КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету1.Мемлекет, құқық және экономиканың өзара қатынасын қарастырғанда экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің іс-әрекет механизмдер мәселесі маңызды орынға ие. Бұл мәселе теориялық және тәжірибелік мәнге ие. Отандық және шетелдік әдебиеттерде мемлекеттің атқаратын рөліне үлкен мән берілген. Бұл кездейсоқтық жағдай емес, елдің экономикалық даму нәтижесі оның көбінесе атқаратын қызметіне байланысты экономиканы мемлекеттік реттеудің қолданылатын механизмдерімен түсіндіріледі. Әр елдің жүйесін салыстыра отырып, олардың айырмашылығын көрмей тұрмауға болмайды. Мысалы, жоғары нарықтық қатынастағы әлеуметтік – саяси жүйеде мемлекеттің экономикаға жанама ықпал ету арқылы араласуы жүргізілсе, ал төмен немесе дамымаған нарықтық қатынастағы әлеуметтік-экономикалық жүйеде мемлекет экономикаға тікелей араласу арқылы ұйымдастырады. Мысал ретінде қазіргі таңда экономикаға тікелей мемлекеттің араласуы негізінде Қытайдың мемлекеттік-құқықтық тәжірибесін алуға болады. Осыған байланысты ҚХР Конституциясында мемлекет ерекше аталады: а) экономиканың еңбек өнімділігін және тиімділігін арттырады; б) еңбекшілердің белсенділігін және техникалық деңгейін жоғарылату, алдыңғы қатарлы ғылым мен техниканы кеңейту, кәсіпорындар мен экономиканы басқару жүйесін жетілдіру, «әртүрлі әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру, еңбек ұйымын жақсарту» арқылы «қоғамның еңбек өнімділігін дамытады»; в) өмірде экономикалық режимді жүргізеді, тапталуға қарсы күрес жүргізеді; г) мемлекеттік, ұжымдық және жеке мүддені есепке ала отырып, жинақ пен тұтыну қорын рационалды түрде бөледі; д) өндірісті дамыту негізінде халықтың материалды және рухани өмір сүру деңгейін бірте-бірте жақсартады; е) социалды меншік негізінде «жоспарлы шаруашылықты жүзеге асырады»; ж) азаматтардың заңды табыстарын, сақталған қаржысын, тұрғын үй және «басқада заңды меншіктегі» құқығын қорғайды; з) «жан-жақты балансталынған шаруашылық жоспар мен нарықтық реттеудің көмекші рөлі» халық шаруашылығының пропорционалды, гармоналды дамуына кепілдік береді. Мұндай жағдайда, мемлекет экономикаға тікелей араласушы тұлға болып табылады. Мемлекет тек реттеуші рөлде ғана емес, тікелей экономикалық қатынасқа қатысушы тұлға ретінде де жүреді. Демек, мемлекет біржақтан орындаушы және сол сияқты әртүрлі қатынасты реттеуші болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз не? Бұрынғы көзқарас бойынша экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттік басқару қызметі ретінде сипатталады. Мұның негізгі мәні мен мазмұны жалпы қоғамдық қатынас субъектілеріне жалпы мемлекеттік бірдей тәртіпті бекіту және қамтамасыз ету, соған сәйкес өзгеріс жағдайларына байланысты оларды түзету болып табылады. Бірақ, аталған қызметпен мемлекеттік басқару шектелмейді. Оған жан-жақты талаптарды орындауды бақылау, сәйкес қатынастағы қатысушылардың жалпы қызмет бағытын бағыттау және белгілеу; олардың құқықтық мүддесі мен құқығын қорғау; мемлекеттік келісім шарттардың, тіркелу тәртібін, рұқсат беру тәртібін орнату және т.б қамтиды. Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері ретінде дәстүрлі түрде мемлекеттік билік және басқару органдары қатысады. Жалпы құқық көптеген елдерде (Англия, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия және басқалары) сот прецеденті құқық көзі ретінде қарастыралады, экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері ретінде сот орындаушылары да қатыса алады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жалпы белгіленген құқықтық формалары заңдар, заң күші және сот актілері болып табылады. Заңдар үнемі басымды маңызға ие. Қазақстан бұл жоспарда екі түсіндірмемен жүреді. Біріншісі. Тәжірибеде, Президенттің жарлықтары мен Үкіметтің қаулылары заңдарға қарағанда қоғам мен экономикада пайдалану маңызы жоғары. Екінші түсініктеме, Қазақстанда сот прецеденті әзірге мемлекеттік реттеудің құқықтық формасы болып табылмайды. Олар бірте-бірте Конституциялық Кеңесте құрылуда және оны құқық көзі ретінде қарастыру үшін уақыт қажет. Барлық елдерде экономиканы мемлекеттік реттеудің дәстүрлі құралдары ретінде салықтар, баждар, стандарттар, мемлекеттік тапсырыстар, тарифтер болып табылады. Осы құралдардың көмегімен тек мемлекеттік бюджетті толтыру, әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру, мемлекеттік апаратты, әскер, полицияны және т.б. мемлекеттік институттарды ұстау үшін ғана емес, сол сияқты рентабельді емес, бірақ қоғам және мемлекетке маңызды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық сфераларына дотациялау сұрақтары бойынша, капиталды экономиканың бір сферасынан ең басымды сферасына құюылуы секілді сұрақтарды шешуге маңызды болып табылады. Аталған құралдарды қолдану арқылы еліміздің экономикасына шетел капиталын тарту немесе шектеу қою сұрақтары да шешіледі. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттің заң шығарушы және тәртіп орындаушы органдары елімізге әртүрлі шетел тауарларын және шетел инвестициясын тартуға бағытталған бірқатар нормативті-құқықтық актілерді шығарды. Осы аталған актілердің көмегімен Қазақстанда шетел инвесторлардың қызметіне қолайлы жағдай құруға бағытталған заң тәртібінде олардың құқықтық режимі қатайған, шетел инвестициясының объектілері және оны жүзеге асыру жолдары анықталды, шетел инвесторларын қорғауда мемлекеттік кепілдік берілген. Жоғарыда аталғандардың ішінде ең маңызды кепілдік мынаған бөлінген: шетел инвестициясын мәжбүрлеп алу (ұлтшылдық, тәркілеу және реквизация); мемлекеттік органдарының заңсыз іс-әрекеті; инвестициялау жағдайының төмендеуіне заңның өзгеру кепілдігі; сәйкес салықтар мен алымдарды төлегеннен кейін шетел инвесторларының төлемдерді шетелге аударғаннан кейінгі кедергісіз кепілдігі; Қазақстан аумағында шетел инвесторларының қазақстан валютасында төлемдерді қолдану кепілдігі және басқалары. Шетел инвесторларының құқықтық статусын нығайтып және олардың күнделікті қызметіне үлкен кепілдік бере отырып, Қазақстандағы шетел инвестициясы туралы Заңда айтылғандай қазақстанның заң шығарушысы Қазақстан Республикасының экономикасында шетелдің материалдық және қаржы ресурстарын, алдыңғы қатарлы шетел техникалары мен технологияларын, басқару әдістерін тарту және тиімді пайдалануға өзінің бар күш жігерін бағыттайды. Бұл мақсатқа жетудің құралы тек өз экономикасына шетел инвестициясын, материалдарды, қаржы, еңбек (арзан еңбек күші) және басқалай тұтқаларды қолдану арқылы мүмкін. Мұнда ең маңызды рөлді қолайлы кеден салығы, жеңілдіктегі салық ставкалары, басқалай төмендетілген төлемдер атқарады. Батыста экономиканы мемлекеттік реттеу сұрағына ерекше мән беріледі. Батыс елдерінде қазіргі таңдағы экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық үлгісі 2 түрге бөлінеді. Бірінші топтағы үлгіде реттеуші орган (парламент, үкімет және т.б.) реттеу саясатын анықтау үрдісінде орталық рөлді атқарады. Осы көзқарасқа сәйкес негізгі реттеуші органның ерекшілігі саясатты дайындаудағы әсері – бұл маманданған, кәсіпкерлік кейіптегі іс-әрекет және т.б. Екінші топтағы үлгі «қоршаған» ортаға немесе шешуші ықпалмен шешілетін реттеуші органнан келіп шығады. Осы көзқарасқа байланысты экономиканы реттеудегі саяси анықтаушы факторлар «қоршаған» ортаны қалыптастырудағы парламенттік комитеттер, әртүрлі экономикалық топтар мен комиссиялар болып табылды. Бұл екі көзқарас бірін-бірі өзара байланысып және толықтырып тұрады. Сондықтан, реттеу саясаты мемлекеттік бюрократияның, сол сияқты «қоршаған» ортаның бірлескен өнімі болып табылады. Реттеу органдарының саясатын қалыптастыру моделдері бір ғана емес, бірнеше факторлармен анықталуы және түсіндірілуі тиіс. Батыста экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы мен тәжірибесі әлеуметтік-экономикалық реттеумен байланыстырып қарастырылады. Бұл деген азаматтардың қауіпсіздігін, оның денсаулығын, еңбекпен қамтылуын және басқалай әлеуметтік міндеттерді шешуді қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі. Сондай-ақ, өндірілетін өнімдердің өзіндік құнын, оның нарықтық бағасын, тауарлар нарығына енуі, бәсеке және басқалай мәселелерге қатысты «таза» экономикалық реттеу әрекеттері қарастырылуда. Батыс көздерінде әлеуметтік сферадағы экономиканы мемлекеттік реттеудің нақты мақсатына қарай келесідей түрде жіктеленді. Экономикалық реттеу. Ол жеке және жалпы мақсаттағы реттеуге бөлінеді. Жалпы мақсаттағы экономикалық реттеу монополияға қарсы шараларды шешуге, бір қолға экономикалық күшті жұмылдыруды болдырмауға, тиімсіз сауда операцияларын болдыртпауға бағытталған. Жеке мақсаттағы экономикалық реттеу белгілі бір міндеттерді шешуге бағыталған. Атап айтатын болсақ, экономиканың басымды салаларын қолдау, рентабельді емес өндіріске қатысу, шағын бизнесті қолдау, ауыл шаруашылық өндірісін қорғау, балық аулау, жаңа технологияларды және т.б. дамыту. Әлеуметтік реттеудің мақсаты азаматтардың денсаулығын және өмір сүру деңгейін сақтандыру, қоғамдық тәртіпті бұзуды алдын алу, өнім сапасын стандартқа сәйкес көрсеткіш ретінде жарнаманы оптимизациялау (тұтынушыларды қорғау), өндіріс қауіпсіздігін күшейту, жұмысшы кадрларды қайта дайындау жүйесін дамыту және тұрақтандыру, халықтың жақсы тұрмыс деңгейіне ықпал ету және т.б. Батыс әдебиетінде мемлекеттік реттеу формасына байланысты екі түрін бөліп қарастырады: саяси реттеу және «заңды-әкімшілік» реттеу. «Заңды-әкімшілік» реттеу мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметінде әртүрлі нормативті актілерді шығару арқылы әкімшілік жүйеде басқару бойынша жүргізілсе, ал саяси реттеуде – тек саяси аумағында мемлекеттік реттеу қарастырылған. Өз кезегінде әрбір бөлінген түрі мемлекеттік реттеудің бірқатар бағыттарынан тұрады. Айталық, «заңды-әкімшілік реттеу» келесідей бағыттарға бөлінеді: кәсіпкерлік қызметті реттеу заңдылығы; кәсіпкерліктегі әртүрлі дайындық үрдісін реттеу; монополияға қарсы заңның көмегімен нарықтық қатынасты реттеу; ұйымдар мен жеке тұлғалардың жерді пайдаланушыларға байланысты реттеу; бағаны әкімшілік реттеу; мемлекеттік емес кәсіпорындарды басқаруға мемлекеттің араласуы; барлық мүмкін болатын сауда операцияларын және басқаларын реттеу. Бірінші кезекте, мемлекете экономикалық қызметті реттейтін және оның орындалуын бақылайтын құқықтық базаны құру жауапкершілігі тұр. Заңдылық базаны құру – бұл экономикалық қатынаста құқықтық қағидаларды құру арқылы өндірушілердің, тұтынушылардың және мемлекеттің ұстануын талап ететін, барлық экономикалық агенттер үшін орнатылған тәртіп ережесі б.т. Сондай-ақ, мемлекет кәсіпорындардың, жабдықтаушылар мен тұтынушылардың арасындағы қатынасын реттейтін заңды «ойын ережесін» бекітеді. Сондықтан, үкімет экономикалық байланыс шеңберінде арбитр қызметін атқара алады және әділетсіз жағдайда өз билігін қолдана отырып, сәйкес жаза бере алады. Үкіметпен қамтамасыз етілетін негізгі қызмет түрлері мыналар: қоғамдық тәртіпті қолдау үшін жүргізу ережесін қолдану, өнімнің сапасы мен салмағын өлшеу стандартын енгізу, тауар мен қызмет түрінің айырмасын жеңілдететін ақша жүйесін құру. Батыс академиялық әдебиетте нақты экономикалық жағдайға байланысты саяси реттеу келесідей бағыттарға бөлінеді: мемлекеттік органдармен кәсіпкерлік қызметті арнайы бақылау; кездейсоқ экономикалық шаралар арқылы реттеу; кәсіпорындарға қосымша салықты орнату арқылы реттеу; кәдімгі салық инспекциясы арқылы реттеу және басқалары. Батыстың ғылыми әдебиеттерінде кәсіпкерлік қызметті атқару қызметтеріне байланысты мемлекеттік реттеу әртүрлі түрге бөлінеді. Оның ішінде: - «нарықтық қатынасқа кіру және шығумен» байланысты реттеу (заңды тұлғаны белгілеу, кәсіпкерлік қызмет түріне рұқсат беру, кәсіпорынды жабу); - завод, фабрика және т.б. құрылысты салу үрдісін реттеу; - өндірістік қызметті реттеу (өндірістік құрал-жабдықтар, өндірістік процесс, өндіріс көлемі, өндіріс технологиясы, баға, өнімнің сапа көрсеткіші және буып түю); - сауда операциясын реттеу (баға, саны, қарыз ликвидациясының шарты, сауда серіктестігі, сауда операциясының шеңбері, сауда операциясының әдісі және т.б.); - тауарды жөнелту және сақтауды реттеу; - еңбекті және кадрды басқарумен байланысты реттеу (еңбекпен қамтылу, еңбек ақы, тұрмыстық жағдайы, білімі және кадрды қайта дайындау); - қаржыны басқарумен байланысты реттеу (қорды құру, қорды пайдалану, қаржыны басқару және салықтық қызмет, биржада құнды қағаздарды тіркеуді басқару және басқалары). Экономика сферасында мемлекеттік реттеу басқа сфералар сияқты өзінің шегі болады. Ол объективті және субъективті факторларға негізделген. Ең алдымен, субъективті факторлардың ішінде қоғамдық, топтық, мемлекеттік, жеке және басқалай мүдделерді бөліп көрсетуге болады. Мемлекет күнделікті экономикаға өз ықпалын жүзеге асыра отырып, бұл мүдделерді есепке алмау мүмкін емес. Бұл деген мемлекеттің бар болуына ықпал етер еді, мемлекеттің қоғамнан айырылуына және мемлекеттік ұйымдардың дағдарысқа ұшырауына әкеп соғар еді. Мемлекет қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік қабаттағы және топтың мүддесін есепке ала отырып, кез-келген қоғамда мейлі ол дамыған не болмаса артта қалған болсын, кем дегенде бір-біріне қарам-қайшы әлеуметтік-экономикалық тенденция болады және болған. Ол қоғамның белгілі-бір көңіл күйіне және мүддесіне, тенденцияның үздіксіз дамуы мен жетілдірілуіне, бұрынғы қалыпта мемлекеттік және қоғамдық құрылысты сақтауға ықпал етеді. Негізінде біріншісін прогрессивтік немесе революциялық деп атаса, ал екіншісі – консервативті, реакциялық. Бұл екеуінің органикалық үйлесімділігі белгілі әлеуметтік тепе-теңдікті келтіре отырып, қажетті мемлекеттік механизмдер тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Егер мемлекет қандай – да бір себептерге байланысты әлеуметтік баланыста оның тұрақты өмір сүру деңгейі үшін жүргізілетін ішкі және сыртқы саясатты аталған тенденцияларды тең дәрежеде есепке алу қабілеті болмаса, онда ол қоршаған ортаға өзінің экономикалық және әлеуметтік-саяси тұрақтылығын және қабілетін жоғалта отырып, үнемі дағдарыс жағдайынан шыға алмайды. Мемлекеттің экономикаға араласуында шешуші ықпал ететін объективті факторлардың ішінде ең алдымен экономиканы реттеу үрдісі жүзеге асырылатын экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқалай шарттарды көрсету қажет; қоғамда экономикалық қатынастың үстем болу сипаты (қатаң орталықтандырылған, жоспарлы, нарықтық, аралас және басқалай); қоғам, мемлекет, құқық және экономиканы даму деңгейі; объективті түрде технико-құқықтық мүмкіндіктер мен шектеулердің болуы; қоғамда дәстүрдің, қарапайымдылық пен салттың болуы. 2. Қазіргі таңдағы экономика өте қиын. Ол халықтың әртүрлі өмір сүру деңгейіне жағдай жасауды қалыптастыруға бағытталған. Экономиканың қандай қағидаларға сүйене отырып құрылуы мен экономиканың ұйымдастырылуына байланысты ол қоғамның қандай мүддесін, қандай міндеттерді шешуге, әртүрлі әлеуметтік топты қанағаттандыруға болатынын анықтауға болады. Мемлекеттің рөлі оның атқаратын қызметінен нақтыланады. Транзиттік экономикадағы мемлекеттің барлық қызметі нарықтық қатынастың құрылуы мен дамуына байланысты болып келеді. Осы байланыс сипатына қарай мемлекеттік реттеу қызметін екі топқа бөліп қарастырамыз. Біріншіден, бұл қызмет нарықтың тиімді құрылуында. Екіншіден, бұл қызмет меншікті нарықтық реттеуші іс-әрекетінің қосымшалығы мен түзетілуі. Бірінші топқа нарықтық шаруашылықтың қызмет етуінде құқықтық базаны қамтамасыз ету қызметі, нарықтық ортада ең басты қозғалыс күші ретінде бәсекені ынталандыру және қорғау қызметі жатады. Екінші топқа жататындар: табысты қайта бөлу, ресурстарды бөлуді жасау, экономикалық өсуді ынталандыру және экономикалық тұрақтандыру қамтамасыз ету қызметі. Егер қалыптасқан нарықтық шаруашылықта экономиканың қызмет етуінде құқықтық базамен қамтамасыз етілуі көбінесе шаруашылық заң күшін қолдануды бақылау арқылы және оған бірқатар өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылатын болса, онда өтпелі кезеңде шарушылықтың барлық құқықтық базасын қайта құру қажет. Жаңа шаруашылықтағы заң күші нарықтық шаруашылықтағы дамушы институттардың қызметін реттеу, келісім шарт кепілдігін жасау мен құқық меншігін нақты анықтау қажет (коммерциялық банктер, биржа, инвестициялық қорлар, монополияға қарсы реттеудің құқықтық негізін ұстау). Нарық жағдайына жаңа бірдей салық заңдылығы, тұтынушылар құқығын қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша заң жүйесі қажет. Сонымен қатар, өтпелі кезеңде мемлекеттік меншікті жекешелендіруде құқықтық қамтамасыз етілуді талап етеді. Шаруашылықтың құқықтық негізі тұрақты болуы қажет. Шаруашылық заңдылықтың үнемі өзгеріп тұруы ертеңгі күніне шаруашылық субъектілердің сенімсіздікпен қарауын қалыптастыра отырып, экономиканың тұрақсыздығына әкеліп соқтырады. Шаруашылықтың құқықтық нормасына өзгеріс енгізбестен бұрын ең алдымен құқықтық тұрақтылықтың бұзылуына ықпал етпейтін, оның оң әсерін өлшеу керек. Жоспарлы экономикадан нарыққа өтуі халықтың дифференциалды табысының ұлғаюына әкелді. Бастапқы кезеңде бұл үрдіс экономикалық құлдырау мен жоғары деңгейдегі инфляцияның әсерінен болады, яғни теңсіздіктің туындауынан халықтың көп бөлігінің өмір сүру деңгейі өте төмен. Мұндай жағдайда өткір әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықты түзету үшін мемлекет белсенді түрде табысты қайта бөлуге қатысуға мәжбүр. Халықтың табысын қайта бөлудегі негізгі каналдар жедел түрде жеке табыс салығын салу және трансферттік төлемдер жүйесі, яғни теңсіздікті азайтудағы басты рөль трансферттік төлемдер болып табылады. Демекғ салықты ұлғайту мүмкіншілігі өте шектеулі. Салық салуды барынша жоғарылату жоғары табыс өсу стимулын, инвестиция мен жоғары еңбек өнімділігінің стимулын төмендетеді, яғни ұлттық экономиканың дамуына кері ықпал етеді. Трансферттік төлемдерді қолдану мүмкіндігі де шексіз емес. Халықтың кедей тобына жәрдем беру немесе жұмыссыздық бойынша жәрдем ақының мөлшерін жоғарылату және жалғастыру өз кезегінде еңбек ынтасын төмендете отырып, қоғамның әлеуметтік атмосферасына және экономикаға кері ықпалын тигізеді. Қоғамдық көзқарас бойынша нарықтық механизмдер ресурстарды бөлуде, айталық өндіріс туралы, қоғамдық игілікті құру бойынша қамтамасыз ете алмайды. Мұндай жағдайда мемлекет ресурстарды тиімді бөлуді өз мойнына алады. Мұндай тиімді бөлу транзиттік және нарықтық экономикада дәстүрлі әдістермен жүзеге асырылады. Оған жататындар: қоршаған ортаның ластануына әкімшілік шектеулер мен стандартар орнату, арнайы салықтар жүйесі мен дотация, қоғамдық игіліктегі өндірісті қаржыландыру немесе ол өндірісті тікелей басқару. Өтпелі экономиканың өзгешілігі қарастырылып отырған мемлекеттік реттеу қызметін жүзеге асыруда нақты мәселенің ерекшелігі болып табылады. Мемлекет өзінің реттеу қызметін әкімшілік (тікелей) және экономикалық (жанама) әдістер арқылы жүргізеді. Әміршіл экономика үшін әкімшілік реттеу әдісі тән. Нарықтық экономикада мемлекеттік реттеу жүйесі керісінше, экономикалық әдістерді қолдануға бағытталған. Әкімшілік немесе тікелей реттеу әдісі шаруашылық субъектінің таңдау еркіндігін шектейді. Мысалы, тауар мен қызмет түріне орталықтан бекітілген баға немесе өндірілетін өнім түрі мен көлемі бойынша директивалық жоспарлы міндетте, жоспарлы экономикада әкімшілік реттеудің типтік әдістері кәсіпорындардың ресурстарды альтернативті түрде қолдануынан айырады. Экономикалық және жанама мемлекеттік реттеу әдістерінің айырмашылығ кәсіпкерлікті таңдай еркіндігін шектемейді. Мысалы, бизнес салығын төмендету немесе есептік ставка пайызын төмендету кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін күшейтуге және өндірістің өсуіне бағытталған. Бұл деген өндірістің капитал сыйымдылығы мен көлемін ұлғайтып қана қоймай, инвестициялық саясатта өндірістік бағдарламаны еркін таңдауға мүмкіндігі бар. Себебі, пайыздың есептік ставкасы мен салықты төмендету бұрынғыға қарағанда өндірістің ұлғаюына және инвестицияның ең тиімділігіне әкеледі. Әкімшілік және экономикалық реттеу әдістері арасындағы шектеу кейбір дәрежеде шартты. Кез-келген жанама реттеушіні қолдану үшін ең алдымен сәйкес мемлекеттік органның әкімшілік шешімі қажет. Мысалы, салық ставкасын өзгерту туралы шешім, Ұлттық банктің мемлекеттік облигациясына сату кезінде салық жеңілдіктерін ұсыну. Сол сияқты, кез-келген әкімшілік реттеуші де жанама ықпалдың болуын көрсетеді. Әкімшілік реттеу әдісі нарық табиғатына қарама-қайшы, олар нарықтық реттеушінің жолын жабады. Мысалы, егер кәсіпорынның өндірілетін өнім көлемі және жабдықтау шикізат көлемі анықталған болса, онда ол нарықтық конъюнктураның өзгеруіне байланысты шығарылатын өнімді ұлғайту және басқару арқылы ықпал ете алмайды. Керісінше, экономикалық реттеу әдістері нарық табиғатына теңбе-тең. Олар нарық конъюнктурасына тікелей ықпал етеді және ол арқылы өндіруші мен тұтынушыға да. Әміршіл экономикадан нарыққа өтуде мемлекеттік реттеу әдісінің жүйесін түбегейлі өзгертті, яғни бұрынғы әкімшілік әдістің жойылып және жаңа экономикалық реттеу жүйесі құрылды. Әкімшіл-әміршілдік әдісін басқару жүйесінің бұзылуы нарықтың қалыптасуы мен өзін дамыту қажетілігін көрсетеді. Әкімшілік реттеудің демонтаж жүйесі нарықтық экономикаға нақты қалыптасу жолымен белгілі. Бұл деген, өтпелі экономикадағы әкімшілік әдістерді толық қолданбау дегенді білдірмейді. Өндірістік дағдарысты қысқарту, халықтың өмір сүру деңгейін төмендетпеу үшін мемлекет бірінші кезеңдегі реформада, мысалы аз ғана тауар тобын өткізу және өндіріске әкімшілік бақылауды сақтау қажет. Нарықтық құрылымды тереңдету, экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен экономикалық әдістерді реттеуді иемдену бойынша мемлекет толығымен әкімшілік иіндерді қолдану сферасын қысқартады және оны қолдануға да бас тартпайды. Нарыққа өтудің соңғы сатысында және қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында реттеудің әкімшілік әдістерінің маңыздылығы аз емес. Олар монополияға қарсы саясат құралы ретінде қолданылады. Мемлекеттік органдар директивті түрде табиғи монополия үшін ұсынылатын қызметтер немесе өнімнің бағасын, көлемін және түрін анықтайды, сондай-ақ әкімшілік шектеулер жүйесін орнатады. Әкімшілік реттеу тұтынушылар құқығын және қоршаған ортаны қорғау мақсатымен белсенді түрде қолданылады. Өтпелі кезеңде мемлекеттің маңызды міндеті реттеудің толығымен экономикалық әдістер жүйесін құру болып табылады. Барлық елдер осы мақсатпен нарықтық экономикаға өтуді жүзеге асыруда несиелік және салықтық жүйе реформасын жүргізуде. Нарықтық экономикадағы елдер үшін дәстүрлі түрде екі деңгейлі банк жүйесі құрылуда. Мұнда Ұлттық банк экономикалық нормативтер арқылы коммерциялық банктердің кең тармақ қызметін реттеуді жүзеге асыруда. Ұлттық банк пайыздың есептік ставкасын манипуляция жасау арқылы коммерциялық банктер үшін міндетті резерв формасын және бекітілген нормаларды өзгерту арқылы ақша-несие саясатын белсенді түрде жүргізуге мүмкіндік алады. Қоғам дамуының өткен советтік кезең экономикасы екі деңгейдегі міндетті қарастырды: жекенің жан-жақты дамуы үшін жағдай құруда арнайы жарияланған курс пен әскери-технологиялық қасарысуға бағытталған нақты курс (әскери күш сферасы). Бірінші міндетті орындауда екінші міндет көп ресурстар көлемін шектеді. Қоғамның әлеуметтік-саяси ұйымы қоғам қажеттілігі үшін шектелген ресурстар көлемін бөліп отырды. Мемлекет қалыптасты және унитарлы ретінде қызмет атқарды. Оған экономикалық және лайықты қатынастың қоғамдық меншік үстемдігі нақты мемлекеттікі болып келеді. Мемлекеттің өндірістік ресурстарды иеленуге құқығы болды. Еңбек пен ресурстарды тиімсіз пайдалану, белгіленген мақсат пен шындықтың арасындағы қарама-қарсылық - өз кезегінде нарықтық қатынасқа өтуде қоғамды дамытуда меншік формасын өзгертуге, басқаруды орталықсыздандыру, тікелей халықтың мүддесін қанағаттандыру мақсатында қайта бағыттау қажеттілігі туындады. Алғашқы кезде бұл трансформация өндірісті жаңарту, технологиялық қайта жарақаттау құрылымын өзгерту, ҒТП қолдану, жоғары деңгейдегі ресурстар қорын қамтамасыз ету, басқарудың жаңа формасы мен әдістерін іздену мақсатында ойластырылған. Нәтижесінде халық шаруашылығының тиімділігін артыру мақсатында жүргізілді. Тәжірибеде алға қойылған міндеттер жекешелендіру мен мемелекет иелігінен алу, тікелей басқаруда мемлекет рөлін шектеу және барлық міндетті тауар өндірушілерге жүктеу арқылы шешілді. Мұндай координалды өзгерістер халықтың негізгі бөлігіне зардапсыз жүзеге асырылу үшін трансформацияның өзара байланысқан бағдарламасы, оны жүзеге асыруда мұқият ойластырылған механизмдер, басқару қызметін кезеңмен бір меншіктен басқаға (өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде) беру шарты жүзеге асырылуы қажет. Өтпелі кезеңдегі экономикалық саясат трансформацияның барлық кезеңінде экономикалық саясат алғашқы және соңғы жағдайда едәуір дәрежеде ерекшелінеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дамыған экономикаға жанама, тікелей емес ықпалдың қағидалары мен әдістері нарықтық экономика қалыптасқан кезде тиімді. Сондықтан, жоғарыда келтірілген жағдайлар макроэкономикалық реттеу, трансформация үрдісін мемлекеттік басқару сұрақтары бойынша таразыға тарту қажеттілігін көрсетеді. Бұл үрдіс тек саяси құрылымда құрумен ғана емес, барлық кешенді өзгеріс мәселесінде қамтиды. Ол қоғамның жаңа өмір сүру жағдайында адамдардың қажеттілігіне бағытталған шаруашылықтың тереңдетілген құрылымдық қайта құрумен аяталуы қажет. Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік және басқалай шығындарды төмендету саналы түрде қоғамның барлық мүшелерімен трансформацияны өзгерту сипаты, мақсаты және міндетіне байланысты болып келеді. Бұдан басқа, қоғамның барлық элементтерінің келісілген ірі ұйымдасқан жұмысты қажет етеді, яғни барлық аспектіде оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін. Мұның барлығы мемлекеттің белсенді рөлінің қажеттілігін көрсетеді. Мұндай кезеңде мемлекет экономикадан кете алмайды. Оның қызметіне бүгінгі таңда және келешекте тұрақтылық пен сәттіліктің кепілі ретінде қажеттілігі өсуде. Келешетегі Қазақстанның экономика типі әлі анық емес. Бірақ шектелген пішін, рамалы сипаты белгілі. Мемлекет өз қызметінде нарықтық жүйедегі түрлі талаптарға сәйкес әртүрлі әдістерді қолданады. Біріншіден, нарықтық байланысты бөлетін мемлекеттің кез-келген іс-әрекеті алынып тасталынады. Мысалы, тотальды директивалық жоспарлау, тұтыну құралы мен өндірістік ресурстарды табиғи бөлуге (қорлар, талондар, купондар), бағаға жалпы әкімшілік бақылау және т.б. жол берілмейді. Бірақ, нарықтық экономика жағдайында мемлекет барлық жауапкершілікті өз мойнына алады деген сөз емес. Керісінше, мемлекет әкімшілік баға құруа қарағанда мүмкіншілігі өте жоғары. Ол бақылаусыз инфляциялық өсуді жібермеу үшін басқарудың экономикалық әдістеріне сүйене отырып, бағаны ұқыпты бақылайды. Екіншіден, экономикалық әдістер арқылы өзін-өзі бағыттау ретінде нарыққа ықпал етуге болады. Егер мемлекет әкімшілік әдістерге сүйенетін болса, онда ол нарықтық механизмдерді жою мүмкін. Бірақ, нарықтық шаруашылықта әкімшілік әдістерді қолданбау емес, қолдану қажеттілігі де туындайды. Үшіншіден, экономикалық реттеуіштер әлсіз болмау керек. Егер мемлекет бұл талапты елемей, көңіл аудармайтын болса, соңғысы өз мәресінен жаңылады. 3. Әкімшілік әдістер. Мұндай әдістер ең алдымен, орталықтандырылған экономиканы басқару үшін тән. Мұндай жағдайдағы мемлекеттік реттеу кәсіпорындамен директивалық жоспарлы тапсырманы жүргізу, материалды-техникалық, қаржылық, несиелік және басқалай ресурстарды орталықтан бөлу, кәсіпорын қызметін қатаң бақылау, олардың өз бетінше шешім қабылдау мүмкіншілігін шектеу формасында жүзеге асырды. Әкімшілік әдістер нарықтық экономикада қолданылады. Әкімшілік әдістермен нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу барлық қоғам мүддесінің макроэкономикалық және әлеуметтік мәселесін шешу қажеттілігімен анықталынады. Бірқатар салаларды, толығымен немесе жекелей объектілерді тікелей мемлекеттік басқару мемлекеттік қолдау маңыздылығына мұқтаж қоғам және экономика үшін кейбір кәсіпорындар немесе ұйымдарға қолданылады. Мұндай объектілерге әскери, энергетикалық, қорықтар, ұлттық мұражайлар,табиғи саябақтар, демалыс орындары, пайдалы қазбалар, су ресурстары, бірқатар ғылыми мекемелер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, басқалай жалпы мемлекеттік қызметті орындайтын қоршаған ортаны бақылаушы және қорғаушы мекемелер. Бұл объектілер мемлекеттік менгік болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік әкімшілік әдіс арқылы реттеу ықпалы қысқарады, оның шешуші міндеті мен маңыздылығы өзгереді. Әкімшілік әдістерге мыналар кіреді: экономика секторларын, жеке кәсіпорындарды мемлекеттік қаржылай қолдау, әлеуметтік сфераны қаржыландыру, ғылыми-техникалық, экологиялық және басқалай мемлекеттік бағдарламаны дайындау арқылы құрылымдық дағдарысты ескерту мақсатымен макроқұрылымдық қозғалысты және т.б. Қаржылай қолдау мемлекеттік бюджет арқылы дотация, субвенция және субсидии ретінде жүзеге асырылады. Дотация – бұл мемлекет жүйесінен қайтарымсыз тәртіпте берілетін ақшалай құрал. Дотация бюджеттен халық шаруаышылық қызметі нәтижесінің тепе-теңдігі үшін мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелерге беріледі. Мысалы, дотация кәсіпорындардың мемлекет бағасымен өз өнімдерін сатуда келетін шығындарды жабу үшін беріледі. Басқа сөзбен айтқанда, егер тауарға дотация берілетін болса, бұл деген бағаның нақты құнының бір бөлігін тұтынушы және екінші бөлігін мемлекет төлейтінін көрсетеді. Бюджеттен берілетін дотация жоғарыда тұрған бюджеттен төменгі бюджетке соңғы рет баланстау үшін бөлінеді. Соңғы уақытта дотацияның орнына жаңа қаржылық қолдау түрі – субвенция жүруде. Субвенция – бұл бюджеттен мақсатты шығындарды қаржыландыру үшін әкімшілік-аймақтық құрылымға қайтарымсыз бөлінетін тұрақты мемлекеттік қаржы мөлшері. Субвенция ағынды және инвестициялық деп бөлінеді. Ағымдағы субвенцияны жалпы мемлекеттік әлеуметтік шығындарды қаржыландыру қажеттілігі үшін бюджеттік шығында үлесі бар жеке жергілікті (облыс, қала, аудан) бюджеттердің қолдану құқығы бар. Жалпы мемлекеттік күрделі қаржы салымы бекітілген аймақтарды қаржыландыруда инвестициялық субвенция қолданылады. Дотация - бұл бюджеттік жүйенің жеке буындары арасындағы қаржылай және экономикалық байланыс формасы болып табылады, сондай-ақ көбінесе бюджеттің тепе-теңдігін ұстау үшін қызмет етеді. Субсидии субвенцияға қарағанда мақсатсыз қолдану немесе қолданбау жағдайында қайтарылмайды. Бұл деген субсидияны қолданушылар ептілікпен алынған қаржы ресурстарын қолдану мүмкіншілігін жүзеге асырады. Әкімшілік әдістер есептік пайызды, валюталық курс, табыс және бағаны бақылау, үлестеу, лицензиялау, рационалдау бойынша шараларды қолдану қажеттілігін көрсетеді. Мұндай шаралардың қызмет күші жиі кезедеседі. Әкімшілік әдістер міндетті стандартарды енгізеді, онда мемлекеттік міндеттерді орындамаған жағдайында санкциялар қолданылады. Стандарттарға экологиялық, санитарлық және басқалай міндетті нормалар кіреді. Көбінесе, нарықтық экономикада мемлекеттік органдар тарапынан тікелей әкімшілік іс-әрекеттер зиянды технологияларды қолдану, халықтың денсаулығына қаупі бар тауар мен қызмет түрін өндіру, өндірілмейтін ұлттық ресурстар бөлігіне тыйым салынады. Көптеген елдерде мемлекеттер құқықтық және мемлекеттік тұтқаларды қолданады, яғни бизнесті табиғи ортаны қалпына келтіруді инвестициялау, проблемалық аудандарды дамыту, ірі қалалаық жүйенің өсуін шектеу. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекет қоршаған ортада адамның өмір сүру құқығын қамтамасыз ету жауапкершілігін өз мойнына алады. Мемлекетпен әкімшілік және құқықтық тұтқалар еңбек қатынасына араласу үшін нақты еңбек келіспеушілікті шешетін әкімшілік және сот органдарының көмегімен еңбек туралы заңды құру арқылы қолданады. Көптеген елдерде еңбек заңдылығын бақылау үшін еңбек министрлігі құрылған. Сондай-ақ, еңбек келіспеушілікті реттейтін арнайы органдар құрылған. Мысалы, АҚШ-та бұл еңбек қатынасы бойынша Ұлттық басқару және серіктестікпен татуластық федералды қызмет. Бірқатар елдерде мәжбүрлеу арбитраж жүйесі бар, мысалы, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінде. Мұнда арнайы әкімшілік органдар міндетті түрде еңбек шартын бекітеді. ФРГ,Англия, Франция, Бразилия және басқа да елдерде еңбек келіспеушілікті шешетін еңбек соттары құрылған. Көтеріліске қарсы күрес үшін сот аппараттары кеңінен қолданылады. Нарықтық бәсеке жағдайында нарықта жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорындарды директивалық жоспарлы жүйемен теңдестіру мүмкін емес. Кәсіпорын нарық бағытымен жұмыс істеуде өз меншік көздері есебінен жүзеге асырады, ал олардың мемлекеттік бюджетпен байланысы басқа сипатқа тән. Ең бастысы олар салық төлеумен шектеледі, ал қаржылай қолдау мемлекеттік экономикалық стратегияны жүзеге асырғанда ғана беріледі. Әміршілдік экономикаға ұарағанда нарықтық қатынас жағдайында екі жақтың өзара жауапкершілігін есепке ала отырып, келісім негізінде кәсіпорындарды экономикалық сауықтыруды жүргізу үшін қаржылай көмек беріледі. Бұрынғы шаруашылық жүйеде қаржылай көмек қайтарымсыз дотация түрінде ешқандай талап пен жауапкершіліксіз берілетін. Мемлекеттік субсидияны өндірісті ынталандыру және нарықты реттеудің тиімді тұтқасы ретінде қолдану АҚШ-тың тәжірибесінде дәлелденген. Демек, бұл елде 1993-1994 жылдары бюджеттен аграрлы секторға 63 млрд доллар, оның ішінде тікелей фермерлерге субсидия – 20 млрд доллар жұмылдырылған. АҚШ-та үкіметтің субсидиясы есебінен ауыл шаруашылығы аумағында барлық ғылыми-ізденіс жұмысы қаржыландырылады. Бұл жұмыстың нәтижесі әрбір фермерлерге жеңілдетілген несиелер ұсынылған. Нәтижесінде, халықтың 4 пайызын құрайтын американдық фермерлер өз халқын асырап қана қоймай, сонымен ақатар АҚШ ауыл шаруашылық өнімдерін жүздеген миллиард долларға экспорттайды. Жаңа негізде мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бағдарламаларды орындау үшін мемлекеттік тапсырыстар келісім қорытындысына қарай конкурстық некгізде беріледі. Мемлекетік реттеудің әкімшілік әдістеріне монополияға қарсы шаралары да жатады. Мысалы, АҚШ-та антимонополиялық заңдарды орындауды үкімет органдары мен конгресс комиссиясы қатаң қарауда. Олар жеке мемлекеттік компаниялар жағынан заң бұзушылықты және заңды теріс пайдаланушылықты мұқият тексереді. Тек, банктерді және құнды қағаздар нарығын ретеумен төрт федералды органдар айналысады. 4. Экономикалық әдістер. Оған жататындар: бюджеттік, салықтық және ақша-несиелік реттеу. Мемлекеттің экономикалық ықпалы үшін мемлекеттік бюджетте қалыптасатын маңызды көлемде қаржы ресурстары қажет. Ең бастысы экономикалық күйзеліспен күресу үшін мемлекеттік табыс пен шығынды өзгерту саясаты бюджет немесе фискалды саясат деген атаққа ие. ҚҰлдырау кезінде үкімет мемлекеттік бағдарламалар үшін шығындарды ұлғайтады. Мысалы, косметикалық корабльді құру мен шығаруға қаржы бөледі.Бұл косметикалық техниканы дайындау және өндірумен байланысқан көптеген фирмалардың мемлекеттік тапсырыстарды алуға мүмкіндік береді, яғни үкімет олардың өнімдерінің көп бөлігін сатып алады. Мұндай фирмалар жаңа жұмыс күшін жалдауға және өз кезегінде басқа фирмалар шикізат пен құрал жабдықтарға тапсырыс береді. Нәтижесінде өндіріс, еңбекпен қамтылуға және инвестиция зкономикасында өсе бастайды. Бюджеттік саясаттың тағы бір бағыты салық арқылы мемлекеттік табысты ұлғайту немесе азайту. Салықтар мемлекеттік бюджетті құрайтын мемлекеттік табыстың негізгі көзі болып табылады. Салықтық реттеугесалық түсімдерін ұлғайту немесе азайту, салық салу формасын айырбастау, салық құрылымын өзгерту, жеңілдік пен төмендету дифференциясы, салық төлем мерзімін ұзарту, салық қарызын жоққа шығару, салық тарату сферасын өзгерту және т.б. жатады. Салықтық реттеудің маңызды әдісі кәсіпорындарда салық салудың дифференциялық жанасуын қолдану б.т. Мұнда мемлекеттік мақсаттағы босатылған қаржыны қолдануда жеке салалар, аудандар үшін берілетін жеңілдіктер кіреді. Экономистер салық ставкасының көлемі, тауар өндірушілердің инвестициялық белсенділігі және мемлекеттік салық табысы арасындағы өзара байланыстылығын дәлелдеп көрсетеді. Мұндай өзара байланыстылық Лэффер теориясында орын алады. Осы теориялық көзқарасқа сәйкес салық ставкасын өсірудің шегі бар, ол өз кезегінде іскерлік белсенділікті төмендете отырып бюджет кірісін азайтады. Батыс экономистерінің ойы бойынша салықтың оптималды мөлшері 30 пайыз сомасында құрауы қажет. Батыс елдеріндегі бюджеттік саясаты екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және бірінші соғыстан кейінгі онжылдықта (ХХ ғ. 40-60 жылдар) жақсы жұмыс істеді. Ол күшті экономикалық күйзеліске қарсы күресте тиімді болып келді. Бірақ, инфляцияға қарсы күресте бір ғана бюджеттік саясат құралымен күресуге өте қиынға соқты. Айталық, үкімет үшін құлдырау кезінде ақшаны жұмсау және салықты азайту оңайға түсті, керісінше көтерудің орнына. Нәтижесінде мемлекеттік бюджет тапшылығы үнемі болып тұрды, ол өз кезегінде инфляцияға әкеледі. 70-80 жылдары бұл қауіпті болғандықтан, бюджеттік саясат ақша-несиелік реттеуге жол берді. Ақша-несиелік реттеудің мәні мемлекетпен пайыздық ставка мен ақша массасына ықпал ету, яғни тұтыну және инвестициялық сұранысқа әсер етеді. Қатаң түрде айтқанда, ақша саясаты ақша массасының көлеміне, ал несиелік саясат – пайыздық ставканың деңгейіне өз ықпалын тигізеді. Тәжірибеде оларды ажырату қиын, яғни ақша массасы мен пайыздық ставка бір-бірімен тығыз байланысты. Демек, пайыздық ставканы жоғарлату өзінде банкпен берілетін займ саны өседі, ал бұл несиелік эмиссия арқылы ақша массасының өскенін көрсетеді. Ақша массасын ұлғайтуда ақшаны қолдану игілігі төмендейді, яғни пайыздық ставка төмендейді. Сондықтан, экономистер ақша-несие туралы көп қозғайды. Бұл саясатта ең маңыздысы пайыздық ставка болып табылады. Егер ол өте жоғары болса, онда несиені алу тиімсіз. Сондықтан, жиынтықсұранысты ұлғайту үшін үкімет пайыздық ставканы төмендетсе жақсы болар еді. Бірақ, бұл оның күшінде емес: үкіметке бағынбайтын жеке банктермен ссудалар беріледі. Сонда да мемлекеттік органдардың бұл аталған үрліске ықпал ету мүмкіндігі бар. Мысалы, Ұлттық банк міндетті резервтер нормасын өзгерту арқылы ақша санын азайта немесе көбейте алады. Демек, егер елде экономикалық күйзеліс болса, Ұлттық банк бұл норманы төмендете алады, онда жеке банктер займдарды беру көлемін ұлғайта алады. Займға деген ұсыныс бұл оның бағасының өсуін көрсетеді, яғни пайыздық ставка төмендеуі тиіс, бұл экономиканың жандануына және жиынтық сұраныстың өсуіне қабілетті болып келеді. Керісінше, егер елде инфляция күшейсе, міндетті резерв нормасы өседі. Міндетті резерв нормасы өскен сайын, несиелік эмиссия мөлшері азаяды. Бұл ақшаның айналым массасының өсуін ұстауға, өз кезегінде инфляция деңгейін төмендетуге қабілетті. Мемлекеттік жеке банктерге ықпал етудің басқа да әдістері бар. Кейде банктердің тиімді қарыз алушылар несие беруде өз меншік салымдары жетіспейді. Банктер тек өз резервтері мен клиенттерге қарыз беру үшін Ұлттық банктен несие алу құқығы бар. Бірақ бұл несие үшін де төлеу керек. Сондықтан, Ұлттық банк коммерциялық банктерге өз заемдарының пайыздық ставкасын жоғарлату немесе төмендетуі мүмкін, сол арқылы пайыздың мөлшеріне әсер етеді. Демек, экономикалық конъюнктураға экономикалық іс-әрекеттің көмегімен инфляциялық саясат жүргізілуі мүмкін, яғни несеи пайыздық ставканы төмендету және мемлекеттік облигацияларды шығару арқылы жүзеге асырылады; не болмаса дефляциялық саясаттың көмегімен пайыздық ставканы жоғарлату арқылы өмендетіледі және облигацияларды шығаруды ұлғайтады. Мысалы, АҚШ-тың федералды резерв жүйесінің басқармасы (Ұлттық абкн қызметін атқарушы) 1994 жылдан бастап инфляцияға қарсы күресте 6 мәрте есептік пайыз ставкасын көтерді. Соңғы он жылдықта барлық мемлекеттер белсенді түрде монополияға қарсы саясатты жүргізуде. Көптеген Батыс Еуропа елдерінде жылына ұлттық табыстың 3-5 пайызға өсуіне байланысты ақша массасын эмиссиялауға жоспарлы бағытын жасайды. Ұлттық банктер инфляцины жеңу үшін ақша эмиссиясын қысқартады және есептік ставканы ұлғайтады. Шетелдік бәсекелестен ұлттық өнеркәсіпте тауар мен қызмет көрсету нарығының репе-теңдігі үшін импорт және экспортқа квотаны, кедендік баж салығын, экспорттық субсидияны, жанама салықтарды қолданады. Экономикалық және әкімшілік әдістер өзара байланысқан. Яғни кез-келген экономикалық реттеуіш сол мемлекеттік қызметпен бақыланатын болғандықтан, барлық әкімшіліктің элементтерін қамтиды. Мысалы, ақша жүйесі оны ұлғайту туралы әкімшілік шешімнің қабылданбастан бұрын банкаралық несие ставкасының ықпалын сезінеді. Өз кезегінде, әрбір әкімшілік реттеуіште экономикның бір ықпалы сезінеді, яғни ол халық шаруашылық жүйесінің субъектілеріне жанама әсер етеді. Мемлекет тікелей бағаны бақылауға ала отырып, өндірушілерге ерекше экономикалық режим құрады.Олар өндірістік бағдарламаларды қайта қарауына, күрделі қаржы салымын қаржыландарудың жаңа көздерін іздеуге тура келеді. Сол сияқты тұтынушыларда соған бейім болу қажет: ағымдағы сұраныс құрылымын өзгерту, сақталған қаржы сомасы мен оның мөлшерінің ара – қатынасы бойынша. Сондай-ақ, әкімшілік және экономикалық әдістер бір-біріне қарам-қайшы болып келеді. Экономикалық әдістер субъектілердің еркін таңдауына, нарықтық шешімді еркін таңдау құқығын сақтауға мүмкіндік бермейді. Айталық, мемлекет өз борыш міндеттемелері бойынша экономиканы реттеу үшін пайыздық ставканы қолданатын болса, онда ақша табысының иесі сақтау қаржысын орналастыруда тиімді вариантын іздейді(банктік салым, жеке корпорациядан құнды қағаздарды сатып алу, қозғалмайтын мүлік алу және т.б.). Мұнда мемлекет реттеу мақсатына жету үшін салымшыларды өзіне тарта білу қабілеті болуы қажет. Керісінше, әкімшілік тәсілдер экономикалық таңдау еркіндігін шектейді де, оны нөлге әкеледі. Бұл жағдай әкімшіліктің экономикалық негізделген жанасу шегінен тыс шыққан жағдайда болады. Негізделген шек тотальды сипатты көрсетеді және әкімшілік-әміршілдік жүйеге айналады. Мұнда бақылау шаруашылық үрдістің кең көлемін қамтиды: өндіріс және оның құрылымы, шығындар, баға, өнімнің сапасы, еңбек ақы, пайда және оны бөлу. Негізінде әкімшілік шаралар қажетті орнымен тиімді және нарықтық механизмге қарсы тұрмай қолданылса. Біріншіден, монополиялық нарықты қатаң мемлекеттік бақылау. Екіншіден, сыртқы әсерді реттеу және оның сыртқы ортаға чалдары. Бұл сферада экономикалық реттеуіш жеткіліксіз және тиімсіз: егер өзен немесе орман зардап шексе, онда ешқандай қаржылай санкциялар көмектесе алмайды. Бұған әкімшілік шаралар қажет: ұлттық ресурстардың бір бөлігін консервациялау, табиғатты қорғау аймағын бөліп көрсету, экологиялық зиянды технологияларды қолдануға тыйым салу. Үшіншіден, халықтың экологиялық қауіпсіздік өміріне кепілдік беретін экологиялық стандарттарды, ұлттық стандарттарды дайындау, сонымен қатар оның орындалуын бақылау. Төртіншіден, халық тұрмыс жағдайын анықтау және қолдау көрсету: минималдвы еңбек ақы, жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы. Бесіншіден, әлемдік шаруашылық жүйесінде ұлттың мүддесін қорғау, мысалы, экспортқа рұқста беру немесе импорт капиталын мемлекеттік бақылау. Дамыған нарықтық экономика елдерінде әкімшілік әдістер бұрыннан келе жатқан шаруашылық механизмінің бөлінбес бір бөлігіне айналғанына қанша уақыт болған. Отандық және шетелдік тәжірибе дәлелдегендей, әкімшілік экономикалық негіз болмаған жағдайда қауіпті екенін көрсетті. Әлемдік шаруашылық тәжірибесі реттеудің әртүрлі әдістерін білгенімен, оның ішкі құрылымы өзгеріссіз қала береді. Бір әдістер (әкімшілік, не болмаса экономикалық) нарықтық экономиканы реттеуде қис
|