолымен есептеу;
бағаланатынға ұқсас, кәсіпорын активтерінің жалпы құнындағы материалдық емес активтер үлесінің ең ықтимал мәнін анықтау;
материалдық емес активтердің нарықтық құнын бағаланатын кәсіпорынның барлық активтерінің нарықтық құнындағы үлесі ретінде есептеу.
17. Алу (экстракция) әдісі
Алу (экстракция) әдісін қолдану шарттары:
кәсіпорынның материалдық активтері құнының шамасы туралы ақпараттың болуы;
кәсіпорынның нақты таза операциялық кірісінің шамасы туралы ақпараттың болуы;
материалдық және материалдық емес активтердің орта салалық рентабельділігінің шамасы туралы ақпараттың болуы.
Әдіс әрекеттердің келесідей реттілігін көрсетеді:
есептік орта салалық кірістің шамасын нақты таза операциялық кірісті орта салалық рентабельділікке көбейту жолымен анықтау;
есептік орта салалық кірістің шамасын анықтау, ол бұл кәсіпорынның материалдық емес активтерін басқаруы мүмкін.

 

Өз-өзiн бақылау сұрақтары:

1. Табыстық тәсіл әдістері?

2. Шығындық тәсіл әдісі?

3. Салыстырмалы талдау әдісі?

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

7. Закон Республики Казахстан от 30.11.2000 № 109–II «Об оценочной деятельности в Республике Казахстан» «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оценочной деятельности» от 09.11.2009 № 197– 4 Альжанова Ф.Г. Рынок технологий в условиях глобализации: институты и механизмы развития Казахстана – Алматы, 2007, - 18 с.

8. Стандартты оценки Республики Казахстан Утвержден приказом Министра юстиции Республики Казахстан

Қ


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 707; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты