КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азіргі кездегі кәсіпкерлікті ынталандырудың нормативті-құқықтық аспектілері
1. Бәсекелестік саласындағы саясат елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатына қол жеткізудің негізгі құралы және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мен азаматтардың тұрмыс деңгейін айқындайтын түйінді фактор болып табылады. Бәсекелестік саясат нарық субъектілерінің жарысқа түсуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету, экономиканың тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпорындарды жаңғырту және азаматтардың тауарлар мен қызметтерге қажеттілігінің экономикалық тиімді тәсілдерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында мемлекет жүзеге асыратын дәйекті шаралар кешенін білдіреді. Қазақстан Республикасының бәсекелестік саласындағы саясаты мемлекеттік басқару жүйесі экономикалық және әлеуметтік нормалардың сапасын талап ететіндіктен және заңдарды, оның ішінде бәсекелестікті қорғайтын заңдарды қолдануды негіздейтіндіктен, мемлекеттік реттеу жүйесін реформалауда басты рөльдердің біріне ие. Қазақстан Республикасының Конституциясында әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар екендігі көзделген. Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына экономиканың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың, нығайтудың ұзақ мерзімді бағдарларының негізі қаланды, онда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың нарықтық тетіктері ретінде бәсекелес нарықтарды және монополияға қарсы реттеудің сенімді құралдарын құру айқындалды. Бәсекелестік саясаттың мақсаттарына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешуді болжайды: - негізделмеген ішкі және сыртқы сауда кедергілерін қысқарту, артық реттеулерді болдырмау, көліктік, ақпараттық, қаржылық, энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту және нарыққа қатысушылар үшін оған қол жетімділікті қамтамасыз ету есебінен жалпы бәсекелестік ортаны жақсарту; - монополияға қарсы реттеуді жетілдіру арқылы мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерінен бәсекелестікті тиімді қорғауды арттыру; - негізделмеген ішкі және сыртқы сауда кедергілерін жою, салықтық және салықтық емес ынталандыру және қолдау құралдарын пайдалану жолымен жекелеген салаларда бәсекелестікті дамыту шараларын іске асыру. Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) заңнамалық базаны жетілдіруге, экономиканың кәсіпкерлік және инвестициялық тартымдылықтары үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Бағдарламада бәсекелестік саясатты іске асыру үшін негіз болып табылады, 2014 жылға дейінгі кезеңде оның басымдықтары мен негізгі бағыттарын айқындайды, монополияға қарсы реттеу шараларын, өзге де қорғау шараларын, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет мүмкіндіктерін кеңейтетін және ынталандыратын бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды енгізеді. Аталған бағдарламада мынадай іс-шараларды іске асыру қарастырылған: - мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқартуға; - жергілікті атқарушы және өкілді органдар қызметінің ашықтығын арттыруға; - әкімшілік кедергілерді қысқартуға және кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қажетті инфрақұрылымдарды құруға жәрдемдесетін болады. 1990 жылдары Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту үшін көптеген шаралар жасалды: - бәсекелестік заңнамасы қабылданды; - монополиялық және бәсекелест нарықтарды бөлу жүзеге асырылды; - жекешелендіру жүргізілді; - әкімшілік қысым төмендетілді. Макроэкономикалық саясаттың негізгі міндеттері бизнес жүргізу, компаниялар мен нарықтарды дамыту, қоғамның қажеттілігін неғұрлым толық қанағаттандыру үшін қолайлы нарықтық ортаны қалыптастыру болып табылады. Сондықтан, мемлекет іске асыратын экономикалық саясат бәсекелестік қағидаттарға негізделуі тиіс. Бәсекелестікті дамыту – оны шешу үшін барлық мемлекеттік билік органдары жауапты болатын кешенді міндет. Ұзақ уақыт бойы саясаттың негізгі құралы ретінде қорғау тетіктері пайдаланылды. Бірінші кезекте, оған монополияға қарсы заңнаманы қолдану жатады. Қиындық монополияға қарсы реттеудің мейлінше аз құралдармен шектелуінде және ең алдымен бәсекелестікті дамытуға емес, құқық бұзушылықты жоюға бағытталғандығында болып отыр. Бәсекелестікті дамытудың міндеті экономикалық реттеудің барлық құралдарының пайдаланылуын жетілдіруді талап етеді. Бәсекелестік саясаттың рөлі нарықтық билікті теріс пайдаланатын нарық субъектілеріне монополияға қарсы заңнаманы қолдануға әкеп соқпайды. Бәсекелестік мемлекеттік экономикалық саясат шаралары нәтижесінде нашарлауы, ал жекелеген нарық субъектілерінің нарықтық билігі мемлекеттің нарық қатынастарына араласуының әр түрлі әдістерімен күшеюі мүмкін. Сондықтан бәсекелестік саясат монополияға қарсы органдардың тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық саясатын немесе тым болмаса, нарықтың бәсекелестік құрылымына, кәсіпорынның іскерлік практикасына, кәсіпкерлік қызметіне тікелей әсер ететін оның бағыттарын әзірлеуге кеңінен қатысуын айқындайды. Мемлекеттің бәсекелестік саясаты екі негізгі бағытты қамтуы тиіс. Бірінші - тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуды жандандыру. Бәсекелестік саясаттың қазіргі заманғы жай-күйі экономика салаларын дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттарда бәсекелестікті дамыту көзделгенімен, мемлекеттік органдардың осы бағыттарда шараларды жеткіліксіз қабылдайтындығын көрсетті. Алайда, салалық мемлекеттік органдар практикада бәсекелестікті дамыту жөнінде нақты шаралар қабылдамайды. Бәсекелестікті дамыту мақсатында мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын қалыптастырған кезде салада бәсекелестікті дамытуды сипаттайтын индикаторларды және тиісті тауар нарықтарында шоғырлану деңгейін төмендету көрсеткіштерін көздеу қажет. Бәсекелестік саясаттың екінші бағыты – бұл бәсекелестік қатынастарды қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру (бәсекелестік туралы заңды жетілдіру, зардап шеккен нарық субъектілерін қорғау тетіктерін құру). 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап «Бәсекелестік туралы» (бұдан әрі – Бәсекелестік туралы заң) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қолданысқа енгізілді. Бәсекелестік туралы заңның негізгі жаңалықтары кәсіпкерлік белсенділіктің өсуін ынталандыруға, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке теріс араласуын шектеуге, монополистік қызметті шектеу нысандары мен әдістерін жетілдіруге және жосықсыз бәсекелестікке жол бермеуге бағытталған. Қабылданған Бәсекелестік туралы заңның мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету болып табылады. Қабылданған заңдардың міндеттері монополистік қызметтін алдын алу, жосықсыз бәсекенің жолын кесу, экономика салаларын монополиясыздандыру, еркін бәсекелестікті қамтамасыз ету, тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғаудың маңызды құралы болып табылады, бәсекелестікті шектеу қаупіне тікелей және жедел ықпал етуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың туындауының алдын алады. 2.Нарық экономикасының басты қозғаушы күші – тауар өндірушілердің бәсекелестігі. Бәсекелестік өндірушілердің (сатушылардың) тауарлар мен қызметті тұтынушылар (сатып алушылар) үшін күресі ретінде көрінеді. Егер жалпы бәсекелестік қатынастар туралы айтылса, онда бәсекелестік қатынастары кез келген экономикалық жүйеге тән. Олар ресурстардың шектеулігінің болмай қоймайтын салдарлары болып табылады. Ресурстар шектеулі болғандықтан, шарушылық жүргізуші субъектілер оларға ие болу үшін күресуге мәжбүр болады. Мемлекеттік араласудың қажеттілігін атай отырып, біз бәсекелестік күрес монополияның пайда болуы факторларының бірі болып табылады. Монополияның дамуы экономиканың бәсекелестік бастауларына тосқауыл қояды, яғни, бәсекелестіктің бастауын арнаулы қолдау және монополиялық тенденцияны шектеу қажеттілігі туындайды. Бұл мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің арқасында ғана болуы мүмкін. Гректің монополия деген сөзі «бір өзім сатамын», «моно – бір»,«поли–сатамын» дегенді білдіреді. Монополия өнім бір ғана фирмамен құрылатынын білдіреді. Басқалардың бәсекенің төтеп бере алмайтын мөлшерін нарыққа енуі мүмкін емес ( шикізат көздеріне, көлік құралдарына, кредитке монополия). Міне, осы жағдайда өндіруші-фирма толықтай өндіріс пен нарықты бақылайды. Сөйтіп, монополия бәсекелестікке қарама-қарсы жұмыс істейді. Алайда, таза монополия өмірде сирек кездеседі. Нарықта бір фирманың билік жүргізуі жеткілікті түрде шартты болады. Шынайы өмірде белгілі бір салаларда ірі фирманың шектеулі саны болғанда, олигополия жиі кездеседі. Жетілген бәсекелестік үшін фирмалар көп болса және оның әрбірі монополиялық биліктің бір шағын бөлшегіне ие болса, оңтайлы болар еді. Мұндай жағдай монополистік бәсекелестік деп аталады, оған сатып алушылар мен сатушылардың көптігі, бағалық кемсітушіліктің болмауы, капиталдың құйылуының еркіндігі сипатты болады.
|