Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыз-экономиканы реттеудің құралдары




1.Фискалдық саясатынының мазмұны мемлекеттік шығындардың үйлесімділеуінің шектерінің кешені және мемлекеттің алдында тұрған салық салу міндеттерінің стратегиялық шешімі болып табылады, оның ішінде экономикалық өсуіне мүмкіндік туғызатын бюджетаралық қатынастың жасақтауы. Фискалдық саясат мемлекеттік бюджеттің жасақтауында маңызды тетіктері және экономиканың макроэкономикалық тұрақтандыру табысы болып табылады. Басқа жағынан ол теоретикалық негізін қалайды және тәжірибеде бюджеттік қаражаттың шығыс салаларын анықтайды.

Орта мерзімді кезеңдегі фискалдық саясаттың басты мақсаты тұрақты экономикалық дамуды және барлық өңірлердегі азаматтардың әл-ауқатының өсуін айқындайтын аумақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Орта мерзімді кезеңде осы мақсаттарға қол жеткізуге келесі негізгі міндеттерді шешу ықпал етеді:

- орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру;

- бюджеттік бағдарламалар жоспарлаудың сапасын жақсарту арқылы мемлекеттік шығындардың нәтижелілігін және тиімділігін арттыру;

- жүргізіліп отырған әлеуметтік реформалар, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салаларын және қоғамдық инфрақұрылымды дамытуды және басқа да басымды сала қызметін қаржылай қамтамасыз ету;

- экономикада салық жүктемесінің ұтымды теңгерімін белгілей отырып, көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;

- мемлекеттік қызметтерге барлық әкімшілік-аумақтық бірліктегі халықтың тең қол жеткізілімін қамтамасыз ете отырып, бюджетаралық қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- бюджетті жоспарлау және атқару үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету;

- бюджет қаражаттарын аймақтың орта мерзімді (бағдарламалық) құжаттарымен өзара байланыста басым сектораларға бағыттай отырып экономика салаларын әртараптандыру;

- мемлекеттік ұйымдардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін жеткілікті стимулдар құра отырып, көрсететін мемлекет қызметтердің сапасын арттыру.

Қысқа мерзімді перспективадағы негізгі мақсаттар: экономиканың қарқынды өсімін сақтау үшін жағдайлар жасау, бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, «экономиканың қызып кетпеуіне» жол бермеу және оның бәсекеге қабілеттілігін көтеру, осы негізде макроэкономиканың тұрақтылығын сақтау басты міндет болып табылады.

Орта мерзімді фискалды саясат тиісті қаржы жылына арналған бюджетті әзірлеу кезінде негіз болып табылады.

Фискалдық саясат міндеттерін іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша:

стратегиялық, орта мерзімді, өңірлік, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу мен тиімділігін бағалау, осы бағдарламалардың санын және іске асырылу тиімділігін оңтайландыру мақсатында жаңа тәсілдер енгізу; салық әкімшілігін жүргізуді жақсарту және салық салынатын базаны кеңейту; шығыстарды, бір жағынан, мемлекеттік функциялардың толық көлемде тиімді орындалуын және екінші жағынан, макроэкономикалық тұрақтылыққа жәрдемдесуді қамтамасыз ететін деңгейді ұстау; мемлекеттік шығыстардың нәтижелілігі мен тиімділігін, соның ішінде бюджет үдерісінің барлық деңгейлерінде бюджеттік бағдарламалау әдістерін одан әрі енгізу жолымен арттыру; дамуға бағытталатын бюджет шығыстарын тиімді қалыптастырудың жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаларды дайындау, қарау, іріктеу үдерісін реттеу; бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджет жүйесінің түрлі деңгейлері арасында кіріс және шығыс өкілеттіктерінің аражігін нақты ажырату; бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың құнын анықтау үшін бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың, сандық көрсеткіштердің құнын анықтау нормалар мен нормативтерді енгізу;

Қысқа мерзімді перспективада Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған іс-шаралардың іске асырылу қажеттігіне бағдар ұстай отырып және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдауға, бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында, мемлекеттік шығындардың шектілігіне, қатаң бюджеттік тәртіпті қадағалауға, экономика әртараптандыруды ынталандыруға, бюджет заңнамасын одан әрі жетілдіруге арналған таразыланған фискалдық саясат жүргізу керек.

Атап айтқанда, мемлекеттік активтерді басқару және бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануын арттыру, жоспарлау жүйесін жетілдіру мен жаңғырту бойынша жұмыстарды жоспарлауды және жүргізуді айқындайтын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің жаңа редакциясы әзірленетін болады, ол:

  • бюджет жүйесінің барлық денгейлерінде нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізуге;
  • үш жылдық бюджеттік жоспарлау енгізуге;
  • мемлекеттік органдардың қызметі мен олардың бюджет қаражаттарын пайдалану ашықтығын және қоғамның бақылауында болуын орнату;
  • бюджет қаражаттарын игеруден нақты нәтижелерге қол жеткізуге мемлекеттік органдардың қызметін қайта бағдарлау жүзеге асырылатын болады.

Салық саясаты бекітілген орта мерзімді фискалдық саясаттың міндеттері шеңберінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Елбасының әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыруда, мемлекет кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асырып қолайлы жағдайлар жасалды, сондай-ақ салықтық рәсімдер оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруда икемді салық саясатын жүзеге асырылады.

Фискалдық саясаттың міндеттерін іске асыру шеңберінде салық саясаты мемлекеттік қазынаны толықтырып қана қоймай, экономиканы басқарудың әлді құралы ретінде бағыт ұстап отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметінің саласын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларын жетілдіру есебінен, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жедел шаралар бағдарламасын іске асыру жалғасады.

Орта мерзімді кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді және орта мерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етуге, әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлау сапасын жақсарту және басымдық емес шығыстарды азайту есебінен соңғы нәтижелерге бағдарлай отырып бюджеттік шығыстарының тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.

Жергілікті бюджеттің шығыстарын болжаған кезде «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында белгіленген Елбасының тарсырмаларын іске асыруға арналған шығыстар ескерілді.

Фискалдық саясаттың міндеттерін іске асыру шеңберінде мемлекеттің қаржы ресурстарын мемлекеттік басқару функцияларының барынша тиімді әрі толық орындалуын қамтамасыз ететіндей түрде тарату қажет. Бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру және үйлестіру, олардың іс-шараларының бюджет шығыстарымен нақты өзара байланысын белгілеу бұл жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасы, аймақтық бағдарламалары негізінде ұзақ мерзімді және орта мерзімді кезеңдегі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар негізінде бюджет шығыстарының мынадай басымдықтары айқындалды:

· әлеуметтік салаларды дамыту және адами капиталды инвестициялау;

· денсаулық сақтау саласының сапасын және медициналық қызметін ұйымдастыруын дамыту;

· білім беруді және сапалы қызметін көрсетуін дамыту;

· индустриялық-инновациялық даму;

· тұрғын үй құрылысының дамуы, тұрғын үй бағдарламасын іске асыру;

· стратегиялық инфрақұрылымның дамуы.

Бұл жағдайда, тұрғындардың өмір деңгейін көтеру- негізгі бағдар, соның ішінде ауыл тұрғындарының - ауылдық аумақтарды дамытудың басты мәселесі болып табылады

2. Қазірде мемлекеттің таңдап отырған саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Оның ішінде мемлекетке өзінің экономикалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі - қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы жүйесінің ең маңызды саласы — мемлекеттік бюджет. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы мемлекеттік органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасынңњ экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға кµшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлы?тай ы?пал етіп отыр. Бюджеттің, ?сіресе оныњ шыѓыстарын басқару абсолютті ж?не салыстырмалы тез өсуі оған т?н сипат болып отыр. Б±л инфляциялы? үрдістен егеменді мемлекеттік қызметтің кењеюінен, ?аза?станныњ ішкі ж?не сырт?ы ?ауіпсіздігін µзі ?амтамасыз ету ?ажеттілігінен туып отыр.

Мемлекттiк бюджет кез-келген мемлекеттiң өмiр сүруiнiң мiндеттi шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлудi және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiң негiзгi қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттiк бюджет мемлекеттiк органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етедi. Бюджет мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн экономиканың барлық секторларының қаражаттарын жинақтау құралы ретiнде қолданылады. Бюджеттiң көмегiмен ұлттық табысты сектораралық, салааралық, аймақаралық қайта бөлу, экономиканы мемлекеттiк реттеу және ынталандыру, әлеуметтiк саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.

Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзiнiң алдындағы әртүрлi саяси, әлеуметтiк, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып, экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бiлiм беру, еңбекпен қамтамасыз ету және т.б. мәселелерін шешедi.

Бюджет мемлекеттiң және мемлекеттегi барлық мемлекеттiк органдардың өмiр сүруiнiң қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттiк аппарат, құқық қорғау органдары, атқару органдары, мемлекеттiк мекемелер, бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдарға сәйкес бюджет есебiнен өмiр сүредi. Бюджетке жинақталған қаржылар мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүргiзу үшiн, қорғанысты, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланылады. Бюджет мемлекеттiң қолындағы мықты басқарушы тетігі болып табылады. Ол мемлекеттiң қаржылық саясатын жүргiзiудегi жолсапаршысы. Сондықтан, мемлекет бюджеттегi келеңсiз оқиға – бюджет тапшылығының болуына жол бермеу шараларын, оның зиянды салдарларын болдырмаудағы мүмкiн деген шараларын жасап отырады.

Бюжетті дұрыс пайдалану - қайта өндіру үрдісінің жүзеге асырылуының аса маңызды құралы ретінде, оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған аймақты қорғауды камтамасыз етілуіне, ғылыми - техникалық процесті жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат орындалмай, бюджетті реттеудің тиімді жүйесі болмай дұрыс жұмыс істеуі мүмкін емес.

Мемлекеттік бюджет екі деңгейдегі бюджеттерден – республикалық және жергілікті бюджеттерден тұрады. Сондай-ақ мемлекеттік қаржылардың ішінде бюджеттен тыс қорлар үлкен роль атқарады. Қазір мемлекетімізде тек екі бюджеттен тыс қорлар бар. Олар мемлекеттік Зейнетақы қоры және Ұлттық қор. Бұрын, 1999 жылғы Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданға дейін бірнеше бюджеттен тыс қорлар болған ( жол қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргізу қоры, әлеуметтік қор, еңбекпен қамтамасыз ету қоры, табиғатты қорғау қоры, экономиканы қайта құру қоры, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры, т.б.). Қазір бұл қорлар қысқартылған. Қазіргі кезде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер республикалық бюджетке барып түседі де, әртүрлі салаларға және территорияларға бөлінеді.

Мемлекеттегі бюджеттер бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып, қызмет етеді. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Заңмен, жергілікті бюджеттер жергілікті маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. Бюджеттердің жобалары атқару органдарымен: республикалық бюджеттің жобасы - Қазақстан Республикасының Үкіметімен, жергілікті бюджеттің жобасы – жергілікті әкімдермен жасалады. Сосын олардың орындалуын атқару органдары қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттердің орындалуын маслихаттардың жанынан құрылған тексеру комиссиялары, ал республикалық бюджеттің орындалуын – Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті тексереді.

Бюджеттердің құрылысы:

1) Түсімдерден: кірістерден; алынған ресми трансферттерден, қайтарылған кредиттерден;

2) Шығыстардан: шығындардан, кредиттерден;

3) Бюджет тапшылығынан ( профицитетінен );

4) Бюджет тапшылығын қаржыландырудан (профицитті қолданудан) тұрады.

Мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін бірнеше шаралар кешені қабылданады. Оларды біз бюджеттік бағдарламалар дейміз. Бұл бағдарламалар ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және дамудың бюджеттік бағдарламалары деп бөлінеді. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар заң актілеріне сәйкес, тұрақты сипатта болатын мемлекеттік басқару функцияларын орындауға бағытталған немесе бір мезгілдік шараларды жүргізуді көрсететін бағдарлама. Дамудың бюджеттік бағдарламалары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және институционалды дамуына бағытталған бағдарламалар болып табылады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды (сурет 1). Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді.

Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады:

• республикалық бюджет;

• облыстық бюджет, республикалық маңыздағы қала, астана бюджеті;

• ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы қала бюджеті).

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 326; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты