КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
АТРОФИЯ (СЕМУ)Атрофия (грекше: а - жоқ, trophe - қоректену) деп ағзаның немесе жасуша көлемінің кішірейіп, қызмет қарқынының төмендеуін немесе бүтіндей тоқтауын атайды. Атрофияға үшыра- ған жасушалар қызметі өте төмендегенмен, жасуша өлмейді. Ағза массасының кішіреюі жасушаларда апоптоз дамуымен байланысты болуы мүмкін. Семудің физиологиялық жөне патологиялық түрлерін ажыра-тады. Физиологиялық семуге балалардың кіндік қан тамырларының, кейінірек айырша безінің семуін мысалға келтіруге болады. Бүлар жас организмнің дамуына яғни эволюцияга байланысты болатын семуге жатады. Қартайғанда сему үрдісі барлық ағзаларды, жүйелерді қамтиды. Бүл қартаю яғни инволюция нәтижесінде да-митын семудің мысалы. Патологиялық сему белгілі бір ауру тудырушы себептерге байланысты болады. Семудің бүл түрі екі топқа бөлінеді: 1) жалпы сему немесе көтерем болу (кахексия); 2) жергілікті сему. Жалпы сему аііггықтьщ, нерв жөне эндокрин жүйелерінің ауру-ларының, қатерлі ісіктің салдарынан пайда болады. Егер адам 1-2 ай бойы тамақ ішпесе, не жеген тамағы сіңбесе, ол шегіне жете арықтап, көтерем болып өледі (алиментарлық кахексия). Бүл кезде организм өз салмағының 40-50% жоғалтады. Көтеремдіктің ей, бірінші белгісі май «қоймаларынанң майдың жоғалуы, теріасты шелі, шарбы, шажырқай жүқа дөнекер тінді қабаттарға немесе сары-қоңыр рендегі пластинкаға айналып қалады. Кейде майды микро-скоппен де іздеп таппайтын жағдай болады. Тері өте қүрғап, жүқа-рып, қатпарланып, меланин пигменттерінің көбеюіне байланысты қоңыр түске енеді. Дененің бүлшықеттері семіп қалады, сүйектер кеуектеніп (остеопороз) морт сынғыш болады, әсіресе сүйектің тығыз қабаты жүқарады. Ішкі ағзалардың көлемі кішірейіп, сал-мағы азаяды, жүрек пен бауырда коңыр түс беруші липофусцин пигменті жиналады. Бүл үрдісті агзалардың қоңыр семуі дейді (52 -сурет). Атрофия үрдісі ішкі секреция бездерінің ішінде қалқанша безде, жыныс бездерінде және бүйрекүсті бездерінде айқын көрінді. Клиникада осы бездер қызметінің бүзылу белгілері дамиды. Жергілікті семудің ағза сырттан немесе іштен басылып қалған-да, ағза қызметіне талап азайғанда, зат алмасуы мен трофика бүзы-лғанда қанмен жеткілікті қамтамасыз етілмегенде пайда болатын түрлері бар. Агза сырттан немесе іштен басылып қалганда осы ағзаның қан-мен қамтамасыз етілуі және қоректенуі бүзылып сему үрдісі дамиды. Қолқа аневризмасы (бүлтимасы) төс сүйегін кейде омыртқа бағанын, басып жүқартып өзінің бедерін қалдыра алады. Несепа-ғар жолы таспен тығындалып қалғанда бүйрек астауының қуысы кеңейіп, бүйрек тіні бірте-бірте жүқарады. Осы өзгерістер
52-сурет. Бауырдың қоңыр атрофиясы нәтижесінде бүйрек орнында несеппен толған қалта қалады (гидронефроз — су буйрек). Агза қызметіне тааап азайганда немесе мүлдем жойылғандаолар қызмет қарқынын төмеңцетіп семе бастайды. Мысалы, сүйек сынғанда гипске салынған аяқ бүлшықеттері өрекетсіздік нәтижесіңце семеді, осы тектес өзгерістер космос жағдайыңца қаңқа бүлшықеттерінде дамиды, бүйрекүсті бездерінің біреуівде пайда болған ісік гормондардың көп түзілуіне байланысты екінші бездің семуіне соқтырады. Кейбір без гормондарын емдік мақсатпен үзақ уақыт қолданғанда сол гормонды жасап шығаратын без семеді. Зат алмасуы мен трофиканың бузылуына байланысты атрофияныңмысалы ретінде ағзаның нерв жүйесімен байланысы үзілген кезде дамитын атрофияны келтіруге болады. Бүл жағдай жарақаттанган-да, қабыну нәтижесінде, нерв жолдарын ісік, дәнекер тін басып қалғанда байқалады. Мысалы, омыртқалар остеохондрозында омыртқа арасындағы диск орнынан тайып, шеткі нервтерді басып қояды, соның салдарынан аяқ бүлшықеттері семіп қалады. Поли-омиелитге кездесетін аяқ-қол бүлшықеттерінің семіп қалуы жүлын-ның қозғалтушы нейрондарының зақымдануына, соның салдарынан бүлшықет тіні трофикасының бүзылуына байланысты. Радиация әсерінде жыныс бездерінің, сүйек майыньщ атрофиясы сөуленің 6 белім. Бейімделу және орнын толтыру_______________________________ ill тек тікелей өсерінен емес, жергілікті тінде дамитын өте күрделі өзгерістердің, жасушалардың митоздық белсёңцілігінің төмендеуінің, ферменттер инактивациясы мен денатурациясының, зат алмасуы, секрет бөлініп шығу үрдістерінің әлсіреуінің, рецепторлар қызметінің бүзылуының нөтижесі (И.В.Давыдовский). Қанның жеткілікті келмеуіне байланысты сему қан тамырла-рының атеросклерозында немесе бірте-бірте басылып қалғанында байқалады. Әрбір ағзаға артерия қаны жеткілікті келіп түрмаса, ол семіп қалады. Мысалы, гапертония, атеросклероз ауруларында бүйрекке қан келуі азайып, оның көлемі кішірейіп, сырты майда түйіршіктеніп қалады. Бүл өзгерістерге буйректің біріншілік бурісуі деген ат берілген. Миға қан келуі азайғанда ганглиозды жасушаларда гипоксия-лык, жөне "ауыр" дистрофиялық өзгерістер дамып олардың жалпы саны азая бастайды. Семудің маңызыоның қай ағзада жөне даму мерзіміне байланысты. Сему үрдісі үзаққа созылмаса семуді тудырушы себептер жойылған кезде ағза қызметі толық қалпына келе алады. Егер се-муге шалдыққан ағзалардың жасушалары дистрофия мен некроз күйіне жеткен, ал тіндері дөнекер тінмен алмасып қалған болса, сему қайтымсыз түр алады. Мысалы, гидронефроздың кейінгі кезендерінде бүйрек өз қызметін атқара алмайды. Сөйтіп, атрофия морфологиялық түрғьщан ағза, жасуша қызметінің нашарла-уының немесе мүлдем жойылуының көрсеткіші. Бүл үрдіс ульт-рақүрылымдар санының азаюьшан басталып, жасуша санының аза-юына, осылайша ағзалардың кішірейіп семіп қалуына соқтырады. Сондықтан атрофияны бейімделу реакциясы деп емес, дистрофи-яның бір түрі деп қарау керек. Жалпы бүл үрдісті атрофия деп атаудан көрі гипотрофия деп атау дүрыс, себебі мәселе қоректенудің жоқтығында емес (атрофия сөзінің грекше аудармасы солай) қоректік заттардың жеткілікті түспеуінде (Д.С.Саркисов).
|