Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Төтенше мемлекеттік бюджет




1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.

2. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.

4. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.

5. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

6. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.

8. Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.

 

3. Салық салу жүйесі мемлекеттің экономикаға жанама ықпал ететін ең маңызды құралы болып табылады. Салықтар - бұл мемлекеттік реттеушілер, мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігі олардың іс-қимылының нәтижесінде қалыптасатыны белгілі. Олар мемлекеттік аппаратты ұстау және мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру үшін жеке және занды тұлғалардан міндетті төлем ретінде өндіріледі. Салықтардың мазмұны олардың функцияларын білдіреді.

Мемлекет салық салу жүйесін оңтайландырудың күрделі мәселесінің шешімін табуға міндетті. Салық базасы кең болған жағдайда салық салуда шамалы ғана ставкалар белгілеуге мүмкіндік береді және керісінше, жекелеген салық түрлерінің салық базасы шамалы болса, ставкалар да жоғары болады. Салық базасының белгіленген мөлшерін сақтай отырып, кәсіпкерлер мен инвестициялық процестердің іскерлігін жандандыруға мүмкіндік беретін салық ставкаларын табу қажет екені белгілі, ал кері жағдайда салықтар өзінің функцияларын атқарудан қалады.

Мемлекетте алынатын салық түрлерінің , оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды.

1991 жылға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл- әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылғы желтоқсанны 25- інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол “Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы” заңға негізделеді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың

түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте – бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты “ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440 - 1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Заңға Ел Президенті 2001 жылдың 12 маусымында қол қойды. Жалпы жаңа салық кодексін дайындау қажеттілігі, бірінішіден, салық жинаудың барлық аспектілерін қорғайтын негізгі ережелерді жүйелеу қажеттігінен туындады. Өйткені, экономиканың құрылымы мен динамикасы түбегейлі өзгерді. Бұл қолданыстағы салық заңдылықтарды жетілдіру талабын қойды.

Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы және дамуының негізгі кезеңдерін төмендегі кестеден көруге болады ( Кесте 1).

Кең ауқымды жаңа салық заңы, жалпы мемлекеттің және барлық шаруашылық субъектілерінің аспектілеріне әсер ететін бірден бір құжат.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 261; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты