Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Нарық құрылымының түрлері




Читайте также:
  1. Lt;question>Нарықтың қандай 2 түрі шеңбер айналым моделіне енгізілген?
  2. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері. Кәсіпкерлік қызметтен алған кірісті бөлу
  3. Аржы нарықтарының типтері
  4. Аржылық қатынастарға қатысушылар және нарық жағдайындағы жаңа қаржылық қатынастардың дамуы
  5. Атомдық радиус туралы түсінік.Байланыс түрлері мен құрылымдар арасындағы катынас.
  6. Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштардың түрлерін атаңыз және айырмашылығын талдаңыз.
  7. Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулердің негізгі түрлері және оларды шығару тәсілдері. Мысал. 1-ші ретті сызықты біртекті диф.
  8. Болат ұстындар түрлері. Олардың іргетасқа сүйенуі.
  9. Былту, оның түрлері.
  10. Былтудың (троп) түрлері мен көркемдік қызметі (мысалмен талдау).

Жетілген Монополистік Олигополия Таза монополия

бәсекелестік бәсекелестік

 

Монополияға қарсы реттеудің басты міндеті – бөлек фирмалармен нарықтық монополиялануына жол бермеуге бағындырылған. Оған әкімшілік (заңдылық) және нормативтік бағыттамалы ықпал жүргізетін әдістері енеді.

Мемлекет тиімді нарықтық ортаның қалыптасуына мүдделі. Ол экономиканы мемлекеттік реттеу бағыттарының бірін құрайтын монополияға қарсы саясат жүргізеді және қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін көрсетеді.

Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты бәсекелестік нарығында «ойын ережесін» белгілеуге шақыратын, бірінші кезекте, монополияға қарсы заңдар жиынтығын жүзеге асырады. Әрекеттің нақты бағдарламасын үкімет әзірлейді және жүзеге асырады.

Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты – тиімді нарық экономикасы мен бәсекелесті нарықтық ортаны қалыптастыру мақсатын жүзеге асыратын заң актілері мен әкімшілік шараларының жүйесі. Монополияға қарсы саясат шеңберінде екі негізгі бағытты бөліп алуға болады: монополиясыздандыру және кәсіпкерлік монополияны реттеу.

Бірінші бағытқа төмендегілер жатады:

  • жаңа фирма құру тәртібін мүмкіндігінше жеңілдету;
  • бірігу тәртібіне және фирмалардың жұтылуына мемлекеттік бақылауды енгізу, кейбір жағдайда, бірігу мен жұтылудың мемлекеттің рұқсатымен болған кезінде, тәртіп орнату;
  • ерекше күрделі жағдайда (бұл көбінесе табиғи монополияға қатысты) баға мен еңбекақыға тікелей мемлекеттік бақылау;
  • бағалық кемсітушілік саясатын жүргізгені үшін фирманы жазалау;
  • кішірейту жүргізу.Баға кемсітушілігібір және сол нарықты бір тектес тауарларды түрлі бағамен әр түрлі сатып алушыларға сату.

Кәсіпкерлік монополияның қызметін реттеудің екінші бағытын қарастыра отырып, реттеудің дәстүрлі объектісі табиғи монополияның қызметі болып табылатынын қадағалау қажет. Белгілі бір тауарлар мен қызметтің барлық нарықтық ұсынысы бір сатушының қолына жинақталған болса және бәсекелестік ортаны құру тиімді болмаса, табиғи монополия орын алады.



Табиғи монополия – белгілі бір қызмет түрлеріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелесті жағдай жасау мүмкін емес және қызметтің осы түрін көрсету және өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты экономикалық мақсатқа лайықты емес қызметтер (тауарлар мен жұмыстар). Табиғи монополияның қызметін реттеу жоспарлы экономикадағы тәрізді, қағидалар негізінде жүзеге асады: мемлекеттік басқару органы немесе бағалар бойынша басқарма баға мен тарифтер деңгейін, сондай-ақ, ұсынылатын тауарлар мен қызметтің негізгі сұрыпталымы мен көлемін сипаттайтын параметрін анықтайды.



Табиғи монополияға бәрінен бұрын көлік, байланыс, газ-су мен қамтамасыз ету, электр тораптары және әуе тасмалдауы кәсіпорындары жатады. Табиғи монополия үшін, өнім бағасы орта шығынға теңелгенде, әдетте, «әділ табыс» белгіленеді. Бірақ мұндай жағдай ережедегідей, монополист-кәсіпорынға шығынды төмендетуге ынталандыруға залал әкеледі.

Табиғи монополияны мемлекеттік реттеудің мақсаты екі жақты: бір жағынан ол нарықта монополисттік жан-жақты билеуінен бағаны реттеу жолымен қоғамды қорғау үшін, екінші жағынын, оларды тиімді дамуына жағдайды қамтамасыз етеді. Табиғи монополияны реттеу кезінде келесі шаралардың құрамдастыруы қолданылады:

  • өнімге белгіленген бағаны бекіту;
  • баға өзгерістерінің шектеулі коффициентін бекіту;
  • еркін бағаның тәртібін бекіту.

 

3. Жеке меншік туралы мәселе – қоғамдағы өндірістік қатынастарды зерттеудің негізгі көзі болып табылады. Жеке меншік бұл адамзаи қалыптасқан дәстүрді бұзып-жарып, қоғамдық меншікті қалыптастыруға алғашқы қадам жасағанда, олар орасан қарсылықтарға ұшырады. «Меншік» түсінігінің экономикалық және заңдық мәнін ажырату қажет. Заңгерлер меншікті ие болу, пайдалану және заттардың, объектінің белгілі бір жиынтығын билеу тұрғысынан қарастырады. Заң түсінігі меншік құқығын объективті және субъективті мәнде қарастырады. Сонымен бірге заң актілері арқылы түрлі меншік субъектілеріне тиісті, ие болуға, пайдалануға және мүлікті билеуге байланысты адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нысандар белгіленеді.



Меншік экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік әлеуеттің, шығарылған материалдық және рухани игіліктердің өндірістік қатынастарын көрсетеді. Бұл қатынастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатынастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.

Меншік – бұл игіліктерді иеліктен айыру – иемденудің белгілі бір нысанын көрсететін, адамдар арасындағы қатынастар, қоғамдық қатнастардың барлық жүйесінің негізгі. Бөлу, айырбастау және тұтыну нысаны меншік нысанының сипатына (қоғамдық немесе жеке) байланысты.

Қоғамдағы топтар мен әр түрлі таптардың жағдайы және олардың өндірістің барлық факторларын пайдалануға қолы жету мүмкіндігі меншікке тәуелді. Меншік – тарихи дамудың нәтижесі. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің және оған тән өндіріс тәсілінің өзгеруіне орай нысанын өзгертеде.

Экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің әр түрлі нысанының – қоғамдық, жеке, мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық ұйымдардың, ұжымдық меншіктің көптеген түрлерінің бірге өмір сүруі мүмкін. Меншіктің екі түрі бегітілген: мемлекеттік және жеке меншік. Сонымен бір уақытта меншік пайдалану қоғамдық игілікке қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері мен субъектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектері, олардың қорғау кепілдігі заңда белгіленеді.

Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен – қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты.

Мемлекет экономиканы ұйымдастыруымен айналысуы қажет, бірақ сонымен бірге кәсіпкерге айналмауы керек, шаруашылық қызметіне тікелей араласпауы керек, сөйтіп, саяси ұйымдастырушы ретінде қалып, экономиканы реттеуде заңдық, атқарушылық және орындаушылық биліктің өз органы арқылы жүзеге асыруы тиіс. Мемлекетте қоғамның ортақ мүддесін қорғау үшін билік бар, ал барлық қалғаны кәсіпкерлерді қосқанда қоғам мүшелеріннің өздерінің қарастыруымен жүзеге асырылуы керек.

Мемлекеттік кәсіпкерлік кейде шаруашылық жүргізу жеке фирманың табиғатына қарама-қайшы келген жағдайда немесе көп қаржы салу және тәуекелді қажет ететін салада жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпкерліктің жеке кәсіпкерліктен негізгі ерекшелігі – оның бірінші кезектегі мақсаты табыс алу емес, әлуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде қажетті өсу қарқынын қамтамасыз ету, кезеңдік құбылыстарды жұмсарту, жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау, ғылыми-техникалық ілгерушілікті ынталандыру және т.б. Реттеудің осы нысаны өндіріс үшін өмірлік маңызы бар, пайдасы аз кәсіпорындар мен шаруашылық салаларын қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл барлығынан бұрын, энергетика, көлік, байланыс тәрізді экономикалық инфрақұрлымның салалары. Мемлекеттік кәсіпкерлікпен шешілетін мәселелерге тұрғындарға әр түрлі аумақта жеңілдік беру, ғылыми-техникалық ілгерушілікті тездету мақсатында өмірлік маңызды ғылыми және экономиканың күрделі қаржы сыйымдылығы көлемді салаларына көмектесу және осы негізде елдің әлемдік шаруашылықта беделін нығайту жатады.

Меншік қатынастары реформалау мемлекет қарамағынан алу немесе жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады. Мемлекет қарамағынан алу бір жағынан басшылықты экономикалық әдіспен жүргізуді, екіші жағынан – нысанның және мешік қатынастарының өзгергенін білдіреді.

Жекешелендіру – меншік құқығын азаматтарға немесе меншіктің мемлекеттік нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші, жеке тұлға беру үдерісі. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың соңғы мақсаты болып табылмайды – бұл тек меншік қатынастарын қайта құрудың әдісі.

Экономиканы реформалауда, оның ішінде жекешелендіру үрдерісі өткен жолды сын көзімен саралап көрейік. Қазақстандағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру бойынша жүргізіледі. Әрбір кезеңге өз бағдарламасы сәйкес келеді: І кезең – 1991-1992 жж.; ІІ кезең – 1193-1995 жж.; ІІІ кезең – 1996-1998 жж.

Бірінші кезең төмендегілерді қарастырады:

· Мемлекет қарамағынан алу және сауда, қоғамдық тамақтандыру тұрмыстық қызмет көрсету және коммуналдық шаруашылық, өндірістің ұсақ кәсіпорындарын, құрылыс, автокөлік, ауыл шаруашылығы және басқа да экономиканың салаларын, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорларын жекешелендіру;

· Пайдасы аз және зиянды кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру.

Ұсақ кәсіпорындарды сату үшін аукциондық және конкурстық әдістер пайдаланылды. Орта және ірі кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алуда оларды акционерлік немесе басқа да шаруашылық серіктестіктеріне және ұжымдық кәсіпорынға айналдыру қарастырылды.

Тұрғын үйлерді жекешелендіру, ауыл шаруашылығы және мемлекет мүлікті сатып алу купон әдісі негізінде екінші кезеңде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, 1993-1995 жж. Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендіру үдерісін өрістетуді төмендегі бағыттар байынша қарастырылды:

1. Ірі және бірегей мүліктік кешендерді жеке жобалар бойынша жекешелендіру.

Оны жүзеге асыру келесі әдістермен өтті:

  • Келісілген жағдайда белгілі бір инвесторға сату;
  • Аукцион немесе конкурс арқылы өткізу;
  • Акцияларды ашық сату.

2. Орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру.

Олар мына әдістер арқылы жүзеге асты:

  • Республика тұрғындарына инвестициялық жекешелендіру купондарын беру (ИЖК);
  • ИЖК иелері мен кәсіпорындар арасында делдал болып табылатын, коммерциялық инвестициялық жекешелендіру қоры (ИЖҚ) жүйесін құру.

3. Сауданың, каммуналдық шаруашылықтың, тұрмыстық және Сервистік қызмет көрсету шағын кәсіпорындарын аукцион және конкурс негізінде жүзеге асыратын шағын жекешелендіру.

ІІ кезеңнің негізгі нәтижелерін келесі жағдайда қорытындылауға болады: кіші жекешелендіру шеңберінде 11 мың объекті сатылған, бұл кіші жекешелендіруге жататын, барлық объектілердің 2/3 бөлігін құрады, оның ішінде саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету аясында жаппай жекешелендіру негізінен аяқталды. 5 мыңнан аса адам жұмыс істеген, кәсіпорынды қамтитын жеке жекешелендіру шеңберінде, 5 кәсіпорын сатылған, оның ішінде шетелдік компанияларға 42 кәсіпорын сенімді басқаруға берілген.

Салалық құрлымда жеке меншік нысанының барлығынан аз көбі ауыл шаруашылығында болды – 32,2 пайыз, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда – 17 пайыз, өнеркәсіпте – 11,8 пайыз, құрлыста – 8,6 пайыз. Жеке меншік нысанында барлығынан аз кәсіпорындар сақтандыру, геология және жер қойнауын барлау кәсіпорындарында – 0,2 пайыз, жылжымайтын мүлік операциялары аясында – 0,1 пайыз болды.

Үшінші кезең Мемлекеттік меншікті қайта құрлымдау мен жекешелендіру бағдарламасында әзірленген шеңберде жүзеге асты. Оның негізгі мақсаты – экономикада жеке секторды басым болуын бекіту мен жекешелендірудің негізгі үдерісін аяқтау болатын. Кейбір кәсіпорындар жекешелендіру алдында қайта құрылымдалуы тиісті еді. Яғни бұл олардың белгілі бір құрылымдық өзгерістерден өтуі тиістігін білдіреді: мысалы, залалды кәсіпорынды алдын ала қалпына келтіру немесе оның ішінде өз бетімен жұмыс істей алатын құрылымды бөлу.

1996 жылдан бастап Қазақстанда, мемлекеттік меншіктегі кез келген жекешелендіру тек ақшалай қаражаттармен жүзеге асырылды. Бірақ қолданыстағы заң жекешелендірудің екі түрін қарастырады:

1. Саудада сату (аукциондар, тендер).

2. Тікелей атаулы сату (заңды тұлғада жалға алу құқығы немесе мемлекет акциясының бақылау пакеті болған жағдайда жүзеге асады, өйткені соңында сатып алу құқығымен сенімді басқаруға келісім бекітілген).

Өтпелі кезеңде орта және шағын бизнес мемлекеттік тұрақты қолдауды қажет етеді. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу жүйесінің қалыптасуы көптеген бағыттар бойынша жүреді.

1. Кәсіпкерліктің қызмет етуі мен дамуын құқықтық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру. Осы кезеңде заң актілерінің жоғарғы сапасын – олардың арасындағы қарама-қайшылықты жою, мүмкіндігінше оларды тікелей ықпал ететін заң актілеріне айналдыру керек, оларды өткізу тетіктерін қарастыру, кәсіпкерлердің құқығына кепілдік беру, оларды бұзған кездегі жауапкершіліктің экономикалық және басқа жақтарын қамтамасыз ету маңызды.

2. Қазіргі заманғы кәсіпкерлікті қолдау мен қаржылықты қамтамасыз етуді маңызды. Мұндай жүйе салық салу, кредиттеу, сақтандыру, қаржыландыру, өтемақы және т.б. туралы саясатты сапалы жетілдіруді талап етеді.

3.Кәсіпкерлікті, кадрларды даялау бойынша жүйелерді, маркетингтік орталықтарды, бизнес орталықтарын және бизнес инкубаторларын, кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамысыз етуді қалыптастыру.

Кәсіпкерлік барлық өнеркәсібі дамығын елдерде үкіметтік қолдауға ие. Оның мәні үш бағытта нақты шараларды әзірлеуге әкеледі:

1. Кеңес беру (әсіресе, алғашқы кезеңде ). АҚШ-та, мысалы шағын бизнес бойынша үкіметтік агенттіктің аймақтық бөлімі жұмыс істейді.

2. Қаржылық қолдау көрсету.

3. Қаржылық қатынастарда күші аз кәсіпкер құрлымдарға ғылыми-техникалық немесе технологиялық көмек көрсету.

Кейбір экономистер кәсіпкерлерде кездесетін негізгі қиыншылықтарды мыналар деп есептейді:

· кәсіпкерлік құрылымының қызметі туралы заң базасының тұрақсыздығы мен жетілдірілмеуі;

· салық салудың күрделенген жүйесі;

· алғашқы капитал мен өзінің айналымдық қаржысының жетіспеушілігі;

· банк кредиттерін алдағы қиындық;

· криминалдық құрылымдардың қысымы;

· ғимараттың және оны жалға алу бағасының жоғарлығы;

· лизингтік қызмет көрсетудің шектеулі мүмкіндігі.

4.«Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР-ның заңына сәйкес, дара кәсіпкерлік дегеніміз - жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, өздерінің менішігіне негізделген және олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен өз атынан.жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға және шағын бизнес субъектілеріне салық салуды жеңілдету мақсатында арнайы салық режимін қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Яғни, заңды тұлға құрмастан қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен белгіленген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар біржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін немесе жалпыға бірдей салық режимін еркін таңдауға құқылы. Дара кәсіпкерлік өз қызметін жаңадан бастаған, ресурстық мүмкіншіліктері аз және шағын аукымда.қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде маңызды орынға ие болады. Дара кәсіпкерліккс шетелдік тәжірибелерде де ерекше мән беріледі. Сондықтан да, дара кәсіпкерліктің қазіргі таңдағы өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оны да назардан тыс қалдырмауымыз қажет.

Сонымен кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын бағалау кезінде олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктеріп білумен қатар күшті жақтары мен әлсіз тұстарын анықтай отырып, ұтымды ұйымдық нысанды таңдауға мүмкіндік туады. Сондықтан әрқайсысына кысқаша тоқталып өтейік. Жеке кәсіпкерліктің күшті жақтары:

- бизнесті ұйымдастырудың едәуір қарапайым және арзан тәсілі;

- жеке, дербес кәсіпорынның меншік иесіне табыстың толықтай тиесілі болуы;

- икемділігі төмен шығындар, тез арада шешім қабылдау мүмкіндігі;

- еңбекке деген мотивация, стимулдың жоғары болуы;

- кәсіпорын мөлшері шағын болғандықтан сатып алушылармен жақын байланыста болу, бақылау деңгейінің жоғары болуы.

Жеке кәсіпкерліктің әлсіз тұстары:

- бизнес масштабы шектеулі болғандықтан өсім үшін де қаржы ресурстарының шектеулілігі;

- ірі масштабты өндіріске жетудің әлсіз перспективалары мен кеңею үшін шектеулі мүмкіндіктер;

- ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін өз мерзімінде енгізудің шектеулі мүмкіндіктері салдарынан әлсіз бәсекеге қабілеттілік;

- сыртқы ортаға үлкен тәуелділік.

 


Дата добавления: 2015-02-09; просмотров: 24; Нарушение авторских прав







lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2021 год. (0.034 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты