Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Кесте – 1 Агроөнеркәсіптік өндірісін басқару қызметіндегі айырмашылықтар.




Нарықтық кәсіпорындар Әкімшіл-әміршіл басқару үлгісіндегі кәсіпорындар
міндетті түрде сатылатын тауарлар Кәсіпорындарда өндіріледі өздері шығара алатын тауарлар
көп Өнім ассортиментті аз
барлық ішкі сыртқы факторлар Жоспарлауға есепке алынады Ішкі өндірістік факторлар
негізінен ұзақ мерзімді Жоспарлау масштабы басым жағдайда қысқа мерзімді
барынша ыңғайлы Өндірістік үрдіс әдетте қатаң
не болса соны өндірмей сатылатын тауарды өндіру Басқарудың және ұжым философиясы   тұтынушыға назар аудармай өндірілген тауарды сату
тұтынушылар сұранысы және басқа нарықтық факторлар Жаңа тауар шығару мыналарды есепке алады өндіріс мүмкіндігі
нарық коньюктурасы Баға саясаты мыналарды есепке алады өзіндік құн
экономистер, менеджерлер, маркетоллогтар Жауапты қызметкерлер технологтар, өнімді өндірушілер
       

 

Аграрлық өндірістің жоғарыда айтылған ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен тығыз байланысы, ауа райы мен жер бедері жағдайларының әр түрлілігі шаруа еңбегінің ерекше мәнде болуы өз бойында іскер – қожайын, басқарушы – менеджер және жұмысшы – орындаушы сияқты үш қасиетті жинақтаған ерекше жұмысшының жұмыс істеуін талап етеді

 

2. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу мақсаты ерікті бәсекелесті қуаттау негізінде нарықтық қатынастарды үйлестіру және қоғамдағы әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік деңгейде болашақ экономиканың даму болжамы жасалады.

Аграрлық саладағы шаруашылық субъектілердің берілген сценарилерді жүзеге асыру бағытындағы қызметін ынталандыратын экономикалық шаралар жүйесі жасалады. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін өзіндік экономикалық мүддесі және жағдайға ықпал ете алатындай мүмкіндігі бар алуан түрлі экономикалық субъектілер қызметін үйлестіру қажет. Мұндай субектілер қатарына мемлекет, министрліктер жергілікті басқару органдары әртүрлі қоғамдық ұйымдар кіреді. Әрине, нарықтық экономика заңмен тиым салынбайтын қызметтің кез келген түрімен айналысатын кәсіпкерлердің бостандығы қарым-қатынасына негізделеді, дей тұрғанмен агроөнеркәсіптік кешен үшін мемлекеттік реттеу жағдайында ғана шешілетін мәселелер ерекше болып табылады. Олардың қатарына мыналар кіреді:

- шаруашылық жүргізу нәтижелерінің адам бақылауына көнбейтін

табиғи және әсіресе ауа райы жағдайларына тәуелді болуымен, өндіріс қорымен қызмет көрсетудің бағалық конъюнктурасымен анықталатын ауылшаруашылық өндірісі;

- төмен рентабелділікке ие, бірақ өзін-өзі баяу ақтайтын күрделі

қаржыны игеру қажеттілігіне ие кәсіпорындардың болуы.

Сонымен бірге, мемлекеттік ұйымдардың ауылшаруашылық кәсіпорындар қызметіне шамадан тыс араласу жағымсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтанда мемлекеттік реттеу ең қажетті шаралармен шектелуі тиіс, олар (сурет - 1):

- нарықтық қатынастарды дамытуға ынталандыратын заң және

нормативтік актілер жасау және қабылдау жолымен құқықтық базаны қалыптастыру және олардың жүзеге асырылуымен орындалуына бақылау жасау;

- баға белгілеу, салық салу, қаржылық несиелік қарым-қатынас

қамсыздандыру және тағы басқа мәселелерді дұрыс шешуді қарастыратын аграрлық саясатты жасау және жүзеге асыру;

- агроөнеркәсіптік кешен өндірісін тұрақтандыру, тауар өндірушілер табысын қолдау және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану есебінен өндірушілердің сапалық қайта құрылуын жеделту үшін жекелеген салалармен аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік құрылымдық саясатты жүзеге асыру.

 

 

 



Поделиться:

Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 157; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты