Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Диаграммаларға сипаттама




Гистограммамәліметтердің белгілі бір уақыт аралығындағы өзгерісін және мәліметтердегі жеке мәндердің қатынасын көрсетеді.

Категориялар көлденеңінен, ал мәндер тігінен орналасады. Диаграмма осылай құрастырылса уақытқа байланысты өзгеріске көп назар аударылады. Жинақталған гистограмма жеке элементтердің ортақ қосындыдағы үлесін сипаттайды. Үш өлшемді гистограммада мәліметтерді салыстыру екі ось бойынша жүргізіледі.

Сызықтықдиаграммажеке компоненттердің сәйкестігін көрсетеді. Категориялар көлденеңінен, ал мәндер тігінен орналасатындықтан мәндерді сәйкестендіруге баса назар аударылады да, ал уақыт бойынша өзгеріске аз назар аударылады. Жинақталған сызықтық диаграмма жеке элементтердің ортақ қосындыдағы үлесін көрсетеді.

График (сызба)бірдей уақыт аралықтарындағы мәліметтердің өзгеру тенденциясын сипаттайды.

Дөңгелек диаграммамәліметтер қатарының әрбір элементінің абсольт шамасын немесе ортақ қосындыдағы үлесін көрсетеді. Дөңгелек диаграммада тек бір ғана мәліметтер қатары сипатталына алады. Диаграмманың мұндай түрін қандай да бір элементті ерекше көрсету үшін қолдануға болады. Диаграмманың кішкентай бөліктерімен жұмыс істеуді жеңілдету үшін оларды алдымен бір элементке біріктіру керек, сосын барып негізгі диаграмманың жанына бөліктеп орналастыруға болады.

Нүктелік диаграммасандық мәндердің арасындағы өзара байланысты бірнеше қатарда бейнелейді және сандардың екі тобын ху координатасында бір қатарда бейнелейді. Мұндай диаграммалар тақ интервалдарды (немесе кластерлерді) бейнелейді және көбінесе ғылыми сипатты мәліметтерді сипаттау үшін қолданылады. Мәліметтерді даярлау кезінде бір жолға немесе бағанға х айнымалысының барлық мәндерін орналастыру керек, ал у айнымалысының сәйкес мәндерін іргелес жолдар немесе бағандарға орналастыру керек.

Аудандық диаграммаларенгізілген мәндердің қосындысын көрсете отырып белгілі бір уақыт аралығындағы өзгеріс шамасын ерекшелеп көрсетеді.Сондай ақ жалпы қосындыдағы жеке мәндердің үлесін көрсетеді.

Сақиналық (Кольцевая),дөңгелек диаграмма секілді сақиналық диаграммалар да жалпы қосындыдағы жеке элементтердің үлесін сипаттайды, бірақ одан айырмашылығы – ол бірнеше мәліметтер қатарын қамти алады. Сақиналық диаграммадағы әрбір сақина жеке мәліметтер қатарын береді.

Күлтелік диаграммада әрбір категория координаталар басынан басталатын жеке координаталар осінен тұрады. Бір серияның барлық мәндерін сызықтармен қосады. Күлтелік диаграмма бірнеше мәліметтер тобының ортақ мәндерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Беттік диаграммаекі мәліметтер жиынының ең жақсы тобын анықтауға мүмкіндік береді. Топографиялық картадағы секілді бір мәнге сәйкес облыстар бірдей түспен немесе сызықтармен белгіленеді.

Көпіршікті диаграмма (Пузырьковая диаграмма)нүктелік диаграмманың бір түрі болып табылады. Мәліметтер маркерінің өлшемі үшінші айнымалының мәнін көрсетеді. Мәліметтерді даярлау кезінде бір жолға немесе бағанға х айнымалысының барлық мәндерін орналастыру керек, ал у айнымалысының сәйкес мәндерін іргелес жолдар немесе бағандарға орналастыру керек.

Биржалық диаграммакөбінесе акциялардың бағасын көрсету үшін қолданылады. Сондай-ақ, диаграмманың мұндай типі ғылыми мәліметтерді сипаттауда, мысалы, температураның өзгерісін анықтауда қолданылады. Мұндай немесе мұнан басқа биржалық диаграммаларды құрастыру үшін мәліметтерді дұрыс ұйымдастыру қажет. Үш және бес мәндерден тұратын биржалық диаграмманың екі осі болады: біреуі ауытқулар интервалын көрсететін, екіншісі акцияның бағасын көрсететін бағандар үшін қолданылады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 233; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты