КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Инвестициялық сфераның рөлі1.90-жылдары Қазақстан Республикасының дамуы 80-жылдардың орта тұсында туындаған терең экономикалық дағдарыстан шығу және мемлекеттілікті қалыптастыру жағдайында жүзеге асырылған радикалды реформалармен тікелей байланысты болды. Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар КСРО – дағы экономиканы либералды реформалау шеңберінде ХХ ғ 80- ші жылдарының соңында (1988 ж) басталды. Алайда олар КСРО – ның құлауына байланысты 1991 жылы үзіліп қалды. Жалпы шаруашылық қызметтерін либералдандыру, еңбек ұжымдарына жалға беру арқылы кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру, басқару жүйесін және жапы одақтық бағдарлама шеңберінде материалдық – техникалық қамтамасыз етуді орталықтандыру, сол кезеңнің өзінде республикаралық шаруашылық байланыстарды бұзуды, КСРО халықшаруашылығының кооперативтік салаларындағы әр түрлі өндірістік технологиялық байланыстар арасындағы келісімдік – құқықтық қатынастарды бұзды. Жалпы одақтық реформалар өндірістің құлдырауына, өндірістік – техникалық мақсаттағы өнімдер мен тұтыну тауарларының дефецитінің ушығуына, нифляцияның өсуіне және ақша – кредиттік жүйенің дағдарысына алып келді де, бұл жағдай барлық одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның да экономикасында көрініс тапты. 1990 жыл 1989 жылмен салыстырғанда бүкіл ел бойынша жалпы қоғамдық табыс екі пайызды (ұлттық табыс 3,6 пайызды), өнеркәсіптік өндіріс – 1,1 пайыз, ауылшаруашылық өнімі – 2,8 пайызға төмендеген. Қазақстанда да жағдай сондай болды, оның ішінде ұлттық табыс 1990 жылы 1989 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға кеміді. Экономикалық реформалар халықаралық еңбек бөлінісіне қатысудағы жаңа принциптер жағдайында, өндірісті шоғырландыруға, мамандандыруға және кооперациялауға негізделген шаруашылықты ұйымдастыру формасын өзгертуге бағытталынды. Құрылымдық реформа – елдің шаруашылық құрылымының өзін өзгертумен байланысты экономикалық реформалардың ерекше түрі екендігі белгілі. Жалпы алғанда құрылымдық реформаға, біріншіден, экономика мен жекешелендіруді басқарудағы мемлекеттің ролін өзгерту, жекеменшік құрылымын өзгерту (мемелекеттік және муниципалды кәсіпорындарды мемлекеттік емес заңды тұлғаға меншікке беру) кіреді. Екіншіден, өлкеаралық және трнасұлттық принцип негізінде құрылған нарықтық хабарламалық инфрақұрылымды құру немесе дамыту (коммерциялық банктер және қаржы үйлері – холдингтер, тауарлық, фондтық және валюталық биржалар, сақтандыру қоғамдары, қызметшілерді оқыту, іріктеу және бағалау орталықтары, кеңес беру, көтерме базалары және бөлістіру орталықтары, эксперттік, маркетингтік, сертификаттау және аудиторлық фирмалар, ғылыми – технологиялық парктер және технологияны беру орталықтары); үшіншіден, өндірістің салалық құрылымын әскери - өнеркәсіптік кешенді конверсиялау негізінде өзгерту, шикізаттық салалар үлесін азайту және ғылымға негізделген, оның ішінде тұтыну және инвестициялық тауарлар мен қызмет көрсету салаларын экспорттауға бағытталған өндірістер үлесін ұлғайту; төртіншіден, инвестициялық және салықтық реформаны қаржымен қамтамасыз ету, (белгілі дәрежеде зияндыларын жабу, рентабельдігі аз алайда перспективалы жұмысын жақсарту және барлық салалардың халықаралық өнідірістер нарығында бәсекеге қабілеттілігін тездетіп дамыту); бесіншіден, әлемдік экономикаға мейлінше көбірек интеграциялау (өндіріс пен қызмет көрсету салаларын өлкелік топтастыру шеңберінде трансұлттандыру, экспорттық, импорттың үлесін арттыру; алтыншыдан, экономиканың негізгі бөлігі – кәсіпорындарды құрылымдық және экономикалық жағынан қайта құру. Құрылымдық реформаның моделі – оны асыру әдісі, бірінші кезекте, оны жасау және үйлестіруде мемлекеттің қатысу дәрежесіне сондай – ақ қайта құрулардың жиілігіне байланысты. ХХ ғ. тарихында әр түрлі көріністе ТМД елдерінде қолданылған реформаның екі түрлі моделі болды. Алғашқысы, либералды – монеторлық (Қазақстанда 1895 жылдн бастап қолданылды), бұл модель А.Смит және Д.Рикардолардың дәстүрлі классикалық саяси экономикасынан шығады, ал ХХ ғ соңында С.Фридман және басым көпшілігі Чикаго мектебі мен халықаралық вамон қоры өкілдері басқарған неолибералды экономистер дамыта түсті. Бұл модель бойынша мемлекет реформалардың жалпы бағдарламасын жасайды және макроэкономикалық қаржылай реттеуді белсенді түрде жүргізеді. Оның барысында экономиканы тікелей басқаруға араласпайды және мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшік, оның ішінде шетелдік инвесторларға, белгілі бір төлем ақымен бере бастайды (оларды қайта ұйымдастырып, мүліктерін толық бағалап, заңдық жүйеде ұйымдастыру жұмыстарын іске асырғаннан соң). Мұндай қайта құрулардың басты мақсаты – инфляцияны және ссудалық пайыздарды бәсеңдету, нарықтық күштердің әрекетін шектейтін заңдарды жою, мемлекеттік шығындарды қысқарту болып табылады. Екінші, реформаның институтцианалдық моделінің негізін марксизимнің, Д.Кейнстің және бүгінгі күндегі неокейнсшілердің, эволюционистердің және институтцианалистердің теорияларындағы бірқатары бар. Бұл концепция бойынша мемлекет стратегиялық инвестор, индустрацияның базалық салаларының ірі кәсіпорындары мен инфрақұрылымының қожайыны ролінде болады. Макроэкономикалық реттеумен шектеліп қалмай, ол перспективті жоспарларды, мақастты бағдарламаларды жасайды. Оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады және қаржымен қамтамасыз етеді. Мұнда реформалар өзінің біртіндеушілігімен ерекшеленеді. Олардың басты мақсаты – нарықты реттеу үшін институттарды (ұйымдарды, жүйелерді) құру, өндіріс құрылымын қайта құру. Қазақстанның либералды – монетарлық модельді таңдап алуы, 70 – жылдардың орта тұсында – ақ КСРО – да көріне бастаған экономикалық дағдарыстың салдарынан өндірістің даму қарқынының және сапасының төмендеу, дамыған елдерден техникалық және технологиялық артта қалушылықты жоюдан келіп туындаған қажеттілік болып табылады. Осы жағдайларға байланысты экономикалық саясат орталығында шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістерін тездетіп енгізу арқылы қоғамдық өндірістің сапалылығын арттыруға қол жеткізу мәселесі қойылды. Аталған іс – шара орталықтанған экономикадан шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесіне бірқалыпты өтуіне мүмкіндік беруі тиіс еді. 2.Экономика құрылымы деп еңбекті жалпы бөлуді сипаттайтын сондай-ақ өнімдердің айналымын сипаттайтын, олардың өзара байланысы, өндірістік ресурстары және ұдайы өндіріс үдерісін көрсететін, оның түрлі салаларының қатынастары түсініледі. Экономика құрылымы - ЖІӨ-дегі кейбір салаларының үлесі. Егер нарық экономикасының әр түрлі кесіндісін қарасақ, онда аумақтық атқарымдық, әлеуметтік құрылымын бөліп көрсетуге болады. Атқарымдық құрылым әр түрлі қажеттіліктегі ЖІӨ-ді (жеке тұтыну, мемлекеттік тұтыну) өндіріс факторының кесіндісінде бөлуді сипаттайды. Әлеуметтік құрылым әлеуметгік секторға - жеке, корпоративтік, мемлекеттік, үй шаруашылығы секторына бөлшектеуді көрсетеді. Салалық құрылым үш деңгейден түрады - макроэкономикалық, салааралық және өндірістік. Қазақстан экономикасы белгілі болғандай, бұрынғы КСРО шаруашылық байланыстарының нақтылы сипаттарымен және бай табиғи ресурстарының болуы есебінен, шикізаттық бағыт басымдық жағдайда дамыды. Кешегі күнге дейін мұндай саясат дамудың ілгерілеу сипатын қамтамасыз етті. Алайда, өсу көрсеткіші қандай да болмасын айтарлықтай болғанымен, тек шикізаттық факторды пайдалана отырып, республика экономикада тұрақты оңды нәтижелерге жете алмайды. Қалыптасқан құрылымды жете түсіну үшін, оны пирамида нысанында көрсету қажет (1-сурет). Оның негізін республикадағы барлық өндірістің 50 пайыз үлесіне келетін, базалық кен ендіруші сала құрайды.
|