Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Тақырып. ЭЛЕКТРСТАТИКАЛЫҚ ӨРІСТЕГІ ДИЭЛЕКТРИК




Диэлектриктер – барлық молекулалары электрлік бейтарап күйде болатын электр тогын өткізбейтін заттар.

Полярлық емес диэлектриктер – молекулалық құрылымы симметрия-лық заттар. Сыртқы электр өрісінің әсерінен полярлық емес молекула-лардың зарядтары ығысып, молекула дипольдік моментке ие болады.

Полярлық диэлектриктер– молекулалық құрылымы асимметриялық заттар. Атомдағы электрондардың орналасуы ядроға қатысты симмет-риялы емес, сыртқы электр өрісі болмағанда молекуланың дипольдік моменті бар. Сыртқы электр өрісінің әсерінен олардың дипольдік моменттері сыртқы өріс бағытымен бағдарланады.

Иондық диэлектриктер– таңбалары кезектесіп отыратын дұрыс иондық кристалдық торлардан түзілетін заттар. Мұндай кристалдардың молекулалары жеке бөлініп қарастырылмайды, иондық диэлектрикті бір-біріне еніп тұрған екі иондық торшалардың жүйесі деп алу керек. Диэлектриктің поляризациясы – сыртқы электр өрісінде дипольдердің бағдарлануы немесе бағдарланған дипольдердің пайда болу құбылысы.

Диэлектриктің құрылысына қарай поляризация үш түрге бөлінеді:

а) электрондық (деформациялық) поляризацияполярлық емес диэлектриктің молекулаларында сыртқы электр өрісі бойымен бағытталған индукцияланған дипольдік моменттердің пайда болуы. Молекулалардың жылулық қозғалысы электрондық поляризацияға әсер етпейді. Газ тәріздес және сұйық полярлық диэлектрикте электрондық поляризация мен бағдарлық поляризация қатар орындалады.

ә) бағдарлық (дипольдік) поляризацияполярлық молекулалардың дипольдік моменттерінің сыртқы электр өрісі бағытына сәйкес бағдар-лануы. Молекулалардың жылулық қозғалысы бағдарлануға біршама кедергі келтіргенмен электр өрісінің үздіксіз әсерінен өріс бойымен бағ-дарлану орындалады. Поляризация процесі электр кернеулігінің өсуі мен температураның төмендеуіне қарай тезірек өтеді.

б) иондық поляризациясыртқы электр өрісінің әсерінен иондық диэлектрикте оң иондардың өріс бағытымен, теріс иондардың өріске қарсы салыстырмалы ығысуында дипольдік моменттердің пайда болуы.

Поляризациялану векторышексіз аз көлемді диэлектриктің толық дипольдік моментінің осы көлемге қатынасына тең, тұтас диэлектриктің поляризациялану дәрежесін сипаттайтын физикалық шама.

, (111)

мұндағы: диэлектриктің і-ші молекуласының дипольдік моменті,

сыртқы электр өрісіндегі дилектриктің дипольдік моменті.

Изотроптық диэлектрикте (сегнетоэлектриктен басқа) поляризациялану:

. (112)

Диэлектриктің e өтімділігі мен c алғырлығы арасындағы байланыс:

. (113)

Біртекті электр өрісінде поляризацияланған диэлектрикте байланған зарядтардың электр өрісі кернеулігі сыртқы өріске қарсы бағытталып әлсіретеді (24-сурет) . Қортқы электр өрісі: Сыртқы электр өрісі кернеулігі мен диэлектриктегі электр өрісі кернеулігі арасындағы байланыс:

. (114)

 
 


 

24-сурет

 

Ортаның диэлектрлік өтімділігідиэлектрик орналасқанда өрістің қаншалықты әлсірейтінін және диэлектриктің поляризациялану қасиетін сандық сипаттайтын өлшемі жоқ шама: . (115)

Электрлік ығысу (электрлік индукция) изотропты ортада еркін зарядтардың электрстатикалық өрісін сипаттайтын векторлық шама:

. (116)

Диэлектрикте қортқы өріс кернеулігінің сызықтары кез келген (еркін, байланған) зарядтарда басталады және аяқталады. Ығысу векторының сызықтары тек еркін зарядтарда ғана басталады және аяқталады.

Электрлік ығысу векторының ағыныэлектрлік ығысу сызықтарына перпендикуляр беттің бірлік ауданын тесіп өтетін ығысу сызықтарының тығыздығын (санын) сипаттайтын шама.

Электрлік ығысу векторының элементар ағыныбеттің өте аз аудан-шасынан өтетін ығысу сызықтарының саны (26-сурет):

, (117)

 
 

 

 


dS

α

 

25-сурет

 

Электрлік ығысу векторының ауданы S толық тұйық беттен өткен ағыны тұйықталған беттің шексіз аз ауданшаларынан өтетін ағындардың алгебралық қосындысына тең:

. (118)

Диэлектриктегі электрстатикалық өріс үшін Остроградский-Гаусс теоремасы:Кез келген тұйық бет арқылы өтетін электрлік ығысу векто-рының толық ағыны осы беттің ішінде қамтылған еркін зарядтардың алгебралық қосындысына тең болады:

. (119)

Сегнетоэлектриктертемператураның белгілі бір аумағында сыртқы электр өрісі жоқ кезде спонтанды (өздігінен) поляризациялануға қабілетті диэлектриктер ( мысалы, NaKC4H4O6∙4H2O – сегнет тұзы, атауы осыдан алынған, барий титанаты BaTiO3).

26-сурет

 

Сегнетоэлектриктер сыртқы электр өрісі жоқ кезде қаныға поляризация-ланған әртүрлі бағытталған электрлік моменттері бар микроскопиялық көлемдерден –домендерден тұрады (26-сурет). Тұтас сегнетоэлектриктің толық электрлік моменті нөлге тең. Сыртқы электр өрісінде домендердің электрлік моменттері өріске сәйкес бағдарланады. Күшті электр өрісі әсерінен сегнетоэлектриктің берілген көлемі толық поляризацияланып, қанығу деңгейіне жетеді, яғни өріс кернеулігінің одан әрі өсуінде поля-ризациялану өзгермейді. Сыртқы электр өрісінің кернеулігі кемігенде кері процесс біршама кешігіп орындалады. Өрістің әсері тоқтағанда ( ) қалдық поляризация сақталады.

Коэрцитивтік күш–қалдық поляризацияны жоюға қажет қарсы бағыт-талған электр өрісі кернеулігінің шамасы – .

Сегнетоэлектриктердің салыстырмалы диэлектрлік өтімділігі e мен диэлектрлік алғырлығы c – үлкен шамалар (жуықтап алғанда 103–106), заттың химиялық табиғатына ғана емес, сонымен қатар, температураға, электр өрісі кернеулігіне, алдын-ала поляризациялану дәрежесіне тәуелді болады.

Кюри нүктесі –сегнетоэлектриктің өз қасиетін жоғалтып, қалыпты полярлы диэлектрикке айналатын температура. Кюри нүктесінде сегне-тоэлектриктің фазалық түрленуі орындалады, яғни зат поляризациялан-байтын фазадан спонтанды поляризацияланатын фазаға, және керісінше, поляризацияланатын фазадан поляризацияланбайтын фазаға ауысады.

 


Поделиться:

Дата добавления: 2014-10-31; просмотров: 1009; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты