КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Теориялық блокСтр 1 из 10Следующая ⇒ Тақырып. Электрондық кестенің көмегімен денсаулық сақтау жүйесіндегі классификациялау мен кодтау Мақсаты: Excel интерфейсімен танысу. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу, қарапайым статистикалық мәліметтерді өңдеуді үйрену мен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу. Оқытудың міндеті: MS Excel қолданбалы программасының көмегімен кесте құру, формула енгізу, блокпен жұмыс істеу, әр түрлі диаграмма құрудағы практикалық дағдыны қалыптастыру. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Тұтынушы интерфейсі. 2. Блокпен жұмыс істеу. 3. Функция және диаграмма шеберлерімен жұмыс істеу. 4. Деректерге статистикалық өңдеу жүргізу: орташа мәндерді анықтау, дисперсия. 5. Полигон және гистограмма тұрғызу. 6. Корреляциялық тәуелділіктің математикалық моделі және графиктерін тұрғызу. Оқыту және сабақ беру әдістері:Ситуациялық есептерді шешу. Теориялық блок Excel 2007-нің интерфейсі Word 2007-нің интерфейсімен бірдей етіп құрастырылған және алдыңғы 1997-2003 жылдардағы классикалық нұсқаларынан көп өзгешеленеді. Word 2007 жұмыс ортасында құрылғандардың барлығы «Құжат» деп аталады.Excel 2007 де құрылған «құжаттардың» спецификасына қарай олар жұмыс кітабы деген атау алды. Әрбір жұмыс кітабы аты жұмыс экранының төменгі жағында көрініп тұратын бірнеше жұмыс парақтарынан (үнсіз келісім бойынша Лист1, Лист2, т.б.). Егер жаңа жұмыс парағын құру керек болса, соңғы жұмыс парағының атының оң жағында орналасқан Парақ қою (Вставить лист)батырмасын басыңыз. Әрбір жұмыс парағы жолдары мен бағандардан құралған кестеден тұрады. Жолдар мен бағандардың қиылысуы ұяшықты береді. Әр ұяшықтың сілтеме деп аталатын жеке адресі болады. Мысалы, А баған мен 3 жолдың қиылысу адресі А3 болатын ұяшықты береді. Адрестер формулаларды жазғанда немесе ұяшыққа сілтеме жасалғанда қолданылады. Программалардың бастапқы терезесі жұмыс кітабының бос 3 парағынан тұрады.
Терезенің жоғарғы жағында аспаптары бар 7 лента орналасқан: Главная, Вставка, Разметка страницы, Формулы, Данные, Рецензирование, Вид. Әрбір лента электрондық таблицамен жұмыс істеу кезінде қолданылатын аспаптары бар панелдерден тұрады. Ереже бойынша панелге жиі қолданылатын аспаптар орналастырылады. Қандай да бір панелдің барлық аспаптарын шақыру үшін, панелдің оң жақ төменгі бұрышындағы тілсызықты басу қажет. Программалар терезесінің сол жақ жоғарғы бұрышында программалардың ең басты батырмасы "Office" орналасқан.
Үнсіздік келісім бойынша программа файлды Excelдің алдыңғы нұсқалары оқи алмайтын xlsx кеңейтілуімен сақтайды. Құжат электронды кестенің алдыңғы нұсқаларында оқылуы үшін файлды сақтау кезінде тиісті мүмкіндікті таңдау керек. Лента — бұл жаңа басқару ортасы. Мәзірдің ішінде орналасатын аса көп жасырын аспаптар мен командалар тақтасының орнына қазір бір ғана басқару ортасы – лента пайда болды. Барлық маңызды аспаптар осыда біріктіріліп визуалдандырылған. Лента үш типті объектілерден тұрады : вкладка, топ және команда. Вкладкалар. Программаларда барлығы 7 вкладкалар бар және олар терезенің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Олардың әрқайсысы Excel-де қарастырылған негізгі тапсырмаларды орындауға арналған. Топтар.Әрбір вкладка бір-бірімен байланысты элементтерді біріктіретін топтардан тұрады. Командалар. Команда — бұл батырма, мәзір немесе мәліметтер енгізуге арналған өріс. Excel -дің негізгі командалары ең бірінші болып тұратын Главнаятармағында орналасқан. Майкрософт корпорациясының есептеуінше парақтармен жұмыс істеу кезінде ең жиі қолданылатын командалар осылар. Мысалға, Қою (Вставить), Қыю (Вырезать) және Көшіру(Копировать) командалары Главная тармағындағы Алмастыру буфері(Буфер обмена)тобына бірінші болып орнатылған. Ары қарай Қаріп (Шрифт) тобында қаріпті форматтау командалары орналасқан. Мәтінді ортасы бойынша, сондай-ақ оң жақ немесе сол жақ шеті бойынша туралау командалары Туралау (Выравнивание) тобына орналастырылса, ал бетті, ұяшықты, жолдар мен бағандарды қою және жою командалары Ұяшықтар (Ячейки)тобына орналастырылған. Топтарда нақты бір тапсырманы орындау кезінде қолдануға болатын барлық командалар жинақталған және тапсырманы орындау барысында олар менюде жасырылмай, көз алдымызда қолдануға дайын болып тұрады. Бұл маңызды командалар жұмыс аумағының төменгі жағында орналасқан. Олармен жұмыс істеудің тиімділігіне көз жеткізу үшін бір мысал келтірейік. Егер ұяшықтағы мәтінді бірнеше жолға жазғымыз келсе меню командасын, сұхбаттасу терезесінің тармағын сосын сұхбаттасу терезесіндегі параметрді таңдаудың қажеті жоқ. Оның орнына Главная тармағындағы Туралау (Выравнивание) тобының Переносить по словам батырмасын басу жеткілікті. Сол сәтте сәйкес аспаптары бар терезе ашылады.
|