Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Сыртқы экономикалық реттеудің негізгі құралдары




1.Қазақстан егемен мемлекет ретінде өзінің даму бағытын дербес таңдайды, басымдықтарын өзі белгілейді. Қазақстан сыртқы экономикалық байланыстар мен сыртқы нарыққа шығу жоспарларын өз алдына жасайды.

Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі (СЭҚ) сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ шетелдермен валюта-кредит және қаржылық қатынастар бағыттарының нысандары мен әдістерінін жиынтыгымен сипатталады. СЭҚ субъектілеріне арнайы мамандандырылған сыртқы экономикалық үйымдар, кәсіпорындар, өндіріс пен қызмет көрсету салалары, биржалар, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қызмет көрсететін және оның дамуына жәрдем көрсететін ұйымдар (банктер, сауда-өнеркәсіптік палаталар және т.б.) жатады.

Президент өзінің «Қазақстанның Егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты 1992 жылғы еңбегінде «Қазақстан жаңа халықаралық ортаға тап болды. Оның сыртқы саясатының бағыты ұлттық-мемлекеттік мүдделерге сәйкес өзіндік логикамен дами бастады. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясаты жалпы адамзаттық қуатқа ие. Ол халықтардың әлемдік қауымдастықтан өз орнын таба білгенін жақтайды», – деп ескертті. Осыған орай, Қазақстан Рес­пуб­ликасы өзінің сыртқы саясатында көп­векторлық принципін ұстауда.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан өзінің сыртқы саясатында Қытайдың, Жапонияның, Ресейдің, Үндістанның, Еуроодақтың күшейе түсуін басшылыққа алды. Қазақстан геосаяси аренада шынайы ойыншыға айналуды мақсат тұтты және осы дәрежеге ол біртіндеп көтеріліп келе­ді. Ел түрлі алпауыт державалар арасында әртүрлі қарым-қатынастар жүргізіп, өз мақсат-міндеттерін шешуде біршама табыстарға қол жеткізуде.

1992 жылы Қазақстан Солтүстік атлант­икалық әріптестік Кеңесіне мүше болды. Бұл ұйым 1997 жылдан бастап Еуроатлантикалық әріптестік ұйымына айналды. НАТО ұйымы бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан тәуелсіз мем­лекеттермен және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен бірлесіп «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасын жүзеге асырды. Ондағы мақсат, осы ел­дер­мен бірлесіп, аймақтық әскери қақтығыстардың алдын алу, терроризмге қарсы ортақ іс-қимылдарды үйлестіру болды. Қазақстанның қарулы күштері АҚШ пен НАТО-ның алдыңғы қатарлы әскерилерінен соғыс техникасы мен тактикасын меңгеруді үйренді. Бірлескен жаттығулар өткізу жыл сайынғы дәс­түрге айналды. НАТО-мен әріптестік Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтуға өз ықпалын тигізді.
Қазақстан шетелдермен екі жақты қатынастар орнатуда белсенді шаралар жүргізді. Соның нәтижесінде 1993 жылы Қазақстан Республикасын егеменді ел ретінде 111 мемлекет танып, олардың 92-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. 2010 жылы Қазақстанмен 120-дан астам мемлекеттер дипломатиялық қатынастар жасады. Екі жақты және көпжақты сыртқы қатынастар 2009 жы­лы Президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының сыртқы саясат концепциясы» негізінде жүзеге асырылуда. Бұл Концепцияда қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі даму бағыттары анықталып, дипломатиялық қызметтің міндеттері көрсетілді. Қазақ­станның сыртқы саясатының негізгі мақсаты елдің ұлттық мүддесін қорғау екендігі ескертілді.
Қазақстанның әлемдік қауымдас­тықтағы беделі, оның ядролық қарусыз ел ретіндегі статусына байланысты өсе түсті. Әлемде қуаты жағынан 4 орын алатын ядролық қаруларды Қазақстан АҚШ пен Ресейдің көмегімен 1995 жылдың 26 мамырында толық демонтаждап біт­ті. Қазақстан стратегиялық шабуыл қару­ларын қыстарту, ядролық қаруларды таратпау, ядролық сынақтарға тыйым салу туралы жалпыға бірдей келісім-шарттарға қол қойды. Қазақстан нақты шаралары арқылы әлем мемлекеттерін ядролық қауіп­ті жоюға шақырды.

Қазақстанның әлем мемлекеттері ара­сында бірінші болып қуатты Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы арқылы өз ұстанымының айқын екенін көрсетті. Ол – ядролық қарусыз әлем құру. Семей полигонының 1989 жылы 29 тамызда жабылуы күнін БҰҰ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялады. Қазақстан атом қуатын тек қана бейбіт мақсаттарға, қуат көзі ретінде пайдалану туралы ұсыныстар айтты. Соның бірі Ядролық отынның халықаралық банкін жасау. Ондағы мақсат төмен байытылған уранның кепілді қорын жасау арқылы атом электрстанцияларын салатын мемлекеттерге атом реакторлары қондырғыларын құруға көмектесу.
Қазақстанның сыртқы саясат доктри­насына оның Ресей және Қытаймен шека­ралас болуы ерекше ескерілді. Ре­сей Федерациясы мен Қазақстанның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 7,2 мың шақырымдай болса, Қытай Халық Республикасымен 1,7 мың шақырымдай ортақ шекара бар. Сондықтан, Қазақстан әлемдік басым державалар болып саналатын Ресей, Қытай мемлекеттерімен бейбіт, тең және ынтымақтастық қатынастарды орнатуға ерекше мүдделі.

2. Елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуы көбінесе ол жүзеге асырылатын жағдайларды ырықтандырылуына байланысты. Қазіргі уақытта ол сыртқы саудадағы және сыртқы экономикалық қызметтің басқа да түрлеріне мемлекеттік монополияның едәуір әлсіреуімен сипатталады. Меншік нысандары және шаруашылық қызметінің түрлері әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдарда сыртқы нарыққа тікелей шыға алады.

Сыртқы сауда қызметіне ыкпал ету импорттық және экспорттық кеден баждары, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында экспорттық және импорттык мөлшерлік шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Мөлшерлік шектеулер белгіленгенде квота бөлу мен лицензия беру негізінен конкурс немесе аукцион өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың практикалық қызметінін негізгі басымдықтарын (бағдарларын) атап өтейік.

Импорт саласында: импорт тарифін жетілдіру - оны барынша егжей-тегжейлі нақтылау, мөлшерлемелерді құрылымдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес саралау; техникалық кедергілерді бұдан да кең қолдануын, қорғаныс (өтемақылық және демпингке қарсы баждарды), сондай-ақ әріптестердің заңсыз іс-әрекетіне жауап іс-шараны пайдалану).

Экспорт саласында: дәстүрлі емес отандық өнімді халықаралық ережелер шеңберінде сыртқы нарықтарға жылжытуды экономикалық ынталандыру және қаржылық қолдауды күшейту; еліміздің экспорттық әлеуетін ең алдымен өңдеуші салалар есебінен, алдағыжылдары іске асыруды қамтамасыз ететін құрылымдық саясатты қамтамасыз ететін қүралдардың көмегімен кеңейту.

Капитал қозгалысы саласында: Қазақстанда шетел инвестицияларын және шетелде отандық капитал салымдарын жүзеге асыруды тәртіптейтін заңнаманы реттеу және оның республикалық және аймақтық деңгейлерде тиісінше орындалуына кепілдікті қамтамасыз ету; импорттық және бартерлік операцияларды тиімді кедендік-банктік бақылауды осы арналар бойынша елімізден капиталдың кемуін қысқарту мақсатында жүзеге асыру.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытындылар жасауға болады:

1. Ішкі жағдайға біршама тәуелді емес сыртқы экономикалық саясат дағдарыс жағдайынан тыс және экономиканың барлық саласында тұрақты есу байқалатын елдерде ғана жүргізілуі мүмкін екенін біржолата мойындау қажет.

2. Бүгінгі күні республикамызда қалыптасқан ішкі шаруашылық және әлеуметтік жағдайда сыртқы экономикалық саясаттың басты қағидаты - отандық өндірушілерді тиімді корғауды, сондай-ақ тауарлардың, төлемдердің, кірістердің толыққанды қозғалысын, еңбекке жарамды халықты

жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тарифтік саясаттың оралымдылығы болуы тиіс.

3. 1991 жылы тәуелсіздік жарияланғаннан бастап Қазақстан өз экономикасын түбегейлі реформалауға кірісті. Осы кезең бұрынғы одақтас республикалардың арасында қалыптасқан және Қазақстанның алыс шетелдермен екі жақты экономикалық тікелей байланыстарының айтарлықтай кеңейген өзара қарым-қатынастарының жаңа сипатына байланысты жаңа сыртқы экономикалық сектор пайда болған уақыт.

Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту стратегиясы халықаралық еңбекті бөлу жүйесінде Қазақстанның жағдайын жақсартуға, өнім сату рыноктарын кеңейтуге, тұрақты экономикалық және әлеуметтік өркендеуге қол жеткізуге бағытталды. Мемлекет Бұл үшін экспортты әлеуетті дамыту, импортты ұтымды ету, отандық кәсіпорындар өнімінің әлемдік нарықтағы бәсекелестігін арттыру, өндірісті технологиялық жаңарту үшін шетел инвестицияларын тарту, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар қарастырды. Сыртқы саясатты қалыптастырудың бастапқы алғышарттары қандай?

Біріншіден, Қазақстан өтпелі кезең барысында экономиканы дамыту және ақша жүйесі саласында тұрақтандыру іс-шараларын жүргізуге, дағдарыс процестерін кідірте түруға қажетті валюталық қаржысыз қалды.

Екіншіден, экономикалық саясат саласы бұрынғы КСРО-ның орталық органдарының құзіретінде болуынан республика үкіметі мен Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметте қажетті тәжірибесі болмады. Алайда, реформалар бағыты бойынша дэйекті әрі әрдайым өзгермей ілгерілеу, ашық экономика саясатын жүргізу, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру айтарлықгай нәтижелерге қол жеткізді.

Оңды жетістіктер катарына мыналар жатады:

• 1995 жылы ҚР «Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру туралы» Заңының қабылдануына байланысты сыртқы экономикалық қызмет субъектілері санының едәуір артуы. Заңға сәйкес стратегиялық маңызды ресурстардың экспорты мен импортын қоспағанда барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге сыртқы экономикалык қызметті дербес жүргізуге кұқық берілді;

• мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын монополиясыздандыру;

• заңнамада тыйым салынбаған өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау мен квоталаудың алып тасталуы;

• есебі жүргізілетін сипаттағы келісімшарттарды тіркеу жүйесін енгізу;

• импортқа мемлекеттік тапсырыс жүйесінен мемлекеттік көтерме сатып алуға көшу.

Осы шаралардың барлығы сыртқы сауданың дамуына әсер етті, алғашқы рет сауда балансының жағымды балансына кол жеткізуге ықпал етгі. Мысалы, ол 1995 жылы 1232,3 млн долларды, 1996 жылы - 1969,1 млн долларды құрады.

Сонымен бірге реформалау барысындағы келеңсіздіктер мен қателіктер нәтижесінде туындаған және сыртқы саясатты әзірлеуге әсер еткен мына кейбір жағымсыз үрдістер де байқалды:

• біріншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары заңнамада толық қамтылмауынан құнды шикізаттар экспортқа әлемдіктен төмен бағалармен кетті, мұның өзі бюджетке валюталық қаржының келіп түспеуіне әкеп соқтырды;

• екіншіден, мемлекет тарапынан ірі экспорттаушы кәсіпорындардың сыртқы сауда операцияларын жүргізу барысын тиісінше бақылаудың болмауынан шетел фирмаларының жеткізілетін енім үшін төлемеуінің артуына ықпал етті, мұның өзі де экономикадағы дағдарыс құбылыстарын одан әрі күшейтті;

• үшіншіден, республикаға сапасыз тауарлардың жаппай әкелінуі көптеген отандық кәсіпорындардың банкроттануына әкеп соқтырды. Осы жағдайларда мемлекетке сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) реттеу құралдарын белсенді пайдалану қажет. Квоталау, лицензиялау, валюталық реттеу, сондай-ақ салықтар, баждар және т.б. СЭҚ-ті реттеу құралдары болып табылады.

Әкімшілік реттеу құралдары, әсіресе ел экономикалық тұрақсыз, тапшылық және дағдарыс жағдайда болғанда ерекше тиімді. Олар экономиканы қорғау уақытша (импортқа квота) не оны жұмылдыру арқылы қалпына келтіру және ресурстарды оңтайлы пайдалану мақсатында уақытша қолданылады.

Экономиканы тұрақтандыру кезеңінде экономикалық реттеу құралдары маңызды орын алады. Тауарлармен, жүмыстармен, қызметтермен, ақпаратпен халықаралық алмасу саласындағы кәсіпкерлік қызмет түріндегі сыртқы сауда субъектілердің сыртқы экономикалық байланыстарының аса маңызды нысандарының бірі болып табылады. Оған зияткерлік қызмет нәтижелерімен алмасу, оның ішінде оларға ерекше құқықтар да кіреді.

Экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

1. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу мен оның жүзеге асырылуын бақылау жүйесінің бірлігі.

2. Елдің кеден аумағының біртүтастығы.

3. Экономикалық реттеу шараларының басымдығы.

4. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың теңдігі және мемлекеттің олардың құқықтары мен заңды мүдделерін корғауы.

Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөнiндегi мемлекеттiк шаралар:
1) экспорттық кредиттердiң кепiлдiктерi мен сақтандыру жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

2) сыртқы сауда қызметiн дамытуға жәрдемдесетiн сауда көрмелерiн, жәрмеңкелердi және өзге де iс-шараларды ұйымдастыру;

3) экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң институционалдық жүйесiн құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

4) экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң экономикалық құралдарын қолдану;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыртқы сауда қызметiн ынталандырудың және көтермелеудiң өзге де нысандарын iске асыру болып табылады.

Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi ұлттық ұйым қызметiнiң мақсаттары:
1) экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң институционалдық жүйесiн құру;
2) отандық тауар өндiрушiлердiң экспорттық қабiлетiн дамыту болып табылады.
Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi ұлттық ұйымның мiндетi экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң экономикалық құралдарын iске асыру болып табылады.

Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу шараларына:

кедендiк баждарды; тарифтiк жеңiлдiктердi; тарифтiк преференцияларды;

тарифтiк квоталарды қолдану жатады.

Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудiң тауарлық құрылымын ұтымды ету;

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудiң және оған әкелудiң ұтымды арақатынасын ұстау;

3) Қазақстан Республикасында тауарларды өндiру және тұтыну құрылымында прогрессивтiк өзгерiстер үшiн жағдайлар жасау;

4) Қазақстан Республикасының экономикасын импортталатын тауарлардың қолайсыз әсерiнен қорғау;

Қазақстан Республикасының әлемдiк экономикаға тиiмдi ықпалдасуы

үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;

6) елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

Тарифтiк квоталар.Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн ынталандыру, ауыл шаруашылығы тауарларын тұтынудың қажеттi көлемiн қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарлардың жекелеген түрлерiн әкелуге тарифтiк квоталарды белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi тарифтiк квотаның көлемiн, оны бөлу әдiсiн, тәртiбiн айқындайды және оны сыртқы сауда қызметiне қатысушылар арасында бөледi. Тарифтiк квотаның қолданылу мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Әкелiнуiне қатысты тарифтiк квоталар қолданылатын ауыл шаруашылығы тауарларына кедендiк баждардың квотаiшiлiк ставкалары және кедендiк баждардың квотадан тыс ставкалары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгiленедi.
Iшкi тұтыну үшiн тарифтiк квоталар шеңберiнде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу уәкiлеттi орган беретiн лицензиялар негiзiнде жүзеге асырылады. Лицензияларды беру өздерiне квоталар бөлiнген сыртқы сауда қызметiне қатысушылардың өтiнiштерi негiзiнде жүзеге асырылады. Лицензияларды беру тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында айқындалады.

Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларына:
1) жекелеген тауарларды әкетуге және әкелуге тыйым салу;

2) жекелеген тауарларды әкетудi және әкелудi сан жағынан шектеулер;

3) тауарлардың жекелеген түрлерi экспортына және импортына ерекше құқық беру;

4) сыртқы сауда қызметi саласындағы лицензиялау;

5) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортын және импортын

қадағалау;
6) халықаралық экономикалық санкцияларды орындауға қатысу;
7) техникалық, фармацевтикалық, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық, экологиялық стандарттар, нормалар мен талаптар, әкелiнетiн тауарлардың сапасын бақылау жатады.

Шет мемлекет Қазақстан Республикасының мүдделерiн бұзатын шаралар қолданған жағдайда, сондай-ақ ол халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы алдында қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта белгiленген консультациялар мен рәсiмдер жүргiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының мүдделерiн тиiмдi қорғау үшiн қажеттi шекте, жауап шара ретiнде сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолдануға құқылы.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 394; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты