Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Енгізілген мәліметтердің қатесін тексеру




Электрондық кестенің ұяшықтарына мәліметтерді енгізу кезінде қателіктер жиі болады.

Егер енгізілетін мәліметтердің қандай шарттарды қанағаттандыруы тиіс екендігін білсек, қателіктерге жол бермеуге болады. Ол үшін енгізілетін мәліметтерді тексеру шартын білу керек. Жоғарыда аталған қателіктерді жібермеу үшін мәліметтер енгізілетін ұяшықтар аумағын ерекшелеу керек. Сосын "Данные"лентасындағы"Работа с данными" панелінің "Проверка данных" аспабын таңдаймыз. Қалқып шығатын тізімнен "Проверка данных"мәнін таңдаймыз.

Пайда болатын "Проверка вводимых значений" терезесіндегі "Параметры" тармағында тексеру шарттарын береміз.

"Сообщение для ввода" тармағына ұяшық таңдалғанда қолданушыға көрсетілетін мәтінді енгізіңіз.

 

"Сообщение об ошибке" тармағына ұяшыққа қате мән енгізілгенде қолданушыға көрсетілетін мәтінді жазыңыз.

Жұмыс істеу процесінде бұл қалай жасалатынын көрейік.

 

Егер "Проверка вводимых значений" терезесіндегі "Параметры" тармағындағы "Тип данных" өрісіне "Список" мәнін орналастырсақ, онда қайталанатын мәліметтерді енгізі процесін жеңілдетуге болады.

 

Ол үшін тізімдегі барлық мүмкін болатын мәндерді алдын ала енгізу қажет. Сосын "Источник" өрісінде тізімнің мүмкін болатын мәндері орналасқан ұяшықтардың аумағын көрсету керек:

  • өрістің оң жағында орналасқан кестенің суретіне басыңыз;
  • ұяшықтар диапозонын таңдаңыз;
  • кестенің суретіне қайтадан басыңыз.

Осыдан кейін, ұяшықты таңдау кезінде тізімнен қалаған мәнді таңдап алуға болатын тілсызық пайда болады.


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-04; просмотров: 197; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты