Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру




1.Территорияның әртүрлі белгілері бойынша біркелкі болмауы немесе оны зерттеу және тәжірибелік қызметін белгілі бір мақсаттар көзқарасы жағынан территориялардың үлкен болуы территорияларды бөліктерге - аймақтарға бөлу қажеттілігін тудырады. Аймақ-бұл басқа территориялардан белгілі бір белгілері бойынша және оны құрайтын элементтердің тұтастығы, өзара байланыстылығымен ерекшеленетін территория.. Аймақтар территориялардан белгілі бір мақсаттар мен міндеттерге сәйкес бөлінеді. Бұл мақсаттар мен міндеттер аймақтарды тиісті әкімшілік-территориялық шекараларына сай бөлуді қарастырады. Аталған аймақтарды бөлу үшін белгілі бір территорияны бөлудің әртүрлі принціптері қолданылады. Экономикада аймақтарды әкімшілік және экономикалық басқару, территориялық еңбек бөлінісіндегі орны, еңбек нарығының қызмет ету позициясы жағынан бөлу неғұрлым үлкен маңызға ие.

Нақты белгілері бойынша біріктірілген аймақтар бір-бірінен күрт ажыратылады. Бұл ерекшіліктердің негізінде объективті сияқты, субъективті факторлар жатыр.

Объективті факторларға жататындар: табиғи-шикізат және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, географиялық орналасуы, табиғи-климаттық жағдайлар, халықтың этно ұлттық құрамы, тарихи қалыптасқан мәдени және экономикалық байланыстар. Субъективті факторларға нақты аймақты экономикалық дамыту мәселелері туралы басқару органдарының шешімдерін жатқызуға болады. Өзінің жинағында бұл факторлар нақты аймақтың даму денгейі мен әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтайды.

Әртүрлі елдердегі аймақтық дамуды реттеудің қазіргі кездегі жүйесі 1930 жылдардағы әлемдік дағдарыс кезеңінде қалыптаса бастады, олар екінші дүние жүзілік соғыстан кейін дамыған формаға енді және соңғы он жылдықта жиі реформалануда. Осы сферадағы мемлекеттің қызметін белсендіру аймақтық мәселелерді шешпей жоғарғы ұлттық мақсаттарға жетуге болмайтындығын білдіреді: толық жұмыспен қамтамасыз ету, тұрақты экономикалық өсу. Кеңестік белгілі аймақтанушы Э.Б.Алаевтың ойы бойынша «Мемлекеттің аймақтық саясаты – кеңістіктегі, аймақтық аспектідегі елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуын басқару бойынша қызмет ортасы.

Шет елдік аймақтанушылардың еңбектерінің ішінде кең тараған аймақтардың дамуының теңсіздігінің себептеріне жататындар:

- өмір сүрудің және кәсіпкерліктің табиғи - климаттық жағдайларының арасындағы үлкен алшақтық;

- аймақтардың «өнімділігін» анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану көлемі, сапасы және бағыты;

- демографиялық жағдайдағы алшақтық;

- саяси және институционалды факторлар;

- әлеуметтік-мәдени факторлар.

Қазіргі таңда мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдардың арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүние жүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді:

- өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль атқаруы;

- аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;

- еңбек ресурстары жылжымалығының күшейе түсуі;

- аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі;

- территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы үдейеді.

Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында басқару функцияларын қайта бөлу, қайта қарастыру керек; екіншіден, мемлекеттік территориялық басқару мен жергілікті өзін өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді. Бұл жағдай Қазақстанға да тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік құру экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфрақұрылымсыз мүмкін емес.

Мемлекеттің аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды басқарудың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі керек. Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің өзін өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін өзі басқару, серіктестік қалаудағы бостандық, өндіріс құрал жабдықтар нарығы, валюталық қаражат және басқа элементтер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы республиканың және облыстардың ерекшеліктерін барлық түрлерін барынша қамтуы тиіс. Басқаруды стандарттандыру кейде өктемдік тәрізді әсер етіп, ол ұлттық өндірістің тарихи құндылықтарын күйзелтуі мүмкін. Ал аймақтық қағидаларда және экономикалық ұлттық ерекшеліктерді тоталитарлық жүйе тұсында елемеу күрделі зиян келтіреді .

Федеративті сияқты, унитарлы мемлекетте тиімді мемлекеттік аймақтық саясатты қалыптастыру үшін алдымен төмендегілерді қарастыру қажет;

а) аймақтардың экономикалық мүмкіндік денгейін анықтау;

б) нақты аймақтың еңбек бөлінісіндегі орнын және оның ұлттық экономикадағы ролін анықтау;

в) аймақтардың дамуындағы теңсіздіктердің негізгі себептерін талдау;

г) ел мен нақты аймақтың нақты және ғылыми негізделінген мақсаттарын анықтау;

д) алға қойған мақсаттарды іске асырудың макроэкономикалық және микроэкономикалық құралдарын анықтау.

Кез-келген елдің экономикалық аймақтық саясатының бүгінгі күндегі түсінігі - бұл мемлекеттің территориялық процестерге әсер етудің ғылыми-негізделінген кешені және бұл саясат жалпы ұлттық, аймақтық мүддені сақтауды есепке ала отырып елдің белгілі-бір әлеуметтік-экономикалық тепе-теңдігіне жету және сақтау үшін жүргізіледі.

Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:

- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;

- индустриялық дамыған;

- агроөнеркәсіптік;

- дағдарыстық.

Бірінші топ- стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, эқологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі өсіріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет деп атап көрсетуге болады:

• минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;

• отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру;

• ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі проблемаларды (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.

Екінші топқа ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады. Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мәселелерді қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

• шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;

• жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту;

- нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.

Үшінші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:

• ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;

• ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;

• тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.

Төртінші топқа - қысылшаң (экстремальный) табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:

• экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;

• осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапа деңгейін және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде ашық шаралар қабылдау;

• қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;

• шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.

Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификация) құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет - аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.

Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:

• өндіріс қарқынының төмендеуі;

• халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);

• жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);

• демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т.б.

Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар - бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.

Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек керсету); артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады

Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар оз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

2. Макроэкономикалық денгейдегі аймақтың экономикалық саясаты мемлекетпен оның басқару органдары, заң және үкіметтің атқарушы органдары арқылы іске асырылады. Аталған жоғарғы денгейде жалпы ұлттық экономика мен әрбір аймақтың дамуы туралы шешім жалпы ұлттық мүдделерді есепке ала отырып қабылданады. Сонымен бірге ұлттық эконмиканы біртұтас ретінде ғана қарастырып қоймай, әртүрлі белгілері бойынша бір-бірінен өзара ерекшеленетін, бірігіп қызмет атқаратын жүйе рнтінде қарастырған дұрыс. Бұл жүйеде, нақты бір аймаққа территория бойынша бекітіліп берілгеніне қарамастан, олар бүкіл елдің өндірістік-экономикалық мүмкіндіктерін, оның әлемдік экономикалық кеңістіктегі орнын, ұлттықжәне экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық экономиканың тұрақтылығын анықтайды. Бұл . әскери-өнеркәсіп кешені, бәсекелестік қабілетті, ғылыми ауқымды және жоғарғы технологиялы салалар және маңызды мәдени және әлеуметтік объектілер. Аталған объектілердің дамуын реттеу жоғарғы денгейдегі мемлекеттік аймақтық экономикалық саясаттың негізгі қызметі болып табылады.

Аймақтық саясатты қалыптастырудың негізі мыналар:

  1. мемлекеттің аймақтық саясаттын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделері.
  2. елдің өндіргіш күштерді дамыту мен тиімдірек орналастырудың объективті қажеттілігі.
  3. мемлекеттің аймақтық – экономикалық саясатын қалыптастырудың анықтаушы факторы ретінде республикадағы ауыл шаруашылығы дамытушы аудандар мен ауылдар.

Аймақтық экономиканы реттеудің жалпымемлекеттік тәсілі, республиканың тұтастай аумағында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мүдделерінен де туындайды. Ол өз кезегінде, әр түрлі себептерден әлеуметтік тұрғыда артта қалған аймақтар халқының өмір сүру деңгейін көтеру жөніндегі арнайы бағдарламаларды жасап дайындауды немесе ірі үкімет шешімдерін негіздеуді талап етеді. Мұндай бағдарламалар Қазақстанның ауылдық аудандары бойынша кезінде жасалып дайындалған болатын, бірақ олардың орындалуына кейбіреулеріне көңіл толмайды. Жоғарыдағыны жүзеге асыру үшін үш әдіс қолданылады:

1. жергілікті бюджетке аударылатын төлемдер мөлшерін арттыру мақсатында республикалық бюджет алымдарының мөлшерін азайту;

2. әр түрлі аймақтардың дамуына арналған ашық жәрдем ақылар;

3. үкімет деңгейінде аймақтық мәселелерді шешу кезінде әр түрлі аумақтық-шаруашылық жүйелерге арналған мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру.

Жоғарғы макроэкономикалық денгейдегі мемлекеттің реттеуші күші төмендегі үш бағытта шоғырланады: ұйымдастыру-басқару, заңды-құқықтық, қаржы-экономикалық.

Ұйымдастыру - басқару бағытында негізінен аймақтық экономикалық саясатты әзірлеу мен іске асыру жауапкершілігі жүктелетін аймақтың дамуын реттейтін негізгі органдар мен институттар қалыптастырылады, алға қойған мақсаттарды шешудегі ұйымдық құрылымдардың өкілеттіктері мен ролі анықталады.

Аймақтардың дамуын заң-құқықтық реттеуКонституцияға сәйкес орталық пен аймақтық мемлекеттік үкімет органдарының арасындағы өкілеттіктерді шектеуді анықтайтын көптеген арнайы заңдармен реттелінеді.

Жалпы аймақтық дамуды реттеудің құқықтық негіздері балансталынған ұлттық дамуға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, ұлттық тұтастықты нығайтуға септігін тигізуі керек және азаматтарға олардың өмір сүру ортасына тәуелсіз бірдей мүмкіндіктер беруі қажет.

Аймақтық дамуды қаржы-экономикалық реттеу әлемдік тәжірибеде тексерілген және кең тараған реттеу формалары мен әдістерін пайдалануды қарастырады. Бұл: жоспарлау, және болжамдау, қаржы - несие және бюджеттік-салық жүйесі. Аймақтық дамуды реттеу құралдарын олардың әмбебаптығы мен әсер ету көлеміне қарай екіге бөледі:

- белгілі бір территориядағы көптеген экономикалық субъектілердің қызметіне әсер ететін, жалпы экономикалық реттеуіштер мен макро құралдар;

- адрестік реттеуіштер мен микро құралдар.

Аймақтық экономикалық саясаттың микроқұралдары аймақтық экономика субъектілер қызметіне тікелей әсер ету үшін қолданылады. Әсер етудің екі басты бағыттарын бөліп көрсетуге болады: еңбекке және капиталға.

Аймақтағы толық және тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қаржыларға кадрларды қайта дайындау ұйымдастырылады, жұмыс орындарын құру үшін субсидия және мақсатты несиелер бөлінеді.

Капиталға әсер етудің негізгі микроэкономикалық құралы болып әртүрлі инвестициялық гранттар табылады. Олар аймақтың экономикалық өсуіне септігін тигізетін нақты объектілерді инвестициялау үшін бөлінеді.

Макро және микроқұралдар орталық үкімет сияқты, аймақтық органдармен қолданылады. Мемлекеттік реттеудің тиімділігі көптеген жағдайда әртүрлі макро және микроқұралдар бір-бірімен табысты сәйкес келетіндігіне, сондай-ақ қаржыларды мақсатты пайдалануға байланысты.

Белгіленген облыстардағы әкімшілік шекараларында Қазақстан аймақтарын әлеуметтік-экономикалық даму денгейі бойынша бір-бірінен тез айыруға болады. Барлық неғұрлым маңызды экономикалық көрсеткіштер мен халықтың өмір сүру денгейі және сапасы көрсеткіштері өте үлкен диапазонда ауытқиды. Макроэкономикалық денгейдегі аймақтың экономикалық саясаты мемлекетпен оның басқару органдары, заң және үкіметтің атқарушы органдары арқылы іске асырылады. Аталған жоғарғы денгейде жалпы ұлттық экономика мен әрбір аймақтың дамуы туралы шешім жалпы ұлттық мүдделерді есепке ала отырып қабылданады. Сонымен бірге ұлттық эконмиканы біртұтас ретінде ғана қарастырып қоймай, әртүрлі белгілері бойынша бір-бірінен өзара ерекшеленетін, бірігіп қызмет атқаратын жүйе рнтінде қарастырған дұрыс. Бұл жүйеде, нақты бір аймаққа территория бойынша бекітіліп берілгеніне қарамастан, олар бүкіл елдің өндірістік-экономикалық мүмкіндіктерін, оның әлемдік экономикалық кеңістіктегі орнын, ұлттықжәне экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық экономиканың тұрақтылығын анықтайды. Бұл . әскери-өнеркәсіп кешені, бәсекелестік қабілетті, ғылыми ауқымды және жоғарғы технологиялы салалар және маңызды мәдени және әлеуметтік объектілер. Аталған объектілердің дамуын реттеу жоғарғы денгейдегі мемлекеттік аймақтық экономикалық саясаттың негізгі қызметі болып табылады.

Аймақтық саясатты қалыптастырудың негізі мыналар:

1. мемлекеттің аймақтық саясаттын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделері.

2. елдің өндіргіш күштерді дамыту мен тиімдірек орналастырудың объективті қажеттілігі.

3. мемлекеттің аймақтық – экономикалық саясатын қалыптастырудың анықтаушы факторы ретінде республикадағы ауыл шаруашылығы дамытушы аудандар мен ауылдар.

Аймақтық экономиканы реттеудің жалпымемлекеттік тәсілі, республиканың тұтастай аумағында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мүдделерінен де туындайды. Ол өз кезегінде, әр түрлі себептерден әлеуметтік тұрғыда артта қалған аймақтар халқының өмір сүру деңгейін көтеру жөніндегі арнайы бағдарламаларды жасап дайындауды немесе ірі үкімет шешімдерін негіздеуді талап етеді. Мұндай бағдарламалар Қазақстанның ауылдық аудандары бойынша кезінде жасалып дайындалған болатын, бірақ олардың орындалуына кейбіреулеріне көңіл толмайды. Жоғарыдағыны жүзеге асыру үшін үш әдіс қолданылады:

1. жергілікті бюджетке аударылатын төлемдер мөлшерін арттыру мақсатында республикалық бюджет алымдарының мөлшерін азайту;

2. әр түрлі аймақтардың дамуына арналған ашық жәрдем ақылар;

3. үкімет деңгейінде аймақтық мәселелерді шешу кезінде әр түрлі аумақтық-шаруашылық жүйелерге арналған мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру.

Жоғарғы макроэкономикалық денгейдегі мемлекеттің реттеуші күші төмендегі үш бағытта шоғырланады: ұйымдастыру-басқару, заңды-құқықтық, қаржы-экономикалық.

Ұйымдастыру - басқару бағытында негізінен аймақтық экономикалық саясатты әзірлеу мен іске асыру жауапкершілігі жүктелетін аймақтың дамуын реттейтін негізгі органдар мен институттар қалыптастырылады, алға қойған мақсаттарды шешудегі ұйымдық құрылымдардың өкілеттіктері мен ролі анықталады.

Аймақтардың дамуын заң-құқықтық реттеуКонституцияға сәйкес орталық пен аймақтық мемлекеттік үкімет органдарының арасындағы өкілеттіктерді шектеуді анықтайтын көптеген арнайы заңдармен реттелінеді.

Жалпы аймақтық дамуды реттеудің құқықтық негіздері балансталынған ұлттық дамуға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, ұлттық тұтастықты нығайтуға септігін тигізуі керек және азаматтарға олардың өмір сүру ортасына тәуелсіз бірдей мүмкіндіктер беруі қажет.

Аймақтық дамуды қаржы-экономикалық реттеу әлемдік тәжірибеде тексерілген және кең тараған реттеу формалары мен әдістерін пайдалануды қарастырады. Бұл: жоспарлау, және болжамдау, қаржы - несие және бюджеттік-салық жүйесі. Аймақтық дамуды реттеу құралдарын олардың әмбебаптығы мен әсер ету көлеміне қарай екіге бөледі:

- белгілі бір территориядағы көптеген экономикалық субъектілердің қызметіне әсер ететін, жалпы экономикалық реттеуіштер мен макро құралдар;

- адрестік реттеуіштер мен микро құралдар.

Аймақтық экономикалық саясаттың микроқұралдары аймақтық экономика субъектілер қызметіне тікелей әсер ету үшін қолданылады. Әсер етудің екі басты бағыттарын бөліп көрсетуге болады: еңбекке және капиталға.

Аймақтағы толық және тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қаржыларға кадрларды қайта дайындау ұйымдастырылады, жұмыс орындарын құру үшін субсидия және мақсатты несиелер бөлінеді.

Капиталға әсер етудің негізгі микроэкономикалық құралы болып әртүрлі инвестициялық гранттар табылады. Олар аймақтың экономикалық өсуіне септігін тигізетін нақты объектілерді инвестициялау үшін бөлінеді.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.

Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады. Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанмен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б.) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу - бұл олардың дамуының қажетті шарты.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады.


 

қтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек олеуетін барынша пайдалану жатады. Осы суреттен корініп іүрғанындай, аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттары-мен өзара тығыз-байланыста жүзеге асырылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 266; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты