Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Леуметтік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттің экономикалық саясатының әдістері




Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:

v құқықтық реттеу – бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;

v қаржы- несиелік реттеу – қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)

v жекешелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді. Сондай-ақ әлеуметтік саясатта төмендегі маңызды ұғымдар қарастырылады.

Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:

Әлеуметтік кепілдік -мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз ету.

Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы норматиытерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принциптерде жасалады.

Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минималды деңгейін белгілеу үшін қолданылады.

Өмір сүру минимумы- бұл минималды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі және әлеуметтік төлемдер белгілегенде қолданады. Өмір сүру минимумы экономиканың белгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілетін қамтамассыз ету үшін қажет. Оның құрамына ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді. Минималды өмір сүру минимумын анықтау үшін тұтыну қаржыны қолданылады.

Жалақының минималды көлемі – квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негзделген жалақының ең төменгі шегі. Оны басқа маман жұмысшылардың жалақысын белгілеу үшін қолданады.

Зейнетақының минималды деңгейі – нормативті актілер бойынша белгіленетін зейнетақының ең төменгі шегі. Ол минималды жалақы мен өмір сүру минимумына негізделеді.

Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары:

1. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, яғни халықты материалдық және рухани игіліктерімен қамтамассыз ету. Ресейлік ғалымдар өмір сүрудің 4 деңгейін атап көрсетеді:

- молшылық - жан-жақты қамтамасыз етілген өмір, яғни өмір сүрудің жоғары деңгейі;.

- қалыпты өмір - адамның физикалық және интелектуалды күшін қалпына келтіру деңгейі;

- кедейшілік – еңбекке қабілетін сақтау мүмкіндігі;

- жоқшылық - бұл биологиялық критерий бойынша өмір сүру.

БҰҰ бойынша өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі құрылған. Оған мыналар кіреді: Өмірге келу; Өмірден кету; Өмір сүрудің санитарлық - гигиеналық жағдайы; Азық-түлікті тұтыну; Тұрғын үй жағдайы; Жұмысбастылық; Білім деңгейі немесе сауаттылық; Мәдениеттілік деңгейі; Демалыс; Көлікпен қамтамасыз етілуі; Адам құқықтарының қорғалуы.

2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Халықтың кедейшілікке ұшыраған тобына, аурулар, мүгедектер, қарттар, көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ету жүйесін қалыптасыру. Бұл топтар мемлекеттен өмірге қажетті минималды игілктер мен қамтамассыз етілуі тиіс. Ол үшін түрлі мақсаттағы қорлар, арнайы көмектер, тегін мемлекеттік мектептер, тегін медициналық көмек көрсетілу түрлі жеңілдіктер алуға міндетті.

Мемлекеттік әлеуметтік саясатта міндетті түрде еңбек пен халықты жұмыспен қамту бағытын қамтиды.

Мемлекеттік еңбек нарығы тек құқықты мамандық таңдау еркіндігіне кепілдік беруі тиіс. Ол үшін орта және жоғарғы білім беру жүйелері бар минималды жалақы деңгейі белгіленіп, жұмыс аптасының ұзақтығы демалыс уақыты заңды түрде келісім арқылы белгіленеді. Сондай-ақ жұмыссыздықпен күресу шаралары қолданылады. Мұндай бағдарламалармен еңбек биржалары айналысады. Олардың қызметтеріне сонымен қатар төмендегілер жатады:

Ø көші-қон үрдістерін реттеу;

Ø зейнетақы жүйесін жетілдіру;

Ø Мемлекеттің денсаулық сақтау мен әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы рөлі.Бұл бағыт мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек берілуін қамтамассыз етуді көздеуді.

Әлеуметтік саясатты жүргізуде туындайтын мәселелер:

- мемлекеттік жәрдем ақыда өмір сүруші еңбекке қабілетті халықтың маңызды тобының көп болу қаупі;

- жалпы нарықтық механизмде экономикалық стимулдың әлсіреуі;

- инфляцияның күшею қаупі және ірі көлемде әлеуметтік жәрдем ақыны бюджетке арту;

- әлеуметтік көмек көрсету процесін жүзеге асыру және бақылауда бюрократиялық құрылымды гипертрофиялық дамуы;

- әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің негізіне экономикалық субъектінің үш қатысушысы қатысатын әлеуметтік сақтандыру механизмі жатады: жұмысшы, кәсіпкер және мемлекет. Әрбір субъектінің сақтандыру жарнасының сомма тепе-теңдігі нақты мемлекеттің құқықтық норманы және мақсатты белгіленген жарнасына байланысты болады.

Жалпы мемлекеттің әлеуметтік саясаты 2 негізгі үлгі түрінде берілуі мүмкін:

1. Дағдарыстан шығар жолды өз бетінше іздейтін, әлеуметтік көмекті алушының жеке белсенділігін арттыру, әлеуметтік қызметті ұсыну сферасында жеке кәсіпкерлік құрылымды дамытуды ынталандыру (АҚШ).

2. Мемлекеттің бақылауындағы қоғамдық тұтыну қоры арқылы азаматтардың үлкен дәрежеде әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру (Швеция).

Қазақстанда үкіметтің ең басымды негізгі қызметі өмірге жаңа бағдарламаны әкелу – «еліміздің және экономиканың дамуын қолдау және әлсіздерді қорғаудағы бүгінгі таңдағы әлеуметтік саясат». Әлеуметтік сферадағы Үкіметтің нәтижелі іс-қимылының маңызды критериялары Қазақстан халқының өмір сүруін сапалы және әлеуметтік стандартқа сәйкес тұрақтылығын ұлғайтады. Осыған байланысты, Үкімет мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы жауапкершілікті бөлу негізінде әлеуметтік қамтамасыз етуде келешекте көп деңгейлі жүйені жетілдіруге бағытталған және оның ұзақ мерзімді қаржы тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін белсенді саясатты жүргізеді.

Адрестік әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында адрестік әлеуметтік көмек көрсету жағдайы мен жанұяда аз қамтылған балалар жәрдем ақысын төлеу анықталынады.

Мемлекеттің адрестік көмек көрсету механизмінің негізгі күші әлеуметтік қорғаудың белсенді әдісін қолдану есебінен кедейшілікті төмендетуге бағытталады. Айталық, қоғамдық жұмысқа тарту, оқыту және қайта оқыту, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орынын құру.

Сонымен қатар, халықтың бірқатар тобын кепілдетілген әлеуметтік қызмет көрсетуде білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетуде қамсыздандыру қажет.

Әлеуметтік қызмет көрсету сферасын кеңейту әлеуметтік қызмет құрамын және оның сапасын арттыру үшін кепілдетілген және қосымша әлеуметтік қызмет тізімін заңды түрде бекіту және дайындау қажет.

Нарықтық жағдайға байланысты келтірілген әлеуметтік көмек көрсету жүйесін есепке ала отырып, мемлекеттік тапсырысты орналастыру негізінде мемлекеттік ұйымдар және мемлекеттік емес ұйымдармен тегін ұсынылып отырды. Қосымша қызметтер жеке секторлар субъектілерінің белсенді тарту есебінен ақылы негізде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекеттік стандарттар орнату қажет, әлеуметтік қызметпен айналысатын ұйымдар қызметіне міндетті рұқсат енгізу, олардың жұмысшыларын аккредитациялау.

Мүгедектерге реабилитациялық қызмет көрсетуге өзгеріс енгізіледі. Көрсетілетін қызметтің формасы мен көлемі адам жағдайының сипатына сәйкес теңдей болу қажет.

Әсіресе, көптеген бөлігі өмірдің қиын жағдайындағылар, кәмелетке толмағандар, ата-анасыз жастағыларға көп көңіл бөлуді талап етеді.

Еңбекпен қамтылуда әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету, еңбек қатынасындағы тұрақтылық пен иілгіштік мақсатында келесідей іс шаралар қабылданады:

- тұрақты экономикалық өсу, еңбекпен қамтылуға бағытталған алға жылжушылық;

- әрбір аймақта кәсіпкерлікті дамыту және бәсеке қабілеттілігін өсіру үшін жағдай құру;

- мамандарды дайындау, білім беруді үздіксіз дамыту және еңбек ресурстар сапасын арттыру, ең бірінші кезекте, жастарды;

жаңа жұмыс орындарын құру мен кедейлікті азайтуда үкіметтің, бизнестің, кәсіпорындардың және басқалай қоғамдағы азаматтардың өкілдерінің күшін біріктіретін тиімді әлеуметтік серіктестікті көтеру.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 230; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты