КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Экономиканы мемлекеттік реттеудің субьектілері мен обьектілеріСтр 1 из 25Следующая ⇒ Тақырып 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері Экономикаға мемлекеттің араласуының обьективті Ажеттігі Мемлекеттік реттеудің әртүрлі модельдері Экономиканы мемлекеттік реттеудің субьектілері мен обьектілері 1. Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекет, яғни оның атқарушы, заң және тағы басқа органдарының атқаратын ролдері айрықша. Қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық ролі, бұл көптеген ғасырлар өмірінің тәжірибе нәтижесі. Қоғам өмірінің даму жолында оның экономикаға ықпал жасау тәсілдері, құралдары әруақытта өзгеріп отырды. Нарықтық экономикаға ықпал жасау тәсілдері мен құралдарының қалыптасу жолында 1929-1933 жылдар аралығындағы әлемдік дағдарыс маңызды роль атқарды.Әлемнің дамыған елдеріндегі өндіріс көлемі екі еседей төмендеп, халықаралық сауда күрт азайып, миллиондаған адамдар жұмыссыз қалды, осы кезде мемлекеттер дағдарыспен күрес жолында көптеген экономикалық іс-әрекеттерді өз мойындарына алуға мәжбүр болды. Яғни, нарықтық экономика механизмін мемлекеттік реттеу шараларымен толықтыру қажеттілігін түсіну басталды. Қазіргі кезде қоғам өмірінің дамуында экономикалық іс-қимылдар аясының кеңеюі, ішкі және халықаралық шаруашылық байланыстардың күрделене түсуі мемлекеттің экономиканы реттеу ролін күшейте түсті.Қазақ ғалымдары мамыров Н.К., Ихданов Ж. Анықтамалары бойынша, мемлекеттік реттеу дегеніміз, бұл макроэкономикалық тұрақтылықты және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге әкімшілік, экономикалық, ұйымдастыру-құқықтық араласу түрі. Ресей ғалымы Ходов Л.Г. нарықтық экономика жағдайында экономиканы мемлекеттік реттелінуі деген, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдайға бейімдеу және тұрақты дамыту мақсатында өкілетті мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар іске асыратын тексеру, атқару және заңдылық сипатындағы шаралар жүйесі. Ғалымдар көзқарасынан төмендегідей қортындылар жасауға болады. Біріншіден, экономика мемлекеттік реттеу, бұл белгілі - бір процестерді, экономикалық құбылыстарды қолдау немесе олардың іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық жүйеге мемлекеттің ықпал жасауы. Екіншіден, мемлекет ықпалының мақсаты - әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылықты және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Үшіншіден, мемлекеттік ықпал әкімшілік, ұйымдық құқықтық түрдегі тексеру, іске асыру және заңдылық сипатта болатын шаралар жүйелерінен тұрады. Төртіншіден, ықпал өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады. Экономика - бұл сан түрлі халық шаруашылығы салалары мен сфералар жиынтығы, тұтастығы. Ал тұтастық ол бір, ортақ мақсаттылық. Осы орайда қоғам мақсатын анықтау, оның барлық жүйелерінің даму жодарын, бағыттарын белгілеу, олардың іске асырылуын талдау, таразылау, бағалау мемлекеттік реттеуді объективті қажет етеді. Мемлекеттік реттеудің қажеттілігін анықтаудың тағы бір факторы, ол экономиканың дамуына, жұмыс жасау жағдайына, сфералар араларында үзіліссіз заттай, ақпараттық ағымдар қозғалысын қамтамасыз ететін инфрақұрылымдардың кешенді дамуы. Негізінен мемлекеттің өндіріс процесіне, оның өнімдерін пайдалану процесіне араласуы үш бағытта белсенді жұмыс шараларын жүргізуді талап етеді. Яғни : Біріншіден, орталықтандырылған қаржы көздері арқылы ағымдағы және болашақтағы табиғи ортаны қорғау шараларын іске асыру. Екіншіден, шаруашылық субъектілеріне табиғи ортаның байлығын және қоршаған орта нормаларын, нормативтерін, құқықтық - әкімшілік шектеулігін белгілеу. Үшіншіден, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды ынталандыру механизмін қалыптастыру және бақылау.
2.Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі – мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңажүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі. Экономиканы мемлекеттік реттеу – нарық механизмінің қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері болып табылады. Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгерілмеушілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік – экономикалық және ұйымдық- құқықтық негізде араласуын білдіреді. Мемлекеттің экономикалық ілімдегі ролі жайлы мәселелерді сипаттағанда, классикалық, неоклассикалық, кейнсиандық, монетаризм, институционализм сияқты бағыттардың өкілдерінің көзқарасын талдау қажет. Өтпелі экономика дегеніміз әлеуметтік - экономикалық дамуын өзгертетін экономика. Өтпелі кезең дегеніміз ескі экономикалық жүйе құлдырап жаңа экономикалық қатынастар пайда болатын ұзаққа созылмайтын уақыт кезеңі (10-15 жыл). Қазақстандағы өтпелі кезеңді постсоциалистік немесе институционалдық трансформация деп сипаттауға болады. Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестікке, меншіктің негізгі түрлерін араластыра отырып өзара іс әрекетке негізделеді. Әлеуметтік-экономикалық прцестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатын қорытынды: көптеген алдыңғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау мен жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сәйкес факторлардың біртіндеп шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген экономикалық мақсаттарға жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап етеді. «Ұлы дағдарыс жылдары» алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін-өзі толық реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу тек әлеуметтік экономикалық өмірге мемлекеттің араласуымен жүзеге асатынын түсінді.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеу - бұл ұлттық экономиканың тиімді әрі орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттагы іс-шаралардың жиынтығыны пайдалану. Бұл ретте мемлекет ұдайы өндіріс пропорцияларында прогрессивтік ілгерілеуді, адал бәсекелестік үшін қолайлы орта құруды қамтамасыз етуге, сонымен бірге экономика субъектілері заңнаманы сақтаған жағдайда нарықтық қатынастардың келеңсіз әлеуметтік және экономикалық салдарға жол бермеуге тиіс. Көп жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеуді мемлекеттің елдің экономикалық тыныс-тіршілігінің белгіленген объектілеріне ықпал ету әдістерімен теңестіреді. Мемлекет ықпал ететін объектілерге экономиканың тікелей бастапқы буындары (әр түрлі менешік нысанындағы ұйымдар), нарықтың құрылымы, сондай-ақ нарықтық механизм қамтамасыз етпейтін немесе қанағаттанғысыз қамтамасыз ететін қоғамдық ұдайы өндірістегі жағдайлар, процестер мен қатынастар жатады. Мемлекеттің ең басты экономикалық функциясының бірі - халық әлеуметтік жағынан біршама тең болған жағдайда өндірушілердің, жеткізушілер мен өнімді (қызмет) тұтынушылардың арасындағы заңды әрі тиімді өзара қарым-қатынастар орнату мақсатында ұлттық экономика жұмыс істейтін нормативтік-құқықтық базаны құру. Мемлекет реттеу объектілеріне ықпал еткенде нарықтық өзін-өзіреттеу мен мемлекеттік реттеуішті ұштастыру қарастырылады. Мемлекеттік реттеуіш — бұл мемлекеттік биліктің нормативтік-құқықтық құжаттардың негізінде экономикалық қызметті реттеу жөніндегі әдістері мен құралдары. Мемлекеттік реттеуіштер елдің экономикалық міндеттерін (нарықтың құрылымына, фирманың іс-әрекетіне ықпал ету) шешуге де, сонымен бірге әлеуметтік мақсаттарға (әлеуметтік реттеуіш) қол жеткізуге бағытталуы мүмкін. Негізгі мемлекеттік реттеу құралына әлеуметтік жәрдемақы, санкция, стандарт, сертификат, лицензия, квота, ставка, тариф, норматив, салық, баж, банк пайызы жатады. Экономиканың жұмысының құқықтық негізін құру мен реттеу - бұл іс жүзінде экономикалық агенттердің мінез-құлқының ережелерін, сондай-ақ өндірушілер, түтынушылар мен мемлекет өздерінің іс-қимылында ұстануы тиіс экономикалық қатынастың заңдылық қағидаларын белгілеу, сондай-ақ мемлекет тарапынан олардың орындалуын бақылау. Мемлекет реттейтін объектілерге ықпал ету процесінің сипатына байланысты мемлекеттік реттеудің сан алуан әдістерін тікелей және жанама әдіске бөлуге болады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері экономика субъектілеріне тікелей ықпал етеді. Олар қосымша материалдық ынталандырма құрумен немесе қаржылай залал қаупімен байланысты емес және мемлекеттік билік органдарының өкімдерін міндетті түрде орындауға негізделеді, сондықтан олардың кейбіреуі өкімдік немесе әкімшіліктік деп аталады. Мемлекеттік жанама реттеу әдістері негізінен нарықтық шаруашылықтың тауарлы-ақша тұтқасына сүйенеді және шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық мүдделеріне ықпал етеді. Осы әдістер көбінесе экономикалық әдістер деп аталады. Жанама әдістердің осы анықтамасы тікелей әдістер экономикалык тиімділіктің өсуіне қатысты міндеттерді шешетін болса, онда олардың экономикалық маңызының болуын жоққа шығармайды. Сондықтан тікелей және жанама әдістерді қарама-қарсы қою қажет емес, сонымен бірге жанама әдістердің салық ставкасын белгілеу, патент және т.б. сияқты әкімшілік нысаны болатынын ескеру керек. Тікелей мемлекеттік реттеудің аса маңызды әдістері мен құралдарына мемлекеттік қажеттілік үшін өнім (тауар, жұмыс және қызмет) жеткізуге арналған келісімшарт жатады. Аталмыш келісімшарт көп жағдайда мемлекеттік тапсырыс деп аталады. Іс жүзінде бұл келісімшарт - мемлекеттік тапсырысшы мен жеткізушінің арасында жасалатын өнім (тауар, жұмыс және қызмет) жеткізу шарты. Шартта мемлекеттік тапсырысшы мен жеткізушінің құқықтары мен міндеттері анықталады, сондай-ақ олардың өзара қарым-қатынастары реттеледі. Шартта мемлекеттік тапсырысшының мемлекеттік келісімшарттың орындалуы жөніндегі жұмыстардың барысын бақылау, жеткізушінің жедел-шаруашылық қызметіне араласпай жеткізушіге консультативтік және өзге де көмек көрсету көзделуі мүмкін. Мемлекеттік келісімшарт бойынша жеткізілетін өнімнің мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына сәйкес келуі, ал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті түрде сертификатталуы тиіс өнімнің сертификаты мен сәйкестік белгісі болуы тиіс. Мемлекеттік келісімшартты орындауға арналған ресурстар, әдетте, келісімшартта мемлекеттік тапсырысшы болып табылатын билік органдарын бюджеттік қаржыландыру ауқымында қарастырылады. Республикалық мемлекеттік қажеттілік - бұл Қазақстан Республикасының еліміздің тыныс тіршілігінің, қорғанысы мен қауіпсіздігінің мәселелерін шешуге және республикалық мақсатты бағдарламалар мен өзі қатысатын мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды іске асыру үшін қажет өнімге қажеттілігі. Республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін өнім жеткізу мемлекеттік бюджет туралы республикалық заңда жоспарланып, бекітілетін және осы осы мақсатта бюджеттен тыс көздерден тартылатын республикалық бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы субъектілерінің өңірлердің тыныс-тіршілігінің мәселелерін шешу және өңірлік мақсатты бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті өнімге қажеттілігін Қазақстан Республикасы субъектілерінің мемлекеттік билік органдары анықтайды. Өңірлік мұқтаждық үшін өнім жеткізу Қазақстан Республикасы субъектілерінің бюджеттері мен бюджеттен тыс көздердің қаражатының есебінен қамтамасыз етіледі. Республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін өнім жеткізуді және республикалық мақсатты бағдарламаларды орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік тапсырысшыларды бекітеді. Мемлекеттік тапсырысты атқарушы биліктің республикалық органы, республикалық қазыналық кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме жасай алады. Мемлекеттік тапсырысшылар мемлекеттің мүддесін ойластырып республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін өнім жеткізуді ашық және (немесе) жабық сауда-саттық, конкурс, аукцион өткізу арқылы орналастыра алады. Мемлекет мемлекеттік мақсатты бағдарламалар деп аталатын маңызды құрал арқылы да ықпал етеді, осы мақсатта ұзақ мерзімді немесе орта мерзімді мақсатты бағдарламалар әзірленеді. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты (сондықтан ол мақсатты деп аталады) және міндеті болуы тиіс, сонымен бірге бағдарламада нақты сапа және сан көрсеткіштері, аралық және негізгі мақсатқа жетуге арналған іс-шаралар жүйесі, ресурстар, нақты орындаушыларға берілетін тапсырмалар, сондай-ақ жекелеген іс-шаралар мен жалпы бағдарламаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері көрсетілуі тиіс. Мақсатты бағдарламада барлық бағдарламалық іс-шаралардың өзара байланысты болуы мен осы іс-шараларды қаржы ресурстарының жобаланатын көлемдерімен өткізудің кезектілігі, сондай-ақ салалық және өңірлік мәселелерді келісіп әрі кешенді түрде шешуді қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік тапсырысшы осы бағдарламаны басқарып, оның орындалуын бақылайды, сондай-ақ бағдарламадағы іс-шаралардың іске асырылуының тиімділігін бағалайды. Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері шеңберінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жанама және басқа да тікелей әдістердің элементтерін де қолдануға болады. Атап айтқанда, республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін өнім жеткізушілерді экономикалық жағынан ынталандыру үшін оларға пайда салығы (табыс) және (немесе) жеңілдікпен кредит берілуі мүмкін. Сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстардың аса маңызды түрлерін жеткізуді жүзеге асыратын жеткізушілер мен осы ресурстарды жасайтын жасаушы-кәсіпорындар үшін көрсетілген ресурстарды мемлекеттік тапсырысшыларға (жеткізушілерге) міндетті түрде сату (мемлекеттік броньдау) жөнінде арнайы квота және (немесе) мақсатты дотация мен субсидия белгіленуі мүмкін. Мақсатты дотация мен субсидияны пайдалану әкімшілік реттеудің жеке әдісі ретінде бөлінеді. Мемлекеттік мұқтаждық үшін өнім (тауар, жұмыс және қызмет) жеткізуге арналған келісімшарт пен мемлекеттік мақсатты бағдарламаны жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік ұйымдардың қызметіне ықпал ету үшін ойдағыдай пайдалануға болса, онда шаруашылық жургізуші субъектіні мемлекеттік қолдау тек мемлекеттік сектордың ұйымдарымен өзара қарым-қатынас жасау үшін пайдаланылады. Осы тікелей реттеу әдісі негізінен ұзақ мерзімді негізде мақсатты дотациялар мен субсидиялар түрінде, яғни шаруашылық жүргізуші қызмет істейтін бүкіл кезеңде жүзеге асырылады. Нақты шаруашылық жүргізуші субъектіні қаржыландыру елдің әр түрлі деңгейдегі бюджеттерінде жеке жолмен немесе тиісті билік деңгейінде бюджетті қаражатты басқарушы бағыттайтын қаражат шеңберінде қарастырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен басқа да ұйымдар ішкі және халықаралық нарықта жұмыс істеп, халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ықпалдастық пен халықаралық саудаға қатысуы үшін халықаралық сертификаттау қағидаларын сақтауға міндетті. Сертификаттау тұтынушыларды өнім (жүмыс, қызмет) таңдауға көмектеседі, оларды адал емес өнім жасаушыдан қорғайды, қазақстандық және халықаралық нарықтарда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді және тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдерде еркін қозғалуын қамтамасыз ететін жағдай жасайды. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері дегеніміз - экономиканың салалары, аймақтары, сфералары, сонымен бірге автоматты түрде шешілмейтін, не болмаса алыс болашақта шешуін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу экономиканың бір қалыпты дамуына және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі құбылыстар мен жағдайлар. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілеріне жататындар :
Бұл айтылып отырған объектілер әлеуметтік-экономикалық дамуда макроэкономикалық (мысалы, экономикалық цикл, капитплдың қорға айналуы, т.б) және микроэкономикалық (мысалы, бәсекелестік жағдай, әлеуметтік қатынастар) қатынастарды қамтиды. Экономикалық цикл. Кез-келген экономика циклді дамиды. Янғи, экономиканың дағдарысты, қарқынды және тоқырау кезеңдері болады. Мемлекет осы құбылыстарға ықпал жасап отыруы қажет. Секторлық, салалық және аймақтық экономика құрылымын мемлекеттік реттеу халық шаруашылығының баланстырылынған салалық, аймақтық құрылымын құруға, қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Бұл бағыттағы реттеу экономикалық саясатты іске асыру, реттеу сияқты қаржымен ынталандыру және мемлекеттік күрделі қаржы көмегі негізінде жүзеге асады. Капиталдың қорға айналу жағдайы экономиканы мемлекеттік реттеудің басты объектілерінің бірі. Нарықтық экономика кезінде әрбір шаруашылықтың, экономикалық субъектінің басты міндеті пайда табу, оны игеру және ұлғайту. Жұмыспен қамтуды реттеу. Бұл дегеніміз нарықтық экономика саясатына сай келетін жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс араларындағы қатынас. Жұмыссыздықтың жоғары болуы жағымсыз құбылыс, жұмыссыздар санының артуы зардапты әлеуметтік жағдайлардың дамуына алып келеді. Ақша айналымы. Бұл объектіні реттеудің негізгі бағыты - инфляцияны болдыртпау, инфляциямен күрес. Төлем балансы - бұл нақты өндірістік түсімдер мен төлемдер, яғни елдің экономикалық жағдайын көрсететін экономикалық көрсеткіш. Әлемнің бар елдерінде мемлекет бұл көрсеткішті тұрақты бақылауда ұстайды, оған шұғыл және стратегиялық реттеулер жүргізеді.
|