Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


ТАҚЫРЫП 1.Микробиологиялық зертханалардың номенклатурасы. Микроағзаларды биологиялық қауыптылығына байланысты сұрыптау




Тәжірибелік сабаққа арналған оқу құралы

Медициналық және ветеринариялық биотехнология

 

МАЗМҰНЫ

 

  бет
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………….
№ 1 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………..
№ 2 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………..
№ 3 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………..
№ 4 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………..
№ 5 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………..
№ 6 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………..
№ 7 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………..
№ 8 Сарамандық жұмыс……………………………………………………………………......
№ 9 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………..
№ 10 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………
№ 11 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………
№ 12 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………
№ 13 Зертханалық жұмыс………………………………………………………………………
№ 14 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………
№ 15 Сарамандық жұмыс………………………………………………………………………
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТ…………………………………………………………….....

 

КІРІСПЕ

«Медициналық және ветеринариялық биотехнология» пәнінің мақсаты – студенттерде медициналық және ветеринариялық биотехнологияның мүмкіншіліктері, инфекция, иммунитет және иммунология, аллергия, вакциналарды, сарысуларды, антибиотиктерді, ферменттерді алу биотехнологиясы туралы білімдерді дамыту.

Қурстың тапсырмасы – болашақ мамандарға медициналық және ветеринариялық биотехнология облысында терең және жан жақты білім беру.

Курспен танысып студенттер тиісті:

Білуге: медициналық және ветеринариялық биотехнологиясының жалпы негіздерін, серологиялық реакциялардың тәжірибе жұмыстарын, инфекцияның жаратылысын және иммунитеттің қалыптасуын, вакциналардың, сарысулардың, антибиотиктердің ағзаға әсерін. Студенттер ветеринарияның және медицинаның тәжірибе және ғылыми жұмыстарында биотехнология әдістерін қолдану тұралы білу керек.

Тәжірибеде қолдану: теориялық білімдерді ғылымға және тәжірибеге еңгізілу үшін қолдану, медициналық және ветеринариялық биотехнологияның сынауларын сауатты жоспарлау.

Ие болу: РА, РП, РСК, ИФА реакцияларымен, негізгі объекттермен - жануарлармен (тышқан, үй қоян, қой); микроскоптық құралдармен (әр түрлі микроскоптар); зертханалық құралдармен (термостаттар, су моншалар, центрифугалар, анализаторлар және әдейленген аспаптар) тәжірибеде жұмыс істей алу.

Оқу үдірісінде кестелік материалдар, плакаттар және басқа өткізіліп жатқан сабақтың тақырыбына сәйкес келетін көрнекі құралдар және оқулық техникалық құралдар қолданылады.

 

Пререквизиттер: микробиология, вирусология, адам және жануарлардың физиологиясы, жасұшалы биотехнология, биохимия.

Постреквизиттер: гентикалық инженерия.

 

САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ТАҚЫРЫБЫ

ТАҚЫРЫП 1.Микробиологиялық зертханалардың номенклатурасы. Микроағзаларды биологиялық қауыптылығына байланысты сұрыптау

Сабақ мақсаты. Медициналық және ветеринариялық биотехнология жұмыстарына қатысты зертханалардың номенклатурасымен және түрлерімен танысу. Микроағзаларды сұрыптау ерекшеліктерімен таныстыру..

Сарамандық жұмыстардың техникалық қамтамасыздандыруы және қолданылатын құрал-жабдықтар. Кестелер, тақырыпқа сәйкес келетін фабрикада және қолдан жасалған плакаттар.

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

1. Медициналық және ветеринариялық зертханаларының номенклатурасы және түрлері..

2. Микроағзаларды биологиялық қауыптылығына байланысты сұрыптау.

 

Микроағзаларға қатысты жұмыстарды зертханаларда өткізеді. Алдарына қойылған талаптарына байланысты зертханаларды келесі топтарға бөледі:

1. Ғылыми – зертханалық.

2. Диагностикалық

3. Өнеркәсіптік.

Ден саулық сақтау жүйеде келесі зертханалар бар:

1. Жалпы немесе әдейленген түрлі клиника-диагностикалы зертханалар. Олар емдеу – алдын алу мекемелердің құрамында болады.

2. Бактериялық зертханалар.

3. Сантитариялы – бактериялық зертханалар.

4. Санитариялы – химиялық зертханалар.

5. Орталық, проблемалық, регионалдық, оқулық зертханалар.

6. Әдейленген зертханалар (аса қауыпты инфекциялармен және т.б. әдейленген жұмыстармен айналысатын).

7. Бактериологиялық, микологиялық, протозоологиялық, иммунологиялық.

 

Микроағзаларды қауыптылығымен байланысты ВОЗ сұрыптауы бойынша төрт топқа бөледі:

1. Аса қауыптылығы жоқ микроағзалар. Күнделік жағдайда адамдардың және жануарлардың ауруларын қоздырмайды (іш таяқша, стафиллококк).

2. Орташа қауыпты микроағзалар. Адамдардың және жануарлардың ауруларын қоздырады, бірақ күнделік жағдайда аса қауыпты емес (сальмонелла, туберкулез қоздырғыштары, гепатит, менингит вирустері).

3. Жоғары қауыпты микроағзалар. Осы микроағзалар ауру қоздырады, бірақ бір ағзадан екінші ағзаға берілмейді (бруцеллез қоздырғышы, қан аурулары).

4. Өте жоғары қауыпты микроағзалар. Эпидемия таратылуға, ағзада күрделі инфекциялар тұдыруға себеп болатын микроағзалар (оба, шешек, аусыл, сібір жарасының қоздырғыштары).

 

Микроағзалар топтарға бөлінуімен байланысты зертханаларды келесі дәрежелерге бөледі:

1. Негізгі базалық зертханалар – негізгі немесе жалпы түр. Жұмыстың ерекшелігіне байланысты қорғаныс құрылымдары болады.

2. Тәртіп бойынша жұмыс істейтін жабық зертханалар.

3. Ерекше тәртіп бойынша жұмыс істейтін жабық зертханалар.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Мақсатына байланысты зертханалар қандай түрлерге бөлінеді?

2. Микроағзаларды қауыптылығына байланысты топтарға бөлу үшін, олардың қандай ерекшеліктерін есепке алады?

3. Микроағзалардың топтарының сипаттамалары.

4. Зертханалардың дәрежелері.

 

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 301; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты