Студопедия

КАТЕГОРИИ:

АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника


Эпителий регенерациясы




Эпителий тініңце регенерация мүмкіндігі өте жақсы дамыған. Жамылғы эпителий жасушалары камбиалдық қабаттың жасуша-лары есебінен көлемді жара беттерін де толық жаба алады. Бүл үрдісте эпителий астында жатқан түйіршікгі дөнекер тіннің маңы-зы зор. Осы екі тіннің жетілуі қатар (синхронды) жүріп отырғанда ғана регенерация толық өтеді (В. Г. Гаршин).

Көп қабатты эпителийдің мысалы, тері эгштелийінің, регене­рациясы негізгі (базалды) қабаттағы жасушалардың өсіп-көбеюі арқьілы жүреді. Аддымен бір қабатты эпителий пайда болып, ол жетіліп, көп қабатты эпителийге айналады.

Шырышты қабықтардың (асқазанның, ішекгің, куықтың жөне т.б.) жабынды эпителийінщ регенерациясы жара айналасыңцағы камбиалды эпителий жасушаларынан басталады. Олар алдымен көбейіп пайда болған дефекті толтырады, кейіншелік жетіліп сол жерге төн призмалық, жыбырлағыш, өтпелі және т.б. эпителийге айналады.

Жараның жазылуы

Тері тез жаңарып түратын ағзалар қатарына жатады. Бүл жер-де физиологиялық регенерация өте қарқынды түрде өтеді. Ал реперативтік регенерация тері жарақатында көрінеді. Тері жарақа-тының бітуі оның қаншалықты терең бойлауына байланысты бірнеше түрде өтеді (И. В. Давыдовский):

1. Эпителий ақауының тікелей бүтінделуі; 2) Қабыршық (струп) астында жазылуы; 3) Жараның бірінші реттік бітуі; 4) Жараның екінші реттік бітуі.

Эпителий ақауының тікелей бүтінделуі терінің немесе басқа шырышты қабықтардың өте беткей қабаттары сыдырылғанда ғана орын алатын қүбылыс. Бүл жағдайда ақауға жақын жатқан эпите­лий жасушалары сол бағытқа қарай созыла жайылып, бір-бірімен біршп, дефекті тольпымен жабады. Теріде жара пайда болғанда жарақат үлкен болмаса немесе операциядан кейін жара шеттері бір-бірімен тығыз беттестірілсе, осы жердегі үйыған қан жараны желімдеп тастайды. Кейінірек қан қүрамындағы лейкоциттер ферменттерінің өсерінен қан үйындылары, өлген тіндер ыдырай бастайды. Ыдырау өнімдері макрофагтар арқылы тазартылады. 2-3 күннен кейін-ақ жараньщ шеттерінде фибробластар өсіп көбейіп, бір-бірше қарай өсетін капиллярлар қалыптаса бастайды, 7-8 күннен кейін жараның беті эпителий тінімен қапталып жара бітеді. Мүны жараның біріншілік (таза) жазылуы деп атайды.


7 болім. Регенерация

Егер жара көлемі ауқымды болса, сол жердегі некроз нөтиже-сінде жөне инфекция түсіп, қабынуға байланысты жара шеттері бір-біріне жабыспай, іріндеп кетеді. Жараның толық тазаруы осы іріндену үрдісінің (жараның іріңдеп тазаруы) нәтижесі. Тек 5-6-шы күннен бастап қана жараньщ шеттеріңце түйіршікті (грануля-циялық) тін пайда болады.

Грануляциялық тін қүрамында жаңадан пайда болған майда қан тамырлары, капиллярлар олардың арасыңда фибробласт, лим­фоцит, макрофаг элементтері, лейкоциттер көрінеді. Грануляция-ның пісіп жетілуі барысында лейкоциттер саны азайып дәнекер тін элементтерінің арасалмагы асады. Фибриллогенез үрдісі нөтижесінде жергілікті тін қатайып бекиді. Жараның шетіндегі көбейе бастаған эпителий бірте-бірте оның бетін жабады (жара-ның эпителиленуі). Мүны жараньщ екіншілік (іріңдеп барып) жа­зылуы дейді. Кейбір жағдайларда мысалы, тері күйгенде, эпители-лену үрдісі толық жүрмей жара орнында келлоидты тыртықтар қалады. Кейде үзақ уақыт бітпейтін кезек жара (трофикалық жара) пайда болады.

Жараның бетінде қатып, қүргап қалған қабыршықтың (струп) пайда болуы жараны инфекция түсуден сақтайды, ал регенерация сол қабыршақ астында жүреді. Жара эпителимен толық қапталғ-анда қабыршақ түседі.

7.2. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ РЕГЕНЕРАЦИЯ

Патологиялық регенерация репаративті регенерацияньщ бүрма-ланған түрі. Сондықтан ол өр түрлі жағымсыз факторлар. әсерінде регенерация үрдісінің қалыпты барысының бүзылуымен сипатта-лады, ол баяулағанда жойылған тіннің орны толмайды (гипорегене-рация), ал шамадан тыс болғанда, керісінше артық тін пайда бола­ды (гиперрегенерация).

Гипорегенерацияның мысалы етіп аурудьщ өлсіздігі витамин-дердің жеткіліксіздігі, нервтік реттеудің бүзылуы немёсе жүрек кызметінің созылмалы нашарлауы нәтижесінде пайда болатын, үзақ уақыт бітпейтін жараларды алуға болады.

Гиперрегенерация кезінде терінің жарақаттанған жеріңде ре­генерация үрдісі өз мерзімінде тежелмей, сол жердегі тін шамадан тыс, ет төрізді ("жабайы ет") өсіп кетеді. Осылайша бүрмаланған регенерация түрлерін субституция — шала жаңару дейді.

Кейде регенерация үрдісінің бүзылуына байланысты диспла-зия, ісік алды үрдістер дамиды, бүны атипиялық регенерация не­месе дисрегенерацид (В.В. Серов, 1998) деп атайды.


Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


Поделиться:

Дата добавления: 2014-12-30; просмотров: 572; Мы поможем в написании вашей работы!; Нарушение авторских прав





lektsii.com - Лекции.Ком - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав
Главная страница Случайная страница Контакты