КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәрістің жоспары. Қозғалушы денелердің арасында, олардың жанасу жазықтықтарында сырғанау үйкеліс күштері пайда болады1.Сырғанау үйкелісі. Үйкеліс коэффициенті 2. Домалау үйкелісі Қозғалушы денелердің арасында, олардың жанасу жазықтықтарында сырғанау үйкеліс күштері пайда болады. Бұл алдымен жанасушы беттердің кедір – бұдырлығымен және біріне-бірі қысылған денелердің өзара ілінісуі бар екендігімен себептеледі. Инженерлік есептеулерде тәжірибелік жолмен тұжырымдалған заңдылықтары қолданылады, олар біршама дәрежелі дәлдікпен үйкеліс күштерінің әсерін көрсетеді. Бұл заңдылықтарды сырғанау үйкелісінің заңдары деп атайды. Оларды былайша тұжырымдауға болады. 1. Бір денені екіншіге салыстырмалы жылжытуға тырысқанда олардың жанасу жазықтығында үйкеліс күші пайда болады, оның модулінің нөл мен арасындағы кез келген шамаға тең болуы мүмкін, яғни . Денеге әсер ететің үйкеліс күшінің бағыты нүктенің жылдамдығының ықтималды бағытына қарама-қарсы. 2. Үйкеліс күшінің максимальдық мәні үйкеліс коэфициентінің нормальдық қысым күшіне көбейтіндісіне тең: . Үйкеліс коэфициенті - өлшемсіз шама, жанасушы денелердің беттерінің материалдарынан және күйіне (кедір-бұдырлығы, температура, ылғалдылығы және т.б) тәуелді. Оны тәжірибелік жолмен анықтайды. 3. Максимальдық үйкеліс күші біршама кең шектердің арасында жанасушы беттердің ауданынан тәуелсіз. Сырғанау үйкеліс күшін кейде құрғақ үйкеліс күші деп атайды. Үйкеліс бұрышының тангенсі үйкеліс коэффициентіне тең. Тепе-теңдік жағдайында идеалды емес байланыстың толық реакциясының бағыты үйкеліс бұрышымен шектеледі. Сырғанау үйкеліс коэффициентін тәжірибелік жолымен анықтау үшін, теңдестігін қолдануға болады. Табиғатта абсолют қатты денелер, абсолют жылтыр бет сияқты кездеспейді. Сондықтан дөңгелек дене (цилиндр, дөңгелек) тіреу бетке енеді. Тіреу бетінің цилиндрге реакциясы беттің деформациялануынан туған таралған күштердің қосындысы ретінде цилиндрдің домалауына кедергі болады. Бір дененің екіншісінің бетімен домалағанда пайда болатын кедергіні домалау үйкелісі деп атауға келісілген. Таралған күштердің бағыттары мен шамаларын анықтау деформацияланатын қатты дененің механикасының күрделі есебін құрайды. Инженерлік есептеулерде біздің көңілімізді аударатын домалауға кедергінің моменті. Денелердің сырғанау үйкелісі бар жағдайдағы тепе-теңдігін әдетте үйкеліс күші максимальды мәніне жеткендегі шекті жағдайда қарастырылады. Идеалды емес байланыстардың реакциялары екі құрастырушылар ретінде қарастырылады: нормальдық реакция және максимальды үйкеліс күші .
9 дәрісМатериалық нүкте динамикасы Дәрістің мақсаты –динамиканың аксиомаларын айтып беру, материалық нүкте қозғалысынның дифференциалдық теңдеулерн қорыту, динамиканың екі мәселесін қарастыр
|