КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мәліметтерді өңдеуҰяшықтағы мәліметті формулалар жолында немесе ұяшықтың өзінде-ақ өңдеуге болады. Ұяшықтың өзінде өңдеу үшін оны екі рет басыңыз немесе ерекшелеп алып <F2> пернесін басыңыз. Ұяшықтардағы мәліметтерді өшіру үшін <Delete> батырмасын басыңыз. <Delete> батырмасын қолдану кезінде ұшықтың іші ғана тазаланады, форматы өзгермейді. Ал Правка/Очистить командасы нені тазалау керектігін таңдауға мүмкіндік береді: ¨ Все- форматталуы мен белгілеулерін қоса отырып ұяшықтағы барлық мәліметті өшіреді. ¨ Форматы– ерекшеленген ұяшықтардың форматын тазалау, яғни Общий форматына ауыстырады. ¨ Содержимое – форматы мен белгілеулерін өзгертпей, тек ұшықты ғана тазалайды ¨ Примечания – ерекшеленген ұяшықтардың белгілеулерін өшіреді. Шартты форматтау (пішімдеу) Excel 2007 шартты форматтаудың аса қуатты да ыңғайлы аспаптарын ұсынады. Ондай форматтау мәліметтерді талдау үшін қолайлы – жұмыс парағын әрбір түс белгілі бір мәліметтерге сәйкес келетіндей етіп бояп қоюға болады. Мұндай жағдайда құжат парағына жәй көз тастап-ақ мәселе туғызатын тұстарды байқауға болады. Шартты форматтау "Главная"лентасындағы "Стили" тақтасының "Условное форматирование" батырмасы арқылы жүзеге асырылады.
Программа үнсіздік келісім бойынша автоматты түрде ерекшеленген диапазондағы ең үлкен және ең кіші мәнді анықтап сосын бірдей проценттік қатынаста форматтайды. Егер сізге үнсіздік келісім бойынша форматтау параметрлері қажет емес болса, онда "Другие правила" пунктін пайдаланып қажетті параметрлерді орнатыңыз. Мәтін, сан немесе уақыт енгізілген бір ұяшықты шартты форматтауға болатындығына назар аудару қажет. Бұл әдіс белгілі бір мәндері бар ұяшықты тез табуға көмектеседі. Форматтаудың ондай тәсілін таңдау үшін ұяшықты ерекшелеу керек, сосын "Условное форматирование" батырмасын басып "Правила выделения ячеек" пунктін таңдау керек. Пайда болатын терезеге форматтаудың нақты шарттарын жазыңыз. Форматтауға стандартты операторлар сәйкес келмесе, "Другие правила" пунктін пайдаланыңыз. Біздің жағдайымызда ерекшеленген бос ұяшық боялады, себебі Excel үнсіздік келісім бойынша бос ұяшықтар нөлге эквивалентті деп есептейді. Егер ұяшыққа 4 – тен үлкен сан енгізсек ұяшық түссізденеді. Шартты форматтауды басқа ұяшықтарға да қолдану үшін форматталған ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышына тышқанның оң жақ батырмасын баса отырып созамыз, сосын пайда болатын контекске тәуелді менюден "Заполнить только форматы" пунктін таңдаймыз. Excel 2007-де ұяшықтар диапазонының жоғарғы және төменгі мәндерін шартты форматтау мумкіндіктері қосылған. Ол үшін "Условное форматирование" батырмасын басыңыз, "Правила отбора первых и последних значений" менюін ашып қажетті форматтау ережелерін таңдаңыз. Пайда болатын терезеге форматтау шарттарын енгізуге болады.
Excel 2007 –де бір диапазонға бір мезетте бірнеше шартты форматтау ережелерін қолдануға болады. Форматтаудың артықшылықтарын орнату үшін "Условное форматирование" батырмасының "Диспетчер правил условного форматирования" пунктін пайдалану керек. Тізімнің ең басында тұрған ереже ең маңызды ереже болып табылады.
Қандай да бір форматтау ережесінің әрекетін тоқтату үшін "Остановить, если истина" жалаушасын орнату қажет. Шартты форматтарды көшіруге болады. Кез-келген ұяшыққа (ұяшықтар диапазонына) форматтың көшірмесін апару үшін "Главная" лентасының "Буфер обмена" тақтасында орналасқан "Формат по образцу" жалаушасын пайдалануға болады. Шартты форматтауды өшіру үшін қажетті ұяшықтар диапазонын ерекшелеп алып, "Условное форматирование" нүктесін басып ондағы "Удалить правила" пунктін таңдау керек.
|