КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурет. Мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
1-суретте белгіленген байланыстар экономиканы мемлекетік реттеудің тұжырымдамаларының мәнін ашып көрсетеді. ЭМР-ң тұжырымдамасы – бұл макроэкономикалық, құрылымдық –инвестициялық және қоғамның шаруашылық қызметін үйлестірудің нарықтық моделін және жоспарлы басымдылығын оңтайлы пайдалану кезіндегі сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыру бойынша тиімді және практикалық бағытын әзірлеу. Экономикалық саясат– оны басқару жөніндегі шаралар жүйесі, әрекеттердің жиынтығы. Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру кезінде төмендегілерді анықтау қажет: 1) басымдық мәселелері; 2) мемлекеттік реттеудің сипаты мен деңгейіне сәйкес келетін, құралдардың жиынтығы. Мына негізгі сегіз құралды атап өтеміз: · болжау және стратегиялық жоспарлау; · қаржылық-бюджеттік реттеу; · салықтық реттеу; · ақша-несиелік реттеу; · бағалық реттеу; · кедендік-баж реттеуі; · нормативтік-құқықтық реттеу; · әкімшілік-құқықтық және лицензиялық реттеу.
2. Барлық елдердің тәжиребелері көрсетіп отырғандай, елдің дамуы , оның ғылыми түрде дұрыс жасалған стратегиялық жоспарларға әсіресе олардың мезгілімен орындалуына байланысты болады. Стратегиялар мына тараулардан тұрады. 1. Әлеуметтік -экономикалық жағдайларды талдау; 2. Әлеуметтік – экономикалық дамудың тұжырымдамасы ; 3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер; 4. Ұлттақ бағдарламалар; Әлеуметтік экономикалық жағдайды талдау өндіріс қуатының жағдайы, экономика дамуының ішкі және сыртқы тенденциялары, мемлекеттік реттеушілер жүйесі жұмысының нәтижелігі мен әрекеттілігін, өндіргіш күштердің сапалылығы мен оның дамуы сонымен бірге осыларға әсер етуші процесттерді айқындап оның әлемдік экономиканың дамуымен салыстыра көрсету қажет. Әлеуметтік әкономикалық дамудың тұжырымдамасы әлеуметтік - әкономикалық саясаттың стратегиялық мақсаты мен міндеттерін, басым бағыттырын, сондай-ақ оларға жету жолындағы ұлттық бағдарламалар тізбесін анықтайды. Макроэкономиканың негізгі көрсеткіштері арқылы экономикалық өсудің қарқыны, қоғамдық өндірістің құрлымы, халық шаруашылығының негізгі тепе теңдіктері, мемлекеттің, кәсіпорынның және халықтық қаржылығы бағаланып , болжанады. Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік - экономикалық стратегияны және оның дамуын жүзеге асыруды мемлекеттік реттеуді ұлттық мақсат пен міндеттерге сәйкес жүргізуге көмектеседі. Директивті және индикативті әдістің қосындысы ретінде ұлттық бағдарламалар кешенді шаралар жүргізетін жоспарлы құжат болып табылады. Онда ресурстар, орындаушылар және орындалу мерзімі, түрлі салалар мен қожалық етуші субъектілер меншіктің түріне қарай бір біріне сәйкестендіріліп байланыста қарастырылады. Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік- экономикалық, ғылыми – техникалық, экологиялық және басқа да көкейтесті проблемаларды шешу арқылы тиімділігі жоғары ұлттық экономиканы қалыптастыруға бағытталады. Олар алға қойған мақсатқа толық жетуге қажетті мерзімді қамтиды. Орта мерзімді және жылдық жоспарды қалыптастырғанда ұлттық бағдарлама бөлек тарауға индикативтік - жоспардың «Экономикалық реттеушілер» деген тарауына енгізіледі, сонымен бірге өндіріс өнімдерінің салалық жоспарларында, қызмет көрсетуде және мемлекет қажетін қамтамассыз етуге арналған бюджеттік сұраныстарда көрініс табады. Қазақстан Республикасының болашақ он жылдыққа (2001-2010жж.) арналған ұзақ мерзімді стратегиялық жоспары жасалып, әлеуметтік- экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша нақтылы міндеттер мен басымдықтар анықталған. Қазақстан Республикасының дамуы 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуының перспективалық бағыттарын анықтау арқылы оның бәсекелестік мүмкіндіктерін арттырады. Сонымен қатар ол әрбір министрліктер мен ведомствалардың, ұлттық компаниялардың, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының стратегиялық жоспарларының базасы болып табылады. Орта мерзімді (5 жылға дейінгі) индикативтік жоспарлар Қазақстан Республикасы әлеуметтік- экономикалық дамуының индикативтік жоспары тұжырымдамасына сәйкес жасалады. Онда мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі тактикалық мақсаттары мен бағыттар және оларға жетудің мемлекеттің ықпал ету жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге, мемлекеттің кәсірорындардың және халықтың жоспарланған мерзімге шамамен бөлінетін ресурс мүмкіндіктері анықталады.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі басты мақсаты қоғамды, әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ете отырып мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарын нығайту. Бұл басты мақсатты орындаудағы, іске асырудағы алғашқы аттану нүктесі болып елдің экономикалық саясатынан туындайтын мақсаттар есептелінеді. Осы негізгі мақсатты және жкономика мен әлеуметтік салалардағы мақсаттарды орындаудағы мемлекеттік реттеудің алдына қоятын мақсаттарын үш топқа бөлуге боады :экономиканы тұрақтандыру, шаруашылық жүргізудің тиімді механизмін құру, нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру. Экономикаға, әлеуметтік жүйеге мақсатты ықпал жасауда мемлекеттік реттеу құралдары тиімді және ұтымды болуы үшін, мақсаттарды жалпы экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық-аймақтық деп, сонымен бірге ұзаұ, орта, қысқа мерзімді деп бөледі. Мемлекеттік реттеу мақсаттарын анықтауда және іске асыруда төмендегідей қағидалар есепке алынады. 1. Бірінші кезектегі іске асырылуы және шешілуі жалпы мәселені ұтымды ешуге ықпал жасайтын маңызды сұрақтарды анықтау. Бұл қағиданың іске асырылуы барлық ресурстарды, мүмкіндіктерді ұтымды пайдалануға, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Олар : - отын энергетика кешені; - металлургия кешені; - азық-түлік және тұтыну тауарларымен толтыру. 2. Халық шаруашылығын басқарудың барлық денгейлеріндегі шаруашылық жүйелерінің тиімді баланстығы. 3. Мемлекеттік реттеу міндеттерінің денгейлері мен сипаттарына сай келетін құралдар жүйелерін құру. 4. Реттеу объектілеріне, оның ішінде қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына маңызды ықпал жасайтын және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету объектілеріне кешенді ықпал ету. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, қағидалары қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында төмендегідей тиімділіктерді қамтамасыз етуі тиіс. 1. Кәсіпкерлік іс-әрекеттердің дамуын қамтамасыз ететін қажетті мотивация. 2. Салық салуың әлеуметтік тиімділігі. 3. Жалпы ішкі өнімнің өсуі. Мемлекеттің мақсатты қызметі бірқатар факторларды ескере отырып жүзеге асырылады: - экономикалық саясатты жүзеге асырудың стратегиялық бағыттары мен тактикалық негіздері; - мақсатқа жету барысының материалдық, қаржылай және интеллектуалдық қорлармен қамтамасыз етілуі; ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылық барысына араласу, қосылу, деңгейі мен сипаты. Жалпы шет елдер тәжірибесін оқып үйрену негізінде біз келесідей ерекшеліктерді сүйене отырып, мемлекеттің экономикаға араласу ғылыми қорытындылау қажеттілігі келесі жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін түйістіруге мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға, әлемдік шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді. Шет елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және фирмалардың жоспары маңызды роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі жағдайда, шетелдік өндіріс сфераларын жеңілдікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекттің бақылау қызметтерін күшейту тәжірибесін қолданған жөн.
|