КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Байланыстырылған кестелерБайланыстырылған кесте – бұл бүтін объект ретінде басқаруға болатын мәліметтер жиыны. Байланыстырылған кестелерді құру үшін "Главная" лентасының "Стили"тақтасындағы "Форматировать как таблицу" батырмасын басу қажет. Құрылатын кестенің қажетті стилін таңдап, байланыстырылған кесте жасалатын ұяшықтар диапазонын енгізіңіз. Барлық параметрлерді енгізіп болғасын біз байланыстырылған кестені аламы. Бағандардың атауларының жанына тілсызығы бар батырмалар пайда болады (сүзгіге ұқсас), ал программаның терезесінде "Конструктор" лентасы бар "Работа с таблицами"контекске тәуелді аспабы пайда болады.
Әрбір байланыстырылған кестеге жеке атау беріледі. Үнсіздік келісім бойынша - "1 кесте". Кестенің атын "Свойства" тақтасында өзгертуге болады. Қажет болған жағдайда "Стили таблиц"тақтасында байланыстырылған кестенің стилін өзгертуге немесе баптауға болады. Байланыстырылған кестені қайтадан қарапайым ұяшықтар аумағына айналдырып жіберуге болады."Конструктор"лентасының "Сервис" тақтасындағы "Преобразовать в диапазон" батырмасы соған арналған. Бағандардың атауларының жанында мәліметтерді сұрыптауға және сүзгіден өткізуге мүмкіндік беретін сұрыптау және сүзгіден өткізу батырмалары орналасқан. Байланыстырылған кестеде бағандардың қорытынды мәндерін есептеуге болады. Ол үшін "Параметры стилей таблиц" тақтасындағы "Строка итогов" жалаушасын орнату керек.
Пайда болатын тізімнен қорытынды функцияның қажетті мәнін таңдауға болады.
Байланыстырылған кестеге жолдар мен бағандар қосуға болады. Мұны бірнеше әдіспен жүзеге асыра аламыз. 1. "Свойства" тақтасындағы "Изменить размер таблицы" батырмасын пайдалануға болады.
2. Байланыстырылған кестенің жанына жол (баған) қосылуға тиіс ұяшығына курсорды орналастырып "Главная" лентасының "Ячейки" тақтасындағы "Вставить" батырмасын қолдануға болады.
3. Сондай-ақ контекске тәуелді менюді қолдануға да болады.
|