КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Преципитация реакциясыПреципитация реакциясы – ерекшелік антиденемен молекулярлы антигеннің кешені қалыптасып тұнбаға түсу реакциясы. Антиген-антидене кешенінің тұнбасы преципитат деп аталады. Ерітіндідегі антигенді иммундық сары судың үстіне араластырмай жіберу реакциясын сынауықтарда өткізеді. Антиген және антидене қарым-қатынасуымен осы екі ерітінділердің шек араларында преципитат жүзігі жаратылады (жүзік преципитация реакциясы). Антиген ретінде осы реакцияда мүшелердің немесе ұлпалардың сулы экстракттарын қайнатып және сүзіп қолданғанда осы реакцияны термопреципитация реакциясы (Асколи реакциясы) деп атайды. Преципитация реакциясынагардың жартылай суйық гелінде немесе агарозада өткізетін түрлерін Оухтерлони иммунодиффузиясы, радиалды диффузия, иммуноэлектрофарез деп атайды. Оухтерлони иммунодиффузия реакциясын қою үшін ерітілген агарлық гельді шыны үстіне жұқа қабатты құйып, қатырып, 2-3 мл ұялар ойып қояды. Сол ұяларға бөлек антигендер және иммундық сары суларды салады. Олар агарға тартылып (диффузия) кездескен жерде ақ сызықты преципитат жаратады. Радиалды иммунодиффузия реакциясын қойғанда иммундық сары суды агарлық гельге кіргізеді. Гель ұяларына антиген ерітінділерін салады, ол гельге тартылып (диффузия) ұялардың қасында жүзікті преципитация зоналарын жаратады. Преципитация жүзігінің диаметрі антигеннің көлеміне (санына) сәйкес. Қанда иммуноглобулиндерді зерттегенде осы реакциямен қолданады. Иммуноэлектрофарез – электрофарез және иммунопреципитация әдістерінің қосылуы: антигендер қоспасы гельде электрофарез көмегімен бөлінеді, электрофарез зонасына қатар иммундық сары су кіргізеді, оның антиденелері гельге таратылып, «кездескен» жерде преципитация сызықтарын жаратады. Флокуляция реакциясы (Рамон бойынша) – преципитацияның бір түрі – токсин-антитоксин және анатоксин-антитоксин реакциясында жапалақ түрінде тұнба жарату. Преципитация реакциясы немесе тұнбаға түсіру реакциясы. Ветеринариялық тәжірибеде сібір жарасы қоздырғыштарына теріні зерттегенде қолданылатын реакция. Реакцияға келесі компоненттер кіреді: преципитиноген – теріден немесе мүшеден физиологиялық ерітіндінің көмегімен суйықтық алады; преципитациялық сары су – преципитиндері бар, биофабрикаларда дайындалатын суйықтық. Антигенді (экстрактты) преципитациялық сары судың үстіне араластырмай құйғанда екі ерітіндінің шек арасында мөлдір емес зат жаратылады. Осы заттың құрамында микробтық жасұшалардың ақұыздары, ерекшелік антидене-преципитинмен жаратылған. Осы реакцияны сынауықтарда өткізеді, антиген және антидене қарым-қатынасуымен жаратылған мөлдір емес зат сары су және антиген арасындағы көгілдір түсті жүзік ретінде болып көрінеді. Сібір жарасының преципитация реакциясының антигендері – сібір жарасының қоздырғышының ыдырау өнімдері. Зерттелген үлгіде ыдыраған өнімдер көп болса, реакция анық көрінеді. Зерттелген үлгіден экстрактті екі әдіспен алуға болады: ыстық және суық. Ыстықәдісте зерттелетін үлгіні қайнатумен, суық әдісте физиологиялық ерітіндіге салумен алады. Зеттеуге 1-2 гр салмағымен тері үлгілерін алады. Қанталаған жерлерді таңдап алады. Сондай жерлерде сібір жарасының қоздырғышының антигендері болу мүмкін. Реакция бастамай үлгілердің бәрін автоклавта зарарсыздандырады (сібір жарасының қоздырғыштарын өлтіру үшін). Сібір жарасының антигені жоғары температураға төзімді, үлгілер зарарсыздандырылғанда бұзылмайды. Зарарсыздандырылған үлгілерді ұсақтап, сынауықтарға салып, үстінен 10 мл физиологиялық ерітіндіні құяды. 100 градуста су моншасында ұстап, қайнатып, үлгілерді экстракциядан өткізеді (жарты сағат). Экстракциядан өткен суйықтықты асбест сүзгіш арқылы таза сынауықтарға өткізеді. Зерттелген үлгінің ерекшелік преципитациялық сары суын бақылау үшін нормалы сары суменде осындай реакцияны өткізеді. Преципитациялық сары суды сібір жарасының бациллаларының ыдыраған өнімдерін немесе күші кеткен бациллаларын жылқының ағзасына еңгізіп алады. Нормалы сары су дені сау жылқылардан алынады. Нормалы және преципитациялық сары суларды көп уақытқа сақтағанда оларға 0,5 пайызды карбол қышқылын салып консерваттайды. Зерттелетін үлгілермен реакцияны Уленгут сынауықтарында өткізеді. Осы сынауықтарға 0,5-1 мл сары су құяды, Пастер пипеткасының көмегімен сары су үстіне араластырмай зерттелетін экстрактты құяды. Жоғары жазылған белгілерге сәйкес реакцияны бақылайды.
Бақылау сұрақтары: 4. Преципитация реакциясымен қолдану мақсаты. 5. Преципитация реакциясының түрлері. 6. Преципитация реакциясын қою тәртібі. 7. Преципитация реакциясын бақылау және бағалау.
|