Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника



Гистамин, брадикинин,




простагландиндер, СЗ, С5а

комплсмснттсрі, С4, D4, Е4

лейкотриеңдері, тромбоциттерді

белсендіруші фактор

I

Қан тамыры өткізгіштігінің жоғарылауы

34-сурет. Лаброциттердің дегрануляциясы(Д.С. Саркисов

бойынша)


 
 

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия

жиналуын, күшейтеді. Лейкотрыендер (LTC4, LTD4, LTE4) қабыну ошағындағы қан тамырларын (өсіресе веналарды) кеңейтеді, экс­судация, хемотаксис үрдістеріне оң өсер етеді. Цитокиндер: лейко-киндер, монокиндер, лимфокиндер, фиброкиндер қабыну оша-ғындағы жасушалар (лейкоциттер, макрофагтар, лимфоциттер мен фибробластар) кооперациясын реттеп отырады.

Қабынудың плазмалық медиаторларының арасында каллекре-ин-кинин жуйесінің маңызы зор. Осы жүйе әсерленгеңде брадики-нин түзіліп, ол артериолалардың кеңеюіне, қан тамырлар өткізгіштігінің артуына, қабыну ошағында ауыру сезімінің пайда болуына себеп болады.

Хагеман факторының әсерінде қан үю, фибринолиз үрдістері күшейіп, майда тамырларда тромб түзіледі, фибриннің ыдырау өнімдері пайда болады.

Қабыну үрдісінде комплемент жуйесінің маңызы ерекше. Ха­геман факторының немесе иммундық жүйенің әсерінде комплементтің белсенді бөлшектері (СЗа, С5а, С5в-9) түзіледі. Олар қан тамыры өткізгіштігін арттырады, лейкоциттер хемотаксисін күшейтеді, лаброциттерден гистамин бөлініп шығуын асырады және басқа да қабыну медиаторларының түзілуіне ықпал етеді. СЗВ әсерінде фагоцитоз үрдісі жеңілдейді.

Қан тамырларының реакциясы.Алғашқы альтерация нәтижесінде пайда болған қабыну медиаторлары қан тамырлары-на тікелей эсер етеді. Бүл өзгерістер бірнеше кезеңнен түрады:

1) артериолалардың қысқа мерзімдегі спазмынан кейінгі арте-риялық гиперемия;



2) қан тамырларының өткізгіиггігінің артуы нәтижесінде пай­да болатын экссудация;

3) қан элементтерінің эмиграциясы;

4) фагоцитоз жене қабыну сіңбелерінің түзілуі.

Алгашқы рефлекторлық спазмнан кейін артериолалар кеңейіп,қабыну ошагына артерия қаны көп ағып келе бастайды (артерия-лық гиперемия). Қабынған жер қызарады, домбығып, қызуы көтеріледі. Кейіншелік, қанның реологиялық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты, артериялық гиперемия веналық гипереми-ямен алмасады, қан агымы баяулайды. Веналық тамырларда стаз алды, өзгерістері, стаз, тромбоз дамиды. Осыган байланысты лейкоциттердің қан тамыры қабыргаларына жабысуына жағдай туады.


4 белім, Қабыну


Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 49; Нарушение авторских прав







lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2021 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты