Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Ақшалай қаржыландыру Қарыз алу арқылы қаржыландыру




 

Егерде тапшылықты қоғамнан қарыз алу арқылы қаржыландыратын болса, онда ол – қарызды қаржыландырумен шұғылданады деген сөз. Жеке адамдар және фирмалар, оның ішінде коммерциялық банктер, басқа да қаржы мекемелері ақшаны чекпен төлейді. Ол чектер не жеке банктегі қаржы мекемесінің есебіне немесе орталық банкке салынады. Қаржы мекемесі ол қорды салық кірісі тәрізді жұмсайтын болады.

Мемлекеттік қарыз – белгілі бір уақытта жиналған бюджеттік тапшылықтың сомасы, бұл сомадан осы уақыттағы бюдджеттің оң сольдосын шегеріледі.

Мемлекет өзінің реттеуші іс-әрекеті үшін салықтармен бірге қаржыландыру көздері ретінде үкіметтік қарыздар мен ақша эмиссияларын да пайдаланады. Мұндай қаржыландыру көздері мемлекеттік қарыз есебінен қаржыландыру немесе тапшы қаржыландыру деп аталады. Ол барлық елдердің үкіметімен кеңінен қолданылады.

Мемлекеттік қарыз жеке тұлғалар мен институттардан ақшалай қаражаттарды қарыз алу арқылы, сонымен қатар шетелдік мемлекеттерден несиелер алу есебінен мемлекеттің қосымша қорларын қалыптастыру үшін ұлттық байлықтың бір бөлігін және ЖҰӨ қайта бөлумен байланысты. Бұл несиелердің қайдан шыққанына байланысты мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болады.

Сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, ұйымдарына және жеке тұлғаларына қарыздар. Бұл қарыз – ел үшін үлкен ауыртпалық, өйткені қарыз бойынша пайызды және сыртқы қарыздың өзін төлеу үшін құнды тауарлар беру керек, белгіленген қызметтер көрсету керек.

 

 

Ішкі қарыз – бұл мемлекеттің өз халқына, сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға қарызы, мысалы, зейнеткерлер қорына немесе әлеуметтік сақтандыру қорына және басқаларға.

Мемлекеттік қарыз екі негізгі формаларда болады – мемлекеттік құнды қағаздар және бухгалтерлік есептегі жазулар. Құнды қағаздар өтімді, анонимді және екінші нарықта еркін айнала алады. Бухгалтерлік есептерде жазулар түрінде рәсімделген қарыздар қайтадан түсіріліп берілмейді және сатылмайды.

Мемлекеттік қарыздың негізгі міндеті – мемлекеттің реттеу құралы болу. Ол екі міндетті шешеді – мемлекет мұқтаждығы үшін қаржылық қорлар алу және оның көмегімен экономиканы тұрақтандыруды қамтамасыз ету және экономикалық өсуге жағдай жасау. Бұл міндеттерді шешу қоғамның экономикалық және әлеуметтік қажеттіктері арасындағы қарама-қайшылықтарды жұмсартуға және бюджеттік қаражат есебінен оларды қанағаттандыру мүмкіндігіне себепші болады.

Алайда мемлекеттік қарыздың көлемдерін, құрылымын және шекараларын реттеу қажет, өйткені ол экономикаға позитивтік те, негативтік те әсер етеді. Мемлекеттік қарызды реттеу әдістері әр алуан. Бұл: ұзақ мерзімді құнды қағаздарды эмиссиялық банк несиелерімен ауыстыру, ұзақ мерзімді құнды қағаздарды мемлекеттік қарыздарды қаржыландыруда қысқа мерзімділермен ауыстыру, бұл инфляция деңгейін белгіленген шекке дейін көтеру мүмкіндігі, бұл мемлекеттік меншілікті жекешелендіру – оның көмегімен бюджеттік тапшылықты баланстауға болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 224; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты