КАТЕГОРИИ:
АстрономияБиологияГеографияДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сурет. Хондросаркомазылған жерде көпядролы, остеобласт жасушалары пайда болады. Бірақ жаңа түзілген остеоид тінге кальций түздары шөгіп, нағыз сүйекке айнала алмайды. Хондросаркомасирек кездесетін, шеміршек жасушаларынан өсетін ісік. Хондробласт жасушаларында атипизм айрықша көрініп, олардың арасында көптеген митоздар кездеседі. Аралық тін хонд-роид тін тәрізденіп қалады, бүл жерде сүйек түзуші және миксоид тін, некроз ошақтары көрінеді (70-сурет). 8.5. МЕЛАНИН ТҮЗУШІ ТІННІҢ ІСІКТЕРІ Алғашқы меланин түзуші жасушалар (меланоциттер) теріде, көздің нүрлы қабықшасында және ми қабықтарында дамиды. Теріде әрбір он негіздік (базалдық) жасушаға бір меланоцит жасушасы тура келеді. Меланин түзуші жасушалардан: пигменттік невустар (тума ақаулар) және меланомалар (нағыз ісіктер) дамиды. Пигменттік невустар балалардағы ең көп кездесетін тума ақаулар қатарына жатады. Олар теріде жекелеген немесе өте коп, қоныр түстегі жалпақ кейде азырақ томпайған қал (мең) түрінде көрінеді.
Сурет. Дермаішілік пигментті невус Микроскоптық қүрылымына қарап невустың томендегі түрлерін ажыратады: 1) шекаралық невус; 2) дермаішілік невус; 3) аралас (күрделі) невус; 4) эпителиоидтық немесе үршықтәрізді жасушалық невус; 5) баллонға үқсас жасушалардан түзілген невус; 6) галоневус; 7) көгілдір невус. ІПекаралық невус эпидермис пен дерманың шекарасында ірі, домалақ немесе көпбүрышты, цитоплазмасы түссіз, ядросы көпіршіктенген невус жасушаларының топталуымен сипатталады. Бүл жасушаларда пигмент көп болмайды. Дермаішілік невуста невус жасушалары тек дермада жайгаса-ды, оларда пигмент коп. Аралас невус жасушаларының әрі эпи-дермисте, әрі дермада орналасуымен сипатталады (71-сурет). Эпителиоидтық (немесе үршықтәрізді жасушалы) — невус ба-лаларда жәңе жасөспірімдерде кездеседі. Сондықтан оны ювынилдік невус деп те атайды. Ол теріде қоңыр-қызыл түсті түйін түрінде 224 Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия 8 белім, Ісіктер
көрінеді. Микроскоппен қарағанда невус ірі, цитоплазмасы әлсіз боялған, көбінесе үршықтәрізді жасушалардан түзілген, олардың арасында митоздар көп. Көпядролы алып жасушардың болуы: осы ісік үшін тән қүбылыс. Ісік жасушаларында меланин өте аз, мик-роскоптық көрінісі меланомаға үқсағанымен, ювенилдік невус өте жөй өседі, қатерлі ісікке айналып кетпейді, белгілі бір уақыттан кейін өзінен-өзі жоқ болады. Баллонга үқсас жасушалардан тузілген невус домалақ пішінді, цитоплазмасы түссіз, ірі жасушалардан түзілген. Галоневус айналасында пигментсіз аймақтың пайда болуымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте жойылып орнында пигментсіз ақшыл дақ қалады. Көгілдір невус бетте, қол-аяқта, жамбаста, белде көгілдір түстегі, тегіс дақтар немесе қатты, қатпарлы табақша тәрізді ісіктер түрінде көрінетін невустың ерекше бір түрі. Көгілдір невус дермаішінде үзынша келген, меланинге өте бай, эр түрлі бағытта жайғасқан жасушалар тобынан қүрылған. Көгілдір невус дерманың ең терең қабаттарында жатады, ал эпидермис пен невус арасында өзгерме-ген дерма бар, невустың көгілдір түсі осы жағдайға байланысты. Егер көгілдір невус қүрамында жасушалар өте көп болса және олар-дың арасында жасушалар полиморфизмі, бірлі-жарымды көпядро-лы алып жасушалар пайда болса, оны пролиферацияланушы немесе жасушалы көгілдір невус дейді Меланома аса қатерлі ісіктер қатарына жатып, меланоцит жа-сушаларынан дамиды. Мелонама 20 жастан кейін, әсіресе 40-50 жаста көп кездеседі. Ол көбінесе пигменттік невустардан кейін, кейде алдын ала өзгермеген теріде де өседі. Меланоманың түсті қара-қошқыл немесе қап-қара, үстіңгі қабаты жараланып, қанап түрады. Өсу сипатына қарап меланоманың: беткей, жайыла өсуші және түйінді түрлерін ажыратады. Меланоманың бірінші түрінде ісік жасушалары эпидермис аймағында көлденеңіне өседі. Ісік жасушаларының эпидермистен дермаға, одан шел қабатына ене өсіп, метастаз беруі бірнеше жылға созылады. Меланоманың екінші түрі ә дегеннен терінің барлық қабатта-рына яғни эпидермистен дермаға қарай тікелей бойлап өсе бас-тайды. Микроскоптық көріністеріне қарап меланоманың: 1) эпителийге үқсас жасушалы, 2) үршыққа үқсас жасушалы (72-сурет), 3) майда жасушалы (невожасушалы), 4) алып жасушалы, 5) баллонға үқсас жасушалы түрлерін ажыратады. Меланоманың клиникалық көріністері, оның жасушалық қүра-мына аса тәуелді емес. 72-сурет. Көздегі меланома
73-сурет. Меланоманың бауырдағы метастаздары 15-437 Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия Эпителийге үқсас жасушалардың түзілген меланома осы ісіктің ең көп кездесегін түрі. Бүл меланома эпителий жасушаларына үқсас, ірі, әр түрлі пішіңцегі, атипиялық пигментке өте бай жасушалардан қүралған. Олардың арасыңца митоздар көп, бірлі-жарымда бір не-месе көпядролы альш жасушалар да кездеседі. Ісік жасушаларының цитоплазмасы кейде көпіршіктеніп түрады. Меланоманың пигментсіз түрі де кездеседі. Бүл ісіктердің ме-ланомаға тән екендігін ісік метастаздарында меланин пайда бол-ганда ғана дөлелдеуге болады. Меланома - өте тез гематогендік (73-сурет) жөне лимфогендік метастаз бергендікген, организмде меланин мөлшері көбейіп, тері қараяды (меланодермия) немесе меланин зәрмен шыға бастайды (меланоурия). 8.6. НЕРВ ЖҮЙЕСІ МЕН МИ ҚАБЫҚТАРЫНЫҢ ІСІКТЕРІ Орталық нерв жүйесінің қүрылысы өте күрделі, сондықтан оның қүрамындағы барлық элементтер ісік көзі бола алады. Орта-лык нерв жүйесінің жасушаларынан ісік ете сирек оседі, негізгі ісік көзі — нейроэктодерма. Нерв жүйесі ісіктерінің ерекшеліктері: 1. Нерв жүйесінде кездесетін көптеген қатерсіз ісіктер айнала-сындағы тіндерге ене шекарасыз өседі. Экспансивтік өсу тек кейбір ми қарыншаларының ішіне қарай өсетін (эпендимома, хориоид-папиллома) үшін ғана тән. 2. Белгілі бір көлемге жеткен соң ісіктер қатерсіз, қатерлі екендігіне қарамастан бір типтегі клиникалық белгілер береді. 3. Нерв жүйесінің қатерлі ісіктері негізінен ми көлемінде ғана метастаздар береді. 4. Орталық нерв жүйесі ісіктерінің көпшілігі камбиалдық эле-менттерден дамитын дизонтогенездік ісікгер тобына жатады. Дегенмен, бүл ісіктерді гйстологиялық түргыдан тексергенде олардың қатерсіз немесе қатерлі екендігін анықтау клиника үшін өт маңызды, себебі ісік қатерлі болса операциядан кейін қосымша емдер, мысалы, химиотерапия жүргізу қажет. Орталық нерв жүйесінің ісіктері: нейроэктодермалық және ми қабықтарының ісіктері деп екі топқа бөлінеді, Нейроэктодермалық ісіктер Астроциттық ісіктер. Қатерсіз астроцитома ересектерге қара-ғанда жас балаларда көбірек кездеседі. Ол мишықта, ми баганын- 8 болім. Ісіктер______ *_________________________________________ zz ' да және 3-ші қарыншада жайылмалы немесе түйін түрінде өседі. Ісік арасында кисталар пайда болады. Астроцитоманың фибрил-лярлық, протоплазмалық және фибриллярлық-протоплазмалық (аралас) түрлерін ажыратады. Фибриллярлық астроцитома глиялық талшықтардан қүралған қатты ісік, жасушалары аз. Протоплазма-лық астроцитома негізінен ірі, цитоплазмасы біртекті, көп өскінді жасушалардан түзілген, кейде олардың арасында алып жасушалар да кездеседі. Фибриллярлық-протоплазмалық астроцитомада глия талшықтары мен астроциттер біркелкі орналасқан. Қатерлі астроцитома (астробластома) жасушалар полиморфйзмімен және митоздар санының көптігімен сипаттала-ды. Ісікте некроз ошақтары да кездеседі. Олигодендроглиалық ісіктер. Олигодендроглиома сирек кездесетін ісік. Ол негізінен аралары өте жақын, ядросы ірі, домалақ, ал ядро айналасында түссіз аймағы бар жасушалардан түзіледі. Ісік көбінесе мидың ақ затынан, кейде 3-ші немесе капталдағы қарыншалардан өсіп шығады. Қатерлі олигодендроглиома үшін жасуша атипизмі, митоздар төн. Эпеңцималық ісіктер мен хориоидтық өрім ісіктері. Эпендимома ісігі ми қарыншаларын астарлап жатқан эпендима жасушаларынан түзілген. Эпендимома негізінен 4-ші қарыншада, өте тыгыз, диаметрі 4-6 см түйін түрінде өседі. Кесіп қараганда ақшыл сүр түсті. Эпендимоманың жасушалы, өскінді және эпителийлі түрлерін ажыратады. Эпендиманың бірінші түрінде жасушалар қан тамыр-ларының кемерін айнала күн сәулесі тәрізді (радиалды) жайгасып, жалган розеткалар түзеді. Эпендимоманың екінші түрі ісік жасу-шаларымен астарланған әр түрлі қуыстар мен өзектер түзуімен сипатталады. Оның қатерлі түрін эпендимобластома деп атайды. Хориоидтық папиллома сыртқы беті бүртіктене өскен цилиндрлік немесе текшелі эпителий жасушаларынан түзілген қатерсіз ісік. Қатерлі хориоидтық папиллома ірі, әр түрлі көріністегі атипиялық эпителий жасушаларынан түзілген, олардьщ арасьшда митоздар көп. Нейрондық ісіктер. Бүл ісіктер өте сирек кездеседі. Оларга ган-глиоцитома, ганглионейробластома жатады. Ірі жетілген ганглиоздьщ жасушалардан қүрылған қатерсіз ісікті ганглиоцитома (ганглионеврома) деп атайды. Бүл ісік негізінен 3-ші қарынша түбінде орналасады. Ганглионейробластома ганглиоз-дық жасушалардан дамитын қатерлі ісік, жасушалар арасында ати-пизм, полиморфизм басым. Нейробластома балаларда кездесетін өте қатерлі, көптеп метастаз беретін ісік. Ісік жасушалары ірі, яд-ролары көпіршіктенген, митоздар көп. Өте жетілмеген және эмбриондық ісіктер. Эмбрион кезеңімен
Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия байланысты ісікке медуллобластома жатады. Бүл ісік өдетте ми-шықтың қүрт төрізді бөлігіңце орналасып, негізінен балалар үшін тән. Медуллобластома жүмсақ, қызғылт-сүр түсті, айналасындағы тіндерге шекарасыз өсіп кіретін қатерлі ісік. Осы ісікті түзуші өте майда, ядролары домалақ не сопақша жасушалар (медуллоблас-тар) жалған розеткалар немесе ырғақты қүрылымдар түзеді. Қыз-дарға қарағанда үл балаларда 2-3 есе жиі кездеседі. Дифференциациясы өте төмен ісікгерге глиобластомажатады. Ол глия элементтерінен өсіп шығатын аса қатерлі ісік, 40-50 жас-тағы адамдарда жиі кездеседі. Әте тез өсуіне байланысты ісікте некроз және қан қүйылу ошақтары пайда болады, сондықтан оның түсі шүбарала. Микроскоппен қарағанда ісікгің үлкеңцігі әр түрлі атипиялық жасушалардан түзілген, олардың арасында бірядролы немесе көпядролы алып жасушалар көрінеді, митоздар, оның ішіңце атипиялық митоздар өте көп. Ми қабықтарының ісіктері Олар менингиомалар немесе арахновдэндотелиомалар деп ата-лады. Ісік көлденеңі 5-6 см-ге жететін қатты түйін түріңде өсіп, мидың қатты қабығынан немесе жүмсақ қабықтарын астарлап жатқан арахноидэндотелий жасушаларынан өнеді. Менингиома-лар орталық нерв жүйесінде глия ісікгерінен кейінгі ең көп үшы-райтын ісіктер. Гистологиялық көріністеріне қарап менингиома-ның төменгі негізгі түрлерін ажыратады: а) менинготелиаддық менингаома. Бүл ісік эндотелиге үқсас майда, цитоплазмасы ашық
|