Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кесте 2 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы және даму кезеңдері




    Кезеңдер   Салық жүйесінің қалыптасуы және дамуы Салықтық қатынастарды басқарудың стратегиясы және тактикасы   Орталық- тандыру дәрежесі   Әлеуметтік- экономикалық нәтижесі
    Бірінші кезең 1991-1994 жж. Салық жүйесі жаратылды, экономикадағы және салық қатынастарындағы ретсіздік элементтері реттелді және мемлекеттік бюджет табыс бөлімі бағыт бағдары қалыптастырылды. Ағымдағы және мерзімді мәсел-елер шешімін бағдарлау     Төмен Ретсіздік элементтері мен қайшылықтар ескеріліп, салық салу жүйесі жаратылды
  Екінші кезең 1995-1998 жж.     Макроэкономикалық тұрақтылық және кәсіпорын-дарды ынталандыру жолы-мен бюджеттің табыс бөлімін максималдауға жету Қысқа- орта мерзімді мәсе-лелерді шешу. Орта мерзімді мәселені бағдарлау.     Орташа Макроэкономикалық ынталандыру экономикалық дамудың негізі болып қалады. Салық салу базасының қысқартылу тиімділігі.
  Үшінші кезең 1999- жж.     Салықтық реттеу ұйымдарының жаңа принциптеріне өту арқылы экономикалық дамуға жету, әлемдік салық тәжірибелерін ескеру және мемлекеттік бюджет табысын көбейту. Орта мерзімді мәселелерді шешу және ұзақ мерзімді бағдарлама мақсаты, “Қазақстан 2030” стратегиясын қалыптастыру.     Жоғары Экономикалық даму басталды. Тұрақтылық және салық салу базасы кеңейе басталды.
    Төртінші кезең жылдан басталады     Әлеуметтік-экономика-лық бағдарламаларды қаржылан-дыруды кеңейтіруінің мақсатымен салық салу субъектілерін капиталдан-дырылған құнын өсіруін ынталандыру жолымен бюджеттің табысын максималдау Орта және ұзақ мерзімді мәселе-лерді шешу. Әсіресе, страте-гиялық мәселе-лерді шешуді бағдарлау.     Жоғары Мемлекеттің және салық төлеушілердің мүдделерін теңестіре отырып, экономикалық дамуды тұрақтандыру

 

1995 жылғы болған соңғы салық реформасынан кейін ел экономикасында көптеген өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Республикадағы салық қатынастарын реттейтін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы барлық ережелер мен нормаларды жүйелеу қажеттігін көрсетті. Мұның барлығы елге жаңа салық кодексі қажеттігін дәлелдеді. Салық кодексі кеңінен, ашық, жан-жақты талқыланған заңдық құжаттардың бірі.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды. Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналардан тұрады:

1) Салықтар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, экспортталған шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, мүлікке салынатын салық.

2)Алымдар: заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым және

Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық қызметі – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды. Салық қызметінің құрылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің салық полициясы органы жұмыс істейді, ал қазір ол Қаржы полициясы деп аталады. Салық қызметін Қазақстан Республикасы салық комитетінің төрағасын Қазақстан Республикасы Президенті, ал оның орынбасарлары және салық полициясы басқармасының бастығын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Салық қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

Барлық деңгейдегі салық қызметі органдары заңды тұлғалар болып табылады, олар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Салық қызметі органдары орталық және жергілікті атқарушы өкімет органдармен, құқық қорғау, қаржы органдармен өзара қарым – қатынас жасап отырады, бірлескен бақылау шараларын қолданады, заңға сәйкес өзара ақпарат алмасады. Мемлекеттік өкімет органдары Қазақстан Республикасының салық заңдары мен Республикалық және жергілікті бюджеттерге басқа да төлемдер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді атқаруында, салық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күресте салық қызметі органдарына жәрдемдесіп отыруға міндетті.

Бүгінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеуші, экономиканы мемлекеттік реттеудегі қаржы – несие механизмінің негізі болып табылады. Салық салу жүйесінің қаншалықты дұрыс құрылуына байланысты бүкіл халық шаруашылығының тиімді қызмет ету анықталады. Сондықтан ең маңызды мақсат - бірыңғай мемлекеттік салық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.

Қазіргі кезде салық есебін жасау үшін салық төлеушілер бағдарламалық қамсыздандырумен қолданса болады. Оның негізгі функциясының бірі салық декларацияларының дұрыс толтырылғандығы, жіберілген арифметикалық қателер. Барлық салық төлеушілерде компьютер бола бермейтіні ескеріліп, бірнеше орталықтарда салық төлеушілер үшін арнайы компьютерлер қойылған. Сондықтан салық органдарының жұмысы салық мәдениетін көтеруге және салық төлеушілер үшін жайлы жағдай жасауға бағытталған. Мақсаты салықты сенімді және уақтылы төлеу болып табылады.

Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта, негізінен, салық жүйесінің салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаларына сәйкес қызмет етуге жеткізу көзделген болатын.

Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы қағидаларына негізделеді. Олар мыналар:

• Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі;

• Салық салудың айқындылығы;

• Салық салудың әділдігі, біртұтастығы;

• Салық заңдарының жариалылығы.

Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері Салық кодексінде белгіленген салық салу қағидасына қайшы келмеуге тиіс.

Салық салудың міндеттілігі қағидасы. Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салық салудың айқындығы қағидасы. Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Салық салудың әділдігі қағидасы. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

Салық жүйесінің біртұтастығы қағидасы. Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

Салық заңдарының жариалылығы қағидасы. Салық салу мәселелері реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариалануға тиіс.

Салықтық саясат алдымен мемлекет шығындары анықталатындай, ал содан кейін барып осы мемлекеттік шығындарды жабуға болатын кірістер анықталатындай құрылуы керек. Бұл шығындар қоғам мүдделерін көрсетулері керек. Мемлекет экономикаға салықтық жүйенің әсер етуінің әр түрлі құралдарына билік етеді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:

1) салықтық жеңілдіктер. Олар бірқатар кәсіпорындар үшін салық салудың төмендетілген мөлшерінде көрсетіледі. Олардың өзгерістері не аймақтық сипатта болады, яғни салықтық жеңілдіктер депрессиялық аудандарда әрекет ететін кәсіпорындар үшін қолданылады немесе селекциялық, сайлаулық сипатта, егер олар приоритеттік өзгерістерге қатысты болса (ғылыми сиымды немесе экспорттық). Салықтық жеңілдіктер мына түрлерде болуы мүмкін: а) салықтық несиелер – бұл бастапқы салықтар мөлшерінен алып тастаулар, мысалы, салық салудан НИОКР саласының қандай-да бір дамуына кеткен шығындардың өсуінің белгіленген үлесі босатылады; б) салықтық жеңілдік салық төлеу мерзімін ұзарту немесе одан толық босату болып табылады. Мұндай жеңілдікпен негізінен шағын және қайта құрылған кәсіпорындар жұмыс істеулерінің алғашқы 2-3 жылында пайдаланады; в) салықтық жеңілдіктің бір түрі тездетілген амортизация болып табылады, яғни тозығы жеткен капиталдың тездетіп орнын толтыру. Тездетілген амортизация жүйесі тозған капиталдың құнын оның моральдық тозуына дейін кәсіпорындардың өзіне қайтаруына мүмкіндік береді, ал амортизациялық қаражаттарды өндірістік аппаратты жаңарту үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

2) салықтар мөлшерімен манипуляция жасау – дамыған елдердің салықтық саясатының міндетті элементі. Қалыптасқан экономикалық жағдайға, шешілетін экономикалық міндеттерге, ҒТП мен құрылымдық алға басуларға жағдай жасау қажеттігіне және басқа мәселелерге байланысты салықтық мөлшерлер төмендету жағына қарай да, көтеру жағына қарай да қолданылуы мүмкін.

4.Бюджеттің түсімінен оның шығынын жоғарлатқанда теріс қалдық немесе бюджет тапшылығы құралады. Бюджеттіәк тапшылық бұл бюджеттің оң қалдығы немесе сальдосы,кірістің шығыстан артылуы. Шығындар мен түсімдер тең болған жағдай, бюджетің теңгерімділігін көрсетеді.

Жалпы экономиканы тұрақтандандыру және басқару өнерін көптеп қажет ететін мәселе болып табылады. Республиканың экономикасын тұрақтандыру мақсатымен үкімет 1990 жылы 6 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен бекітілген арнайы бағдарлама жасалған болатын. Осы бағдарламаға сәйкес тұрақтандыру шараларының бірі – мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту. Бұл үшін республикалық, жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін қайта қарастыру ревизиясы жасалды. Бюджет шығысын келесі баптар бойынша қарастырды:

1. Өндірістік құрлысқа күрделі қаражатты азайту. Мемлекеттік жоспарлау тәжірибесінде ұзақ уақыт бойы өндірістік бағыттағы объектілердің артықшылықты даму қағидасы сақталған. Бұл қағида экстенсивті экономикаға және оның әкімшілік-әміршілдік шараларына тән. Өндірістік бағыттағы өнімдер шығаруды күшейтуге көп көңіл бөлінеді, ал әлеуметтік салаға деген слымдар ұлттық табыстан тікелей шегеріліп отырады деп санаған. Өндірістік бағыттағы салымдар ауыл шаруашылық салымдарының үштен екі бөлігін құрады. Өтпелі кезең жағдайларында және тек өтпелі кезеңде ғана емес, қаржылық ресурстарды басқарудың біржақты көзқарасы дұрыс емес.

2. жағдайдың өзгеруіне байланысты мақсатты бағытталған жоғалтқан қосымша шығындар, мерзімде игерілмеген бөлінген қаражаттар.

  1. бұрын қабылданған барлық инвестициялық бағдарламалардың күшін жою.
  2. тиімсіз шығындарға жасалатын мемлекеттік ұйымның тексерісі.

Бюджет кірісін жоғарлатуда үлкен рөл атқаратындар: мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер; жергілікті өндіріс өнімдерінің кең шеңберлі айналымынан алынатын салықтар енгізу; еркін бағалар бойынша импорттық тұтыну тауарларын сатудан түскен түсімнің айтарлықтай көбеюі.

Одан басқа, тұрақтандыру шараларының жиынтығына үкіметтің инфляцияны тежеу және өндірістің тиімділігін көтеруге бағытталған саясатты жүргізу әрекеті кіреді. Дайындығы төмен объектілердің құрылысы уақытша тоқталады, отын және шикізат кен орындарын ұзақ мерзімді жалға беру, тұрғындарға сатуға және мұраға қалдыру құқығымен тұрғын үйлерді сатуды күрт жандандыру кәсіпорын акцияларын өткізу жатады.

Бюджеттік тапшылықты ақшалай қаржыландыру механизмі. Егер қаржы мекемесі тапшылықты қаржыландыру үшін орталық банктен қарыз алатын болса, онда ол ақшалай қаржыландырады деген мағынаны білдіреді.Ақшалай қаржыландыруда орталық банк қаржы мекемесінің қарызын сатып алады.

Ақшалай және қарыз алу арқылы қаржыландыру арасындағы айырмашылықты білуіміз керек. Қаржы мекемесінің бағалы қағаздарды орталық банкке сату ақшаны қарыз айналымына жіберуге жатады. Яғни орталық банк қарызды қаржыландыру үшін құнды (күші бар) ақша шығырады. Мұндай ақша қоры негізгі микроэкономикалық құбылыс болғандықтан, қарызды қоғамға сатуы мен оны орталық банкке сату арасында маңызды айырмашылық бар.

Бұдан үкіметке тапшылыққа қарағанда артықшылық басым болатыны көрінеді. Ол кезде үкімет облигацияны сатудың немесе құнды ақша соммасын өсірудің орнына айналымдағы облигация қорын кемітеді. Немесе құны жоғары ақша ұсынымын азайтады.

Әдетте, бюджет тапшылығын қаржыландырудың кең тараған түрі – ақшалай немесе қарыз алу арқылы қаржыландыру мен активті сату арқылы қаржыландыру аз қолданылады, алайда ол 1980 жылы АҚШ – та, Еуропада және басқа да дамушы елдерде маңызды бола бастады. Егер үкімет жерді немесе өндірісті жеке секторға сатса, онда одан түскен кірісі бюджет тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады немесе мемлекеттік қарызға төленеді. Айта кететін жайт, қаржыландырудың мұндай түрі уақытша қолданылады(сурет - 5).

Сурет - 5 Бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 211; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты