Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидалары




 

1.Мемлекеттік реттеудің ғылыми тұжырымдамасын анықтап, айқара ашып көрсететін болсақ:

1. Меншіктің мемлекеттік және жеке түрлерінің болуы, сондай-ақ микро және мароэкономиканың болуы объективті түрде шаруашылық қызметін үйлестірудің жоспарлы және нарықты үлгілерін пайдалану қажеттілігін білдіреді. Жоспарлы үлгіні қолдану келесі шарттарды сақтаған жағдайда мүмкін болады:

- жоспардың әкімшілік-әміршілдік мазмұны жойылады;

- жоспарлардың үйлестіруші, теңестіруші және реттеуші функциялары күшейе түседі;

бағдарламалық-мақсатты жоспарланудың рөлі мен тиімділігі артады;

- жоспарлау нарықтық қатынастар өрісі кеңейе түсетін жағдайларды анықтайды және шаруашылық жүргізудің нарықтық моделі жалпы мемлекеттік мүдделердің басыңқылығы жағдайында әрекет етеді.

Нарық механизмдерінің, нарықтық инфрақұрылым және нарықтық қатынастардың қалыптасуына төменнен ықпал ету керек және ол үшін мемлекет, сәйкесінше, тиісті макроортаны қалыптастыруы қажет. Осылайша жоспар мен нарықтың үйлесімді әрекет етуі мемлекеттік реттеудің әрі бастапқы қалпы және әрі мақсатты нұсқасы ретінде қатар тұрады.

2. Макроэкономикалық реттеу барысында үкімет қызметінің бағыттары, қағидалары айқын қадағаланып отыруы керек, өйткені олай болмаған жағдайда бұл істің тікелей және болашақтағы нәтижесін болжау қиынға соғады.

3. Құрылымдық-инвестициялық саладағы реттеу әрдайым халық шаруашылықтық интеграцияның ең жоғарғы деңгейінде жүзеге асырылатындықтан, ол макроэкономикалық тиімділік көрсеткіштерінің жоғарылауына бағытталғандығы өте маңызды. Мұндай бағыттау соңғы жылдары зерттеушілердің ғана емес, сондай-ақ жоғары дәрежелі басшылардың да назарына тыс қалып қойған қоғамның өндіргіш күштерін тиімді орналастыру мәселесін де қамтиды. Мұның бәрі де аталған сала бойынша мемлекеттік шараларды анықтау мен жүзеге асырудағы қоғамның жиынтық табыстарының жиынтық шығындардан артық болуы жайлы концепциямен алдын ала анықталуы керектігін дәлелдейді.

4. Макроэкономикалық тәсіл еліміздің әлемдік шаруашылық жүйесіне кіру мәселесін шешу үшін қажет. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын жалпымемлекеттік деңгейде реттеуде басымды, артықшылықты сипаттағы мәселелер төмендегідей болып табылады:

- сырттан әкелетін өнімді алмастыратын өндірісті әсіресе, «технологиялық» инвестицияларды тартуды ынталандыра отырып кеңейту;

- табиғи шикізаттарды сыртқа шығарудың ұлғаю болашағының жоқтығын ескере отырып, бәсекелестік қабілеті бар дайын өнімді сыртқа шығару ісін мемлекеттік қолдаудың тұрақты жүйесін жасау.

Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу концепциясы тұтастан алғанда, қоғамның шаруашылық іс-әрекетін үйлестірудің жоспарлы және нарықтық модельдерінің артылықшылықтарын тиімді пайдалана отырып, макроэкономикалық, құрылымдық-инвестициялық және сыртқы экономикалық саясаттарды тиімді жүзеге асыру жөніндегі мемлекет қызметі негізгі бағыттарының қабылданған мәнін білдіреді.

ҚР тұжырымдамасы экономиканың басымдылығы мен мақсатындағы саясатқа негізделу тиісті (1-сурет).


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 224; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты