![]() КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Контурдың индуктивтігі. Өздік индукция. Өзара индукцияИндуктивтік – электр тізбегінің магниттік қасиеттерін сипаттайтын оң скалярлық физикалық шама. Контурдың индуктивтігі тізбектен бірлік ток өткендегі контурмен ілініскен магниттік ағынға тең болады:
Тұйық контурдағы электр тогы индукциясы ток күшіне тура пропор-ционал магнит өрісін туғызады. Егер контурды қоршаған ортаның маг-ниттік өтімділігі магнит өрісінің кернеулігіне тәуелді болмаса, яғни фер-ромагнетиктер жоқ болса, жалпы жағдайда контурдың индуктивтілігі оның геометриялық пішініне, өлшемдеріне және ортаның магниттік өтімділігіне тәуелді болады. Шексіз ұзын соленоидтың индуктивтілігі.Ұзын соленоидтың бойынан ток өткенде оның ішінде біртекті магнит өрісі қозады. Толық магнит ағыны:
Өздік индукция–өткізгіш контурда ағатын электр тогының өзгерген кезінде осы контурдың өзінде индукциялық ЭҚК-нің пайда болуы. Өздік индукцияның ЭҚК контурдағы ток күшінің өзгеру жылдамдығына тура пропорционал. Өздік индукцияға Фарадей заңын қолданса:
Егер контур деформацияланбайды, қозғалмайды және ортаның магнит өтімділігі өзгермейді деп ұйғарылса, онда Ленц ережесі бойынша: контурда индуктивтіктің болуы ондағы токтың өзгеруін баяулатады. Егер ток артса Өздік индукцияның экстратоктары– өткізгіште өздік индукция салдарынан пайда болатын және тізбекте ағатын токтың өзгерісіне әрқашан кедергі жасайтындай бағытталған қосымша токтар. ЭҚК
ток көзінен ажыратқанда:
Өзара индукция–жақын орналасқан тогы бар екі контурдың біреуінде ток күшінің өзгеруінен екіншісінде индукциялық токтың пайда болуы. 1- контурда
Дәл осылайша, 2- контурда
|