КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурет 1 Аймакты басқару жүйесі және оның мемлекеттік реттеу жүйесінің орны⇐ ПредыдущаяСтр 25 из 25 Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен-өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама жасап, сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Аймақтық саясатты нақты қапыптастыру үшін еліміздің кеңістіктегі айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегілер: - еліміз аймақтарының табиғи-климаттық жағдайының айырмашылығы; - аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, сондай-ақ пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді; - аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсуі туындайды. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық даму деңгейіне ықпал етеді; - инновация енгізу жағынан артта қалуы, өңдірістің ескі құрылымы; - елдің экономикалық даму тенденциясы; - тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысын институционалдық фактор: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайы, аймақтың даму тарихы және т.б.; - орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфрақұрылым; - әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б; - орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы; - орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы. Экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған елдерде аймақтық дамуға мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады: біріншіден, «әділдік», яғни барлық аймақ тұрғындары үшін жақсы тұрмыс-жағдайына жетудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; екіншіден, «тиімділік», жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайын көтеру мақсатында әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану талап етіледі. Бұл екі мақсат қарама-қайшы да бірыңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдыққа ие болса, дағдарыс кезеңінде екінші мақсат алдыңғы орынға шығады. Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құрылады. Осыған орай, аймақтық экономикалық саясат, орталық үкіметпен қоса аймақтық билік нышандарымен де жүргізілуі тиіс. Тек орталық билікте ғана елдің экономикалық өсуін ынталандыру, жалпы әлеуметтік шиеленісуді азайту үшін аймақ пен салалар арасындағы пайданы тиімді қайта бөлу, елдің экономикалық дамуындағы терең аймақтық және салалық теңсіздікті қысқартуға мүмкіндік беретін тұрақты экономикалық өсу траекториясына шығу тәрізді күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік бар. Ал аймақтық деңгейдегі билік болса өз мүдделеріне сәйкес, өз өкілеттіліктері шегіндегі мәселелермен айналысады. Аймақтық дамуды басқару осы орталық пен аймақтар арасындағы мүдделерді үйлестірудің нысандары мен әдістерін қолдануды, аймақаралық және аймақішілік материалдық ресурстар мен қаржылық ағындарды пайдалану арасындағы өзара байланысты күшейтуді, республиканың, әсіресе дағдарыстық аймақтардағы субъектілердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттік қолдау механизмін жетілдіру тәсілдерін көздейді. Қазіргі кезеңдегі аймақтар дамуының негізгі басқарушылық астары ретінде республикалық және аймақтық бағдарламалардың өзара әрекеттесуі мен үйлесуі, болып жатқан өзгерістерге сай олардың оңтайлы сәйкестігі қарастырылады. Аймақтық саясаттың екі деңгейлілігі екі басқару субъектісін - орталық (Үкімет) пен аймақты (аймақтық басқару органдары) анық бөліп көрсетумен байланысты болып отыр. Бұл деңгейлердің әрқайсысы өздерінің басқару аясында, функцияларын орындауда толықтай дербестікке ие. Барлық мәселе - осы аялар мен функциялардың қалай бөлінетіндігінде, аймақтық басқару органдарына қаншалықты бостандық берілгендігінде және басқару субъектілерінің арасында қандай қатынастар орнатылғандығында. Аймақтық саясатты жасақтаудың мәні аймақты басқару функцияларын бөлу қағидаларын, мемлекеттік және жергілікті деңгейде аймақтық саясатты жүзеге асыру қағидаларын, сонымен қатар нақты экономикалық механизмдерді жасақтау болып табылады. Орталық үкімет аймақтық саясатты елімізді дамытудың жалпы ұлттық мақсаттары шегінде жүзеге асырады және экономиканың даму жағдайына тәуелді. Экономикалық дағдарыс кезеңінде - экономикалық мақсаттар, ал экономикалық өсу кезеңінде әлеуметтік мақсаттар артықшылыққа ие болады. Қазіргі уақытта, Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады: 1. Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру. 2. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру. 3. Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттарымен ұштастыру. 4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аймақтық деңгейдегі басқару функциялары рөлінің өсуіне алып келеді. Осыған орай билік деңгейлері арасында өкілеттіліктерді; жауапкершіліктер мен функцияларды бөлу жүзеге асырылуы гиіс. Биліктің барлық деңгейлері: • халыққа әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуы және негізгі, конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуі тиіс; • шаруашылық жүргізудің әр түрлі механизмдерін қолдануды реттеуі қажет; • халыққа қажетті, бірақ пайдасы аз және тиімділігі төмен кәсіпорындарды ұйымдастыру мен қолдау жөніндегі, функцияларды жүзеге асыруы тиіс; • басқару органдары аймақтың артта қалған аудандарын дамыту саясатын жүргізуі керек; • табиғат қорғау шараларын жүргізуі тиіс. Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтың ерекшелігін, олардың шешетін стратегиялық және тактикалық міндеттерінің сипатын ескеретін, икемді және сараланған болуы керек. Сонымен аймақтарды басқару келесілерді талап етеді: - республикалық және аймақтық деңгейлердегі басқару органдарының функциялары мен өкілеттіліктерін шектеу. Бұл басқару функцияларының қайталануына жол бермеуге, басқарудың ұйымдық құрылымының иерархиялылығын белгілеуге, әрбір деңгейдің шаруашылық жүргізу нәтижелеріне жауапкершіліктерінің шамасын анықтауға мүмкіндік береді; республикалық басқару органдарының, сондай-ақ шаруашылық жүргізудің аймақтық жүйелерін басқаруға аймақтық басқару органдарының қатысуының негізгі нысандарын табу.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өте маңызды алғы шарты бағдарламалау болып табылады. Мемлекеттік бағдарламалау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ғылыми негізделген жүйесін айтамыз. Уақытша орта мерзімдегі дайындық бағдарламасы 4-7 жылға құрылады. Бұл толығымен аяқталған болып табылады. Бір жағынан, олар даму бағдарламасын дайындау және жүзеге асыруда орындаушы үкіметтің ротациялық уақыт кезеңімен дәл келеді. Басқа жағынан, аз уақыт мерзімінде отандық экономиканың көлемін есепке ала отырып, басқарушылық іс-әрекеттің қажетті сезімталдық әсер алуында. Бағдарлама – бұл әлеуметтік-экономикалық дамуда белгілі сапалық және сандық мақсаттарға жетуге бағытталған әлеуметтік, құрылымды-инвестициялық, қаржы-несиелік, салықтық, бюджеттік, баға, сыртқы экономикалық, аграрлық, ғылыми-техникалық, институтционалдық саясаттар аумағында қарсы тұрмайтын шаралардың, локальды уақыт пен кеңістіктегі кешенді айтамыз. Мемлекеттік аймақтық бағдарламалар әлеуметтік экономикалық (табыстар деңгейінің төмендігі, кен орындарын игеру салдарынан туатын жұмыссыздардың жоғары деңгейі бәсекелестің шарттың өзгеруі), экологиялық (апатты жағдайлар, климаттың өзгеруі) сипаттағы нақты өлшем көрсеткішіне, мемлекеттің арнаулы экономикалық немесе техника, технологиялық мүдделеріне арнаулы экономикалық аймақтар, технополистер сүйенуге тиіс. Олар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырады, ал сыртқы және жергілікті көздер олар үшін басқаша шешімдер қабылдау жолымен тартылуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар арнаулы заңдар негізінде жүзеге асуы тиіс. Әрбір аймақ өз мүмкіндіктері аясында өзінің экономикалық саясатын, яғни табыс табу негізін заңмен тиянақтау мен өкілеттілікті өзін-өзі басқару туралы заңдар аймағында жүргізілуі мүмкін. Стратегиялық даму бағдарламалары мен жоспарлары аймақтық саясаты іске асыру механизмі болып табылады. Мемлекеттің экономикасын реформалаудағы негізгі мәселенің бірі аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу болып табылады. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан кезеңде негізінен макроэкономикалық мәселелерге қойылған: қаржы-несие жүйесін дамыту, бюджеттік салықтық саясатты реттеу, салық салу жүйесін экономикалық және әлеуметтік салаларын дамыту мақсатында ыңғайландыру, сыртық экономикалық қарым-қатынасты сапалы дамыту және қоғамдық өндірістің құрылымын бәсекелі, тікелей тұтынылатын өнім шығаруға бейімдеп дамыту. Қазақстанның экономикалық жағдайында макроэкономикалық мәселелерді шешуде негізінен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының біркелкі еместігі шиеленістіреді. Сонымен қатар, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тиімді құруда мемлекеттің, оның ішіндегі жеке аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды әсерін тигізеді. Сондықтан, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының айырмашылықтарына тоқталу маңызды. Сондықтан, елдегі қаржы дағдарысынан кейін аймақтарды дамыту мәселесі бойынша көптеген бағдарламалар жасалынғаны белгілі. Әсіресе, мемлекеттің соның ішіндегі аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуда, әлеуметтік саясаттың қазіргі таңдағы негізгі мақсатының бірі аймақта халықты қажеттілігімен толық максималды қамтамасыз ету, аймақта кедейшілік деңгейін азайту, және сонымен бірге халықтың әлеуметтік-экономикалық дифференциациясын төмендету, бұл тек біздің аймақта ғана емес, сонымен қатар аймақтардың толығымен алғанда мемлекеттің мақсаты болып табылады. Келесі логикалық қадам келешекте қарастырылатын шешімдер үшін мақсат пен міндеттерін қалыптастыру болып табылады. Алға қойылған сапалық және сандық түрдегі мақсаттары мен бағыттары әлеуметтік-экономикалық параметрлердің нақты кезеңі үшін соңғы қарастырылған мерзімде нақты анықталған сипатқа тән болуы қажет. Қазіргі таңда бағдарламаны қалыптастыру аясында аймақтың экономикасын дамыту саясатының басты міндеті келесідей түрде қалыптасуы мүмкін: - әлі сақталған күш қуатының деңгейін ұлғайту; - инвестициялық қызметтің қажетті көлемін қалпына келтіру; - өңдеуші және қайта өңдеуші салалар арасында қор ресурстарын бөлу, баға механизмдерін қалыптастыру; - жаңа ұдайы өндірістік механизмдер базасында экономикалық өсудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету; - экономикада жоғары дамыған тұтынушылар секторын құру, табыстың өсуі мен оны жүзеге асыру шарты арқылы халықтың экономикалық белсенді қызметінде денсаулық мотивациясын қалыптастыру үшін алғы шарттар құру; - елдің экономикалық потенциалын арттыру, модернизациялау, экономиканы құрылымдық қайта құру; - отандық өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру мен техникалық деңгейін ұлғайту есебінен өңдеуші өнеркәсіптердің әлемдік нарыққа шығуы. ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты бағытын және белгіленген бағытқа жетуде құралдар мен мемлекетпен жоспарланған тиімді жолдарының кешенді жүйесін айтамыз. Мұндай келешектегі орта мерзімдік бағдарлама мынамен сипатталады: - алдағы кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын бағалау және экономиканың жағдайын сипаттау; - келешектегі орта мерзімге еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының концепциясы; - макроэкономикалық саясат; - институтционалды қайта құрылым; - инвестициялық және құрылымдық саясат; - аграрлық саясат; - экологиялық саясат; - әлеуметтік саясат; - аймақтық экономикалық саясат; - сыртқы экономикалық саясат. Қазіргі таңда аймақтық бағдарламалар облысымыздың әлеуметтік-экономикалық саясатының іске асыру маңызды құралы болып саналады. Бағдарламалардың тізбесіне 18 - қолданыстағы және 6 - әзірленетін бағдарламалар енді. Бағдарламалар тізбесіне енген бағдарламалар, ҚР Президентінің Қазақстан халқына “Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін” Жолдауына, ҚР Үкіметінің бағдарламалық құжаттарына, облыс әкімінің тапсырмаларына сәйкес, қарастырылған. Аймақтық бағдарламаларға қойылатын талаптар - олардың кешенділігін, жүйелілігін және нәтижелігін күшейтуге бағытталады. Бұл бағдарламаны қаржыландыру көздері – республикалық және жергілікті бюджеттер, 2-ші дәрежелі банктердің несие ресурстары, банктік емес қаржылық институттар, кәсіпорындар, кәсіпкерлердің меншікті қаражаттары, мемлекеттік даму институттарының қаражаттары, халықаралық ұйымдардың гранттары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ-ы арқылы ұйымдастырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда бәсекеге қабілетті экономика негізін құру Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаты болып табылады. Қойылған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттерді шешу ұйғарылып отыр: - негізгі тұғыры минералды ресурстар (уран, алтын, көмір) болатын, облыс экономикасын диверсификациялау; - терең ғылыми және жоғары технологиялы экспортқа бағытталған өндірістерді ұлғайтуды ынталандыру; - қайта өңдеу циклынан толық өткен тауарлардың пайдасына облыстың экспорттық әлеуетін диверсификациялау; - аграрлық секторды дамыту және ауыл өмірінің тұрмыс деңгейін жақсарту; - тіршілік үшін нормадағы тұрмыс жағдайын жасау, тұрмыс күй дәрежесін өсіру және өмір сүру деңгейін көтеру, жаңа жұмыстар мүмкіндігін құру. Жоспарланған мерзімде мынадай міндеттерді шешу ұйғарылып отыр: - денсаулық сақтауды дамыту; - халықтың білім деңгейі мен кәсіби біліктілігін арттыру; - жоғары технологиялық өндірісті құру; - минералды ресурстарды өндіруге инвестиция тарту; - ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігі мен оның тиімділігін арттыруға жағдай жасау; ауылдың (село) өндіріс және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту деңгейін жақсарту; кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту. 2009-2011 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары болып мыналар көзделген: -2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру;
-ауылды әрі қарай көтеру шараларын жандандыру, ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін әрі қарай өсіруге, ауылдың (село) тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуға бағытталған аймақтық азық-түлік бағдарламасын, ауыл аумақтарын дамыту бағдарламаларын іске асыру; - тұрғын үй құрылысымен қамтамасыз ететін шаралар кешені; - білім беруді дамытудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру; - денсаулық сақтау жүйесін реформалау; - шағын кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ететін шаралар кешені; - өндіріс және әлеуметтік салаларды дамыту; - халықтың зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандырылуын әрі қарай дамыту.
|