Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сурет - 1 Ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік басқару




 

Сонымен қатар, республикада агроөнеркәсіптік кешенді басқару мынадай жүйелерден тұрады:

- өзін - өзі басқару,

- шарушылықты басқару,

- мемлекеттік басқару және реттеу.

Өзін өзі басқару – жүйесі дегеніміз жекелеген шаруашылықтардың өз ісін жүргізу үшін өзін өзі басқаруы. Қазіргі кезде жекелеген шаруашылықтардың құрлымы екі саладан тұрады: меншік иесі және тауар өндіруші. Мұндай құрылымда меншік иесінің пайдалы жақтары бар. Біріншіден, орталықтандырылған басқарушылықтан арылады. Екіншіден, басқару жоғарыдан емес төменнен жоғарыға қарай басқарылады. Үшіншіден, шаруашылық иелері өз ісін өз қалауынша жүргізуге мүмкіндік алады.

Шаруашылықты басқару - түрлі ассоциация ұйымға кіруші мүшелерінің жарнасынан құралады. Ассоциация мүшелері өнімді өндіру кезіндегі бір бірімен техникалық көмек көрсете алады. Басқару жүйесі төменнен жоғарыға қарай демократиялық негізде құрылғандықтан ассоциацияның әрбір мүшесі өз ұсыныс бастамасын айтып оны өзі жүзеге асыра алады.

Мемлекеттік басқару дегеніміз – керекті кезеңде ауылшаруашылық қызметінің мәселесіне ықпал ету механизмінің негізінде тікелей және жанама әсер етудің жиынтығы. Мемлекетік басқару екі бағытта жүзеге асырылады:

- әкімшілік басқару, оның ішнде мемлекеттік механикалық тексеру

жерді пайдалану жөніндегі бақылау, мал дәрігерлік, карантиндік мал тұқымын асылдандыруды басқару қызметтер жатады;

- мемлекеттік реттеу, ол экономикалық тетіктер арқылы жүзеге асырылады. Олар: бюджеттік қаржылық көмек, қаржы көздері, әртүрлі жәрдемдер, жоғары сатып алу бағасын ұстау, ғылыми жаңалықтар пайдалану арқылы ауылшаруашылығында өнімділікті арттыру.

Сонымен қатар, қазіргі жағдайда агроөнеркәсіптік кешенде өндірісті ұйымдастыратын субъектілер келесілер:

- мемлекеттік және ұжымдық кәсіпорындар

- агрофирмалар мен агрокомбинаттар

- мемлекеттік және ұжымдық кооперативтер

- кооперативтер мен олардың ассоциациялары

- акционерлік қоғамдар мен кәсіпорындар

- шаруашылық серіктестіктер

- шаруа (фермер) қожалықтары

Тұтас алғанда мемлекеттік органдар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мүддесін қорғай отырып қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз етулері, қала жұмыскерлерін ауылға шоғырландыру арқылы өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тоқтаусыз жұмыс істеуіне мүмкіндік, қала берді қолдау жасау тиіс.

Агроөнеркәсіп кешенінін (АӨК) нарықтық қатынастарға өту нәтижесінде, экономиканың маңызды салаларының бірі аграрлық салаға мемлекеттік субсидиялар бөлу қысқартыла бастады. Материалдық-техникалық ресурстарға еркін бағалардың қолданылуы және несиелік саясаттың қатаңдауы АӨК саласындағы баға және табыс диспаритетіне әкеп соқты. Бұл өз кезегінде барлық тауар өндірушілердің банкрот болу қауіпін туғызды.

Бұл жағдайда Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау жүйесін қалыптастыру маңызды мәселеге айналды. Сонымен қатар шаруа қожалықтарының жағдайы нашарлауы және инфляция кезінде азық-түлік тауарларын өндіруді ынталандыру мәселесін шешуде шетелдің тәжірибесін қолдану үлкен маңызға ие болды. Аграрлық секторды мемлекеттік қолдау - әлемдегі барлық алдыңғы қатарлы мемлекеттердің экономикалық саясатының басымды бағыттарының бірі. Дамыған елдердің экономикалық бірлестік ұйымының (ОЭСР) мамандарының мәліметі бойынша, құрамына 24 мемлекет кіретін мемлекеттер тобындағы кейінгі жылдары ауыл шаруашылығына бөлінген бюджеттік қаржылар 404 млрд. долларды құрады. Бұның ішіндегі ең көп үлес ЕС мемлекеттері (213 млрд. долла) және АҚШ - қа (101 млрд. доллар) тиді.

Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау, шетелдік тәжірибеде мақсатына қарай топтастырылып отырады. Соның ішінде маңыздыларын қарастырып шығайық.

1. Өндірушілер табысына қолдау жасау. Оған тікелей мемлекеттік төлемдер, соның ішіндегі орын толтыру төлемдері(компенсация); табиғи апаттардан келген шығынның орнын толтыру төлемдері; өндірісті қайта ұйымдастырумен байланысты болатын шығындардың орнын толтыру төлемдері (егістік алқаптарының қысқарғаны үшін төлемдер, малдарды еріксіз сою т.б.)

2. Бағаға араласу арқылы азық-түлік нарығына әсер ету шаралары, соның ішінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған ішкі бағаларды қолдау жасау; квота мен тарифтерді белгілеу; азық-түлік тауарларының экспорты немесе импортына салық салу арқылы араласу.

3. Шығындардың орнын толтыру: өндіріс құралдарын сатып алушы өндірушілерге субсидиялар бөлу; тыңайтқыштар, жем-шөп және улы химикаттарды сатып алуға салық жеңілдіктерін беру және субсидиялау; алынған несиелер бойынша процент төлемдеріне субсидия бөлу; меншікті сақтандыруды субсидиялау.

4. Нарықтың дамуына жағдай жасау. Бұл мемлекеттік қаржыны: нарық бағдарламаларын жасау мен жүзеге асыруға; өнімді сақтауға субсидиялар болу; аграрлық өнеркәсіп кешенінің өнімдерін тасымалдау және транспорттық жұмыстар жүргізуге кететін шығындарды субсидиялау.

5. Өндірістің инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасау. Оған ұзақ мерзімдік сипаттағы шараларға мемлекеттік қаржыландыру жатады. Бұл өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді: шаруашылық құрылысына субсидиялар бөлу; ирригациялық жобаларды жүзеге асыру шығындарын және жерлерді қайта культивациялауға субсидиялар бөлу; шаруа қожалықтары бірлестіктерін ұйымдастыруға жағдай жасау.

6. Аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру. Бұған өндірісті дамыту үшін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды қаржыландыру жатады. Мемлекеттік қолдаудың бұл шаралары ЕС мемлекеттерінің көбінде, АҚШ та және Канадада қолға алынған.

7. Макроэкономикалық саясат. Бұл топта АӨК-ні мемлекеттік реттеудің осы саламен тікелей байланысты болмайтын, бірақ оның қызметіне әсер ететін әдістер негізінде жеңілдетілген салық саясатын жүргізу: ұлттық валютаны қолдау; сыртқы сауда қызметін жандандыру.

Сонымен қатар көптеген экономикалық тетіктер арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін ұлғайтудың жағымды коньюнктурасын және ауылдық жерде тиімді нарықтық инфрақұрылым қалыптастыру арқылы бюджеттен тікелей төлемдер, өндіріс шығындарының орнын толтыру, бағаны қолдау, өндіріс құрылымын жақсартуға субсидиялар бөлу, аймақтық бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру, сонымен қатар аграрлық сектордағы өндірістік экономикалық қатынастарды жаңартуға қажетті жағдай жасайтын макроэкономикалық саясат қажет.

 

3. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясат азық-түлік қауіпсіздігі мен өнім экспортын арттыруды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған. Қойылған мақсат ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру және экспорттық салада өз орнын алу үшін бәсекеге қабілетті сапалы ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлігін өндіруді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асырылды.

Орта мерзімді кезең ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыты ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлігі өндірісінің өсуін, саланы техникалық-технологиялық жаңартуды және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауға жаңаша тұрғыдан келуді қарастыратын үдемелі аграрлық-индустриялық әртараптандыру болып табылады.

Елдің ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлері бойынша, егіншілік шаруашылығында өзін-өзі толық қамтамасыз етуіне қол жеткізуі мақсатында ылғалды үнемдейтін технологияларды және тамшылата суаруды белсенді қолдану арқылы егіс алқаптарын кеңейту есебінен астықтың өнімділігі артады.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін өнеркәсіпті дамыту кәсіпорындарды техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтау, сондай-ақ бұл салаға инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылуда. Новоишим май өндеу зауытын қайта жаңарту, уылдырық шашу-өсіру шаруашылығын дамыту және жаңғырту, екі асыл тұқымды шаруашылығы бар бордақылау алаңын салу сияқты ірі жобалар іске асырылады. Инвестициялық жобаларды іске асыру 80%-дан астам азық-түлік тауарларының нарығын отандық өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

19 қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2011-2013 жылдардың бюджетіне түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылады. Ел қазынасына қосымша қаражаттардың құйылуына байланысты, бұдан бұрын бекітілген биылғы жыл бюджеті 217,9 миллиард теңгеге тағы толықтырылып отыр. Осылайша ағымдағы жылы ел қазынасынан жұмсалатын шығыстар ауқымы 5 триллион 170,3 миллиард теңгеге жеткен. Қосымша қайта бөлінген миллиардтардың басым бөлігі екі саланың еншісіне тиді. Оның біріншісіне - әлеуметтік салаға бұрынғысына қоса, тағы 40,8 млрд теңге берілсе, ауыл шаруашылығын дамытуға соған жуық қаражат - 38,8 млрд теңге қосымша бағытталды. Бұл - ел басшылығының қазақ халқының ата кәсібіне қаншалықты баса маңыз беріп отырғандығын білдірсе керек. Қосымша миллиардтар ауыл шаруашылығында бірнеше бағыт бойынша арна тартпақ. Біріншіден, Мемлекет басшысының ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру және азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қойған міндеттерін орындау мақсатында, мал шаруашылығын және соған ілеспе өндірістерді дамытуға 22 миллиард теңге беріледі. Бұл қаражаттар «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің жарғылық капиталына құйылмақ. 22 млрд теңгенің 7 миллиарды асыл тұқымды малдарды сатып алуға жұмсалады деп күтілуде. Қосымша қаржының үлкен бөлігі - 9,5 млрд теңге микрокредиттік ұйымдарды несиелендіруге бағытталады. Бұл ұйымдар сол қаржыларды ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, фермерлік, шаруа қожалықтарына, мал шаруашылығын дамытулары үшін микрокредит түрінде таратулары тиіс. Тағы 4 млрд теңге кредиттік серіктестіктер арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын несиелендіруге беріледі. 1 млрд теңгеге ауылдықтар арасында шағын несие түрінде таратылмақ. 0,5 млрд теңге Астана қаласының азық-түліктік белдеуін қалыптастыру аясында жеміс-көкөніс өсіру шаруашылығын дамытуға арна тартатын болды. Бұдан бөлек, қазақ астығын әлемдік нарықтарға ілгерілету және биылғы жыл астығына орын табу үшін 6,7 млрд теңге қосымша бөлініп отыр. Бұл соманың 5 миллиарды сыртқа сатылатын 2,5 млн тонна астықтың көліктік шығындарын азайтуға бағытталады. Бұл жерде шетелге экспортталатын астықтың әр тоннасына 40 доллар мөлшерінде субсидия берілетін көрінеді. Бұл - қазақ астығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасалуда.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингі бойынша «Ауыл шаруашылығы саясатына арналған шығындар» көрсеткіші бойынша Қазақстан 2010-2011 жылдары бірден 31-тұғырға биік көтеріліп, 62-орынға ие болды. 2008-2009 жылдары еліміз 93-орында тұрған болатын. Былтырғы жылы Қазақстанда «Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыруды аяқтағаны мәлім. Осы жылдар ішінде Қазақ елінде «даму әлеуеті жоғары» ауылдық елді мекендердің саны 1548 бірлікке, ал онда қоныстанған халықтың үлес-салмағы 22 пайыздан 52%-ға ұлғайыпты. Ендеше, ауылды түлету, ауыл шаруашылығын өркендету - өнген халқымыз бен өскен Отанымызды түлету екендігін Қазақстан барша әлемге дәлелдеп отыр. Бұл деген саланы дамытудың кілті – еңбек өнімділігін арттыру

Биылғы жаңа Жолдауда ауыл шаруашылығын дамытудың көрсеткіштері межеленген. Мәселен, еңбек өнімділігі 2014 жылға дейін 2 есе, 2020 жылға дейін 4 есе өсуге тиіс деп көрсетілген. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру бойынша Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін саланы техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру қажет. Осы ретте қазіргі заманғы технологиялар бойынша жұмыс істейтін жаңа ірі өндірістерді салу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске қосудың маңызы ерекше. Себебі, осы арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы көлеміндегі заман талабына сай жаңаша жұмыс істей алатын ауылшаруашылық құрылымдарының үлес салмағын бұрынғыға қарағанда, әлдеқайда ұлғайа түседі. Міне, осы бағытта қазіргі күні бірқатар шаралар кешені әзірленіп, іске асырылу үстінде. Осы істің ерекше маңыздылығына байланысты мемлекеттік қолдау жөніндегі барлық бағдарламалардың ішінде, техника мен жабдықтарды лизингке беру, жеңілдікті несие беру, аграрлық ғылымды дамыту, өндіріске жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу, инновациялық қызметті дамыту секілді шаралардың барлығы аталған мақсатқа қарай бағытталып отыр. Сонымен, егін шаруашылығында саланы индустрияландыру бойынша жалғыз жол – ол егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыра отырып, ауыспалы себуге көшу, яғни дара дақыл егісінен кету болып отыр. Осыған байланысты салаға ауқымды химияландыруды және қазіргі заманға сай ылғал сақтау

технологияларын мейлінше молынан енгізуге мән беріледі. Осындай шаралардың есебінен егістік айналымына жаңа жерлерді және ертеректе айналымнан шығып қалған суармалы жерлерді қайта тарту жұмыстары жүргізіледі.

«Жұмыспен қамту бағдарламасы – 2020» жобасына сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан ауылда өзінің ісін ұйымдастыруға тілек білдірген азаматтарға 5 жылдан артық емес мерзімге, 3 миллион теңгеден аспайтын сомаға, жергілікті атқарушы органдар белгілейтін сыйақы бойынша шағын несиелер ұсынылады. Министрлік жүзеге асыратын несиелендіру бағдарламаларының шарттарына сәйкес, ауыл халқын шағын несиелеу бағдарламасы жоғарыда аталған шарттардың ішіндегі ең қолайлысы болып табылады. Несиенің бұл түріне ауылдық жерлерде тұратын, бірақ жұмыс істемейтін немесе табысы күн көріс деңгейінен төмен жеке тұлғалар ие бола алады. Шағын несие 3 жылға дейінгі мерзімге, жылдығы 9,5 пайыздық ставкамен, 1 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде, міндетті түрде өтімді кепілдікті ұсыну шартымен беріледі. Осы бағдарламаны іске асыру үшін 2011 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-қа республикалық бюджеттен 1 миллиард 500 миллион теңге бөлінді. 2011 жылдан бастап ірі қара мал басының аналығын және ет тұқымды жас малды өсіру үшін өндіруші бұқаларды сатып алуға АӨК нысандарын шағын несиелендіру бойынша «Сыбаға» бағдарламасы іске асырыла бастады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард 500 миллион теңге қарастырылған. Несиелер ұсақ фермерлік шаруашылықтарға жылдығы 6 пайыздық ставкамен 7 жылға дейінгі мерзімге 7,5 млн. теңгеге дейінгі көлемде беріледі.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 284; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты