КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азақстан Республикасында аграрлық өндірісті ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар1.Ауыл шаруашылығы табиғи факторларға өте тәуелді және маусымдық ерекшелігі анық көрінетін өнеркәсіппен салыстырғанда технологиялық жағынан артта қалған сала болып табылады. Оған салынған капиталдың қайтарымы аз. Ауыл шаруашылығы өндірістің деңгейі елдің азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге өңдірістік күштер даму жағынан артта жүретін ауыл шаруашылығы салыстырмалы түрде статистикалық сала болып табылып, басқаларға қарағанда өзгермелі экономикалық және технологиялық жағдайларға баяуырақ бейімделеді. Ауылшаруашылығының ерекшелігіне (жоғары қор сыйымдылығы, табиғи жағдайларға тәуелділік және өндірістің жалпы тұрақсыздығы байланысты, сонымен қатар сұраныс пен ұсыныстың кез-келген дисбалансы бағаның пропорционалды емес үлкен ауытқуына әкелетін, азық-түлік нарығының әрекет ету ерекшелігі салдарынан мемлекетке ауылшаруашылығының қызмет етуін қамтамасыз етуде елеулі бюджеттік шығындармен қоса аса күрделі роль атқаруға тура келеді. Қалыптасқан жағдайда ауылшаруашылығына мемлекеттік әсер етудің тетіктерін күшейту проблемасы ерекше болады. Макроэкономикалық деңгеймен қатар микроэкономикалық деңгейде ауылшаруашылығын реттеу жалпы шаруашылық кешенінің, бөлінбес кезі болып табылады. Дамыған елдерде ауылшаруашылығы өнімдерінің нарығы ең Ауылшаруашылығы өндірісінің ерекшелігін ескере отырып, көптеген елдерде келесідей міндеттерді орындауды қамтамасыз ету шақырылған мемлекеттік реттеудің дамығаң жүйелері әрекет етеді: - аграрлық секторды тұрақты экономикалық жағдайды қолдау; - нарықтық конъюнктура мен саладағы табыс ауытқуларын тұрақтандыру; - жұмыс орындарын сақтау және қажетсіз миграциялық процестерді болдырмау; - мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - өндірісті қысқарту мен өндіріс құрылымындағы өзгерістер бағдарламаларын қаржыландыру. Ауылшаруашылығы нарықтық экономика жағдайында реттелінетін негізгі объекті. Аграрлық өндірістің маусымдылығына биологиялық процестердің тікелей ықпалы бар, ол ақшалай табыстың біркелкі түспеуіне ықпал етеді және жұмсалынған шығынның мерзімі өндіріске сай келмейді. Оның салдары капитал айналымының төмендеуін болдырады, амортизацияның қорлануын баяулатады, сонымен бірге негізігі қорды қалпына келтіру үшін пайдалану қиындайды. Жалпы алғанда әндірістің маусымдылығы ауылшаруашылығы өндірісінің жағдайын күрделендіреді, несиеге деген мұқтаждықтарын күшейтеді, жоғарыда айтылғандай капитал айналымын төмендетеді. Осының барлығы қорыта келгенде ауылшаруашылығы кәсіпорындарының рентабельділігін азайтады, аграрлық секторды инвестиция үшін тартымсыз етеді. Сондай-ақ ауылшаруашылығы капитал құрылымының байланысының төмендігімен ерекшеленеді. Сондықтан ауылшаруашылығында капитал қайтарымы төмен. Ауылшаруашылығында өндірістің құлдырауы ең алдымен өндірісті қарқынды дамытудағы кедергі, материалдық-техникалық ресурстар мен қаржылық қорлардың жетіспеушілігіне байланысты. Өндірістік циклдардың арасында қолданылған негізгі және айналмалы капитал азайып, өндірістің мүмкіндігі күйрейді және оның техникалық жағынан жаңалау мен жаңарту баяулайды. Ауылшаруашылығы тауарөндірушілерінің осындай күйге түсуіне сыртқы экономикалық ортаның кедергілері, өздері өзгертуге шамалары келмейтін мемлекеттің саясаты, ауылшаруашылығына мемлекет тарапынан қаржылық қолдаудың болмауы себепші. Ауылшаруашылығына қаржының бөлінуі, аграрлық өндірістің дамуы халықтың әлеуметтік-жағдайын жақсартады, экономикалық өсу басқа салалардың дамуын ынталандырады, көптеген жұмыс күштерін тартады, мемлекеттің экономикалық және азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Нарықтық экономика жағдайында әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, аграрлық сектор өте әртүрлі жағымсыз факторлардың әсеріне бейімделгіш, сондықтан мемлекет тарапынан реттеуді қажет етеді. Аграрлық секторды тұрақтандыру және ары қарай дамыту үшін, оның негізі болып саналатын саласы ауылшаруашылығына үдемелі ұдайы өндірісті қамтамасыз ететін жағдайды, отандық тауарөндірушілерге мақсатты, дифференциалды негізде құрылған мемлекет тарапынан қолдау қажет. Оны басқа бәсекелес елдермен салыстырғанда Қазақстанның көптеген аймақтарында ауылшаруашылығын жүргізудің табиғи жағдайының қолайсыздығы, табиғи монополиямен өнеркәсіп, сауда орындарының үстемдіктерінен қорғау қажеттілігі, сонымен бірге отандық аграрлық сектор техникалық және технологиялық артта қалуы қиындығын жеңу үшін күрделі қаржыны бөлудің қажеттілігін міндеттейді. Республикамыздың экономикасының аграрлық секторында шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмдерінің шала істелетіндігінен осы саладағы пайда болған қосымша құнның бір бөлігі баға, несие, салық, инвестиция жүйелері арқылы экономиканың басқа салаларына, оның ішінде банкі және сауда капиталдары саласына ауысады. Қатаң ақша-несие саясаты ауылшаруашылығы кәсіпорындарының төлем қабілетіне әсерін тигізеді, соның салдарынан бартерлік есеп айырысу керек болды, көптеген төлемеушіліктер есеп айырысудағы шығындарға әкеліп соқты, өндірілетін және сатылатын өнім көлемінің азаю, тауарөндірушілердің материалдық-техникалық ресурстарды қажетті мөлшерде тұтыну мүмкіндігінен айырды. ХХ ғасырдың 90 жылдары Қазақстанның экономикасының қоғамдық өміріндегі терең өзгерістер кезеңі, экономиканың орталықтандырылған басқару әдістерінің, мемлекеттік монополизімінің ұзаққа созылған үстемдігінен кейін нарықтық механизмді қалыптастыру қажет болды. Нарықтық механизм мемлекетпен кәсіпорын, кәсіпкерлер арасындағы эканомикалық құқықтық қатынастар жүйесінің тұтасы мен өзгертті. Егемен Қазақстанның экономикасын мемлекеттік басқару тұжырымдамасы өзгертіліп, қатаң әміршілдік әкімшіл әдістер біртіндеп мемлекеттік реттеудің икемді жүйесімен ауыстырылуға тиіс болды. Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформа 90 жылдардың бас кезінен бастап мемлекеттік меншікті жекешелендіру және ұжымшарлық кооперативтік меншікті реформалау арқылы көп денгейлі эканомика құру мақсатын көздейді. Жалпы агроөнеркәсіп кешені Кеңес үкіметі тұсында толығымен социалистік бағытқа бет бұрған болатын. Осы жылдары Қазақстанда механикаландырылған ірі социалистік ауылшаруашылығы қалыптасты, Республика ауылшаруашылық өндірістік күштерін дамытуда тың және тыңайған жерлерді игерудің зор маңызы болды. 1979 жылы Республикада 2400 дей совхоз бен колхоз болды. Халық шаруашылығында істейтін халықтың 24,1% ауылшаруашылығында еңбек істейтін еді және Республика ұлттық табысының 20% беретін Қазақ СССР-і Совет одағының сарқылмас астық базасының бірі болатын. Кеңес Одағы кезіндегі аграрлық саясат шаруа меншік иесі және шаруа еңбеккер арасындағы байланысты ескермеуі және оларды бір бірімен ұштастырмауы салдарынан сәтсіздікке ұшырады. Бұл қарама қайшылық нарықтық қатынастардың жаңа жүйесіне өту барысында айқын байқалды. Мамандардың ойынша ұжымшарлармен кеңшарларды қайта өзгерту нәтижесінде шаруашылықтар жүргізудің жеке меншік және ұжымдық меншігіне негізделген объектілер құру елеулі түрде оңды өзгерістерге алып келуі тиіс еді. Алайда тіпті олай болып шықпады өндіріс жыл өткен сайын құлдырай түсті. Жаңа қоғамдық формацияға көшудің негізгі ауыртпалықтары аграрлық сектордың және шаруалардың иықтарына түсті, фермерлер өздеріне тиісті жер үлестерін бұрынғы ұжымшарлармен кеңшарлардың мойнындағы біріте-бірте жиналып қордаланып қалған қыруар қарыздары мен қоса сатып алуға мәжбүр болды. Жекешелендіру іс жүзінде қалай болса солай сыңаржақ жүргізілді, ірі кәсіпорындарды кішігірім дербес агро құрылымдарға бөлшектеу және олардың шаруашылық жүргізуіне тиісінше жағдай жасамау бүтіндей үйлесімді өндірістік үрдістердің бұзылуына ішкі сыртқы байланыстардың үзілуіне әкеліп соқты. Ең бастысы жекешелендіру бағдарламасы біріңғай аграрлық саясатпен және экономиканы тұрақтандыру шараларымен қуатталмады, Республиканың аграрлық өніміне деген сұранысы мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау дәрежесі және жекешелендіру жұмыстарымен жағымсыз салдарын болдырмау шаралары анықталмады, тауар өндірушілердің қызмет көрсетуші және қосалқы кәсіпорындар мен өзара қарым-қатынас механизмі жұмыс істемеді. Аграрлық сектордың кешенді түрде және өзара байланысты толық шешілмеген мәселелері жекешелендіру үрдісінің күткендегідей нәтиже бергізбеді, өйткені жекшелендіруді елдің негізгі стратегиялық және экономикалық мәселелерімен үйлестіру механизмі жоқ болатын. Жалпы жекешелендірудің тиімсіз себептері төмендегідей етіп көрсетуге болады: 1.жекешелендіру ауылшаруашылық кәсіпорын мүшелерінің негізгі бөлімінің өз бетінің шаруашылық жүргізуге дайын болмауы, ол психалогиялық басқару жағдайынан, экономикалық басқару, ұйымдастыру тәжірибесінің болмауынан тәуелді.
экономиканы тұрақтандыру шараларымен нығайтылмады.
анықталмады.
жеткілікті экономикалық құқықтық негіздеусіз жүргізілді, нәтижесінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өніміне төменгі сатып алу бағасы монопалистік жағдайда белгіленеді, бұл тауар өндірушілерді әділетсіз ауыр жағдайға душар етті. 1991-1995 жылдар аралығында агроөнеркәсіп кешенін басқаруды демократияландыру жүргізілді, жалпы Республикалық деңгейден бастап мемлекеттік және шаруашылық басқару міндеттерін атқаратын басқару ұйымдарын бөлу барынша нақтырақ жүргізілді. Агро өнеркәсіптік кешенінде маркетингтік қызметтер және басқа нарық инфрақұрылымдар элементтері қалыптасты. Баға несие және салық саясатымен өнім өткізу жүйесі түбірімен қайта өзгертілді, мемлекеттік өнім сатып алудың орнына еркін және келісімді баға келіп қаржылық нарық қалыптасып белсенді жұмыс істей бастады. Тауар өндірушілер заңды тәртіппен өнім өткізу арналарын таңдауда кеңейтілген құқықтар алды. Осы және тағы басқа өзгерістер республиканың агроөнеркәсіптік өндірісінде нарықтық үлгідегі экономикалық қатынастар жүйесін берік негізін қалады. Әкімшіл-әміршіл экономиканың нарықтық экономика арасындағы қағидалық айырмашылық бәрінен бұрын қызмет мақсатының, міндеттерінің ұйымдық құрылымының тактикасымен, стратегиялық экономикалық қатынастарының мәнімен және жүйелерге қатысты кәсіпкерліктің басқада ерекшеліктерімен білінеді. Нарықтық үлгідегі кәсіпорындар өзінің қызметтерінде сатып алушының нақты және мүмкін қажеттіліктеріне бағдар ұстап олар міндетті түрде сатып алынатын өнімді шығарады. Жоспарлау сыртқы факторларды нарықтың коньюнктурасын нақты және мүмкін тұтынушылардың талғамымен сұранымын есепке ала отырып жасалады. Сондықтанда мұнда: өндірістік мүмкіндіктер барынша ыңғайлы; тауарлар ассортименті едәуір кең; жоспар сыртқы орта факторларына икемді. Әкімшіл-әміршілдік экономика жағдайында кәсіпорын өз қызметінде негізінен қатаң регламентацияның ішкі өндірістік мүмкіндіктерді және бөлінетін қорлармен қаржыларды есепке ала отырып өндіріс қажеттілігін басшылыққа ала отырып өздері шығара алатын өнім түрлерін ғана ұсына алады. Сондықтан мұндағы өндірістік үрдіске өте қатаң қайта құруға қиын болып келеді, өндірістік қызметтердің бағыттары шамадан тыс маманданбаған. Егер осы айырмашылықтардың барлығын есепке ала отырып алатын болсақ, онда нарықтық экономика жағдайында меншіктің мемлекеттік емес тәсілінен негізделген және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған кәсіпорындар жұмыс істеуі тиіс (кесте - 1).
|