Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Агглютинация реакциясы




Агглютинация, немесе микробтардың жабысуы, ағзада агглютининдердің барымен белгіленеді. Осы серологиялық реакция жануарларда және адамдарда бруцеллез ауруын анықтағанда (Райт, Хеддельсон реакциялары), сүзек, сальмонеллез ауруларын (Видаль реакциясы) анықтағанда, ағзадан бөлініп шығарылған қоздырғышты анықтағанда өткізіледі. Осы реакциямен екі жағдайда қолданады: 1) зертханада белгілі антигеннің көмегімен ауру ағзадан алынған сары суды зерттегенде; 2) зертханада болған белгілі сары судың көмегімен ауру ағзадан бөлініп шығарылған белгісіз микробты зерттегенде.

Реакцияны өткізу үшін келесі заттарды алу керек: 1) зерттелетін сары су, 2) бактериялардың өлтірілген дақылы (антиген) и 3) сары суға қосу үшін және бактериалдық ерітіндіні дайындау үшін физиологиялық ерітінді.

Сары суды адамдардың және жануарлардың ағзаларынан алады. Сол үшін олардан 8-10 мл қан алады. Реакция өткізу үшін сары судың көлемін физиологиялық ерітіндімен арттырады. Сары суларды биофабрикаларда дайындап зертханаларға жібереді. Антигендерді де биофабрикаларда дайындайды.

Агглютинация реакциясы тұңба немесе жапалақтар жаратылумен белгіленеді. Және осы реакциямен эритроциттердің аллоантигендеріне қарсы моноклоналды антиденелермен қолданып қанның топтарын анықтағанда қолданады.

Агглютинация реакциясының әр түрлі нұсқаларымен қолданады: жәйілім, беттеу және т.б. Ауруларда антиденелер анықтау үшін жәйілім агглютинация реакциясын қояды: аурудың қанының езілген сары суына өлтірілген микробтардың суйықтығын (диагностикум) қосады. +37 градуста бір неше сағат ұстап жаратылған тұнбаны байқайды. Агглютинацияның сипаттамасы және жылдамдығы антигеннің және антидененің түрімен байланысты. Мысалы О- және Н-антигендердің ерекше антиденелермен қарым қатынасу ерекшеліктері: О-диагностикуммен (жылытумен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ұсақ болады, Н-диагностикуммен (формалинмен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ірі болып реакция тез өтеді.

Аурудан адамнан бөліп алған қоздырғышты анықтау үшін беттеу агглютинацияреакциясын қояды. Осы реакцияда диагностикалы антиденелермен қолданады, басқаша айтқанда қоздырғыштың серотипін анықтайды. Беттеу реакциясын шыны үстінде өткізеді. Диагностикалы иммунды сары судың 1:10 немесе 1:20 көлемі артырылған бір тамшысына ауру адамнан бөлініп алынған қоздырғыштың таза дақылын қосады. Жапалақты тұнба пайда болса, келесі реакцияны диагностикалы сары судың көлемін тағын да арттырып, әр бір мөлшерге қоздырғыш бар дақылдың 2-3 тамшысын қосып сынауықтарда өткізеді. Жапалақты тұнба түскен реакцияның мөлшеріне қарап реакцияны бағалайды.

Гемагглютинация теріс реакцияның (РНГА)негізінде қабыршықтарында антиденелер немесе антигендер адсорбталған эритроциттермен қолдану жатыр. Осы жағдайда ауру адамның сары суының антигендері немесе антиденелері эритроциттердің антигендерімен немесе антиденелерімен сәйкес болса эритроциттер жабысып сынауықтың түбіне тұнба болып түседі. РНГАмен инфекциялық ауруларды зерттегенде, жүктілік жағдайды анықтағанда зәрде гонадотропты гормонды табу үшін, әр түрлі дәрілерге және гормондарға сезімталдықты анықтағанда қолданады.

Гемагглютинация тежеу реакцияның (РТГА) негізінде иммунды сары судың вирустерге әсері жатыр. Иммунды сары су вирустердің күшін төмендетіп, вирустерде эритроциттеді агглютининдеу қасиеті жоғалады. РТГАмен тумау, қызылша, энцефалит ауруларын зерттегенде қолданады. Осы ауралардың қоздырғыштарында ағзаның эритроциттерін агглютининдеу қасиеті бар.

Резус-факторды анықтауға арналған агглютинация реакциясынегізінде антирезусты сары суларды қолдану. Зерттелетін эритроциттердің қабыршықтарында резус-антиген болса осы жасұшалар агглютинацияға жатады. Бақылауға қанның әр түрлі топтарының стандартты резус-оң және резус-теріс эритроциттер алынады.

Коагглютинация реакциясы –алдын ала иммунды диагностикалық сары сумен әсер етілген стафиллококкалардың көмегімен қоздырғыштың жасұшаларын анықтау. Стафиллококкаларда иммунноглобулиндерге жақын А ақұызы бар. Сондықтан олар антимикробты антиденелерді адсорбтап, сәйкес келетін микробтардың белсенді орталарымен қарым қатынасқа кіреді. Коагглютинация қортындысында құрамында стафиллококкалар, диагностикалы сары сулардың антиденелері және анықталуға жатқан микроб бар жапалақтар жаратылады.

Зерттелетін (белгісіз) немесе дайын сары судың көлемін реакция қоярдың алдында арттырады.

Сары судың көлемін 1:10 арттыру үшін сары судың 1 мл және физиологиялық ерітіндінің 9 мл алады, 1:10 көлемі арттырылған сары судан 1 мл алып келесі 9 мл физиологиялық ерітіндіге қуйса 1:100 көлемі арттырылу болады.

Сары судың осы көлемінен келесі көлем арттырылу жұмыстарын өткізеді. Реакция сынауықтарда өткізіледі. Сынауықтардағы көлемі арттырылған сары суға микробы бар дақылды (антиген) қосады. Осы қоспаны 4 сағатқа термостатқа орналастырады, кейіннен бөлме температурасында 20 сағат ұстап қортындысын қарастырады. Жапалақты тұнба жаратылу мөлшері реакцияның оң немесе теріс болғанын көрсетеді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Иммунологиялық реакциялардың негізінде не жатыр?

2. Иммунологиялық реакцияларда қандай фазалар байқалады?

3. Агглютинация реакциясымен қолдану мақсаты.

4. Агглютинация реакциясының түрлері.

5. Агглютинация реакциясын қою тәртібі.

6. Агглютинация реакциясын бақылау және бағалау.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2015-04-16; просмотров: 343; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты