Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Давид бойынша)




Бүл жасушаларды Вихровтың лепромалық жасушалары деп атайды(44-45-сурет). Алапес микробактериялары нерв талшьіқтарының арасына орналаса отырып, оларды семуге үшыратады. Алапестің осы түрінде індетке қарсы багытталған жасушалық иммунитет қызметі өлсіз болады, қанда Т-лимфоциттерінің саны азаяды. Со-нымен қатар, лимфоциттердің қызметін төмендететін факторлар пайда болады. Жалпы осы өзгерістердің барлығы Т-лимфоцит жүйесінде пайда болған кемшіліктермен байланысты деген ғылы-

ми деректер бар.

Вожович-Фриш таяқшалары қоздыратын қабыну.Склеромада



Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия


4 бөлім. Қабыну



 


45-сурет. Алапеске төн гранулема

мүрьшның жөне көмейдің шырышты қабатында осы ауруға төн грануляциялық тін пайда болады. Ол негізінен плазмалық жасу-шалардан, макрофаг, лимфоцит жөне гистиоцит жасушаларынан түзілген. Олардың арасында өте көп гиалин шарлары, цитоплаз-масы мөлдір болып келетін ірі макрофагтар (Микулин жасушала-ры) кездеседі. Микулич жасушаларывда ауруды қоздыратын дип-лобациллалар табылады. Егер грануляциялық тін тек қана мүрында дамыса бүл үрдісті риносклерома деп атайды. Бірақ, грануляция-лық тін бүл жағдайдың өзінде де бір жерде ғана қалып қоймай, мүрын жолдарын бойлап жүтқыншаққа, одан евстахий түтігіне және мүрынның қосымша қуыстарьша жайыла өседі. Кейде қабыну үрдісі төменге кеңірдек пен бронхты бойлай тарайды. Кейін гра-нулеманың орнында дамыған қатқыл тыртық жогарғы тыныс жол-дарының тарылуына немесе бітіп қалуына соқтырады. Осы өзгерістер ауру өліміне себеп болады.

Маңқаға тән гранулема.

Маңқа (сап) ауруы адамға өр түрлі жануарлардан жүғады. Жедел агымды маңқа кезінде жиналып қалған лейкоциттердің айнала-сында макрофагтардан, эпителиоидтық жасушалардан түзілген грануляциялық тін пайда болады. Бүл гранулемалар тез арада


іріңцеп, теріде, шырышты қабықтарда ірінді жараларға айналады. Лейкоциттердің ьщырау үрдісі ядроларының бөлшектеніп кетуіне

— кариорексиске соқтырады. Маңқаньщ созылмалы түрінде қабыну
ошақтарында пролиферативтік үрдіс басым болады. Теріде, ішкі
ағзаларда пайда болған гранулемалар морфологиялық түзілісі бой-
ынша туберкулез гранулемасын елестетеді.

Полиптер мен өткір үшты кондилома түзетін пролиферативті қабыну.Қабынудың бүл түрі шырышты қабықтарда, призмалық эпителидің көп қабатты эпителиге өтетін жерінде кездеседі. Со­зылмалы қабынуға байланысты эпителий астындагы дөнекер тіндермен бірге өсіп, сабаққа асылып түрған немесе соргыш тәрізді қүрылымдарды түзеді. Олардың стромасында лимфоциттерден, плазмалық жасушалардан, макрофагтардан түратын сіңбелер та­былады. Полиптер мүрында, мүрынның қосымша қуыстарында жиі кездесёді. Полиптер қүрылымы бойынша фиброзды, адено-матозды, ангиоматозды деп бөлінеді, этиологиясы аллергиялық реакцияларға байланысты. Жатырдагы, асқазандағы, бронхтардағы аденоматоздық полиптер қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін.

Анустың, жыныс ағзаларының айналасында мерез, сөз инфек-цияларына байланысты папилломага үқсас бүртікті, қүрылымдар

кондиломалар пайда болады. Олардың папилломалардан айыр-
машылығы стромасында лейкоциттік сіңбелер көп. Кондилома-
лардьщ ең жиі кездесетін түрі — өткір үшты кандиломалардьщ себебі
папилломиксовирустар екендігі анықталған.

Сонымен продуктивті қабыну негізінен созылмалы түрде өтетін қабыну, оның организм үшін маңызы зор. Продуктивті қабыну нәтижесінде ағзаларда склероздық, тіпті цирроздық өзгерістер да-мып, олардың қызметі бүзылады.

4.3. ИММУНДЫҚ ҚАБЫНУ

Иммундық реакция организмді антигендік қүрамы өзгеше бөгде заттардан тазартуга багытталған пайдалы реакция, оның гуморал-дық және жасушалық түрлері бар. Иммундық қабыну деп орга-низмде дамитын иммундық реакциялар нәтижесінен туындайтын қабынуды атайды. Әдетте бүл реакция сенсибилизацияланган организмде айқын көрініс табады. Иммунологиялық реакцияла-рга тән арнайы морфологиялық өзгерістерден соң олардан өзгеше, бейспецификалық үрдіс, яғни қабыну үрдісі туындайды. Ол басқа қабынулардан сан жағынан да, сапа жағынан да.өзгеше.

Иммундық қабынудың себептерінің бірі — иммундық реакция-


152 Ж.Ахметов. Патологаялық анатомия


5 бөлім. Иммунопатологиялық үрдістер



 


ларға қатысушы Т-және В-лимфоциттерінен бөлініп шығатьш ме-диаторлар — лимфокиндер. Олар қабыну ошақтарында макрофаг-тардың тоқтап, жиналып қалуын, Т- жөне В-лимфощптердің, мак-рофаггардың бірлесіп қызмет еіуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, лимфокиндер шіазма факторларын, өсіресе Хагеман факторын, ком­племент компоненттерін белсендіріп қабыну үрдісіне қатыстыра-ды. Иммундық қабынудьщ туындауында токсинді иммундық ке-шендер реакциясының (антиген-антидене-комплемент) рөлі өте зор. Олардьщ лейкоциттерді өзіне тарту қасиеті (лейкотаксис) өте жоға-ры. Иммундық кешеңдер қан тамырларының іргесіне жиналып, оньщ плазма жөне лейкоциттер үшін өткізгіпггігін шектен тыс асырып жібереді. Соньщ нәтижесінде қан тамырыньщ іргесінде фибрино-идты некрозға дейін жететін өзгерістер дамиды. Бүл көріністер жо-ғары сезімталдықтың жедел түрі (ЖЖТ) үшін төн.

Жоғары сезімталдықтың баяу түрінде (ЖБТ) кеш дамитын иммундық қабыну өрістейді. Оның дамуында ЖБТ медиаторла-рының және макрофагтардың маңызы зор. Сол жердегі жасуша-лық реакциялар гранулеманың пайда болуымен аяқталады.

5 бөлім. ИММУНОПАТОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР

Қазіргі таңда адам жөне жануарлар организмінде иммундық бақылауды жүзеге асыратын, жеке-дара иммунокомпетентті жүйе барлығы анықталған.

Ағылшын патологі Миллердің (1961) жүргізген тәжірибелерінде айырша бездің осы иммундық реакцияларды басқаратын орта екендігі анықталды. Егер жаңа туған тышқандардың тимусын опе­рация жолымен алып тастаса (неонаталдық тимэктомия), олариммундық реакцияларға жауап беру мүмкіндігінен бүтіндей айы-рылады. Организмдегі лимфоидтық тіннің пайда болу үрдісі бүзы-лып, олар атрофияланады, қандағы лимфоциттер мен иммуногло-булиндер мөлшері азаяды. Иммундық реакциялардың өзгерісіне байланысты ішектегі аутоф-лораның белсенділігі артып, іш өте бастайды. Өсу үрдісі тоқтайды, жануарлар тез арықтап, 2-4 айдан соң өледі. Тимэктомиядан кейін пайда болатын осы көріністердің барлығын қосып вастинг-синдром (ағылшынша: waste — арықтау) деп атайды.

Адам және сүтқоректілердің иммунитетінің орталық ағзала-рына тимустан басқа сүйек кемігі, ал қүстарда — фабрициус қал-тасы жатады.


Көкбауыр, шеткі лимфа бездері, асқазан-ішек жолындағы, өкпедегі шоғырланған лимфоидтық тін және қандағы лимфоцит жасушалары иммундық жүйенің шеткі бөлімдері болып есептеледі. Тимусқа тәуелді лимфоциттерді Т-лимфоциттер, ал фабрициус қалтасына тәуелді лимфоциттер В-лимфоциттер деп аталады. Со­нымен қатар Т- немесе В-лимфоциттерден басқа таңбасы (маркері) жоқ лимфоциттер де болады. Олар жалпы лимфоциттердің 10-20% күрайды.

Т-лимфоциттер организмдегі жасушалы иммунитетке жауап береді. Олар тимуста пайда болып, шеттегі лимфоидтық ағзалар-дың тимуске тәуелді аймақтарында орналасады, бірақ сол жерде тоқтап қалмай қанда үздіксіз айнала жүріп, бірінші болып анти-гендермен кездеседі. Ең бастысы олар иммундық бақылау қызметін атқарып, барлық иммундық хабарды жадында сақтайды және өмірі үзақ жасушалар қатарына жатады, иммундық реакция кезінде жа-сушалық иммунитет медиаторларын, лимфокиндерді бөліп шьи^а-рады. Т-лимфоциттер үшін х-антиген болуы тән. Электрондық микроскопта олардың сырты тегіс болып көрінеді. Т-лимфо-циттердің өзі бірнеше түрге бөлінеді: хелперлер, киллерлёр, суп-рессорлар.

Т-хелперлер (help — жәрдем) В-лимфоцитеттердің плазмалық жасушаларға айналуына жәрдемдеседі. Т-киллерлер (killer — өлтіруші) жасушалық иммунитеттің негізгі қүралы болып, антигендік қүрамы өзгерген жасушаларды тікелей жойып жібереді. Бүл үрдісте сенсибилизацияланған лимфоциттерден бөлініп шы-ғатын лизосомалық ферменттер мен медиаторлар (лимфокиндер) қатысады (46-сурет). Т-супрессорлар (suppression — тежеу, басу) В-лимфоциттерде антидене пайда болу үрдісін тежейді.

В-лимфоциттер өмірі қысқа, отырықшы жасушалар қатарына кіреді. В-лимфоциттердің сыртында әр түрлі, антиген косып алу-шы, рецепторлар (иммуноглобулиндер) болғандықтан электрон-дық микроскопта олардың үсті бүрлі болып көрінеді. В-лимфоциттердің негізгі қызметі антиген өсеріңде плазмобласт, плаз-малы жасушаларга айналып өзінен иммуноглобулиндер (антиде-нелер) бөліп шыгару. Пайда болған антиденелер антигендермен қосылып кешен түзеді. Осылайша антигендік қүрамы өзгеше бөгде заттар бейтараптанады (нейтрализация) немесе организмнен шы-гарьиіады (элиминация). Оган комплемент қосақталганда иммун-дық кешен пайда болады. Иммундық кешендерді макрофагтар обып жояды. Кейбір жагдайларда иммундық кешендер қан тамырлары-на шөгіп қалып қабыну үрдісін яғни иммундық кешен ауруы (төменді қараньтз^ яеген ііатологияға соқтырады.


 
 



Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия

Организмде иммундық реакциялар қалыпты жүруі үшін им-мундық жүйенің осы негізгі екі жасушасы — Т- жөне В-лимфо-циттер мен үшінші жасуша — макрофагтар (А-жасуша) бірлесіп қызмет етуі керек. Осы үшжасушалық серіктестік (кооперация) иммунологиялық реакциялар негізін қүрайды (Р. В. Петров, 1969, 1970) (47-сурет).

Жергілікті аллергиялық реакциялар

Аллергия - иммунопатологиялық үрдістердің бір түрі. Жергілікті аллергиялық реакцияларға мьшалар жатады:

1. Жоғары сезімталдықтың жедел түрі (ЖЖТ).

2. Жоғары сезімтадцықтың баяу түрі (ЖБТ).

3. Трансплантацияға байланысты иммунитет.

Бүл реакциялардың пайда болу механизмдеріне байланы­сты ааты турін ажыратады:

1. Бейтараптану және белсенділігін жою (инактивация) реак-цияларында антиген рөлін гормондар немесе жасуша рецепторы атқарып, олар агзалар қызметінің бүзылуымен және дистрофия-лык; өзгерістерімен байқалады.


5 бөлім. Иммунопатологиялық үрдістер


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 297; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты